Банктің лизингтік, траст, факторингтік және форфейтингтік қызметтері
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-сатыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық.
Шұғыл лизинг – бұл мұліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. Қаржылық лизинг – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Факторинг – жабдықтаушы клиенттің жабжықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық операция.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания – өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент – факторинг компаниясымен келісім-шарт жасаушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3. Кәсіпорын-тауарды сатып алушы – фирма.
Форфейтинг – бұл форфейтордың , яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспорттерге импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы. Форфейтинг мәмілесіне үш қатысушы болады:
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3. Форфейтер, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
4. Траст операциялары – клиенттердің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банк операциялары. Траст операцияларына қатысушылар мыналар:
1. Траст құрылтайшысы;
2. Траст иемденушісі;
3. Бенефициар.
Коммерциялық банктің траст бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:
1. Клиенттердің мұраға қалған мүлкін иелену;
2. Сенім-хат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
3. Агенттік қызметтер.
Банк тәуекелдерінің жіктелуі мен оларды басқару әдістері
Екінші деңгейлі банктер өздерінің кез келген банктік операцияларын жүзеге асыру барысында әр түрлі тәуекелдер түрлерімен кездеседі. Жалпы алғанда, банктік тәуекелдің келесідей түрлері бар:
Валюта туекелі – банк өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты болған шығыстарының туындау тәуекелі. Шығыстарының қаупі құндық көріністерде валюталар бойынша банктердің позицияларын қайта бағалаудан пайда болды.
Кредит тәуекелі – банктік заем, лизинг, факторинг, операцияларын, банктік кепілдік беру операциялары мен басқа да операцияларды жүргізу кезінде өзіне алынған ақша міндеттерін орындау бойынша шарттың бастапқы талаптарын клиенттердің бұзуы салдарынан болған шығындарының туындау тәуекелі.
Операция тәуекелі – қызметкерлердің тарапынан жіберілген ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктердің немесе қателердің нәтижесінде шығындардың туындау тәуекелі, ақпарат жүйесі мен технологияның қызмет етуі сонымен қатар сыртқы оқиғалар салдары.
Операция тәуекеліне мынадай тәуекеллер жатады:
• Жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік құрылымы мен басқаруды қоса отырып, банктің белгісіз, бірдей емес ұйымдық құрылымымен байланысты тәуекелдер;
• Ақпарат технологиясы саласындағы бірдей емес стратегия, саясат жне стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктер тудыратын тәуекелдер;
• Бірдей емес ақпаратқа не оны сәйкес пайдаланбауға байланысты тәуекелдер;
• Қызметтердің сәйкес басқармауына немесе банктің біліксіз штатына байланысты;
• Бизнес-процестің тең емес құрылуына не ішкі ережелердің сақталуын нашар бақылауға байланысты тәуекелдер;
• Банк операциясына сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторлары тудырған (операциялары) тәуекелдер;
• Заңнаманың өзгеруіне байланысты тәуекел не банк қызметін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарда, ережелерде кемшіліктердің немесе қателердің болуына байланысты тәуекел.