Леуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығындары және олардың кызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері

Мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру үшін халықты әлеуметтік қорғаудың әр түрлі мекемелері болады (мүгедектер мен кәрілігі жеткендер үй-интернаттары, халыққа әлеуметтік көмек орталықтары және тағы басқалары). Осындай әрбір мекеме міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын құрады. Шығындар баптары бойынша есептемелер мекемедегі орындар саны, мекеменің жұмыс атқару күндер саны, орын - күн саны, штаттағы персонал саны, тағы басқа осындай көрсеткіштерді пайдалану аркылы іске асырылады.

Қаржыландыру жоспарында шару ашылық және коммуналдық шығындар, қажетті тауарлар алуға арналған шығындар, оның ішінде көйлек-көншек, киім, аяк киім, төсектік керек-жарақ, арнайы киімдер алу шығындары, сондай-ақ дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар және басқа да жұмсалатын материалдар алуға арналған шығындар. Осы мақсаттарға арналған шығыидар мелшері белгіленген шығындар нормасы мен өткен жылдардағы нақты шығындар көлемі және шығындардың нақты барлығы негіздерінде есептеледі. Мекеменің түріне байланысты қаржыландыру жоспарға тамаққа арналған шығындар да салынады. Шығындардың барлық есептемелері бюджеттік жіктелудің экономикалық ерекшеліктері бойынша тағайындалған формалар арқылы ұсынылады.

Еңбекақыға арналған шығындар медициналық жұмыскерлер, әкімші-шаруашылық персонал мен қызметкерлердің айлықтары негізінде жоспарланады. Барлык осы еңбекақыға арналған шығындар, сондай-ақ қосымша және басқа да төлемдердің түрлері қосындысы халыкты әлеуметтік қорғау мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы қорын құрайды. Еңбекақы Укімет бекіткен бірыңғай тарифтік кесте негізінде тағайындалады және оның жүйесі Үкіметтің арнайы нормативтік актісімен реттеледі. Осы нормативтік актіге сәйкес әлеуметтік жәрдем мен әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелерінде уақьптық еңбекақы жүйесі белгіленеді, ал олардың барлық жұмыскерлері мемлекеттік мекемелер мен қазыналык кәсіпорындар қызмет реестрнің О категория тобына жатады.

Әлеуметтік жәрдем мен әлеуметтік камтамасыз ету мекемелерінің қаржыландыруы бекітілген бюджеттік ақша беру көлемінде іске асырылады, ал осы құралдардың жұмсауы қаржыландыру жоспарында бекітілген көрсеткіштерге сәйкес қатаң түрде атқарылуы тиіс.

Тұжырымдама

Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар басы-нан бастап әлеуметтілік бағдардағы реттеленетін Ұлттық нарық жүйесін құруға бағытгалған. Экономика дамуының әлеуметтік бағьтттылығының бір көрінісі болып елдің қаржы ресурстарын орталықтандыру мен қайта бөлісі табылады. Осының салдарынан мемлекет, әр түрлі механизмдерді пайдалана отырып, нақты мұқтажды азаматтарға жәрдемақы төлеу арқылы адрестік әлеуметті көмек көрсетеді. Мысалы, 2005 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларды қаржыландыруға арналған республикалық бюджеттің шығындар көлемі ішкі жалпы өнім құнына шаққандағы деңгейі 4,4%-ға жетгі.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Зейнетақы төлеу аумағындағы бюджеттің қандай рөлі бар?

2. «Міндетті әлеуметтік сактық жөнінде» атты Қазақстан Республикасының Заңы қашан қабылданды?

3. Жинақтаушы зейнетақы қорлардың қандай құқы бар?

4. Зейнетақы активтері қандай мақсаттар үшін қолданылады?

Әдебиеттер тізімі:

1. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан.: Сб. норм.- правовых актов. –Астана: Фолиант,2014.- 132 с.

2. Действующие неправительственные и межгосударственные Конвенции и Соглашения об избежании двойного налогообложения: На 1 января 2013 года.- Алматы: Каржы-каражат, 2013.- 96 с.

3. Дунаев В.М. Налоговый терминологический русско-казахский словарь-справочник.- Алматы: Познание, 2013.- 428 с.

4. Дуканич Л.В. Налоги и налогообложение: Учебное пособие.- Ростов-на-Дону: Феникс, 2012.- 416 с.

5. Ержанов С. Налогообложение юридических лиц в Казахстане (примеры, ситуации, бухгалтерские проводки по налоговым платежам): По налоговому законодательству, действующему на 01.07.2014 г.- 163 с.

6. Законы Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджет от 24.04.2014 г. № 2235 с изм. и доп. от 23.01.01 г. № 147-II; О государственном контроле при применении тансфертных цен от 05.01.01 г. № 136-II; Краткие комментарии к ЗРК.- Алматы: Lem, 2013.- 207 с.

7. Идрисова Э.К. Налоговое регулиро-вание предпринимательской деятель-ности в сфере малого и среднего биз-неса.- Алматы, 2013.- 136 с.

8. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

9. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

Наши рекомендации