Неркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалануға арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Әрбір елдің экономикасы мемлекеттік қолдаусыз болуы мүмкін емес, себебі қоғамның белгілі бір мұқтаждары тек мемлекет арқылы қаржыландырылады. Мұндай мемлекеттік қолдау экономиканың шикізат емес бағыттағы бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар мен қызмет өндіруші салаларына бюджеттік ақша қаражаттарын бөлу арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану саласындағы бюджеттік саясаты қазіргі кезеңде минералды-шикізат ресурстарын пайдалануының тиімділігін жоғарлату мақсатпен оларды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталады. Осы бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен халық тұрмысының сапасын жақсартуына әсер етуі тиіс.
Аталған саланы қаржыландырудағы бюджеттің рөлі, біріншіден, жоғары технологиялық жасауларды және оларды өндіріске енізуді қамтамасыз ететін ғылым, техника және технология бағыттарын дамытуға жәрдем берушілікпен, екіншіден, жоғары біліктілікті ғылыми және инженерлік кадрларды даярлауға жәрдем берушілікпен тұжырымдалады. Сонымен қоса, бюджеттің рөлі өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалаігуының даму аумағындағы әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар қарастырған шараларды қаржыландыруда маңызды.
Қазіргі кезеңде іске асырылып жаткан 2014-2015 жж. Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық стратегиясы экономиканың салаларын әртараптандыру арқылы елдің тұрақты даму жетістігіне бағытталған. Экономика салаларын диверсификациялау оның шикізаттық бағыттылығынан бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар мен қызмет өндіруге ауысуына себепші болады.
Осы Стратегияда қойылған мақсаттарды шешу үшін бюджет шығындары бағытының маңызды бірі болып және базалық, бәсекеге қабілетті экономика салаларын анықтауға қажеті маркетинттік зерттеу жүргізу табылады. Мұндай салаларды анықтау мақсаты - олардың айналасында ғылыми-өндірістік жүйе мен тиімді инновациялық инфрақұрылым жасау және дамыту. Осыған байланысты республикада пилоттық кластерлер анықталуы басталды.
Бюджеттік кодексте өнеркәсіп, құрылыс және жер койнауын пайдалануға арналған құралдарды бөлу бағыттары республикалық және жергілікті бюджеттерде солардың атқаратын функциялары мен тағайындамалары бойынша белгіленген. Мысалы, ақша қаражаттары республикалық бюджетте өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс іс-әрекеттеріне бөлінуі қарастырылған. Сонымен бірге бюджет құралдары арқылы мыналар қаржыландырылады:
• мемлекеттік өнеркәсіптік саясатты іске асыру;
• жанармай-энергетика кешенін дамыту;
• энергия жинактау аумағындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
• жер қойнауы мен оны пайдалану және сейсмологиялық акпарат мониторингі;
• мемлекеттік геологиялық зерттеу;
• геологиялық акпараты қалыптастыру;
• рудниктер мен шахталарды жабу мен жою, техногендік қалдықтарды қабырлау;
• республикалық мемлекеттік қала құрылыс кадастрін жүргізу;
• құрылыс стандарттары мен нормаларды жасау және алу.
Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала бюджеттерінде сәулет, қала күрылыс және құрылыс іс-әрекеттеріне арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатынан басқа шығындар қарастырылған.
Өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану аумағы бойынша инвестициялық іс-әрекеттер реттеуді мемлекет мақсатты бюджеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларға бюджет құралдарын бөлу арқылы іске асырады. Осындайға арналған ақша қаражаттар сомасы жыл сайын бекітілетін бюджеттер шығындарының күрамында карастырылады. Ал республикалық бюджеттен ақысыз негізде бөлінетін мемлекеттік инвестицияларды беру мемлекеттік және салалық бағдарламалар ішіндегі өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану мен құрылыс объектілері бойынша белгіленген басымды жобаларға сәйкестік іске асырылады.
Инвестициялық бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі механизмі ретінде бюджеттік несиелендіру пайдаланады, Оның саясаты экономика аумағында шешім қабылдау процедураларына қойылатын талаптармен дәлелденеді. Бюджеттік несиелендірудің мақсаты экономика салаларында бәсекелестікті қалыптастыру мен дамыту болғандықтан, ол мемлекеттік немесе салалық даму бағдарламалары арқылы іске асырылады және мезгілдік рамкалары бар. Сондықтан ең алдымен бюджеттік несиелер — республикалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен қаржы агенттігі мәртебесі бар даму институттарды несиелеу жәш жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға беріледі.