Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері

Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық құралдармен камтамасыз етілсе, себебі мемлекетгің іс-әрекеті мемлекеттік құралдардың тікелей шығыстарымен байланысты. Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, біоджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір-бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекетгің бюджет шығыстар жүйесі болып табылады. Шығыстар жүйесін құру-құралдардың арнаулы бағытгау, үнем режимі мен мемлекеттік құралдарды жүмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.

Мемлекеттік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға тиіс, яғни бюджетте қарастырылған бағьптар бойынша. Құралдардың қайтып оралмас принципі негізінде әлеуметгік саланы қаржыландыруда пайдаланады. Ал, егерде экономиканың дамуын қаржыландыру күралдары жөнінде айтсақ, онда нәтижелік инвестициялау орын алады, яғни бүл арада бөлінген бюджетгік құралдарды қайтару принцшіі әрекетте болады. Үнем режимін сактау принци-пі - ол өз алды бюджет шығыстарын төмендетудің формалары мен әдістерінің жүйесі. Бүл жүйе бюджет ресурстарын нәтижелі және тиімді пайдалануды іске асыруға мүмкіншілік береді.

Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады, олардың ішінде негізгі болып мемлекеттің табиғаты мен функциялары, елдің әлеуметті-экономикалық даму деңгейі,мемлекеттің әкімшілік-аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы олардың экономикалық мазмүны және жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында түрған мақсаттармен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет ко-дексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған.

Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджеттешоғырланған құралдар арқылы қаржыландырыланады. Бүл шығыстарды қоғамдық кайта өндірістегі рөліне байланысты келесі екі топқа бөлуге болады;

• өндірістік қорларды үлғайту мен өндірістің үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін;

• қоғам мүшелерінің әлеуметті-мәдениетгік мұқтаждықтарын қанағатгандыру үшін.

Бірінші топқа - мемлекетгік бюджетгің экономиканы қаржыландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа - әлеуметті-мәдениеттік шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекетті басқаруды қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады. Осы екі топ арасындағы арақатынас бюджетгің тиімділігін анықтайды. Экономиканың бәсеке қабілеттілігі дамуға бағытталған шығындардың деңгейі қаншалықты жоғары және бюджеттің түтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғүрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады. Әрине, бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бүл арада мемлекеттік бюджеттің шығыстарын калыптастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметгі-экономикалык; ахуалына байланысты.

Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Сондықтан, бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі негізгі факторларды есептеу қажет:

• басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;

• мекемелердін бағынушылығы;

• мекемелердін іс-әрекет шекарасы;

• шығыстарды тиісті бюджетке апару.

Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттар бойынша каржыландыру ұшін қалыптасады:

• жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;

• қорғаныс, коғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

• құкықтық, сотгық, құкык қоғау қызметтері;

• білім беру;

• денсаулық сақтау;

• әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;

• мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;

• тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;

• ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары;

• өнеркәсіп, кұрылыс және жер қойнауын пайдалану;

• көлік және коммуникация;

• басқа да бағыттар.

Осыған сәйкес, бірак тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалаптасады. Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалып-тастыру Бюджет кодексімен, нормативті-құқықтык актілермен және тиісті маслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жергілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек әкімшілік-аумақтардың экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың әлеуметті-экономикалык мұктаждықтарын камтамасыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер саналады. Ал қаржылык база болып меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары тұрған бюджеттерден берілетін ресми трансферттерден калыптасатын қаржылық ресурстар табылады.

Бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстар құрамы мен қалыптасуы әрекеттегі заңнамалың актілермен, тиісті аумак бойынша каржыландыруы қажет нақты объектілер және олардың іс-әрекеттін қамтамасыз ету үшін қажетті шығындармен анықталады.

Наши рекомендации