Ндірісте еңбекті қорғау

Қазақстанның мұнай өңдеуші байырғы зауыттарының бірі – Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметінің ерекшелігі өңдеу көлемін өсіру және шығарылатын өнім сапасын арттыру жөніндегі даму стратегиясына сәйкес, кәсіпорын басшылығынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту, техногендік қауіп – қатердің алдын алу, зиянды экологиялық шығарындыларды қысқарту мәселелеріне ерекше назар аударуды талап етеді.

«АтырауМӨЗ» ЖШС-де қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі жұмыстар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамы Басқармасының шешімімен бекітілген Еңбек қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2006 жылдан бастап зауытта Менеджменттің біріктірілген жүйесі енгізілді, оған үш халықаралық стандарт, соның ішінде OHSAS 18001: 2007 «Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджментінің жүйесі» кірді.

Атырау мұнай өңдеу зауытында зауыт объектілерінде қауіпсіз және апатсыз жұмысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ зауыт қызметкерлері үшін санитарлық-тұрмыстық жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және ұйымдық сипаттағы кешенді алдын – алу шаралары жүргізіледі. Зауыт объектілерінде қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау жөніндегі алдын – алу жұмыстары бекітілген жоспарлар мен кестелер бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар негізгі назар анықталған ескертпелерді жою, зауыттың бақылаушы қызметтерінің жұмысын жақсартуға, қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелерін шешуге цехтардың жұртшылығын тарту жөнінде жедел шаралар алуға аударылады.

Зауыттың кәсіподақ ұйымымен және Атырау облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментімен келісілген «АтырауМӨЗ» ЖШС-і қызметкерлеріне арнаулы киімдерді, арнаулы аяқ киімдерді және басқа жеке қорғаныс құралдарын тегін беру нормаларына сәйкес арнаулы киімдермен, арнаулы аяқ киімдермен, тыныс органдарының жеке қорғаныс құралдарымен – ВК-600 сүзгілі УЗК маркалы сүзгілегіш газ тұтқыштармен, «MINISCAPE» маркалы минисүзгілі газ тұтқыштармен, респираторлармен қамтамасыз етіледі. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ПШ-1, ПШ-2 маркалы құбыршекті газ тұтқыштар пайдаланылады. Бұған қоса қызметкерлер сақтандырғыш құрылғылармен (белбеу, диэлектрлік кілемше, т.б.), қолды қорғайтын (қолғаптар, биялайлар), басты қорғайтын (дулыға, шлем), бетті қорғайтын (қорғаныс маскасы, қалқаншалар), көзді қорғайтын (қорғаныс көзілдіріктер), есту органын қорғайтын, (шуға қарсы құлаққаптар, бирушилер), дизенфекциялаушы құралдармен (крем, жақпа май) қамтамасыз етіледі.

Көмірсутек бөлінуі мүмкін технологниялық цехтардың қызметкерлер құрамы жеке газталдағыштармен жабдықталған.

Барлық қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған.

Жыл сайын зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын қызметкерлерге медициналық тексеру жүргізіледі.Тексеру нәтижелері бойынша анықталған науқас бақылауда болады және медициналық пункт жағдайында алдын ала ем алады. Әртүрлі жұқпалы, вирусты аурулардан сақтандыру мақсатында сақтандыру шаралары өткізіледі. Олар: жыл сайынғы тұмауға қарсы маусымдық вакцина егу, флюрографиялық тексеру. Күн сайын қызметкерлер вахта алдында тексеруден, жүргізушілер мен электр монтерлері ауысым алдында медициналық куәландырудан өтеді.

Зауыттың цехтары мен бөлімшелері жедел жәрдем көрсерту үшін медициналық дәрі қораппен жабдықталған. Дәрі қорап бекітілген тізбеге сәйкес медициналық дәрі-дәрмектермен жабдықталған, оларды қолдану жөнінде нұсқаулық бар. Қолданылған, пайдаланылған дәрі-дәрмектер медициналық құрал-жабдықтарды пайдалану туралы журналға тіркеледі.

Ауысым бойынша жұмыс істейтін технологиялық цехтардың қызметкерлеріне зиянды өндірістердің жөндеуші, қызмет етуші және ауыстырушы қызметкерлерінің құрамына, сондай-ақ, технологиялық қондырғыларды күрделі жөндеумен айналысатын қызметкерлерге ауысымда бір рет тегін ыстық тамақ беріледі. Сондай-ақ кәсіби аурулардан және уланудан сақтандыру, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер денсаулығын нығайту мақсатында ауысымда 0,5 литрден сүт беріледі. Қызметкерлерге арналған санитарлық-тұрмыстық жағдай, ауыз су режимі, тамақ пен сүт сапасы инженерлік-дәрігерлік бригаданың тұрақты бақылауында.

Зауыт ұжымын қауіпсіздік техникасының, өнеркәсіп қауіпсіздігінің, еңбекті және қоршаған ортаның, өрт және газ қауіпсіздігінің, қызметкерлердің ауру-сырқаулығының жәй-күйі және олар жөніндегі жұмыстан хабардар ету мақсатында айына бір рет инженер-техник қызметкерлермен қауіпсіздікті, еңбек қорғауды және қоршаған ортаны жақсарту, бақылаушы органдардың ұйғарымдары жөніндегі шаралардың орындалуы талқыланатын «Қауіпсіздік және еңбек қорғау күні» өткізіледі.

Өнеркәсіп қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау, өрт және газ қауіпсіздігі, өнеркәсіптік санитария, салауатты өмір салты саласында білімді насихаттау үшін зауыттың «Наватор» газетінде қауіпсіздіктің және еңбек қорғаудың өзекті мәселелері, еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзушыларға қолданылған шаралар ұдайы жарияланады.

Зауытқа жаңадан қабылданатын барлық қызметкерлермен, келушілермен және жұмыс істеп тұрған зауыт аумағында жұмыс жүргізетін бөгде ұйымдардың қызметкерлерімен, олардың біліміне, мамандығы немесе лауазымы бойынша еңбек өтіліне қарамастан, қауіпсіздік және еңбек қорғау, өрт және газ қауіпсіздігі жөнінде таныстыру нұсқауы өткізіледі. Зауыттың бөлімшелерінде жұмыс орнында қайталама, жоспардан тыс, мақсатты нұсқау өткізіледі.

Зауыттың оқу пунктінде сыныптар жабдықталған: компьютерлік бағдарлама бойынша компьютерлік сауаттылыққа оқыту, электрондық «ГОША» жаттықтырғышын пайдалану арқылы алғашқы медициналық көмек көрсету әдісімен оқыту сыныптары бар.

Зауыттың жаңадан қабылданған қызметкерлері қауіпсіздік және еңбек қорғау, ҚР Еңбек кодексі, өрт және газ қауіпсіздігі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, т.б. жөнінде лекциялар курсы кіретін бейімдеу бағдарламасы бойынша оқытылады. Жоғары қауіп-қатері бар мамандықтағы қызметкерлерді: газ шаруашылығының операторлары, кран машинистері, жүк ілушілер, т.б. оқыту жүргізіледі.

«АтырауМӨЗ» ЖШС-і технологиялық қондырғыларының аумағында аса қауіпті жөндеу жұмыстарын, газ қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде тапсырыс – рұхсат ресімделеді. Жаңа ғимараттардың, құрылғылардың, инженерлік желілер мен коммуникациялардың құрылысы кезінде жер қазу жұмыстарын, жөндеу және апаттық жұмыстарды жүргізуге арнайы рұхсат ресімделеді. Зауыттың барлық объектілерінде зауыт бөлімшелері мен бөгде ұйымдар орындайтын пісіру және басқа отқа қатысты жұмыстарға арнайы рұхсат ресімделеді.

Еңбек қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жалпызауыттық ережелер мен нұсқаулық жасалған. Ол «АтырауМӨЗ» ЖШС-нің корпоративтік сайтында және баспаханалық басылымы зауыттың әрбір бөлімшесінде бар. Сондай – ақ әрбір мамандық үшін, жоғары қауіп-қатерге байланысты жұмыстардың әрбір түріне қауіпсіздік және еңбек қорғау жөнінде нұсқаулық жасалған.

Хабардар ету мақсатында «Көмірсутектер туралы нені білу керек», «АтырауМӨЗ» ЖШС-і объектілерінде отқа қатысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жадынамалары», «МӨАК өндірісінің қондырғыларында және №5 цехтың БКҚ-да қышқыл газды құбырлар мен технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздіктің қосымша шаралары туралы жадынама» шығарылды.

Жыл сайын қауіпсіздік және еңбек қорғау жөнінде нормативтік-техникалық әдебиеттер, көрнекі құралдар, анықтамалық әдебиеттер, плакаттар, техникалық құрал-жабдықтар сатып алынады.

«Зауыттың орталық лабораториясы» сынау орталығы цехтардың, қондырғылардың үй-жайларында зиянды заттардың: көмірсутектердің, күкіртті сутектердің, ацетиленнің, темір мен марганец тотықтарының, металл тозаңдарының, кокс, күкірт және әк тозаңдарының, метанолдың, ацетонның, т.б. бар-жоғын анықтау үшін әуе кеңестігінің жәй-күйіне бақылау жасауды жүзеге асырады.

Тоқсан сайын мамандандырылған ұйым шарт негізінде өндірістің жабық үй-жайларының жұмыс аймағында зиянды өндірістік факторлардың бар-жоғына (шу, діріл,жарықтың дәрежесі, метерологиялық факторлар) мориторинг жүргізеді.

Еңбек жағдайы бойынша дүркін-дүркін өндірістік объектілерді міндетті аттестаттау жүргізіледі. Аттестаттау нәтижелері еңбек қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау және өткізу кезінде, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін жеңілдіктер мен өтемақыларды негіздеу үшін пайдаланылады.

Зауытта қауіпсіздік техникасының және өндірістік санитарияның жәй-күйіне тұрақты түрде үшсатылы бақылау жүзеге асырылады. Бақылаудың бірінші сатысын күн сайын қондырғы бастығы, шебер, кәсіподақ комитеті жанындағы қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүргізеді. Бақылаудың екінші сатысын аптасына бір рет цехтық комитет төрағасымен, кәсіподақ комитеті жанындағы қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспектормен бірге цех басшысы жүргізеді. Бақылаудың үшінші сатысын зауыт цехтарында айына бір рет зауыттың бас мамандары жүргізеді.

Апаттық қызметтер мен технологиялық қызметкерлер құрамының өзара әрекет жасауды меңгеруі мақсатында апаттарды жою жоспары бойынша технологиялық қондырғыларда оқу-жаттығу сабақтары өткізіледі.

«АтырауМӨЗ» ЖШС-де 2011 жылы ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігінің төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитетінде 2011 жылы бекітілген және тіркелген өнеркәсіп қауіпсіздігінің Декларациясы бар.

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дүркін-дүркін зауыт объектілерінде радиациялық жағдайды бағалау жүргізіледі.

Барлық қызметкерлерді қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелеріне тартуға зауыт басшылығының еңбек ұжымымен тұрақты кездесуі үлкен пайда келтіріп отыр.[7]

ОРЫТЫНДЫ

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің басты мақсаты – зауыттың өндірістік нысандарында қауіпті оқиғаларды болдырмау мен апатты жағдайлардың алдын алуды көздейді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік- өндірістік бақылауды қамтамасыз етумен атқарылады.

Өндірістік қауіпсіздікті бақылау – өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің бір бөлігі. Ол зауыттың қауіпті өндірістік нысандарының қызметін қауіпсіздендіру, олардағы апаттық жағдайлардың алдын алу, апатты жағдайлар бола қалған жағдайда, келген зардабын жоюдың кешенді шараларын жүзеге асырады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтауды бақылау шараларының міндеті - зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қадағалау, сонымен қатар өндірістік жұмыстың ахуалына ықпал ететін, қауіпсіздік талаптарының бұзылу себептерін анықтау болып табылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік еңбек қорғаудың құрайтын бөлігі болып есептелмейді. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі мақсаты – қауіпті өндірістік объектілердегі апаттар зардаптарының алдын алу немесе азайту.

Газ өнеркәсібінің жұмыс қауіпсіздігін бақылау үшін жұмыс орындарын аттестатциялау, яғни кәсіби ауруды, жазатайым оқиғалар санын, технологиялық процесстер мен техникалық құралдарды, өлімге әкелген жағдайларды, ЖҚҚ және ұжымдық қорғаныс құралдарын тексеру арқылы анықтайды.

Курстық жұмысымда ұжымдық қорғаныс құралын, яғни экрандауды зерттедім. Есепте көрсетілгендей өндірісте ұжымдық қорғаныс құралы стандартқа сай. Себебі, оның деңгейі 43 дБ аспады.

Наши рекомендации