Тақырып 2. Көтергіш – көліктік машиналарын таңдаудың негізі

Мақсаты: ККМ таңдауды зерттеу мен дәлелдеу.

Жоспар

1. Машиналарды таңдаудың жалпы шарттары

2. Машиналарды таңдаудың техникалық – экономикалық дәлелдемесі.

Тасымалдағыш машиналардың түрлерінің көп болуына байланысты, бір жұмысты атқару үшін машиналардың әртүрлі типі таңдалуы тиіс. Қажетті жағдайдың талабы мен шарттарын толық қамтамасыз ете алатын машинаны таңдау – кәсіпорынның тасымалдауын механикаландыру жобасын жасау кезееңіндегі өте маңызды және жауапты кезең. Жоба жасаушыға тасымалдау машиналарының құрылымдық және пайдалану қасиеттері жөніндегі арнайы білім ғана емес, оның сыртында ол механикаландырылатын кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру ісімен жете таныс болуы керек, мүмкін болатын шешімдердің техникалық – экономикалық салыстыруын жасай алуы білуі керек.

Механикаландыру құралдарын таңдаудың негізгі белгісі – техникалық талаптар комплексіне сай болу керек және қарастырып отырған машинаның техникалық – экономикалық тиімділігі. Машина үлгісін таңдаудың маңызды шарттарына оның ақаусыз жұмыс істеуі және еңбек қорғау талаптарына сай болуы.

Кейбір жағдайларда бұл шарттар экономикалық бағалау кезінде қымбаттау келетін шешім қабылдауға мәжбүр етеді.

Сол сияқты, бастапқы нүктеден соңғы нүктеге дейінгі жүк тасқынын механикаландыруды қамтамасыз ететін барлық машиналар жиынтығын жалпы бағалау да өте маңызды орын алады. Бұл жерде жүктерді қайта – тие тиемеу жағын қарастыру қажет, өндіріс жағдайына қажетті, көмекші жұмыскерлерді аз қажет қылатындай.

Өндірістің техникалық талаптарына толық жауап беретін, жұмысты ақаусыз атқаратын, жоғары, жоғары механикаландырылған, ыңғайлы жұмыс жағдайы бар және өзіндік құны ең төмен, сондай-ақ салынған қаржының тез арада қайтарылуы қамтамасыз ететін машинаның үлгісі өндіріске лайықты деп есептеледі.

Берілген тасымалдау процесін лайықты механикаландыруға қажетті тасымалдау машиналар үлгісі таңдауға әсер ететін негізгі техникалық факторларға мыналар жатады:

Тасылатын жүктің физикалық – механикалық қасиеттерін жан-жақты талдау пайдаланылатын машиналар түрлерін бірден азайтуға әкеледі, себебі әртүрлі тасымалдағыш машиналар әртүрлі қасиеті бар жүктерді тасуға бейімделген. Бұл факторды есепке алғанда жүктердің сақталуын ойға алу керек (мысалы, кейбір машиналар жүктерді ұсақтатуы, ұнтақтауы мүмкін), машинаның ақаусыз жұмыс істеуі (ылғалды, жабысқақ жүктер көп машиналармен тасымалданбайды), ыңғайлы жұмыс жағдайын жасау (шаңдататын және газ бөлетін жүктердің тығындалуы және бекітілуі).

Жоғары еңбек өнімділігі белгіленген жағдайда, шағын және арзандау қондырғы пайдалану үшін, үзіліссіз жоғары жылдамдықпен жүктерді тынымсыз жіберіп отыратын машиналар үлгісін пайдалануға тырысады.

Жылдамдықтың артуымен сәйкесінше тасымалдағыштың ұзындығының бір өлшеміне келетін жүк көлемі азаяды да, машина көлемі ықшамдалады. Мысалы, таспалы тасымалдағыштың жылдамдығы қалақшалыдан 5-6 есе артық бола алады,ал бұрандалыдан 10 есе болады да, оның өнімділігі соңғыларынан әлдеқайда жоғары.

Тиейтін – түсіретін жүктің бағыты, ұзындығы және жолының пішіндемесі машина үлгісін таңдаудағы маңызды факторлар болып табылады. Бір машиналар бір жазықтықта да , бір кеңістікте де тасымалдау жолының бағытын жеңіл өзгерте алады, ал басқалары тек қана тік бағытта ғана жұмыс істей алады; бір машиналар бір агрегатта ұзын қашықтыққа тасымалдай алса, басқалары қысқа қашықтыққа ғана, сол себепті жүкті тасымалдау үшін бірнеше машина қою қажет болады. Сол себепті арада қайта тиемеу немесе қайта тиеуді азайту үшін алдыға қойылған тапсырманы қанағаттандыратындай машина таңдау керек.

Машина таңдауға бастапқы және соңғы пунктердегі жүктерді сақтау әдістері мен оларды тасымалдау машиналарына жеткізу әдістері, соңғы және ортадағы пунктерде машинаны түсіру әдістері де өз әсерін тигізеді.

Кейбір тасымалдағыш машиналары жүктерін өздері түсіреді, басқаларына қосымша құрал немесе қол еңбегі қажет болады.

Бір машиналарда (таспалы тасымалдағыш) аралық түсіру жеңіл атқарылады, басқаларында (мысалы, тілімді тасымалдағыш) ол мүмкін емес. Кейбір машиналар, мысалы аспалы тасымалдағыштар, жолдың кез келген тұсында тиеу мен түсіру жұмыстарын автоматтық түрде еркін жүргізе алады, басқалары оны істей алмайды. Ол үшін тиеу – түсіру жұмыстарында автоматтандырылмаған көмекші құралдар мен қосымша еңбекті қажет етпейтін машиналарды пайдаланған тиімді.

Технологиялық желі тасымалдағышын механикаландыру кезінде және сол уақытта тасымалдаушы, технологиялық жұмыстарды орындау кезінде бұл фактор машина үлгісін таңдауға өте үлкен әсер етеді. Таңдалған машина берілген жағдайда технологиялық және тасымалдаушы жұмыстардың берік бірлесуін қамтамасыз етуі қажет, мысалы жуушы, бояушы, шынықтырушы камералар.

Айрықша жергілікті жағдай негізінде машинаның орналасқан жеріне байланысты: бөлмеде немесе ашық жерде. Соңғы жағдайда климаттық жағдайларды міндетті түрде еске алу қажет, мысалы қыста олардың механизмдерді майлау және күту кезіндегі ықпалы, механизм бөлшектерінің қату дәрежесі мен мүмкіндігі және тасымалдаушы жүктің қатуы.

Жұмысқа арналған бөлме жылтылатын немесе жылытылмайтын, бірқабатты немесе көпқабатты, жаңа немесе қайта жөнделген болуы мүмкін. Бір тасымалдағыш машиналарды (мысалы тербелетін және қадамды тасымалдағыштардың көп бөлігі) қабатаралық жабу плиталарына орналастыруға болмайды, өйткені олар іргетасты қажет етеді; басқа машиналар онда оңай орналаса алады. Өнеркәсіпті қайта құру тасымалдағыш машиналар қолданатын үлгілерін максималды қолдануын және негізгі өндірістік процеске лайықтауды талап етеді.

Тасымалдағыш машинаны таңдауына өнеркәсіптегі жабдықтардың бірүлгілігі және жетілдіру қажеттілігі, өнеркәсіптің кейін кеңею мүмкіндігі, болжанған өмір сүру ұзақтығы (уақытша, тұрақты), еңбек қорғау сұрақтары, техника қауіпсіздігі және пайдалану ыңғайлылығы үлкен әсер етуі мүмкін.

Қарастырылған техникалық факторларға толығымен қанағаттандыратын таңдалған машиналар үлгілері мен комплекстерін қорытынды үйлесімді шешім шығару мақсатымен техникалық – экономикалық талдаудан өткізу керек. Техникалық – экономикалық белсенділікке баға беру үшін және машинаның және машина комплексінің механикаландыру жүйесі ретінде ең тиімді, үйлесімді үлгісін анықтау үшін талдау жүргізу қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіштер:

а) машинаны сатып алуға және орнатуға кететін негізгі шығындар (бастапқы құны );

б) пайдалану шығындары және бір тонна жүкті өңдеуге жұмсалатын өзіндік құн сомасы;

в) тиеу-түсіру жұмыстарындағы жұмысшылардың саны және өнімділігі;

г) негізгі шығындардың өзін-өзі ақтау уақыты.

Экономикалық тиімді машина мен механикаландыру жүйесінің нұсқасы деп орындауына аз негізгі шығындар жұмсалатын және тиеу-түсіру,тасымалдау жұмыстарында аз қаржы жұмсалатын нұсқасын айтады, яғни 1т жүкті өңдеуге жұмсалатын ең аз өзіндік құн.

Дебиетер

1. Красников В.В. Подъемно-транспортные машины. М.: «Агропромиздат». 1987 – 272 с.

2. Александров М.П. Грузоподъемные машины. М., Высшая школа. 1986 – 400 с.

Наши рекомендации