Р атомқаруынсыз беделі
1949 жылдан ядролық қырғынның адамзатқа әкелер алапатын бастарынан толығымен өткізген қазақ халқына, оның тұңғыш Президентіне бұл қарудың зиянынан басқа ешқандай да қажеттігі жоқ еді. Өйткені ХХ ғасырдың сексенінші жылдарына дейін республикамыздың территориясы аталған қарудың, оны нысанаға жеткізетін зымырандарының, стратегиялық мақсаттағы бомбалаушы ұшақтарының орналасу, жаттығу, сынау алаңдарына толтырылып болған еді. Осылармен қатар Қазақстанның өнеркәсібінің негізгі саласы – уран өндіру, ядролық қару дайындауға қажетті жабдықтар дайындауға бағытталған болатын. Қазақстанда қарапайым халық білуге тиісті емес жасырын қалалар мен өндіріс орындары пайда болып, молая түскен еді. Осындай жағдайдағы республиканың табиғатына, халық денсаулығына тигізе бастаған зиянның көлемі өлшеусіз артып, оны бүркемелеудің өзі мүмкін еместікке айналды. Ядролық қару шығару, оны жетілдіріп, сынақтан өткізуден әлем мемлекеттерінің алдына шығуға ұмтылған Кеңес Одағының одан ары өмір сүре беруі оның құрамындағы Қазақстанның ел ретіндегі болашағына балта шапқандай еді. ХХ ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысынан басталған Қазақстандағы «Семей атом бомбасын сынауға арналған алаңды» жабу мақсатындағы басталған бүкіл халықтық наразылық ел тұрғындарының бұл қаруға деген халықтың біржақты ұстанымын айқындап берген еді. Республика территориясына орналасқан адамзатты, барша дүниені жаппай қырып-жоятын бұл қарудан толығымен арылудың жолдары тіпті Кеңес Одағы тарамай жатып-ақ қарастырыла бастаған болатын. Өйткені Қазақстанның болашағы өзінің территориясынан осы қасірет көзін толығымен шығару, сынақ алаңдарының жұмысын біржолата тоқтату, экологиялық апат алаңына айналған өңірлерді қалпына келтіруге байланысты екендігі әркімге белгілі болған еді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылдың 7 қаңтар-5 қараша аралығындағы шет елдер мемлекеттік қайраткерлерімен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін тану барысындағы жүргізген жазбаларында: «...Қазақстан қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау бағытындағы барлық тиісті міндеттерді қабылдайды және 1968 жылғы ядролық қаруға ие мемлекеттер арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы Келісімге қосылуға ниет білдіреді. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылғы 2 ақпандағы Давостағы бүкіләлемдік экономикалық форумда жарияланып, онда: «Достастық шеңберіндегі өткен жылдың желтоқсан айындағы Алматы келісімінің маңызды жетістіктеріне ядролық қуатқа ие төрт республиканың «Ядролық қаруға деген бірлескен шаралар» атты келісім жатады. Онда біздің ядролық қаруды таратпауға деген байламымыз, оны бірінші болып қолданбау туралы міндеттемеміз, барлық ядролық қаруды жоюға деген жалпы ұмтылысымыз және халықаралық тұрақтылықты нығайтуға деген барынша ниеттілігіміз жарияланған. Қазақстан әлемдегі ядролық қаруды сынақтан өткізетін екі үлкен полигонның бірін жапқан дүниежүзіндегі біріншімемлекетке айналды» деген баяндама жасады. Алайда, Совет Одағы тарағаннан кейінгі алғашқы жылдарда Қазақстан сол мерзімдегі аймақтағы және барша әлемдегі қалыптасқан жағдайды ескере отыра өзінің жеріндегі ядролық қарудан аластауды тоқтата тұру саясатын да ұстады. Себебі осы уақыттағы: біріншіден, ядролық мемлекеттер тарапынан Қазақстанға қарсы атом қаруын пайдаланбауға деген кепілдіктің берілмеуі; екіншіден, кейбір ядролық мемлекеттердің Қазақстанның атом қаруынан арылуына ашық қысым көрсете бастауы; үшіншіден, Қазақстанның өз ішіндегі ядролық қарудың болашағына деген әр бағыттағы пікірлер мен ұсыныстардың қалыптасуы, т.б. жағдайлар мемлекеттің өз территориясына орналасқан ядролық қарудың орнын айқындауға деген шешімін жан-жақты салмақтауына мәжбүр етті. Аталған жағдайдан барып, Қазақстанның осы мерзімдегі өзінің территориясына орналасқан ядролық қаруға деген ұстанымы туралы 1992 жылғы қараша айындағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің баяндамасында жарияланғанындай: «...Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Тәуелсіз Мемлекеттердің Достығы шеңберінде, сонымен бірге аймақтық көршілес орта азиялық мемлекеттермен арадағы ынтымақтастықты сақтау мен дамытуға ұмтылады.. Қазақстанның өзінің, оның халқының еркіне келетін болсақ, ол 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған егемендік туралы Декларацияда айқындалған. Онда Қазақстан ядролық қарусыз ел болуға ұмтылады деп айтылған. Және де бұл ұмтылыс орындалып отыр: іс жүзінде алғаш рет президент жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылды» деген сөздер Тәуелсіз Қазақстанның өз территориясындағы Кеңес Одағынан қалған ядролық қаруларға деген нақты атқарып отырған қадамының бастау алғандығын баяндады. 1995 жылдың 26 мамырында Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз елге айналғандығы туралы ресми жария етті» деген анықтамалар Қазақстан тарапынан өзінің территориясындағы ядролық қаруды толығымен шығарудағы қызметінің барысын, оның Тәуелсіз Ел тарихындағы маңызды кезең болғандығын жеткізеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттің ядролық қарусыз ел аталған күнінен бастап осы алапат көзін барша әлемнен аластату жолындағы келелі ұсыныстары мен нақты істері бастау алады.
119. Қазақстанның экологиялық мәселелері. Ядролық қару сынақтарының салдарларымен күресу
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семейэкологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1] КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
·экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
·мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
·осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
·аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Аралдың экологиялық проблемасы
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Балқаш проблемасы
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабынсуландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.