Операциялық шығындардың жіктелуі
Операциялық тәуекел факторларының әр түрлі үйлесуі кезінде пайда болатын операциялық шығындардың жағдайлары нәтижесінде шығындар жағдайларына жіктеледі:
- қызметкерлермен немесе Банк қызметкерлерімен іске асатын асыра пайдалану немесе заңсыз іс-әрекеттері (мысалы, ұрлау, қызметін асыра пайдалану, банк операциялары мен басқа да келісімдердің жасалу факттарын қасақана қысқарту, информациялық жүйелер мен ресурстарды рұқсат етілменген қолдану);
- үшінші тұлғаның заңсыз іс-әрекеттері (мысалы, бастама және (немесе) төмел және тағы да басқа құжаттардың қолдан жасалуы, информаіиялық жүйеге рұқсат етілмеген енуі);
- Банктың немесе оның қызметкерлерінің еңбек заңнамасын бұзуы (мысалы, еңбек келісімі шарттарының бұзылуы, қызметкерлердің денсаулығына зиян тиуі);
- басқа да заңнамаларды бұзу (сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған монопольяға қарсы кіріс легелизациясы (жуылу) бойынша қарсы әсер ету, және саңкестерді қаржыландыру);
- клиенттер, контрагенттер және (немесе) басқа үшінші тұлғалардың негізгі қызметімен байланысты келісімшарттан туындайтын орындалған немесе орындалуы қажетті міндеттер;
- іскерлік айналым дәстүрлерінің бұзылуы (мысалы, құпия мәліметтің орынсыз пайдаланылуы, қызметтердің міндеттелуі, баға бойынша келісіп алу)
- негізгі қаражаттар мен басқа материалдық активтердің зақымдануы немесе жоғаруы (ланкестік әрекет, табиғат апаттары, өрт нәтижесінде);
- қондырғылар мен жүйелердің істен шшығуы (мысалы, автоматтандырылған банк жүйесінің, байланыс жүйесі жмысының істен шығуы, қондырғының бұзылуы);
- қызметтің орынсыз ұйымдасуы, басқару мен орындау қателіктері (мысалы, ішкі процестер мен процедуралардың барабар емес ұйымдаасуы нітижесінде, қорғау жүйесінің және (немесе) мәліметтерге рұқсат алу ретінің болмауы (жетілдірілмеуі), Банк ішіндегі информациялық ағымның дұрыс емес ұйымдасуы, қызмет қамсыздандырушылардың Банк алдында міндеттерін орындамауы, операциялар мен келісім бойынша мәліметтерді енгізу мен өңдеу кезінде жіберілген қателер, құжаттардың жоғалуы т.т.).
Операциялық шығындар мынадай түрде болуы мүмкін:
- активтер құнының төмендеуі;
- материалдық активтерді жедел есептен шығару (алып тастау);
- соттың қаулысының (шешімінің) ҚР заңнамасына сай, өкілетті органдар шешімі негізінде ақшалай төлемдер;
- клиенттер мен контрагенттерге ақшалай төлем, сонымен қатар Банк кінәсімен жауапкершілікке тартылған Банк қызметкерлерінің шығынның соттан тыс ретте орнын толықыру мақсатында ақшалай төлемдер жасау;
- шаруашылық іс-әрекетті қайта қалпына кетріру және қателіктер, апаттар, табиғат апаттары және басқа да ұқсас жағдайларда зардаптарын жою;
- басқа да шығындар.
Операциялық тәуекелді төмендету
Операциялық тәуекелді төмендету операциялық шығындарға және (немесе) қалыпты операциялық шығындардың мөлшерін азайтуға (шекеуге) ұшырататын оқиғалар немесе жағдайлардың бастау мүмкіндіктерін төмендетуге бағытталған іс шаралар кешенінің іске асуы болжайды. Банк деңгейінде бақыланатын операциялық тәуекелді төмендетудің негізгі әдісі ұжымдық құрылымдарды, банктық операциялар жасаудың ішкі ережелер мен процедураларын жасап шығару және операциялық тәуекелдің пайда болу факторларын жою (төмендету) үшін басқа да келісімдер. Бұл кезде уәкілеттілікті бөлу принциптерін сақтау, жүргізілетін банктық операциялар бойынша бекіту (келісу) реті және есептілігі және басқа да келісімдер бойынша ерекше көңіл бөлінеді.
Операциялық тәуекелді төмендету үшін Банк келесі негізгі құралдарды қолданады:
- информация қол жетімділікті шектеу;
- нформациялық жүйеге рұқсат етілмеген кіруге қарсы қорғаныс жасау;
- информациялық жүйе құралдарымен рұқсат етілмеген операцияларды жасауға қарсы қорғаныс;
- құжаттарды жасауға дейінгі бақыланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру;
- қос енгізуді ұйымдастыру;
- қатер іс-әрекеттерді анықтау үшін автоматты тексеру процедураларын икемдеу және қосу;
- майда қайталанатын әрекеттерді автоматты түрде орындау;
- пайдаланушы іс-әрекеттерінің аудиті (тіркелу және мониторинг).