РКҚ 247-бап, зансыз сыйақы алу ( егер бұл әрекетті лауазымды тұлға өзінің қызмет бабын пайдалана отрып жасаса).

Негізгі ұғымдар: заңсыз сый ақы

1. Мемлекеттiк органның немесе мемлекеттiк ұйымның мемлекеттiк қызметтердi атқаруға уәкiлеттi адамы болып табылмайтын қызметкерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамының, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару қызметтерiн атқармайтын қызметкерiнiң өз мiндеттерi шеңберiндегi жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипаттағы қызмет көрсетулердi заңсыз алуы, егер бұл әрекеттер қорқытып алумен байланысты болса, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған дәл сол әрекет - бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер адамның алған сомасы немесе оған көрсетiлген қызметтiң құны үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен асса, заңсыз сыйақы алу iрi мөлшерде жасалған деп танылады.

1. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлiк беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы заңсыз қызмет көрсету - бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiн бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер - сегiз жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның сегiз айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметiн атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлiк алуы, сондай-ақ өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн мүлiктiк сипатта көрсетiлген қызметтi пайдалануы - бiр мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттер, егер олар:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;

б) бiрнеше рет;

в) қорқытып алумен байланысты жасалған болса - екi мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.
1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2. Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипаттағы қызметтер көрсету немесе мұндай қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану егер мүлiктiң немесе қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауы себептi қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк ретпен қудаланады.

Ші дәріс.

Наши рекомендации