Ысқа мерзімді» депозиті
Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі – салымшы сұранысы бойынша Банкпен реттеледі және келісімнің тиісті Өтінімінде (-дерінде) көрсетілген салымды орналастырудың барлық мерзімі ішінде өзгермейді;
Ерекше шарттар – сомасы Банктің өзіндік капиталының 10 (он) пайызына тең және/немесе асатын сомаға салым ашу кезінде, Банктің директорлар кеңесінің шешімі қажет; Салым валютасы- теңге, АҚШ доллары, ресей рублі, еуро;
Салым мерзімі- 3,7,14 немесе 21 күн; Салым бойынша төмендетілмейтін қалдық сомасы- 100 000 000 KZT/ 1 000 000 USD/ 1 000 000 EUR/ 50 000 000 RUB; Есептелген сыйақыны капиталдандыру - қарастырылмаған;
Сыйақыны төлеу – Банкте салым валютасында ашылған, деректемелері келісімде көрсетілген салымшының ағымдағы шотына есептелген сыйақы сомасын аудару арқылы салымды орналастыру мерзімінің соңғы күні
Салымшыға төленеді (Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген жағдайларда алынатын корпоративтік табыс салығын алып тастағанда);
Қосымша жарналар- қарастырылмаған;
Бір бөлігін алу– қарастырылмаған;
Салымды айырбастау - қарастырылмаған;
Мерзімін ұзарту- қарастырылмаған;
Мерзімнен бұрын бұзу- салымды мерзімнен бұрын бұзған жағдайда, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуы тиіс төлем құжаттарын орындауға байланысты жинақ шотынан ақшаны алған (оның бөлігін) жағдайда, жинақ шоты бойынша шығын операциялары тоқтатылған, жинақ шотында орналасқан ақшаға тыйым салынған жағдайда сыйақы төленбейді.
Сомасы Банктің өзіндік капиталының 10 (он) пайызына тең және/немесе асатын сомаға салым ашу кезінде, Банктің директорлар кеңесі шешім қабылдайды. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастыру, мақұлдау және салым бойынша мәмілелер жасау процедуралары бойынша жеке шарттар белгіленсе, онда аталған мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген процедураларға және мерзімдерге сәйкес жүргізіледі.
Мерзімді» депозиті
Салым валютасы – теңге, АҚШ доллары, ресей рублі;
Ерекше талаптар – Банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызына тең және/немесе одан асатын сомаға салым ашқанда Банктің Директорлар кеңесінің шешімі қажет;
Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі – салым мерзімі ұзартылған жағдайларды есептемегенде бүкіл Салым мерзіміне белгіленген;
Салымның ең аз сомасы–KZT–1 000 000, 50 000 000; USD–10 000, 300 000; RUB 3 000 000; Есептелген сыйақыны капиталдандыру –қарастырылмаған;
Сыйақы есептеу–ай сайын, айдың соңғы жұмыс күні жүргізіледі;
Сыйақы төлеу – салым шартында Салымшы көрсеткен деректемелер бойынша есептелген сыйақы сомасын аудару арқылы есепті айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс күні ай сайын Салымшыға төленеді (корпоративтік табыс салығы шегеріледі);
Қосымша жарналар–қарастырылған;
Бір бөлігін алу–қарастырылмаған;
Салымды айырбастау–қарастырылмаған;
Мерзімін ұзарту–салым шартына қосымша келісім жасалған жағдайда;
Мерзімінен бұрын бұзу:
–салымды орналастыру мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аз болса, сыйақы төленбейді;
–салымды орналастыру мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен көп болса, сыйақы салым шарты бұзылғанда Банк бекіткен «Талап еткенге дейінгі» мөлшерлемесі бойынша есептеледі (корпоративті табыс салығы шегеріледі). Бұл ретте бұрын төленген сыйақы қайта есептеледі және артық төленген сыйақы сомасы салым сомасынан ұсталынады.