Теориялық мәселелері.
1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Мәселенің тарихнамасы.
2. Саяси жүйені зерттеу методологиясы. «Тоталитаризм», «қуғын-сүргін» (репрессия) ұғымдары.
3. Тоталитарлық жүйе: сипаты, ерекшеліктері.
Капитализм дәуіріндегі интеллигенцияның қоғамдық мәні. Социализм кезеңіндегі интеллигенцияның орны. Проблеманың тарихнамасы.
ХХ ғасыр – революциялық сілкініс және қанды соғыстар, геноцид, демографиялық тоқырау мен экологиялық дағдарыстармен тарихта қалды. міне, біз ХХІ ғасырға аяқ бастық. Біздің Отанымыз – қазақстан тарихы үш жүз жылға жуық уақыт Ресей империясы мен кеңес мемлекеті тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде қаралып келді. Отанымыздың өткен тарихы бертінге дейін маркстік-лениндік теорияға, таптық партиялық методологияға сүйеніп жазылып, қазақ этносының көлеңкесінде қалдырылып келді.
Бүгінгі күні қазақ халқы өзінің тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан тұста халық пен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында» егер бұрын Қазақстан тарихы біртұтас КСРО тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде ғана ұғындырып келсе, енді оны әлем тарихының, Еуразия тарихының, Орталық Азия елдері тарихының аясында қарастыру жөнінде, Қазақстан тарихының әлемдік тарих легіндегі лайықты орын айқындауға ерекше көңіл бөлінген. Отан тарихындағы бүгінгі күн тұрғысынан қайта зерделеп, тың деректер негізінде теориялық және методологиялық жағынан тереңдете білім беруді қажет ететін өзекті мәселенің бірі – Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы.
Мәселенің мәні мен ақиқатын шынайы тарихи деректер арқылы айқындап, тұжырымдар жасауға болады. Біздің мамандық пәніне қатысты жасауға болады. Біздің мамандық пәніне қатысты Қазақстандық дерек көздеріне тоқталар болсақ. Бірінші осы жолдардың авторының ғылыми зерттеу жұмысы барысында жинаған мұрағат деректері, ғылыми басылымдарда, монографияларда жарияланған мұрағат материалдары. Екінші, мерзімді басылымдар деректері. Бұл қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани салалардағы қозғаушы күш қана емес, ол өткен уақыттың жылнамасы. Белгілі бір кезеңнің болмыс-бітімін тану үшін сол кезеңдегі бапасөзді терең зерттеу арқылы да орасан зор мәлімет алуға болады. ХХ ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1917-1918 жылдары бағыт-бағдары, мақсат мен мазмұны «Айқап», «Қазақ» және басқа да ұлттық басылымдардан өзгеше большевиктік басылымдар пайда болды. Қазақстанда Кеңестер билігі орнағаннан кейінгі кезеңдерде ұлттық негіздегі мерзімді басылымдар біржола жабылды да, олардың орнын большевиктік басылымдар ұзақ уақытқа басты. Біз қарастырып отырған кезеңде шығып тұрған «Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Социалды Қазақстан», «Қазақстан большевигі», «Народное хозяйство Казахстана», «Большевик Казахстана» және тағы басқа басылымдар қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты оқиғалардан халыққа ақпарат жеткізу міндетін атқарса, уақыт өте келе елімізде коммунистік диктатураның орнау, әкімшіл-әміршіңл жүйенің қалыптасу және орнығу тарихының құнды дерек көзіне ай налды. Елімізде өтк күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүзеге асырылған ХХ ғасырдың 20-30 жывлдарындағы мерзімді басылым материалдарының негізгі бағыттарын шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші бағыт ол ұлттық мәселе, ұлттық мемлекет құруға көзқарас. Аталған бағыт Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқа алаш зиялылары мен сол жылдардағы Өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшысы Ф.Голощекин «алаштың жас буыны» деп баға берген С.Сәдуақасов, Ы.Мұстамбаев, Ж.Сұлтанбеков, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев және «либерал-коммунист» Н.Нұрмақовтың баспасөз беттеріндегі мақалаларынан танылды. Ф.Голощекин алаш зиялылары жөнінде «оларды жұмысқа қосып, партияға ала тұрсақ та, олардың байшыл, ұлтшыл салт-санасына қарсы күресу керек» деген біржақты пікір ұстанды. Бұл пікір тек бірінші хатшының ғана емес, жалпы коммунистік партияның «ескі» интеллигенция туралы ұстанған бағыты болатын. Сол себепті де алаш зиялыларының қоғамда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге, ұлт болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге, ұлт мәселесіне көзқарасы большевиктік басылым беттерінде толық мәселесіне көзқарасы большевиктік басылым беттерінде толық жария етілмеді.
Негізгі әдебиет: [2, 5, 7, 9, 10].
Қосымша әдебиет: [ 12, 13, 17, 20, 22, 24, 30, 31, 32, 37].