Мәдени саласының қызметіне байланысты нормативтік құқықтар және өзге де бағдарламалар
«Астана- ЕХРО-2017» дүниежүзілік көрмесін, (Қазақстан-2030» стратегиясы, ҚР-Президентінің халыққа жолдауы, «Тілдерді қолдау мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Мәдени мұра» бағдарлама, Мүгедектерді оңалту» халықтың әлжуаз топтарына қамқорлық көрсетуге арналған іс-шаралар аясында жергілікті билік орындарының қолдауымен «Қарттар күні», «Мүгедектер күні» іс-шараларға белсене қатысып, соңғы кездері өткізіліп жатқан «Қамқорлық» акциясын өткізу барысында мұқтаж жандарға материалдық және рухани көмек беріліп келеді.
Аудан көлемінде саяси және әлеуметтік маңызды шаралардың бірі «Экологиялық сенбіліктер» және «Жасыл ел» бағдарламаларын жүзеге асыруда түрлі акциялар жылдың жылы мезгілінде тұрақты өткізіліп , еліміздегі қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жағдайдың қалыпты сақталуына біздің мәдениет саласының қызметкерлері көп үлес қосуда. Сонымен қатар «Салауатты өмір салты» кешенді мемлекеттік бағдарламалары, ҚР-ның 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 111-IV заңын іске асыруға бағытталған «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру, Елбасының «Жастар еліміздің болашағы» деген қағидасын ұстана отырып, жастар арасында орын алып отырған өзекті мәселелердің шешімін табуға, тәрбиелік мәнді шаралар өткізуде көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ патриоттық тақырыпқа арналған «Отан оттанда ыстық», «Тіл тағдыры жастарға аманат» , «Ерлігің ел есінде», және т.б шаралар мен қатар «Қылмысты құрықтау» пікір талас кеші, «Құқық және жастар» дөңгелек үстел, «Жасөспірімдер және есірткі - ғасыр қасіреті» танымдық кештерге жастар белсене қатысып, саяси-әлеуметтік белсенділіктерін танытуда.
Сонымен қатар жастар арасында діни теріс ағымдардан сақтандыру мәселелері бойынша ислам дінінің құндылықтары туралы кеңінен пікір алысу жастардың рухани дұрыс қалыптасуына әр түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ барлық мәдени ошақтарда «Отанды сүю иманнан» тақырыбында аудан жастарымен кездесу кештері ұйымдастырылды.
Елбасының «Дәстүр мен мәдениет - Ұлттың генетикалық коды» дегендей бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлемнің көптеген халықтары мен мемлекеттерінің негізгі даму басымдықтарының қатарына жатады. Дәстүрді дәріптеу мақсатында шығармашылыққа жәрдемдесу, жастардың әсіресе балалардың шығармашылық жетілуі үшін жағдайлар, шаралар өткізілуде. Ұлттың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлерді сақтау, халық шығармашылығын дамыту, және кәсіптік өнерді кеңінен насихаттау.
Аудандық мәдениет үйінде өтетін мәдени-көпшілік шараларға көрермендер мен жастарды, жасөспірімдерді көптеп тарту, мәдени шаралардың түрлерімен әдістерін енгізіп мәдениет үйінің халықтың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жұмысын жандандыру.
Қоғамдық құрылымдар және мектептермен тығыз байланыста болып, сапалы шаралар өткізу. Мәдениет үйінің матерниалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында сахналық киімдер тіктіру, қажетті реквизиттер, мебель, сахналық дыбыс және жарық техникасы, музыкалық аспаптар, компьютерлермен жабдықтау.
Мәдениет үйінде өткізілетін мәдени –көпшілік шаралар және байқауларға көрермендерді көптеп тарту, мәдени шаралардың түрлерімен әдістерін енгізіп мәдениет үйінің жұмысын жақсарту.
Мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар-халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлерде есте тұту және мерейтой күндерін, мәдениет күндерін, фестивальдар, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткізу және көрнекті мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шаралар.
Мәдениет саласындағы қызмет-мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың қызметі, оның ішінде қайырымдылық саласындағы, мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тазарту және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөніндегі қызметі
Халықаралық,республикалық, облыстық байқауларға аудан атынан өнерлі көркемөнерпаздарды қатыстыру, іс-сапар шығынын қамтамасыз ету.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат-мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға арналған, мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар кешені.
Мәдени саясаттың бағыттары:
1.Мемлекеттік тіл-ұлт бірлігінің негізгі факторы
Дамыған тіл мәдениет-зиялы ұлттың күш қуаты.
2.Ата салтың-халықтық қалпын.
3.Денсаулық-зор байлық адам бақытының бастауы.
Директор Г.Қалиева