Мазмұны мен негізгі қызметі
Мазмұны
Кіріспе | ||
I | Техникалық реттеу жүйесі | |
1.1 | Техникалық реттеудің жалпы заңы | |
1.2 | Мазмұны мен негізгі қызметі | |
1.3 | Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі | |
Қорытынды | ||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | ||
Кіріспе
«Техникалық реттеу туралы» Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттың бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыңңа интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындагы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға, оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты. Халықаралық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар техникалық регламенттерде, заңнамаларда, ңұсқауларда және Үкімет органдарының жарлықтарында көрсетіледі. Техникалық регламенттерге енгізілетін талаптар: адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және тұтынушыны алданудан сақтау. Халықаралық тәжірибенің ерекшелігі стандарттардың міндетті құжаттар болып есептелмеуі, оларға техникалық регламенттерде сілтемелер келтірілмеген жағдайда ерікті негізде қолданылуы. Елімізде бағалау және сәйкестікті растау жүйелерін жетілдіру бағыттары Еуропалық Одақтың техникалық реттеу практикасына, соның ішінде сәйкестікті бағалау саласына негізделген. Мұндай таңдау мына себептерге байланысты:
1. Еуропа Одағымен тауар айналымының артуы;
2. Соңғы жылдары ЕО-да тұтыну рыногын сапасыз, зардаптарының ауырлық деңгейі жоғары өнімдерден қорғауда және елдер арасындағы саудада техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін нұсқауларды жасаудың және қолданудың мол тәжірибесі жинақталған.
Техникалық реттеу жүйесі
Техникалық реттеудің жалпы заңы
Нұсқауларда өнімнің сәйкестігін бағалау және мемлекет тарапынан бақылау тек қана техникалық регламенттерде белгіленген міндетті талаптардың сақталуына қатысты жүргізіледі. Тағы бір ескеретін жағдай - ол тіркеу жүйесінің өнімнің сәйкестігін бағалау жүйесінен бөлек жұмыс атқаруы. Қазақстандағы техникалық реттеу жүйесінің ЕО жүйесінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Техникалық заңдылық республикада тиісті деңгейде дамымаған, ал міндетті техникалық нормалар стандарттарда және басқа нормативтік құжаттарда (экологиялық, тазалық сақтау, құрылыс, т.б.) белгіленген. Кейбір стандарттарда сақталуға тиісті міндетті талаптар қажетті деңгейде атап көрсетілмеген.
Мемлекеттік бақылау органдарының жұмысы нормативтік құжаттардың тек қана міндетті талаптарына қатысты болғандықтан, өндіруші мен бақылау органдарының арасында дау туындап отырады. Тіркеу жүйесі мемлекеттік сертификаттау жүйесінің шеңберінде жұмыс атқарды. Дайындаушы жүргізген сынақ нәтижелерін сертификаттау органының тану механизмі тиісті деңгейде дамымаған. Міндетті құжат түрлерінің көптігі және сәйкестікті дәлелдеудің халықаралық түрлерінің тиісті деңгейде қолданылмауы отандық кәсіпкерлерге өнім өндіруде қиындықтар. Қазақстанның сауда жасау жөніндегі серіктестіктерінде түсінбеушілік және өнім сапасына сенімсіздік туғызады. Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құру және дамыту мынандай негізгі бағыттарда жүргізілуі және негізделуі қажет:
· жүйенің мақсаты мен принциптерін анықтау;
· жүйенің құрылымдық элементтері мен ұйымдық құрылымдарын анықтау;
· техникалық регламенттерді жасау және қолдану саласына қатысты ережелерді анықтау;
· мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау;
· сертификаттау жүйесін реформалау және тіркеу жүйесін оның құрамынан шығару;
· сертификаттаудан сәйкестікті дәлелдеу механизміне көшу;
· мемлекеттік тексеру және бақылау органдарының жұмысын реформалау;
· халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Мазмұны мен негізгі қызметі
Қазақстан Республикасының « Техникалық реттеу туралы » Заңы, оның мазмұны мен негізгі қызметі 2004 жылы қараша айында Республикада «Техникалық реттеу туралы » заң қабылданып, 2005 жылы 9 маусымда күшіне енді. Бұл заң елімізде стандарттау саясатын жаңаша жүргізу стратегиясы құқықтық негізде бекітілген. Бұл заңның енуімен ескі басқару жүйесіндегі стандарттау толығымен өзгереді. Техникалық реттеу бұл қарама-қайшылықты реттеу, ол өнімге үрдіске қатысты міндетті және ерікті талаптарды белгілеумен, қолданумен, орындаумен байланысты. Сонымен қатар сәйкестікті растау, аккредиттеу, белгіленген талаптарды орындалуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау, жұмыстарды жүргізуді қамтиды.
Техникалық реттеудін негізгі мақсаттары:
· Өнім, қызмет, үрдістің, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
· Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
· Саудадағы техникалық кедергіні жою.
· Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату.
Техникалық реттеу келесі қағидаларға негізделген:
· Мемлекеттік техникалық реттеу заңының ортақтығы, біртұтастығы.
· Үрдіске, қызметке, өнімге қойылатын талаптар, бірдей терминдерді қолдану.
· Мемлекет пен қызығушы жақтардың қызығушылығына байланысты техникалық мақсатқа жету үшін техникалық реттеу үрдісін қатысып тең мүмкіндікті екі жаққа беру.
· Отандық импортталған тауарларға, үрдістеріне, қызметтеріне бірдей талап қойып белгіленген талаптар бойынша сәйкестігін растау.
· Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілер дайындау барысында (қолдану) ғылыми техникалық жетістіктерді, халықаралық және аймақтық ұйымның стандарттарын ескеру.
· Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттің экономикалық, материалдық техникалық даму деңгейіне сай болуы.
· Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер, стандарттар, басылымдар, оларды дайындау реті.
· Қолдану мақсатында стандарттауды ерікті түрде таңдау.
· Сәйкестікті растау жүйесімен ережелерінің бірдейлігі.
· Бір ұйымның аккредиттеу және сәйкестік құжатын беру функциясын атқаруға мүмкіндік бермеу.
· Тұтынушы мен өндірушілерден сәйкестікті растаудағы ұйымның тәуелсіздігі.
· Сәйкестікті растау жұмыстарындағы бәсекелестікті шектеулерді болдырмау.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін реформалау жолдары. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және өнеркәсіптер өнімдерін экспортқа бейімдеу саясаты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін унификациялауды талап етеді. Бұл Қазақстан Республикасының жуырда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне де жол ашады. Осы талапты орындау тікелей Қазақстан Республикасындағы жүріп жатқан техникалық реттеу саласында қолданылатын стандарттау, сертификаттау жүйелерін және мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйелерін реформалап, саясатты толығымен өзгертуге байланысты.