Азақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы және суретші Хлудовтың шәкірті болған суретшіні белгілеңіз.

A) Гүлфайруз Ысмайылова B) Қаныш Сәтбаев C) Шоқан Уәлиханов
D) Дина Нұрпейісова E) Әбілхан Қастеев

29. Шілдехана қай кезде жасалатынын көрсетіңіз.A) Бала дүниеге келгенде

B) Бала мектепке барғанда C) Бала жүре бастағанда
D) Бала атқа отырғанда E) Бала мектепті бітіргенде

30. Күріш көп өсірілетін аймақты белгілеңіз. A) Семей B) Қызылорда C) Ақтөбе
D) Шымкент E) Тараз

Нұсқа

1.Езулік дауысты дыбысты белгілеңіз.
A) Ұ B) Ө C) О D) А E) Ү
2. Қатаң дауыссызға аяқталатын түбір сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) қол, кеуде, сан B) саусақ, алақан, көз C) дене, мойын, ақра
D) бас, аяқ, құлақ E) ерін, кірпік, тіл

3.Бірыңғай жіңішке буынды сөзді көрсетіңіз.
A) дәріхана B) сыпайылық C) адамгершілік D) өнерпаз E) әдептілік

4.Ауыспалы мағынада қолданылған сөз тіркесін белгілеңіз.
A) кітаптың сөресі B) дүниенің кілті C) құстың қанаты
D) адамның баласы E) ағаштың жапырағы

Шаршау» мәніндегі фразеологизмді анықтаңыз.

А) мүйіз шығу B) қауқары кету C) оң көзбен қарау D) тонына сыймау
E) іші жарылу

6. Мәтелді көрсетіңіз.
A) Әзіл айтсаң да, әділ айт. B) Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас. Қайталанған емес пе? C) Жақсыдан қашпа, жаманға баспа. D) Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында. E) Кемедегінің жаны бір.

Сөз тудырушы жұрнақ жалғанған сөзді көрсетіңіз.

A) үйшіктерге B) жұмысшыларға C) алаңқайға D) күндерімізге E) қалашыққа

Рамында туынды түбірі бар лепті сөйлемді табыңыз.

A) Түндікті жауып қой B) Қазір қай жерде тұрасыз C) Жаздық киіміңді ки
D) Көктемгі күндердің тамашасы-ай E) Балқаш – терең көл

9. Табыс септігіндегі көмекші есімнен жасалған туынды зат есімді көрсетіңіз.
A) болашаққа B) орталығын C) қаптамасын D) достықтың E) кітабын

10. Сапалық сын есімді тіркесті анықтаңыз.
A) ақшыл түс B) қорқақ қоян C) желсіз түн D) таулы жер E) бойшаң адам

11. Есептік сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бізге қарай үш кісі жүрді. B) ХХІ ғасыр – техника ғасыры.
C) Автобус ауылға үштерде келеді. D) Мұғалім балаларды екі-үштен топқа бөлді.
E) Сағат жетілерде кездесейік.

12. Жалпылау есімдігіне байланысты сөйлемді табыңыз.
A) Менің атам – Ұлы Отан соғысының ардагері. B) Салтанат өзінің кезекшілік міндетін ойдағыдай атқарды. C) Атам маған дүкеннен шана сатып әперді. D) Оның өрулі шашы өзіне жарасады. E) Қоғамдық орында тәртіп сақтау – баршаның міндеті.

13. Табыс септігіндегі сөз арқылы анықталатын етістікті табыңыз.
A) салт B) сабақты C) құранды D) көмекші E) болымсыз

14. Мезгіл үстеулі сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ақлима былтыр келген. B) Қолы жазылды ма өзінің? C) Олар егіннен мол өнім алу үшін жанталасады. D) Қыздар Еламанның үйін жуып жатыр.
E) Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.

Жекіру одағайы қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Пай-пай, қандай тамаша жер! B) Жә, күңкілдемей отыр! C) Кешіріңіз, сізге не керек еді! D) «Қайырлы түн!» - деді ол шыға бере. E) Әй, саған айтып отырмын!

Негізгі еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.

A) адыраң B) бүлкек C) тырс D) қызараң E) бұраңда

17. Қабыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) қаланың орталығы B) балалық дәурен C) өздеріңізге арналған D) өнерді бағалау
E) досыммен бөлістім

18. Анықтауыш қызметіндегі есімшені анықтаңыз.
A) Жанат Айдардың бөлмесіне кірген. B) Кітабыңыз осы үйден табылады.
C) Ыстаған сабаның исі мұрынды жарып тұрады.
D) Батырға таяқ та жарақ. E) Ердің атын еңбек шығарады.

Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді.

Сөйлемдегі оңашаланған мүшені белгілеңіз.

A) өмір сүруге B) жастар сияқты C) біздерге

D) қарттарға E) тура келеді

Жалқы есім қатысқан жайылма сөйлемді белгілеңіз.

A) Жел күшейе түсті. B) Нұрай домбырада ойнайды.
C) Нұрлан отыр. D) Шахмат үйірмесі ашылды. E) Әңгімені ұйып тыңдайды.

21. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын көрсетіңіз.
A) және, да, әрі B) я, немесе, әлде C) бірақ, дегенмен, алайда
D) өйткені, себебі, сондықтан E) бірде, біресе, кейде

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

A) Балаға жиі ұрысқанша, ақылмен айту керек. B) Аспандағы бұлттар сиресе, жұлдыздар көріне бастайды. C) Қазақстанда көктем, әдетте, жылы болады. D) Сен оған айтқан соң, мен үндемедім. E) Ол шаршағанына қарамастан, ағасына көмектесе берді.

Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз. A) Бұл, шынында да, Нартай біле бермейтін жаңалық еді. B) Бұл, шынында да Нартай біле бермейтін жаңалық еді. C) Бұл, шынында да – Нартай біле бермейтін жаңалық еді. D) Бұл шынында да, Нартай біле бермейтін жаңалық еді. E) Бұл – шынында да, Нартай біле бермейтін жаңалық еді. 24.Тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты. B) Халқымыз қасиетті құс деп ардақтайтын аққу көгілдір шағында жұптасады екен. C) Ат өнері білінбес бәйгеге түсіп жарыспай.
D) Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады.

E) Бұл кішкентай қыз біздің көршіміздің қолына жақында ғана келді.

25. Сөйлем қандай стильде жазылғанын ажыратыңыз. 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Жарлық шығарды.
A) ауызекі сөйлеу стилі B) публицистикалық стиль C) ғылыми стиль
D) көркем әдебиет стилі E) ресми іс қағаздары стилі

26. Ресми іс қағаздары стилінің түрін ажыратыңыз.
A) Мақала B) Өтініш C) Роман D) Поэма E) Баяндама

Наши рекомендации