Ндірістік шығындардың есебі
Өндірістік шығындардың жіктелінуі.Өндiрiс шығындарын дұрыс ұйымдастыру үшiн олардың ғылыми негiзделген жiктемесi үлкен роль атқарады. Өндiрiске кеткен шығындар олар пайда болуына, орнына байланысты, өнiм түрлерiне (жұмыс, көрсетiлген қызмет) және шығындар түрлерiне бөлiнедi (жiктеледi).
Пайда болу орнына байланысты – шығындар өндiрiс бойынша, цехтарға, кәсiпорынның бөлiмi (участок) және басқа да құрылымдық бөлiмшелерге бөлiнедi. Мұндай топтау зауытiшiлiк шаруашылық есеп беруiн ұйымдастыру үшiн және өндiрiстiк өнiмнiң өзiндiк құнын анықтау үшiн қажет.
Өнiмнiң түрiне байланысты - (жұмыс, көрсетiлген қызмет) шығындарының өзiндiк құнын анықтау үшiн шығындарды топтайды.
Шығындар түрлерiне байланысты – шығындар элементтерi және калькуляциялық баптар бойынша топтастырылады.
Кәсiпорынның өндiрiстiк өнiмдерi (шығындары) келесi элементтерге жiктеледi:
- материалдық шығындар;
- еңбек ақы шығындары;
- әлеуметтiк қажеттiлiктерге аударымдар;
- негiзгi қор амортизациясы;
- басқа да шығындар (телефондық, iс-сапар бойынша және т.б.)
Бұл топтастыру элементтерi халық шаруашылығындаға барлық салаларға мiндеттi және бiрыңғай болып табылады. Шығындарды топтастру экономикалық элементтер бойынша келесi нәтиженi көрсетiп тұр - өндiрiске қанша жұмсалғаны, жалпы шығындар сомасындағы әр элементтiң үлесiн. Материалдық шығындар элементтерiне сатып алынған материалдар, бұйымдар және энергия, өнiмнiң өзiндiк құнының әр түрiне байланысты шығындар топтастырылуы ұйымдастырылады және калькуляциялаудың баптарына кiргiзiледi. Жоспарлаудың негiзгi ережелерiнде өндiрiстiк кәсiпорындарда өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау және есеп беруiне байланысты калькуляциялық баптары бойынша шығындар тұрпатына топтастырылады.
Өндiрiстiк шығыстардың жiктелуi
Жiктелу түрi | Шығындар бөлiмшесi |
Экономикалық ролi бойынша өндiрiс үрдiсiнде Құрамы бойынша (бiртектес) өнiмнiң өзiндiк құнына қосу әдiсi бойынша Өндiрiс көлемiне байланысты Кезеңдi пайда болуына байланысты Өндiрiстi үрдiске қатысуына байланысты Тиiмдiлiгiне байланысты | Негiзгi және жөнелтпе шығын Бiр элементтi және кешендi Тiкелей және жанама Өзгермелi және бiрыңғай уақытылы Өндiрiстiк және коммерциялық Өндiргiш және өндiргiш емес |
Негiзгi шығындар - өндiрiстiк технологиялық өндiрiспен тiкелей байланысты; шикiзат және негiзгi материалдар, көмекшi материалдар және басқа да шығындар, жалпы өндiрiстiк және жалпы шаруашылық шығындардан басқа.
Жөнелтпе шығындары - өндiрiсте қызмет көрсетумен және басқаруды ұйымдастырумен пайда болады. Олар жалпы өндiрiстiк және жалпы шаруашылық шығындардан тұрады.
Бiр элементтi шығындар – бiр элементтен тұратын – еңбек ақы, амортизация т.б.
Кешендi шығындар – бiрнеше элементтерден тұратын, мысалы: цехтiк және жалпы зауыттық шығындар құрамына еңбекақы, ғимараттардың амортизациялық шығындары және басқа да бiр элементтi шығындар.
Тiкелей шығындар - өндiрiстiң анықталған өнiм түрiмен байланысты және де тiкелей өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылуы мүмкiн: шикiзат және негiзгi материалдар, ақаудан шеккен шығындар және т.б.
Жанама шығындарға - өнiмнiң бөлек түрлерi бойынша тiкелей өнiмнiң өзiндiк құнына тiкелей жатқызуға болмайды және жанама түрде анықталады (шартты түрде): жалпы шаруашылық, жалпы өндiрiстi, өндiрiстiк емес шығындар және т.б.
Шығындарды тiкелей және жанама түрлерiне бөлу себебi – салалардың ерекшелiгiне, өндiрiстiң ұйымдастырылуына, өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiсiне байланысты.
Шартты тұрақты шығындар мөлшерi - өндiрiстiк өнiм көлемiнiң өзгеруiне қатысы жоқ: жалпы өндiрiстiк және жалпы шаруашылық шығындар және т.б.
Кезеңдiк шығындарға байланысты шығындар ағымдағы және бiркелкi (уақытты) болып бөлiнедi: ағымдағы шығындарға – кезеңдiк белгi бойынша, мысалы: шикiзат және материалдар шығындары. Бiркелкi шығындарға – жаңа өнiм түрлерiн дайындауға кеткен және олардың өндiрiстiк өзiндiк құнын құрайтын шығындар.
Өндiрiстiк шығындарға – тауарды дайындауға кеткен және олардың өндiрiстiк өзiндiк құнын құрайтын шығындар.
Өндiрiстiк емес (коммерциялық) – тұтынушыларға өнiмдi сатумен (өткiзумен) байланысты. Өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындар тауарлық өнiмнiң толық өзiндiк құнын құрайды.
Өндiргiш шығындары - өндiрiстiң ұйымдастырылуының және өндiрiс өнiмнiң құруына кеткен рационалды технологиялардың сапалылығы.
Өндiргiш емес шығындар - өндiрiстi ұйымдастыру жетiспеушiлiк және технологияның жеткiлiктi дамымағандығынан (өнiмнiң ақаулары, жұмысшыларға қосымша еңбек ақы төлеуден, өндiрiстiң тоқтап қалуынан) және т.б. Өндiрiстiк шығындар жоспарланады, сондақтан да олар жоспарлы деп аталады. Өндiрiстiк емес шығындар сiздер бiлетiндей жоспарланбайды.