Кәсіптік практиканың жиынтық мәліметтері 1 страница.
ӨО 00 | Өндірістік оқытуы | |
ӨО 01 | Оқыту - өндірістік шеберханалардағы практика | |
ӨО 02 | Кәсіби дағдыны қалыптастыру практикасы | |
КП 00 | Кәсіптік практика | |
КП 01 | Кәсіби дағдыны бекіту және қалыптастыру практикасы | |
КП 02 | Мамандықтың бейінді практикасы | |
КП 03 | Біліктілік практикасы | |
Барлығы | ||
Е | Емтихандар: | |
АА | аралық аттестаттау | |
ҚА | қорытынды аттестаттау | |
КДДБ | кәсіби дайындығының деңгейін бағалау және біліктілікті иемдену ***** | |
Міндеттік оқытуға қорытынды сағаттар | ||
К 00 | Оқу жылы бойынша оқу тобына берілетін 100 сағаттан артық емес консультациялар | |
Ф 00 | Аптасына 4 сағаттан артық емес факультативтік сабақтар | |
Барлығы | ||
Қорытынды |
Ескерту: ЖБП – Жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – Жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП - Әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – Жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – жұмыс берушілердің талаптары бойынша білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультация; Ф – факультативтік сабақтар.
*Семестр бойынша бөлу оқыту формасына, мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқаларға байланысты өзгертіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 268 бұйрығына 38-қосымша
0705000 – «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары белгіленген деңгей
Оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай
Индекс | Пәндер мен кәсіби модульдердің оқу циклдері | Пәндер мен кәсіби модульдер бөлімдерінің атауы | Қалыптастыру құзыретінің коды |
ЖБП 00 | Жалпы білім пәндері | БҚ 1.1 | |
ЖГП 00 | Жалпы гуманитарлық пәндер | ||
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - іскерлік қазақ тілі негізін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); оқылатын мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу істеуі керек | Кәсіби қазақ тілі (оқудың қазақ тілінде жүрмейтін топтарында): қазақ тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. | БҚ 1.8 |
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - іскерлік орыс тілінің негіздерін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); оқылатын мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу істеуі керек | Кәсіби орыс тілі (оқудың орыс тілінде жүрмейтін топтарында): орыс тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту | БҚ 1.8 |
ЖГП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен) істеуі керек | Кәсіби шетел тілі: кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал; тіл қызметінің және әр түрлі түрлерін және тіл формалары (ауызша, жазбаша, монолог пен диалог түрінде); кәсіби-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. | БҚ 1.8 |
ЖГП 0.3 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі керек: - тарихи деректердің алу көздерін; - ерте заманнан осы күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолын. істеуі керек: - тарихи оқиғаның мазмұның жеткізуді; - картамен жұмысты; - тарихи ақпаратты талдауды; - тарихи мәселелерде пікір-таласқа қатыса алуды. | Қазақстан тарихы Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының негізгі деректері мен үдірістері; Қазақстанның ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының жүйелілігі; Қазақстанның негізгі кезеңдерінің хронологиялық кестесі; Қазақстан тарихының кезеңдері. | БҚ 2.2 |
ЖГП 0.3/0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін; дене тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылу формаларын; дұрыс тамақтану принциптерін білуі керек; әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларын орындау және спорттың жеке түрлері бойынша нормативтерді тапсыру істеуі керек | Дене тәрбиесі: маманды дайындаудағы дене шынықтырудың ролі; дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері. | БҚ 1.9 |
ӘЭП 00 | Әлеуметтік-экономикалық пәндер | ||
ӘЭП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы ұғымдарды: - конфуциандылықты, даосизмді, ежелгі Қытай өнерін; - Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның басты жетістіктерін; - ислам пайда болуын, оның ерекшеліктерін, басты догмаларын; - христиан білімінің негізгі принциптерін және оның құнды бағыттарын; - Ашель мәдениетінің ерекшеліктері - әдебиетінің дамуы, пәлсапасы; - көшпенділердің өмірі және құндылық жүйесі туралы; - орта ғасырдағы қазақ этнасының мәдени негізі туралы; - Қазақстанның орта ғасырдағы мәдениетіне түрк және араб мәдениетінің ықпалы туралы; - білім, ғылым және мәдениеттің дамуының басты кезеңдері және материалдық негізін білуі керек; - ежелгі Азия мәдениетінің ерекшеліктерін аша білу; - мәдениеттану ұғымдарын еркін қолдану; - көшпенділердің материалды және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін, оның қоғамдық мәдениеттегі орнын көрсете білу істеуі керек | Мәдениеттану: мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі туралы; мәдениеттің құрылуы; мәдениет және өркениет; Конфуций және Дао мәдениетінің түрі; мәдениеттің Үнді-буддалық түрі; Ислам мәдениетінің әлемі; мәдениеттің христиандық түрі; батыс Европа мәдениеті және оның қазіргі кезеңдегі дүние жүзінің дамуына ықпалы; Африка мәдениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; көшпенділік өркениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті; XVII-XIX ғасырлардағы қазақтардың мәдени дәстүрлері; XX-ғасырдағы Қазақстан мәдениеті; қазіргі замандағы мәдениет. | БҚ 1.2 |
ӘЭП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - әлемнің пәлсапалық діни және ғылыми көрінісі, адам өмірінің мәні туралы; - ғылымның және ғылыми таным ролін, оның құрылымын, түрлері және әдістерін, әлеуметтік және этикалық мәселелері туралы білуі керек; - адамның тәртібіндегі саналы және санасыз мінез-құлығын, санасының мәнін анықтай алу; - адамдар арасындағы қарым-қатынасының өнегелік нормаларын реттей алу істеуі керек | Философия негіздері: пәлсапа пәнінің қызметі мен функциялары; материализм және идеализм - пәлсапаның басты сұрағы; әлемдік пәлсапалық ойдың басты белгілері; адам табиғаты және оның тіршілік ету мәні: адам және Құдай; адам және ғарыш; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі; құндылықтардың акмеологиясы және табиғатты; адами таным және қызметі; ғылым және оның ролі; ғаламдық мәселелер алдындағы адамзат. | БҚ 1.2 |
ӘЭП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - саяси жүйе мен саяси тәртіп туралы ұғымдарды; - биліктің бөліну принциптерін; - саяси партияларды қоғамдық ұйымдардан айыра білуді; - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қарым-қатынас туралы білуі керек; - үкімет маңыздылығын, саясат субъектілерін, саяси қарым-қатынас және процестерді (Қазақстанда және тұтас дүние жүзінде) аша білу; - қоғам мен тұлғаның дамуы және қызмет етуінің заңдылықтарын айыру істеуі керек | Саясаттану және әлеуметтану негіздері; саясаттану пәні, саяси үкімет және билік қарым-қатынастары; мемлекет – саяси жүйенің басты институты; саяси жүйе және саяси тәртіп, саяси партия және қоғамдық ұйымдар; көппартиялық; сыртқы және ішкі саясат; Қазақстандағы билікті ұйымдастыру; әлеуметтану ғылым ретінде: әлеуметтанудағы кластық және стратификациялық көзқарастар; тұлға ролі және оның мінез-құлқы. | БҚ 1.2 |
ӘЭП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - экономикалық теорияның жалпы жағдайын; - еліміздегі және шет елдердегі экономикалық жағдайларды; - макро және микроэкономикалық негіздерді, салық, ақша-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясатты білуі керек; - өз кәсіби қызметінде бағыт алу үшін қажетті экономикалық ақпараттарды табу және пайдалану істеуі керек | Экономика негіздері: мақсаттары, басты ұғымдары, қызметі, мәні, принциптері; меншік формалары мен түрлері, меншікті басқару; жоспарлар түрі, олардың басты сатылары, мазмұны; стратегиялық жоспарлануы; жоспарларды экономикалық негіздеу әдістері және болжауды әзірлеу; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; халық тұтынымы тауарларын және қызметінің нарықтық жағдайларын талдау; нарықтық инфрақұрылым. | БҚ 1.3, 1.4 |
ЖКП 0.0 | Жалпы кәсіптік пәндер | ||
ЖКП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті сызбаларды рәсімдеу ережелерін; көріністердің сызбада орналасуын; сызбадағы проекциялық көріністерін; қималарды және тіліктерді; алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын қосылымдарды білуі керек; жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қарапайым сызбаларды оқу; машиналар мен механизмдерге арналған тетіктерді және қосалқы бөлшектерді дайындау мақсатында эскиздер мен техникалық суреттерді орындау істеуі керек | Сызу: сызбаларды рәсімдеу ережелері; сызбалардағы геометриялық құрылулар; сызбалардағы проекциялық көріністер; бір және үш жазықтыққа тік бұрышты проекциялау, қарапайым геометриялық фигуралардың изометриялық және диаметриялық проекциялары; сызба және бөлшектің изометриялық проекциясы; геометриялық фигуралардың жаймалары; сызбалардағы көріністердің орналасуы; қималар мен тіліктер; тік бұрышты және аксонометриялық осьтердегі түрлерінің, қималар мен тіліктерінің қажетті және жеткілікті сандарын қолдана отырып, бөлшектер сызбасын орындау; машинажасау сызуы; металды конструкциялардың қарапайым сызбасын оқу; алмалы-салмалы қосылымдар; алынбайтын-салынбайтын қосылымдар; құрастыру сызбасы; жұмыс сызбасы; бөлшек эскизі; бөлшектің техникалық суреті, құрастыру сызбасы бойынша бөлшектеу. | БҚ 1.1 |
ЖКП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті машиналар мен механизмдер жіктеуін; бөлшектерді қосу түрлерін; айналу қозғалысының беріліс түрлерін; деформацияның негізгі түрлерін; шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулерін білуі керек; бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді айыра білу; беріліс сандарын анықтау; серпімділік пен кернеуінің ішкі және сыртқы күштерін айыру қолынан келуі керек | Техникалық механика негіздері: механизмдер мен машиналар жіктеуі; механизмдер бөліктері; механизмдер кинематикасы (механизм және машина, кинематикалық жұптар және тізбектер, кинематикалық жұптар типтері); бөлшектер мен жиналмалы бірліктер: жіктелуі, арналуы және оларға қойылатын талаптар; бөлшектерді қосу түрлері (алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын); айналу қозғалысының беріліс механизмдері; айналу қозғалысы берілісінің түрлері (механикалық, белдікті, фрикционды, тісті, тізбекті, бұрамалы): арнауы, сипаты, құрылымы, белгіленуі және кинематикалық схемасы; беріліс саны; абсолюттік қатты дене; деформацияның негізгі түрлері және олардағы кернеулерді бөлу; сыртқы күштер және олардың түрлері; серпімділік пен кернеудің ішкі күштері; істегі, шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулер. | БҚ 1.8 |
ЖКП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті электрлік және магниттік тізбектерін; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектерін; магнитті тізбектерін; электрлік құрылғыларын; электр қуатының өндірілуін, таратылуын және қолданылуын; электржетекті және электравтоматиканы білуі керек; электржабдықтарына қызмет көрсету бойынша жұмысты жүргізуге арналған электр схемаларын оқу; электржабдықтары жұмысын бақылау мақсатында электр өлшеу аспаптарын қолдану істеуі керек | Электртехника электроника неіздерімен электрлік және магнитті тізбектер; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектері; электрлік құрылғылар, электрөлшеу аспаптары; электронды аспаптар мен құрылғылар; трансформаторлар; электрлік машиналар мен аппараттар; электр қуатын өндіру, тарату және қолдану; электр станциялары, желілері және электрқуатымен қамтамасыз ету; электржетек және электроника. | БҚ 1.8, КҚ 1.34, АҚ 1.20 |
ЖКП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті ОС WINDOWS түрлерін; WORD мәтіндік процессорын; EXCEL электронды кестелерін; Corel DRAW векторлық редакторын; вирустардан қорғануын; WinZip архиваторын; ОС DOS; Norton Commander сыртқабықша бағдарламасын; бағдарламалық тілдерін; автоматты реттеу негіздерін; автоматты реттегіштердің жұмыс істеу принципін, функциялық және құрылымдық схемаларын білуі керек; жұмыста және күнделікті өмірде дербес компьютерді қолдану; автоматты жүйелерді қолмен басқару немесе кері келтіруді жүзеге асыру істеуі керек | Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері ақпаратты кодтау; сандық жүйелер; бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыру; екілік арифметика; формалы, математикалық логика; модель түсінігі; модельдер типтері; алгоритм түсінігі; алгоритмдер типтері; бағдарламалау тілі; бағдарлама, оны құрылымдау; автоматты түрде реттеу; реттелетін параметр; реттеу объектісі, оның қасиеттері, схемалары; автоматты реттеуіштер, олардың жіктелуі, арналуы, құрылымы, жұмыс істеу принципі, функциялық және құрылымдық схемалары, реттеу органдары; басқарудың автоматты жүйелерінің қосымша құралдары; автоматты жүйелерді қолмен басқару немесе кері келтіруді жүзеге асыру тәртібі. | БҚ 1.1 |
ЖКП 0.5 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті Жер мен Күн жүйесі құрылымдарын; минералдар мен тау-кен жыныстарының пайда болу процестерін және олардың қасиеттерін; геологиялық барлау жұмыстарының тәсілдерін білуі керек; бос тау-кен жыныстарынан пайдалы қазбаларды айыра білу істеуі керек | Геология негіздері: Жер және ғарыш. Экзогенді және эндогенді геологиялық процестер; минералогия, петрография және кристаллография; минералдардың негізгі қасиеттері; пайдалы қазбалардың кен орындары; кен орындарының генезисі, іздеу және барлау әдістері; геологиялық барлау жұмыстары; гидрогеология. | БҚ 1.8, КҚ 1.4, 1.45, АҚ 1.9 |
ЖКП 0.6 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті жер асты тау-кен қазбаларында өзін өзі ұстау ережелерін; өзін қорғау және өрт сөндіру құралдарын; адам шығатын қосалқы қазбаларын; алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын; тау-кен қазбаларындағы газ режимін білуі керек; еңбекті қорғау ережелерін ұстану; өзін қорғау және өрт сөндіру құралдарын қолдану; қауіпті және зиянды факторларды айыра білу істеуі керек | Еңбекті қорғау: тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары; өнеркәсіп санитариясы; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар; өрт профилактикасының және тау-кен құтқару ісінің негіздері. | КҚ 1.5, 1.42, 1.43, АҚ 1.4, 1.7, 1.10, 1.13, 1.16 |
АП 0.0 | Арнайы пәндер | ||
АП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті негізгі және қосалқы жұмыстар технологиясын; тау-кен қазбалар, тазарту және дайындық забойлар, қосымша жұмыстар түрлерін білуі керек; қосымша жұмыстарды орындау істеуі керек | Кен ісі: Кен өндірісінің негізгі технологиялық процестері; тік, еңісті және көлденең кен қазбалары; тазарту және дайындық забойлары; қосалқы жұмыстар түрлері, жерасты тау-кен жұмысшысы орындайтын жұмыстар. | БҚ 1.5, 1.6, КҚ 1.3, 1.7, 1.14, 1.22, 1.34, 1.39, 1.42 |
АП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті уатқыш балғалар, бұрғылау құралдары мен бұрғылау машиналарының белгіленуін, құрылымын; қауіпсіз қолдану ережелерін; жерасты тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтар құрылымын және олардың белгіленуін білуі керек; қосалқы жабдықтарды дұрыс және қауіпсіз қолдану; қосалқы жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру істеуі керек | Кен машиналары мен кешендері: гидро - және пневможетектер негіздері; уатқыш балғалар мен бұрғылау машиналары; қазу, тиеу және тасымалдау машиналары, кешендері; жерасты тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтар, құрылымы, белгіленуі және қолдану саласы; жерасты тау-кен жұмысшысы қызмет көрсететін машиналар мен механизмдерді пайдалану және олардың құрылымы. | КҚ 1.12, 1.13, 1.18, 1.37, АҚ 1.2, 1.3, 1.8, 1.24, |
АП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті кеніштік көлік түрлерін; шахтаның рельсті жолдарының құрылысын; шектеулі рельсті тасылым жолдарының және конвейерлік көліктің, жер бетінің технологиялық кешенінің құрылымын білуі керек; конвейерлік көлікті пайдалану және оған қызмет көрсету, рельсті жолдарды жөндеу, шектеулі тасылымның плиталары, төңкеру механизмдері бойынша жұмыстарды орындау істеуі керек | Кеніштік көлік: көлік машиналары теориясының негіздері; кеніштік көлік түрлері; шахталық рельсті жол; шектеулі тасылым; дірілді, тақташа, қырғыш, тасымалы және арнайы конвейерлер; шахталық вагонеткалар, локомотивті тасылым; жер бетінің технологиялық кешені; шахта көлігінің жұмысын ұйымдастыру; гидро- және пневмокөлік; ысырмалы көлік. | КҚ 1.2, 1.3, 1.17, 1.20, 1.22, 1.23, 1.25, 1.27, 1.37, 1.38, АҚ 1.4, 1.11, 1.14, |
1.2 0705000 – «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білімнің жоғарыланған деңгей біліктілігіне арналған білім беру оқу бағдарламасының құрылымы
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай/1 жыл 10 ай
Индекс | Пәндер мен кәсіби модульдердің оқу циклдері | Пәндер мен кәсіби модульдер бөлімдерінің атауы | Қалыптастыру құзыретінің коды |
ЖБП 00 | Жалпы білім беру пәндері | БҚ 2.1 | |
ЖГП 00 | Жалпы гуманитарлық пәндер | ||
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесіндебілім алушы: - іскерлік қазақ тілі негізін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); оқылатын мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу істеуі керек | Кәсіби қазақ тілі (оқудың қазақ тілінде жүрмейтін топтарында): қазақ тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. | БҚ 2.1 |
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - іскерлік орыс тілінің негіздерін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); оқылатын мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу істеуі керек | Кәсіби орыс тілі (оқудың орыс тілінде жүрмейтін топтарында): орыс тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту | БҚ 2.1 |
ЖГП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы білуі керек: - кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды; қолынан келуі керек: кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); | Кәсіби шетел тілі: кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал; тіл қызметінің және әр түрлі түрлерін және тіл формалары (ауызша, жазбаша, монолог пен диалог түрінде); кәсіби-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. | БҚ 2.1 |
ЖГП 0.3 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі керек: - тарихи деректердің алу көздерін; - ерте заманнан осы күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолын. істеуі керек: - тарихи оқиғаның мазмұның жеткізуді; - картамен жұмысты; - тарихи ақпаратты талдауды; - тарихи мәселерде пікір-таласқа қатыса алуды. | Қазақстан тарихы Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының негізгі деректері мен үдірістері; Қазақстанның ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының жүйелілігі; Қазақстанның негізгі кезеңдерінің хронологиялық кестесі; Қазақстан тарихының кезеңдері. | БҚ 2.2 |
ЖГП 0.3/0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін; дене тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылу формаларын; дұрыс тамақтану принциптерін білуі керек; әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларын орындау және спорттың жеке түрлері бойынша нормативтерді тапсыру істеуі керек | Дене тәрбиесі: маманды дайындаудағы дене шынықтырудың ролі; дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері. | БҚ 2.7 |
ӘЭП 0.0 | Әлеуметтік-экономикалық пәндер | ||
ӘЭП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы ұғымдарды: - конфуциандылықты, даосизмді, ежелгі Қытай өнерін; - Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның басты жетістіктерін; - ислам пайда болуын, оның ерекшеліктерін, басты догмаларын; - христиан білімінің негізгі принциптерін және оның құнды бағыттарын; - Ашель мәдениетінің ерекшеліктері - әдебиетінің дамуы, пәлсапасы; - көшпенділердің өмірі және құндылық жүйесі туралы; - орта ғасырдағы қазақ этнасының мәдени негізі туралы; - Қазақстанның орта ғасырдағы мәдениетіне түрк және араб мәдениетінің ықпалы туралы; - білім, ғылым және мәдениеттің дамуының басты кезеңдері және материалдық негізін білуі керек; - ежелгі Азия мәдениетінің ерекшеліктерін аша білу; - мәдениеттану ұғымдарын еркін қолдану; - көшпенділердің материалды және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін, оның қоғамдық мәдениеттегі орнын көрсете білу істеуі керек | Мәдениеттану: мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі туралы; мәдениеттің құрылуы; мәдениет және өркениет; Конфуций және Дао мәдениетінің түрі; мәдениеттің Үнді-буддалық түрі; Ислам мәдениетінің әлемі; мәдениеттің христиандық түрі; батыс Европа мәдениеті және оның қазіргі кезеңдегі дүние жүзінің дамуына ықпалы; Африка мәдениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; көшпенділік өркениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті; XVII-XIX ғасырлардағы қазақтардың мәдени дәстүрлері; XX-ғасырдағы Қазақстан мәдениеті; қазіргі замандағы мәдениет. | БҚ 2.2, 2.4 |
ӘЭП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - әлемнің пәлсапалық діни және ғылыми көрінісі, адам өмірінің мәні туралы; - ғылымның және ғылыми таным ролін, оның құрылымын, түрлері және әдістерін, әлеуметтік және этикалық мәселелері туралы білуі керек; - адамның тәртібіндегі саналы және санасыз мінез-құлығын, санасының мәнін анықтай алу; - адамдар арасындағы қарым-қатынасының өнегелік нормаларын реттей алу істеуі керек | Философия негіздері: пәлсапа пәнінің қызметі мен функциялары; материализм және идеализм - пәлсапаның басты сұрағы; әлемдік пәлсапалық ойдың басты белгілері; адам табиғатты және оның тіршілік ету мәні: адам және Құдай; адам және ғарыш; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі; құндылықтардың акмеологиясы және табиғатты; адами таным және қызметі; ғылым және оның ролі; ғаламдық мәселелер алдындағы адамзат. | БҚ 2.2, 2.4 |
ӘЭП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - саяси жүйе мен саяси тәртіп туралы ұғымдарды; - биліктің бөліну принциптерін; - саяси партияларды қоғамдық ұйымдардан айыра білуді; - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қарым-қатынас туралы білуі керек; - үкімет маңыздылығын, саясат субъектілерін, саяси қарым-қатынас және процестерді (Қазақстанда және тұтас дүние жүзінде) аша білу; - қоғам мен тұлғаның дамуы және қызмет етуінің заңдылықтарын айыру істеуі керек | Саясаттану және әлеуметтану негіздері; саясаттану пәні, саяси үкімет және билік қарым-қатынастары; мемлекет – саяси жүйенің басты институты; саяси жүйе және саяси тәртіп, саяси партия және қоғамдық ұйымдар; көппартиялық; сыртқы және ішкі саясат; Қазақстандағы билікті ұйымдастыру; әлеуметтану ғылым ретінде: әлеуметтанудағы кластық және стратификациялық көзқарастар; тұлға ролі және оның мінез-құлқы. | БҚ 2.2, 2.4 |
ӘЭП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - экономикалық теорияның жалпы жағдайын; - еліміздегі және шет елдердегі экономикалық жағдайларды; - макро және микроэкономикалық негіздерді, салық, ақша-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясатты білуі керек; - өз кәсіби қызметінде бағыт алу үшін қажетті экономикалық ақпараттарды табу және пайдалану істеуі керек | Экономика негіздері: мақсаттары, басты ұғымдары, қызметі, мәні, принциптері; меншік формалары мен түрлері, меншікті басқару; жоспарлар түрі, олардың басты сатылары, мазмұны; стратегиялық жоспарлануы; жоспарларды экономикалық негіздеу әдістері және болжауды әзірлеу; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; халық тұтынымы тауарларын және қызметінің нарықтық жағдайларын талдау; нарықтық инфрақұрылым. | БҚ 2.3, 2.4, 2.6 |
ӘЭП 0.5 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - азаматтың құқығын және міндеттерін, оларды іске асыру механизмдерін; - Конституция мәні, биліктің бөліну принциптерін, парламент және үкімет қызметін; - құқықтың субъектілері мен объектілерін; - құқық бұзу және қылмыс туралы білуі керек; - өз кәсіби қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана білу істеуі керек | Құқық негіздері: құқық – ұғым, жүйе, көздері; құқықтың ежелгі, орта ғасырдағы, Жаңа замандағы дамуы; құқықтың Қазақстандағы даму тарихы; ҚР Конституциясы – мемлекеттің басты заңы, құқықтық жүйенің өзегі; адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы – халықаралық саяси құжат; құқықтық мемлекет – заң үстемділігі және азаматтық қоғам; құқықтың басты салалары; ҚР сот жүйесі; құқық қорғау органдары. | БҚ 2.2 |
ЖКП 00 | Жалпы кәсіптік пәндер | ||
ЖКП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті сызбаларды рәсімдеу ережелерін; көріністердің сызбада орналасуын; сызбадағы проекциялық көріністерін; қималарды және тіліктерді; алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын қосылымдарды білуі керек; электрмеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қарапайым сызбаларды оқу; машиналар мен механизмдерге арналған тетіктерді және қосалқы бөлшектерді дайындау мақсатында эскиздер мен техникалық суреттерді орындау істеуі керек | Сызу: сызбаларды рәсімдеу ережелері; сызбалардағы геометриялық құрылулар; сызбалардағы проекциялық көріністер; сызба және бөлшектің изометриялық проекциясы; геометриялық фигуралардың жаймалары; сызбалардағы көріністердің орналасуы; қималар мен тіліктер; тік бұрышты және аксонометриялық осьтердегі түрлерінің, қималар мен тіліктерінің қажетті және жеткілікті сандарын қолдана отырып, бөлшектер сызбасын орындау; машинажасау сызуы; машинажасаудың қарапайым сызбасын оқу; алмалы-салмалы қосылымдар; алынбайтын-салынбайтын қосылымдар; құрастыру сызбасы; жұмыс сызбасы; бөлшектер эскизі; бөлшектің техникалық суреті, құрастыру сызбасы бойынша бөлшектеу. | БҚ 2.1 |
ЖКП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті машиналар мен механизмдер жіктеуін; бөлшектерді байланыстыру түрлерін; айналу қозғалысының беріліс түрлерін; деформацияның негізгі түрлерін; шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулерін білуі керек; бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді айыра білу; беріліс сандарын анықтау; серпімділік пен кернеуінің ішкі және сыртқы күштерін айыра білу істеуі керек | Техникалық механика негіздері: механизмдер мен машиналар жіктеуі; механизмдер бөліктері; механизмдер кинематикасы (механизм және машина, кинематикалық жұптар және тізбектер, кинематикалық жұптар типтері); бөлшектер мен жиналмалы бірліктер: жіктелуі, арналуы және оларға қойылатын талаптар; бөлшектерді қосу түрлері (алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын); айналу қозғалысының беріліс механизмдері; айналу қозғалысы берілісінің түрлері (механикалық, белдікті, фрикционды, тісті, тізбекті, бұрамалы): арналуы, сипаты, құрылымы, белгіленуі және кинематикалық схемасы; беріліс саны; абсолюттік қатты дене; деформацияның негізгі түрлері және олардағы күштерді бөлу; сыртқы күштер және олардың түрлері; серпімділік пен кернеудің ішкі күштері; істегі, шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулер. | БҚ 2.1, 2.4 |
ЖКП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті электрлік және магнитті тізбектерін; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектерін; электрлік құрылғыларын; электр қуатының өндірілуін, таралуын және қолданылуын; электржетекті және электравтоматиканы білуі керек; электржабдықтары мен автоматика құралдарын жөндеуге арналған электрсхемаларын оқу; электржабдықтары және автоматика құралдарына қызмет көрсету мен жөндеу барысында электрөлшеу аспаптарын қолдану істеуі керек | Электртехника электроника негіздерімен электрлік және магнитті тізбектер; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектері; электрлік құрылғылар, электр өлшеу аспаптары; электронды аспап-тар мен құрылғылар; трансформаторлар; электрлік машиналар мен аппараттар; электр қуатын өндіру, тарату және қолдану; электр станциялары, желілері және электр қуатымен қамтамасыз ету; электр жетек және электроника. | БҚ 2.1, 2.4, КҚ 2.86, АҚ 2.56 |
ЖКП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті ОС WINDOWS түрлерін; WORD мәтіндік процессорын; EXCEL электронды кестелерін; Corel DRAW векторлық редакторын; вирустардан қорғануын; WinZip архиваторын; ОС DOS; Norton Commander арнайы бағдарламасын; бағдарламалық тілдерін; автоматты реттеу негіздерін; автоматты реттегіштердің жұмыс істеу принципін, функциялық және құрылымдық схемаларын білуі керек; жұмыста және күнделікті өмірде арнайы компьютерді қолдану; автоматты жүйелерді қолды басқаруға немесе кері келтіруді жүзеге асыру істеуі керек | Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері ақпаратты кодтау; сандық жүйелер; бір жүйеден екінші жүйеге ауысу; екілік арифметика; формалы, математикалық логика; модель түсінігі; модельдер типтері; алгоритм түсінігі; алгоритмдер типтері; бағдарлама тілі; бағдарлама, оның құрылымға бөлінуі; автоматты реттеу; реттелетін параметр; реттеу объектісі, оның қасиеттері, схемалар; автоматты реттеуіштер, олардың жіктелуі, белгіленуі, құрылымы, жұмыс істеу принципі, функциялық және құрылымдық схемалары, келтіру органдары; басқарудың автоматты жүйелерінің қосымша құралдары; автоматты жүйелерді қолды басқаруға немесе кері келтіруді жүзеге асыру тәртібі. | БҚ 2.1, 2.4 |
ЖКП 0.5 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті Жер мен Күн жүйесі құрылымдарын; тау-кен жыныстары мен минералдардың пайда болу процесстерін және олардың қасиеттерін; геологиялық барлау жұмыстарының тәсілдерін білуі керек; бос тау-кен жыныстарынан пайдалы қазбаларды айыра білу істеуі керек | Геология негіздері: Жер және ғарыш. Экзогенді және эндогенді геологиялық процестер; минералогия, петрография және кристаллография; минералдардың басты қасиеттері; пайдалы қазбалардың кен орындары; кен орындарының генезисі, іздеу және барлау әдістері; геологиялық барлау жұмыстары, гидрогеология. | КҚ 2.10, АҚ 2.16 |
ЖКП 0.6 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті координаттар жүйесін; бұрыштарды, арақашықтықтар мен артықтықтарды өлшеу тәртібін; геодезиялық және маркшейдерлік аспаптарды; маркшейдерлік түсірілімдер түрлерін білуі керек; маркшейдерлік схемалар мен тау-кен жұмыстарының пландарын оқу; жұмыстарды дұрыс және қауіпсіз жүргізуді бақылаудың маркшейдерлік құралдарын қолдану істеуі керек | Геодезия және маркшейдер ісі негіздері: геодезия: координаттар жүйесі; бұрыштарды, арақашықтықтары мен артықтықтарды өлшеу; геодезиялық аспаптар; геодезиялық тармақтар; топографиялық түсірілімдер; маркшейдерлік іс: жерасты теодолитті түсірілім; қималы және тазарту қазбаларындағы түсірілім жұмыстары; тік түсірілімдер; маркшейдерлік құжаттама; тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізудің маркшейдерлік бақылауы. | КҚ 2.1, АҚ 2.35 |
ЖКП 0.7 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті жерасты тау-кен қазбаларында өзін өзі ұстау ережелерін; шығатын қосалқы жерлерін; тау-кен қазбаларындағы газдың режимін білуі керек; еңбекті қорғау ережелерін ұстану; өзін өзі құтқару және өрт сөндіру құралдарын қолдану; қауіпті және зиянды факторларды айыра білу істеуі керек | Еңбекті қорғау: тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары; өнеркәсіп санитариясы; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар; өрт профилактикасы және тау-кен құтқару ісінің негіздері. | КҚ 2.19, 2.90, АҚ 2.4, 2.10, 2.14, 2.19, 2.23, 2.49, |
АП 0.0 | Арнайы пәндер | ||
АП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті кен өндірісінің негізгі технологиялық процестерін; тазарту забойының төбесін бекіту және басқару, дайындық қазбасын жүргізу және бекіту құжаттарының мазмұны мен толтыру тәртібін; шахтаның, тазарту және дайындық забойларын желдету схемалары мен тәсілдерін; өрт сөндіру және өзін-өзі құтқару құралдарының орналасуын білуі керек; тазарту забойының төбесін бекіту және басқару, дайындық қазбасын жүргізу және бекіту құжаттарының талаптарын ұстану; жұмыс орнындағы шаң-газ режимінің күйін бақылау істеуі керек | Кен ісі: кен өндірісінің негізгі технологиялық процестері;тік, еңісті және көлденең кен қазбалары; тазарту және дайындық забойлары; тазарту және дайындау жұмыстарын жүргізу технологиясы; тазарту забойының төбесін бекіту және басқару құжаты; дайындық қазбасын жүргізу және бекіту құжаты; шахтаның, тазарту және дайындық забойларының желдетуі; шахтаның, тазарту және дайындық забойларының шаң-газ режимі; шахтаның және оның объекілерінің апатты жоюға дайындығы. | КҚ 2.9, 2.12, 2.19, 2.34, 2.37, 2.59, АҚ 2.1, 2.8, 2.39 |
АП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті жарылғыш заттары және қоздыру құралдарын; жарылғыш материалдарын есепке алу, сақтау, тасымалдау және жою ережелерін; бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу құжатын; жару жұмыстарын ұйымдастырылуы мен жүргізу ережелерін; жару жұмыстарын жүргізу барысындағы күзетшілер міндетін; жару жұмыстарының барысындағы белгі беруін білуі керек; жарылғыш материалдарды жеткізу және күзету мен теспелерді бұрғылау жұмыстарын орындау; оқтауға арналған материалдарды (тығындама, гидроампулалар және т.б.) дайындау; бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау істеуі керек | Жарылыс жұмыстарының технологиясы мен қауіпсіздігі: жарылыс теориясы мен өнеркәсіптік жарылғыш заттар қасиеттерінің негіздері; зарядтарды жару құралдары мен тәсілдері; жарылғыш материалдарын сақтау, тасымалдау және жою; жару жұмыстарының әдістері; кен қазбаларындағы жару жұмыстарының ерекшеліктері; жарылғыш заттардың зарядтарын біртіндеп немесе топтап жару барысындағы кен жыныстарын қирату процесі; бұрғылау-жару жұмыстарын ұйымдастыру; жару жұмыстарын механикаландыру; жарушының жұмысын ұйымдастыру. | КҚ 2.87, 2.88, 2.89, 2.90, 2.91, 2.93, 2.94, АҚ 2.58 2.59, 2.61, 2.62, 2.63, 2.64 |
АП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті уатқыш балғалардың, бұрғылау құрал-саймандары мен бұрғылау машиналарының құрылымын, арналуын; тазарту және үңгілеу комбайндарының, механикаландырылған кешендерінің жұмыс істеу принципін, қолданылу аумағын; кен машиналары мен механизмдерінің қауіпсіз қолдану ережелерін; жер асты тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтардың арналуы мен құрылымын білуі керек; кен техникасын дұрыс және қауіпсіз қолдану; кен машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу қолынан келуі керек. | Кен машиналары мен кешендері: гидро- және пневмажетектер негіздері; шой балғалар мен бұрғылау машиналары; дайындық және тазарту жұмыстарына арналған жабдықтар мен кешендер, құрылымы мен техникалық сипаты; бұрғылау станоктары, жұмыс істеу принципі мен қолданылу саласы; қазу, тиеу және тасымалдау машиналары, кешендер; жер асты тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтар, құрылымы, арналуы және қолданылу аумағы; тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын машиналар мен механизмдер ерекшеліктері. | КҚ 2.2, 2.5, 2.23, 2.28, 2.29, 2.30, 2.35, 2.54, 2.60, 2.83, АҚ 2.2, 2.3, 2.5, 2.15, 2.16, 2.17, 2.18, 2.24, 2.27, 2.30, 2.36, 2.41, 2.45, 2.47, 2.53 |
АП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті тау-кен электр жабдықтарының конструкциялық орындалу түрлерін; кен қазбалары бойынша электр ішексымдарын іліп тарту ережелерін; кен қазбаларын жарықтандыру параметрлерін; қорғаныш құрылғыларды тексеру тәсілдерін білуі керек; қорғаныш құрылғылардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру; кен қазбалары бойынша ішексым тізбектерін іліп тарту; электр жабдықтарын қолдану істеуі керек | Кен кәсіпорындарындағы электр жабдықтары мен электр қуатын жеткізу: кен электр жабдықтарының пайдалану мен конструкциялық орындалуы ерекшеліктері; 1140 В дейін және одан жоғары кернеудің басқару және қорғаныш электр аппаратурасы; кен кәсіпорындарының электр қуатымен жабдықталуы; кен кәсіпорындарының электр жүйелері; электр қондырғыларының қорғанышы; кен қазбаларын жарықтандыру; кеніштегі белгі беру мен байланыс; электр тоғына түсуден қорғау. | КҚ 2.86, АҚ 2.1, 2.56 |
АП 0.5 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті гидравликаның негізгі заңдарын; желдеткіштер, сорғылар, компрессорлар, калориферлер, көтергі машиналарының типтерін білуі керек; жылжымайтын кен машинасының бір түрін басқару істеуі керек | Кен механикасы: гидравлика негіздері; турбомашиналар теориясының негіздері; желдеткіш, сутөкпе, пневматикалық және көтергі қондырғылары, олардың түрлері, конструкциялары, жұмыс істеу принципі; олардың өнімділігін реттеу; жабдықтар мен жетектерді таңдау, оларды қолдану | КҚ 2.28, 2.29, 2.50, 2.73, 2.83, 2.84, АҚ 2.15, 2.24, 2.56 |
АП 0.6 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті кенішті көлік түрлерін; конвейерлер типтерін, олардың құрылымын және қолданылу аумағын; таспалы, ысырма және басқа да конвейерлердің монтаждау және бөлшектеу технологиясын; кеніш көлігін қауіпсіз қолдану ережелерін білуі керек; конвейер және конвейерлік тізбектер жұмысын басқару; конвейерлердің барлық түрлерін құрастыру, бөлшектеу, оларға қызмет көрсету және жөндеуді білу; монорельсті және жер жолдардың әр түрін басқара білу, құрастыру және бөлшектеу, оларға қызмет көрсету және жөндеу істеуі керек | Кеніштік көлік: көлік машиналарының теориясының негіздері; кенішті көлік түрлері; шахталық рельсті жол; дірілді, тақташа, ысырма, таспалы және арнайы конвейерлер; шахталық вагонеткалар, локомотивті тасылым; монорельсті аспалы және жермен жеткізу құралдары; жер бетіндегі технологиялық кешен; шахта көлігінің жұмысын ұйымдастыру; ысырма көлігі. | КҚ 2.28, 31, 2.32, 2.39, 2.41, 2.44, 2.47, 2.50, АҚ 2.28, 2.31, 2.37, |
АП 0.7 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті еңбек заңнама, қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы профилактикасы мен кен – құтқару істерінің негіздерін; зақымдану мен кәсіби аурулар жіктелуін; еңбек қорғаудың басқару жүйесін; тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасын; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтарын; қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын тиімді пайдалану бойынша талаптарды білуі керек; қауіпсіздік Ережелерінің талаптарын ұстану; зиянды және улы газдар мөлшерін өлшеу; жазатайым оқиға болған жерді тергеу мақсатында ешкімнің бас сұқпауын қамтамасыз ету; жарақатталған адамға алғашқы көмек көрсету істеуі керек | Қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану: зақымдану және кәсіби аурулар; ауырлық дәрежесі мен зардап шеккендер саны бойынша жазатайым оқиғалар жіктелуі; өндірісте салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын құру; кәсіпорындағы еңбекті қорғау жүйесін басқару; өндірістегі және тұрмыстағы жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібі; тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар; зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді қолдану. | КҚ 2.19, 2.64, 2.90, 2.91, АҚ 2.28, 2.31, 2.55 |
1.3 0705000 – «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білімнің орта буын маманы біліктілігі деңгейіне арналған білім беру оқу бағдарламасының құрылымы