Gl] 7 ТАҚЫРЫП.ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 5 страница

[gl] 9 ТАҚЫРЫП. ӨНІМНІҢ ҚЗІНДІК ҚҰНЫН[:]

Сабақ мақсаты: Өнімнің өзіндік құның талдау міндеттері мен маңызымен таныстыру, өнімнің өзіндік құныныңталдау әдістемесімен таныстыру.

Түйінді сөздер: өнім, өзіндік құнының, калькуляция, шығындар, айқын шығындар, шикізат, материалдар.

Дәріс жоспары(1 сағат)

1. Өнімнің өзіндік құның талдау міндеттері мен маңызы

2. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен құрамы

3. Өнім өндіру мен өткізуге кеткен шығындарды талдау. Өзіндік құнды калькуляция баптары бойынша талдау. Жеке өнім түрлері бойынша өзіндік құнды талдау

1. Өнімнің өзіндік құнын зерделеудің ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі үшін маңызы аса зор. Басқарушылық шешімдерді жасап шығару және жүзеге асыру ұйым қызметінің қандай-да бір саласындағы іс-қимылдарының жағдайы жөніндегі сәйкес ақпаратқа негізделеді. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтарын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттайтын аса маңызды сапалық көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өзіндік құнның деңгейі өнімнің көлемі мен сапасымен, жұмыс уақытының, шикізаттың, материалдардың, жабдықтардың пайдаланылуымен, еңбекке ақы төлеу қорының шығындалуымен және т.с.с. байланысты.

2.Ақпарат көздері: «Кәсіпорынның (ұйымның) өнім (жұмыстар, қызметтер) өндірісі және сатып өткізілуіне кеткен шығындары жөніндегі есеп беру», өнімнің өзіндік құнының жоспарлық және есептік калькуляциялары, негізгі және қосалқы өндірістер бойынша шығындарды синтетикалық және аналитикалық есепке алу деректері және т.с.с.

Кәсіпорындардағы өзіндік құнды жоспарлау және есепке алу шығындар элементтері және шығындардың калькуляциялық баптары бойынша жүргізіледі.

Шығындар элементтері: материалдық шығындар (шикізат пен материалдар, сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдары және жартылай фабрикаттар, отын, электр энергиясы, жылу энергиясы және т.с.с.), еңбекке ақы төлеу шығындары, әлеуметтік қажеттіліктерге төлемдер, негізгі қорлардың амортизациясы және басқа да шығындар (материалды емес активтердің тозуы, жалгерлік төлем, міндетті сақтандыру төлемдері, банк несиелері бойынша пайыздар, өнімнің өзіндік құнына кіргізілетін салықтар, бюджеттен тыс қорларға төлемдер және т.б.).

Элементтер бойынша шығындардың топтастырылуы материал сиымдылығын, энергия сиымдылығын, еңбек сиымдылығын, қор сиымдылығын зерделеу үшін және техникалық прогрестің шығындар құрылымына ықпалын анықтау үшін қажет. Егер жалақының үлесі азайса, ал амортизация үлесі көбейсе, онда бұл кәсіпорынның техникалық деңгейінің жоғарылағаны, еңбек өнімділігінің өсуі туралы білдіреді. Жалақының үлес салмағы азаяды, егер де сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдардың, жартылай фабрикаттардың үлес салмағы көбейетін болса, себебі бұл жағдай кооперация мен мамандандырылу деңгейінің жоғарылағандығын көрсетеді.

Тағайындалуы бойынша, яғни калькуляция баптары бойынша шығындардың топтастырылуы ресурстар қайда, қандай мақсаттарға және қандай мөлшерде шығындалғанын бейнелейді. Ол көп номенклатуралы өндірісте бұйымдардың жеке түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін, шығындардың шоғырлану орталықтарын анықтау және оларды қысқарту резервтерін іздестіру үшін қажет.

3.Калькуляцияның негізгі баптары: шикізат пен материалдар, қайтарыланатын қалдықтар (алып тасталынады), сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, технологиялық мақсаттарға отын мен энергия, өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы, өндірістік жұмысшылардың әлеуметтік және дәрігерлік сақтандыруға төлемдер, машиналар мен жабдықтарды күту мен пайдалануға кететін шығындар, жалпы өндірістік шығындар, жалпы шаруашылық шығындар, ақаудан болатын жоғалтулар, басқа да өндірістік шығындар, коммерциялық шығындар.

Сонымен қатар, тікелей және жанама шығындарды айруға болады. Тікелей шығындар өнімнің белгілі бір түрлерін өндірумен байланысты (шикізат, материалдар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы және т.б.). Олар калькуляцияның қандай-да бір объектіне тікелей жатады. Жанама шығындар өнімнің бірнеше түрлерін өндірумен байланысты және калькуляция объекттеріне сәйкес базаға (жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысына немесе бүкіл тікелей шығындарға, өндірістік алаңға және т.с.с.) пропорционалды түрде үлестірілу арқылы жатқызылады. Жанама шығындардың мысалы ретінде жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындарды, негізгі қорларды күту шығындарын және т.б. келтіруге болады.

Нарықтық экономикада шығындарды айқын және айқын емес (имплициттік) етіп жіктейді. Айқын шығындар – бұл өндіріс факторларының және аралық бұйымдардың жеткізушілеріне тікелей төлемдер нысанын қабылдайтын баламалық (альтернативтік) шығындар. Айқын шығындарға жұмысшылардың, менеджерлердің, қызметкерлердің жалақылары, сауда фирмаларына комиссиялық төлемдер, банктерге, сонымен бірге, қаржылық және материалдық қызметтердің басқа да жеткізушілеріне төлемдер, көлік шығындарын өтеу және көптеген басқа да шығындар. Айқын емес (имплициттік) шығындар – фирма иелері меншіктенетін немесе заңдық тұлға ретіндегі фирма меншігінде болатын ресурстарды пайдаланудың баламалық (альтернативтік) шығындар. Бұндай шығындар айқын шығындарға міндетті болатын келісім-шарттарда ескерілмейді және бухгалтерлік есепте бейнеленбейді, әйтсе де, бұған қарамастан олар өзінің нақтылығын жоғалтпайды. Мысалы, фирма оның иесіне меншіктенген үй-жайды пайдаланады, және осы жағдайда ол ешкімге ештеңені төлемейді. Яғни, имплициттік шығындар бұл ғимаратты кімге болмасын жалға беруден түсетін ақшалай төлемдерін алу мүмкіндіктеріне тең болады.

Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның барлық шығындарын тұрақты және айнымалы қылып бөлуге болады. Тұрақты шығындар (амортизация, үй-жайлардың жалы, мүлікке салынатын салық, жұмысшылар еңбегінің мерзімдік ақысы, әкімшілік-шаруашылық аппаратының жалақысы және сақтандыруы) өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде тұрақты болып қалады, ал айнымалы шығындар болса (өндірістік жұмысшылардың кесімді жалақысы, шикізат, материалдар, технологиялық отын, электр энергиясы) өнім өндірісінің көлеміне пропорционалды өзгереді.

Тұрақты және айнымалы шығындардың кезіндегі шығындар желісі (линиясы) – бұл бірінші дәрежедегі теңдеу:

Y = a + bx,

мұндағы Y – өнім өндірісіне шығындар сомасы;

a – тұрақты шығындардың абсолюттік сомасы;

b – өнім (қызмет) бірлігіне айнымалы шығындардың мөлшерлемесі;

x – өнім өндірісінің көлемі.

Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындарды талда

Өнімнің өзіндік құнының маңызды жалпылама көрсеткіші – тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындары. Бұл көрсеткіш тің тиімді жақтары мынадай: біріншіден, ол өте әмбебап, яғни өндірістің кезкелген саласында есептеліне алады, екіншіден, ол өзіндік құн мен пайда арасындағы байланысты аса көрнекі түрде көрсетеді. Оны санау үшін өнімді өндіруге және сатып өткізуге кеткен шығындардың жалпы сомасын қолданыстағы бағалармен берілген өндірілген тауарлық өнімнің құнына бөледі. Оның деңгейіне объективті және субъективті, сыртқы және ішкі факторлар ықпалын тигізеді.

Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың өзгерісіне бірінші деңгейдегі факторлардың ықпалы тауарлық өнімді шығару жөніндегі деректер бойынша тізбекті қойылым тәсілі арқылы есептелінеді.

Салыстырылатын тауарлық өнімнің өзіндік құнын талдау. Салыстырылатын тауарлық өнімге шығарылымы өткен жылда да іске асырылып келген (егер ол кезде олардың өндірісі тәжірибелік сипатқа ие болмаса және меңгерілу сатысында болмаса), есеп беру жылындағы кәсіпорында өндірілетін барлық бұйымдар жатады. Жаңадан меңгеріліп келе жатқан бұйымдар оның құрамына кірмейді.

Аса маңызды бұйымдардың өзіндік құнын талдау. Өзіндік құнының өзгеріс себептерін тереңірек зерделеу үшін жеке бұйымдар бойынша есеп беру калькуляцияларын талдайды, өнім бірлігі шығындарының нақты деңгейін жоспарлық деңгейімен және өткен жылдардың деректерімен жалпы алғанда және шығындар баптары бойынша салыстырады.

Өнім бірлігінің өзіндік құны деңгейінің өзгерісіне бірінші реттегі факторлардың ықпалын факторлық үлгі арқылы зерделейді.

Бұдан кейін шығындардың әрбір бабы бойынша тауарлық өнімнің өзіндік құнын зерделейді, бұл үшін нақты деректерді жоспарлық деректермен және өткен кезеңдердің деректерімен салыстырады.

Тікелей материалдық шығындарды талдау. Әдеттегідей, өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнындашикізат пен материалдарға шығындардың үлес салмағы ең үлкен. Бұл бап бойынша шығындардың жалпы сомасы өнім өндірісінің көлеміне (VЖӨ), оның құрылымына (ҮСі) және жеке бұйымдарға үлестік шығындардың өзгерісіне (ҮМШі) тәуелді.

Өнімді өндіруге кететін тікелей материалдық шығындар (ТМШ)

Тауарлық өнімді өндіру көлемі

Тауарлық өнімнің құрылымы

Өнім брлігінің шығындар деңгейі

Шикізат пен материалдар бірлігінің орташа құны

Өнім бірлігіне шикізат пен материалдардың шығыны

Жеке бұйымдардың үлестік материалдық шығындары (ҮМШі) өнім бірлігіне шығындалған материалдардың мөлшеріне (ҮШі) және материал бірлігінің орташа бағасына (Бі) тәуелді болады. Берілген факторлардың ықпалын есептеу тізбекті қойылым тәсілі арқылы жүзеге асады.

Өнім өндірісіне кететін материалдар шығындары, миллион теңгемен:

а) жоспар бойынша:

∑(VЖӨжі × ҮШжі × Бжі);

ә) өнім өндірісінің нақты көлеміне қайта есептелінген жоспар бойынша:

∑(VЖӨжі × ҮШжі × Бжі) × Ктө;

б) өнімнің нақты шығарылымына жоспарлық нормалар және жоспарлық бағалар бойынша:

∑(VЖӨні × ҮШжі × Бжі);

в) жоспарлық бағалар бойынша нақты:

∑(VЖӨні × ҮШні × Бжі);

г) нақты:

∑(VЖӨні × ҮШні × Бні).

Жеке бұйымдарды шығаруға материалдық шығындардың сомасы өнім өндірісінің құрылымынан басқа тура сондай факторларға тәуелді болады:

МШі = ∑(VЖӨі × ҮШі × Бі).

Егер бүкіл шығарылымның өзіндік құны емес, тек өнім бірлігінің ғана өзіндік құны талданатын болса, онда материалдық шығындар сомасының өзгерісіне факторлардың ықпалын есептеу келесі үлгі бойынша жүзеге асады:

ҮМШі = (ҮШі × Бі).

Факторлардың ықпалын тізбекті қойылым тәсілімен есептеу:

ҮМШж = (ҮШжі × Бжі),

ҮМШш = (ҮШні × Бжі),

ҮМШн = (ҮШні × Бні),

∆ ҮМШүш = ҮМШш – ҮМШж,

∆ ҮМШб = ҮМШн – ҮМШш.

Материалдардың орташа бағасының деңгейі шикізат нарықтарына, жеткізушінің сату бағасына, материалдық ресурстардың топ ішіндегі құрылымына, көліктік және дайындама шығындарының деңгейіне, шикізат сапасына және т.с.с. тәуелді болады. Материалдық шығындардың жалпы сомасы осылардың әрқайсысы есебінен қалайша өзгергендігін білу үшін і-ші фактордың есебінен материалдардың і-ші түрінің немесе тобының орташа баға өзгерісін пайдаланылған материалдардың сәйкес түрінің нақты санына көбейту қажет:

∆МШхі = ∆Бхі × ҮШні × VЖӨні.

Көптеген кәсіпорындарда жоспардан артық қайтарыланатын қалдықтар болады. Оларды сатуға немесе басқа мақсаттар үшін пайдаланып жіберуге болады. Егер олардың құнын мүмкін болатын пайдалану бағасы арқылы және алғашқы шикізат құны арқылы салғастыратын болсақ, онда өнімнің өзіндік құнына кіргізілген материалдық шығындар қандай сомаға көбейгенін білеміз:

∆ӨҚ = Шн – Р↓Ш + ДШ / VЖӨн + Р↑VЖӨ – Шн / VЖӨн,

мұндағы Шн – шығындардың нақты сомасы.

Жоспардан артық қайтарылмайтын қалдықтардың бар болуы өнімнің тікелей қымбаттауына және оның шығарылымының азаюына әкеледі. Материалдық шығындардың сомасы қаншаға өскенін анықтау үшін қайтарылмайтын қалдықтардың жоспардан артық мөлшерін алғашқы материалдың жоспарлық бағасына көбейту керек. Бұдан кейін осы фактордың есебінен өнім шығарылымы қаншалықты азайғандығын және осының арқасында өнім бірлігінің өзіндік құны қалайша өзгергендігін анықтау керек. Есептеу әдістемесі алдағыға ұқсас келеді.

Бір материалды басқа материалмен алмастыру нәтижесінде өнім бірлігіне тұтынылған материалдардың мөлшері ғана өзгермейді, сонымен қатар, олардың құны да өзгереді. Өнім бірлігінің материалдық шығындары осыған байланысты қалайша өзгергендігін анықтау үшін алмастырылатын материалдың улестік шығыны (ҮШ1) мен алмасатын материалдың үлестік шығыны (ҮШ0) арасындағы айырымды алмасатын материалдың бағасына (Б0) көбейту керек, ал алмастырылатын материал бағасы (Б1) мен алмасатын материал бағасы (Б0) арасындағы айырымды алмастырылатын материалдың үлес салмағына (ҮШ1) көбейту керек және нәтижелерді өзара бір-біріне қосу қажет:

∆ҮМШ = (ҮШ1 – ҮШ0) × Б0;

∆ҮМШ = (Б1 – Б0) × ҮШ0.

Егер кәсіпорында сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар мен жартылай фабрикаттар бар болса, онда кәсіпорын үшін ккоперация қаншалықты тиімді екендігін анықтау керек. Бұл үшін сатып алу бағасы мен кәсіпорында бұйымды даярлаудың өзіндік құнын салыстырады. Егер сатып алу бағасы даярлаудың өзіндік құнынан төмен болса, онда бұйым немесе жартылай фабрикатты сатып алу тиімдірек болғаны. [kgl]

Наши рекомендации