Gl] 7 ТАҚЫРЫП.ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 3 страница
Тн – өнімнің нақты көлемін шығаруға жұмыс уақытының нақты шығындары;
Р↓Т – өндірістік үрдістерді механизациялау және автоматизациялау, еңбектің ұйымдастырылуын жақсарту, жұмыскерлердің біліктілік деңгейін көтеру және т.б. есебінен жұмыс уақытын қысқарту резерві;
Тқос – өнімнің шығарылымын көбейтумен байланысты қосымша еңбек шығындары; олар резервті меңгеру үшін қажетті жұмыстардың қосымша көлемі мен өндірім нормаларын ескере отырып, өнім өндірісін көбейтудің әрбір резерв көзі бойынша анықталады.
Еңбек сиымдылығы – даярланған өнімнің бірлігіне немесе бүкіл көлеміне кеткен жұмыс уақытының шығындары.
Өнім бірлігінің еңбек сиымдылығы (ӨБЕС) өнімнің белгілі бір түрін даярлауға кеткен жұмыс уақыты қорын осы атаудағы бұйымдардың табиғи немесе шартты-табиғи өлшемдегі мөлшеріне бөлу арқылы есептелінеді.
Өнімнің бір теңгесінің еңбек сиымдылығын да есептеуге болады. Бұл үшін бүкіл өнімді өндіруге кеткен жұмыс уақытының жалпы қорын өнім шығарылымының құнына бөлу қажет. Алынған көрсеткіш өнімнің орташа сағаттық өндіріміне кері шама болып келеді.
Өнімнің еңбек сиымдылығын төмендету – еңбек өнімділігін көтерудің ең маңызды бір факторы.
Өнімнің еңбек сиымдылығын талдау әдістемесі.
Талдау барысында еңбек сиымдылығының динамикасын, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуын, оның өзгеру себептерін және еңбек өнімділігі деңгейіне ықпалын зерделейді. Әртүрлі кәсіпорындардағы өнімнің үлестік еңбек сиымдылығын салыстырудың маңызы аса зор. Бұл озат тәжірибені айқындауға және оны талданып жатқан кәсіпорында енгізу үшін шараларды жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Бұйымдардың еңбек сиымдылығын төмендету резервтерін анықтау.
Өнімнің үлестік еңбек сиымдылығының орташа деңгейінің өзгеруі келесі шаралардың нәтижесінде іске асырылды:
а) жоспарға қарағанда бөлек бұйымдардың жеке еңбек сиымдылықтарының төмендеуі есебінен:
∆ӨБЕС = ӨБЕСн – ӨБЕСж;
ә) еңбек сиымдылығы биігірек өнімнің жалпы шығарылымдағы үлес салмағының жоғарылауы есебінен:
∆ӨБЕС = ӨБЕСш – ӨБЕСж.
Өнімнің үлестік еңбек сиымдылығының орташа деңгейінің өзгеруіне құрылымдық фактор ықпалының есептелуін абсолюттік айырымдар тәсілі арқылы жасауға болады:
∆ӨБЕСқұр = [∑ (ҮСні – ҮСжі) × ӨБЕСжі] / 100.
Әйтсе де, еңбек сиымдылығы деңгейіндегі өзгерістер әрдайым біркелкі бағаланбайды. Кейде жаңадан меңгеріліп келе жатқан өнімнің айтарлықтай үлес салмағы кезінде немесе оның сапасының жақсаруы кезінде өсе бастайды. Өнімнің сапасын, беріктілігін және бәсекеге қабілеттілігін көбейту үшін еңбектің және қаражаттардың қосымша шығындары қажет. Дегенмен, сатылымдар көлемін көбейтуден, биігірек бағалардан болатын ұтыс, әдетте, бұйымдардың еңбек сиымдылығын көтеруден болатын ұтылысты жабады. Сондықтан өнімнің еңбек сиымдылығы мен оның сапасы, өзіндік құны, сатылымдар көлемі және пайда арасындағы байланыс әрдайым таулдаушылардың назарында болуы тиіс.
Өнімнің еңбек сиымдылығы бойынша жоспардың орындалуын жанжақты бағалау үшін және еңбек өнімділігінің өсу резервтерін айқындау үшін кесімді-жұмысшылардың өндірім нормаларын орындауларын жеке алғанда және орташа кәсіпорын бойынша талдау керек.
Талдаудың аяғында өнімнің үлестік еңбек сиымдылығын төмендету резервтерін жеке бұйымдар бойынша және бүкіл кәсіпорын бойынша анықтау керек:
Р↓ӨБЕС = ӨБЕСм – ӨБЕСн = Тн – Р↓Т + Тқос / ЖӨн + Р↑ЖӨ – Тн / ЖӨн.
Еңбек өнімділігінің өсімі, біріншіден, өнімнің еңбек сиымдылығының төмендеуі есебінен, нақтырақ айтсақ, ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың (ғылым мен техника жетістіктерін енгізу, өндірістік үрдістерді механизациялау және автоматизациялау, өндірістің және еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру) орындалуы, өндірім нормаларын қайта қарау және т.с.с. есебінен іске асады.
2.Негізгі қорлар – өзгермейтін табиғи нысанында ұзақ кезең бойы қызмет ететін еңбек құралдырының жиынтығы. Олар негізгі өндірістік және негізгі бейөндірістік қорларға бөлінеді. Негізгі өндірістік қорлар (НӨҚ) өнімді өндіруге көп рет қатысады, және, ақырындап, тоза бастағанда, өзінің құнын өнімге амортизациялық төлемдер түрінде жүктейді. Амортизациялық төлемдер өндіріс шығындарының бір элементі ретінде өнімнің өзіндік құнына кіреді. Өндіріс барысында негізгі өндірістік қорлардың әртүрлі топтары қатысады. Оларға материалдық өндіріс саласында орналасатын және материалдық игіліктерді өндіруге тікелей қатысатын, өндірістік үрдісті жүзеге асыруға жағдай жасайтын еңбек құралдары жатады: ғимараттар мен құрылыстар, тасымалдау құрылғылары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық инвентарь және т.б. Негізгі бейөндірістік қорларға (НБҚ) кәсіпорындардың меншігінде болатын, бірақ өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын объекттер жатады.
Негізгі өндірістік қорлардың (НӨҚ) пайдаланылуын талдау.
Кәсіпорынның техникалық даму деңгейін талдау.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістің тиімділігін көтерудің маңызды факторларының бірі – кәсіпорындардың қажетті мөлшерде және ассортиментте негізгі қорлармен қамтамасыз етілуі және олардың толығырақ пайдаланылуы. Талдаушының мәселелері – кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін және оларды пайдаланудың деңгейін жалпылама және дербес көрсеткіштер бойынша анықтау, сонымен қатар, олардың өзгеру себептерін орнату; өнім өндірісінің көлеміне негізгі қорлар пайдаланылуының ықпалын және басқа да көрсеткіштерді есептеу; кәсіпорынның және жабдықтардың өндірістік қуатының пайдаланылу дәрежесін зерделеу; негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін көтерудің резервтерін айқындау.
Талдау үшін деректердің көздері: кәсіпорын жоспары, техникалық даму жоспары, №1 «Кәсіпорын балансы», «Кәсіпорын балансына қосымша» 1-ші бөлім «Негізгі қорлардың құрамы мен қозғалысы», нысан №11 «Негізгі қорлардың қолда бары және қозғалысы жөніндегі есеп беру», «Өндірістік қуат балансы», негізгі қорларды қайта бағалау жөніндегі деректер (нысан №1 – қайта бағалау), негізгі қоларды есепке алудың инвентарлық карточкалары, жобалық-сметалық, техникалық құжаттама және т.б.
Талдау, әдетте, негізгі қорлардың көлемін, олардың динамикасын және құрылымын зерделеуден басталады. Кәсіпорын қорлары өнеркәсіптік-өндірістік және өнеркәсіптік емес, сонымен қатар, өндірістік емес тағайындалған қорлар болып бөлінеді. Кәсіпорынның өндірістік қуатын өнеркәсіптік-өндірістік қорлары анықтайды. Қорлардың активтік (жұмыс машиналары мен жабдықтары) және пассивтік бөлігін, сонымен бірге, олардың функционалдық тағайындалуларына сәйкес жеке топшаларды (өндірістік тағайындалған ғимараттар, қоймалар, жұмыс және күш машиналары, жабыдқтар, өлшеу құралдары мен құрылғылары, көлік құралдары және т.с.с.) айыруға болады. Бұндай бөлшектеу құрылымды оңтайландыру негізінде олардың пайдаланылуының тиімділігін көтеру резервтерін айқындау үшін қажет.
Жұмыс машиналарының, жабыдықтардың, құрал-саймандардың, айлабұйымдардың (приспособления) жағдайын сипаттау үшін техникалық жарамдылық бойынша топтастыруды қолданады: жарамды жабдық; капиталдық жөндеуді талап ететін жабдық; есептен шығару керек жарамсыз жабдық.
Талдаудың келесі сатысы – кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуін зерделеу. Машиналардың, мехнаизмдердің, жабдықтардың, бөлмелердің жеке түрлерімен қамтамасыз етілу – олардың нақты қолда барын өнім шығарылымы бойынша жоспарды орындау үшін қажетті жоспарлық қажеттілікпен салыстыру арқылы орнатылады. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілу деңгейіе сипаттайтын жалпылама көрсеткіштер – бұл еңбектің қормен қарулануы және еңбектің техникалық қарулануы. Еңбектің қормен қарулынуының жалпы көрсеткіші өнеркәсіптік-өндірістік қорларының орташа жылдық құнын ең үлкен ауысымдағы жұмысшылардың орташа тізімдік санына (бұнда басқа ауысымда істейтін жұмысшылар еңбектің дәл сол құралдарын пайдаланады деп есептеледі) бөлу арқылы есептелінеді. Еңбектің техникалық қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың құнын ең үлкен ауысымдағы жұмысшылардың орташа тізімдік санына бөлу арқылы анықталады. Оның өсу қарқындары еңбек өнімділігінің өсу қарқындарымен салғастырылады.
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау.
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін жалпылама сипаттау үшін қор қайтарылымы (тауарлық өнім құнының негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құнына қатынасы), қор сиымдылығы (қор қайтарылымына кері шама), пайдалылық (рентабельділік) (пайданың негізгі қоралрдың орташа жылдық құнына қатынасы), өнім өсімінің бір теңгесіне шаққандағы үлестік капиталдық салымдардың көрсеткіштері қолданылады. Сонымен қатар, негізгі қорлардың салыстырмалы үнемделуі есептелінеді:
±Үнөқ = НӨҚ1 – НӨҚ0 × Iжө,
мұндағы НӨҚ0, НӨҚ1 – сәйкесінше базистік және есеп беру жылдарындағы негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны;
Iжө – өнім өндірісі көлемінің индексі.
Қор қайтарылымы көрсеткіштерін есептеген кезде бастапқы деректерді салғастырылымды түрге келтіреді. Өнім көлемін көтерме бағаларының өзгерісіне және құрылымдық ығысуларға, ал негізгі қорлардың құнын – олардың қайта бағалануына түзету қажет.
Негізгі өндірістік қорларының қор қайтарылымына ықпал ететін бірінші деңгейдегі факторлар – бұл: қорлардың жалпы сомасында олардың активтік бөлігінің өзгерісі; қорлардың активтік бөлігінің қор қайтарылымының өзгерісі:
ҚҚ = ҮС@ × ҚҚ@,
мұндағы ҚҚ – негізгі өндірістік қорларының қор қайтарылымы;
ҮС@ – қорлардың активтік бөлігінің үлес салмағы;
ҚҚ@ – негізгі өндірістік қорларының активтік бөлігінің қор қайтарылымы.
Негізгі өндірістік қорларының (технологиялық жабдықтың) активтік бөлігінің қор қайтарылымы оның құрылымына, жұмыс істеу уақытына және орташа сағаттық өндірімге тәуелді болады.
Талда үшін келесі факторлық үлгіні пайдалануға болады:
ҚҚ@ = (С × Тбірл × СӨ) / НӨҚ@,
мұндағы С – технологиялық жабдық орташа жылдық саны;
Тбірл – бір жылда жабдық бірлігімен істелген сағаттар саны;
НӨҚ@ – негізгі өндірістік қорларының активтік бөлігінің орташа жылдық құны.
Жабдық қор қайтарылымының факторлық үлгісін кеңейтуге болады, егер жабық бірлігінің жұмыс істеу уақытын істелініп қойған күндер (К), ауысымдылық коэффициенті (Кауыс) және ауысымның орташа ұзақтылығының көбейтіндісі түрінде келтіретін болсақ. Технологиялық жабдықтың орташа жылдық құнын – күндер санының (К) және технологиялық жабдық бірлігінің салғастырылымды бағалармен (Б) берілген орташа құнының көбейтіндісі ретінде келтіруге болады, бұдан кейін соңғы факторлық үлгі келесі түрде болады:
ҚҚ@ = (С × К × Кауыс × Ұ × СӨ) / (С × Б) = (К × Кауыс × Ұ × СӨ) / Б.
Жабдық қор қайтарылымының өсіміне факторлардың ықпалын есептеу үшін тізбекті қойылымдар тәсілі қолданылады.
Үшінші реттегі факторлардың қор қайтарылымы деңгейіне ықпалын есептеу үшін жабдықты алмастыру немесе оның жетілдірілуіне байланысты өнім өндірісінің көлемі қалайша өзгергенін білу керек. Бұл мақсатпен оның алмастырылу уақыты аралығында жаңа және ескі жабдықта өнім шығарылымын салыстыру қажет және алынған нәтижені технологиялық жабдықтың нақты орташа жылдық құнына бөлу керек:
∆ҚҚ@ж = (∑Ті × СӨжі – ∑Ті × СӨеі) / НӨҚ@н,
Мұндағы:
Ті – енгізу сәтінен бастап есеп беру кезеңінің аяғына дейін і-ші жабдықтың жұмыс істеу уақыты;
СӨжі, СӨеі – сәйкесінше і-ші жабдықты алмастырғанға дейін және алмастырғаннан кейін бір машиналық-сағат үшін өнім өндірімі.
Ұқсас тәсілмен өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша ҒТП шараларын енгізу есебінен өнім өндірісі көлемінің және қор қайтарылымының өзгерісі анықталады:
∆ҚҚ@ҒТП = (∑Ті × СӨжі – ∑Ті × СӨеі) / НӨҚ@н.
Әлеуметтік факторлардың (жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату, еңбек пен демалудың жағдайларын жақсарту, денсаулық сақтау шаралары және т.б.) есебінен қор қайтарылымының өзгерісі сальдолық әдіспен анықталады:
∆ҚҚ@әлеум = ∆ҚҚ@сө – ∆ҚҚ@ж – ∆ҚҚ@ҒТП.
НӨҚ-дың қор қайтарылымы деңгейіне үшінші реттегі факторлардың ықпалы і-ші фактордың есебіне жабдықтың қор қайтарылымының өсімін қорлардың активтік бөлігінің нақты үлес салмағына көбейту керек. Өнім өндірісінің көлемі қалайша өзгеретінін білу үшін, әрбір фактордың есеьінен НӨҚ-дың қор қайтарылымының өзгерісін НӨҚ-дың нақты орташа жылдық қалдықтарына көбейту керек.
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін көтерудің бүкіл халық шаруашылығында маңызы зор. Бұл мәселені шешу – қоғамға қажетті өнім өндірісінің көбейтілуін, құрылған өндірістік потенциал қайтарылымының жоғарылауын және халық қажеттіліктерінің толығырақ қанағаттанылуын, елдегі жабдық балансының жақсаруын, өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, өндіріс пайдалылығының (рентабельділігінің), кәсіпорын жиналымдарының өсуін білдіреді. Негізгі қорлардың толығырақ пайдаланылуы өндіріс көлемінің өзгерісі кезінде жаңа өндірістік қуаттарды енгізуге қажеттіліктердің азаюына, яғни кәсіпорын пайдасының жақсырақ пайдаланылуына (пайдадан тұтыну қорына төлемдер үлесінің көбеюіне, жинақтау қорының көп бөлігінің технологиялық үрдістерді механизацияландыру және автоматизацияландыруға бағытталуына) әкеледі.
Кәсіпорын жабдықтарының және өндірістік қуатының пайдаланылуын талдау.
Кәсіпорын өндірістік қуатының және оның жабдықтарының пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер. Олардың есептелу және талдану реті. Факторлардың өнім шығарылымының өзгерісіне ықпалын есептеу.
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігінің жалпылама көрсеткіштері талданғаннан кейін кәсіпорын өндірістік қуаттарының, машиналар мен жабдықтарының жеке түрлерінің пайдаланылу дәрежесі нақтырақ зерделеніледі.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты дегеніміз – өндіріс техникасының, технологиясының және ұйымдастырылуының қол жеткізілген немесе бағдарланған деңгейінде өнімнің максималды мүмкін болатын шығарылымы. Өндірістік қуаттарының пайдаланылу дәрежесі келесідей коэффициенттермен сипатталады:
Жалпы коэффициент = (Өнім өндірісінің нақты немесе жоспарлық көлемі)/(Кәсіпорынның орташа жылдық өндірістік қуаты);
Қарқынды (интенсивті) коэффициент = (Өнімнің орташа тәуліктік шығарылымы)/(Орташа тәуліктік қуат);
Экстенсивті коэффициент = (Жұмыс уақытының нақты немесе жоспарлық қоры)/ (Өндірістік қуатты анықтаған кезде қабылданған жұмыс уақытының есеп қоры).
Бұл көрсеткіштердің динамикасы, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуы және олардың жаңа жабдықтарды өндіріске енгізу және кәсіпорындардың қайта конструкциясы, өндірістің техникалық қайта жабдықталуы, өндірістік қуаттардың қысқаруы секілді өзгеріс себептері зерделінеді. Кәсіпорынның өндірістік аландарының пайдаланылу деңгейі талданады: өндірістік аланның 1 м2-на теңгемен берілген өнім шығарылымы.
Жабдық жұмысын талдау оның санының пайдаланылуын, жұмыс уақытын және қуатын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесіне негізделеді.
Жабдықтар қлда бар және орнатылған (пайдалануға берілген); өнідірісте нақты пайдаланылатын жабдықтар және жөндеу мен жетілдіруде жатқан жабдықтар; резервтік жабдықтар болып бөлінеді. Ең үлкен тиімділікке қол жеткізуге болады, егер шамасы бойынша жабдықтардың алғашқы үш тобы шамамен бірдей болса.
Жабдықтардың өндіріске тартылу дәрежесін сипаттау үшін келесі көрсеткіштерді есептейді:
а) қолда бар жабдықтар паркінің пайдаланылу коэффициенті:
Кқб = (Пайдаланылатын жабдықтардың саны) / (Қолда бар жабдықтардың саны);
ә) орнатылған жабдықтар паркінің пайдаланылу коэффициенті:
Ко = (Пайдаланылатын жабдықтардың саны) / (Орнатылған жабдықтардың саны).
Жабдық бірлігіне шаққандағы жоспарлық орташа жылдық өнім өндіріміне көбейтілген қолда бар және орнатылған жабдықтар саны арасындағы айырым – бұл қолданыстағы жабдықтардың санын көбейту есебінен өнім өнідірісін ұлғайтудың потенциалды резерві.
Жабдықтың экстенсивті жүктелу дәріжесін сипаттау үшін оның жұмыс балансы зерделенеді. Оған келесі элементтер кіреді:
уақыттың календарлық уақыты – жабдық жұмысының максималдық мүмкін болатын уақыты: есеп беру кезеңіндегі календарлық күндер саны 24-ке және орнатылған жабдықтардың санына көбейтіледі;
уақыттың режімдік қоры (орнатылған жабдық бірліктерінің саны есеп беру кезеңіндегі жұмыс күндерінің санына және ауысымдылық коэффициентін ескере отырып, күнсайынғы жұмыс сағаттарының санына көбейтіледі);
уақыттың жоспарлық қоры – жоспар бойынша жабдық жұмысының уақыты; режімдік уақыт қорынан жабдықтың жоспарлық жөндеуде және жетілдіруде болған уақытымен ерекшелінеді;
істелінген уақыттың нақты қоры.
Уақыттың нақты және жоспарлық календарлық қорларын салыстыру жабдықтың пайдалануға енгізілуі бойынша жабдықтардың саны және мерзімдері арқылы жоспардың орындалу дәрежесін анықтауға, календарлық және режімдік уақыт қорларын салыстыру – ауысымдылық коэффициентін жоғарылату есебінен жақсырақ пайдалану мүмкіндіктерінің айқындауға, режімдік және жоспарлық уақыт қорларын салыстыру – жөндеуге кететін уақыт шығындарын қысқарту есебінен уақыт резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жабдық жұмысы уақытының пайдаланылуын сипаттау үшін келесідей коэффициенттер пайдаланылады:
уақыттың календарлық қор коэффициенті: Кк.қ. = Тн / Тк;
уақыттың режімдік қор коэффициенті: Кр.қ. = Тн / Тр;
уақыттың жоспарлық қор коэффициенті: Кж.қ. = Тн / Тж;
календарлық қордағы тоқтап қалулардың үлес салмағы: ҮСтоқт.қал. = Тоқт.қал. / Тк ,
мұндағы:
Тн, Тж, Тр, Тк – жабдық жұмысының сәйкесінше нақты, жоспарлық, режімдік және календарлық уақыт қорлары;
Тоқт.қал. – жабдықтың тоқтап қалулары.
Жабдықтың қарқынды (интенсивті) жүктелуі дегеніміз – орташа алғанда бір машинаға шаққандағы уақыттың бірлігінде (машина-сағатта) өнім шығарылымы. Жабдық жұмысының қарқындылық (интенсивтілік) көрсеткіші – бұл оның жүктелуінің қарқындылық (интенсивтілік) коэффициенті: Кқарқ = СӨн / СӨж, бұндағы Сн, Сж – сәйкесінше нақты және жоспарлық орташа сағаттық өндірім.
Жабдықтың пайдаланылуын кешендік түрде сипаттайтын жалпылама көрсеткіш – бұл интегралды жүктелі коэффициенті. Ол жабдықтың экстенсивті және қарқынды (интенсивті) жүктелу коэффициенттерінің көбейтіндісі болып табылады:
Кинтег = Кж.қ. × Кқарқ.
Талдау барысында бұл көрсеткіштердің динамикасы, жоспардың орындалуы және олардың өзгеру себептері зерделінеді.
Біртекті жабдықтардың топтары бойынша оның саны, пайдаланудың экстенсивтілігі және қарқындылығы (интенсивтілігі) есебінен өнім өнідірісі көлемінің өзгерісі келесі үлгі арқылы есептелінеді:
ЖӨі = Сі × Кі × Кауысым і × Ұі × СӨі,
мұндағы Сі – і-ші жабдықтың саны;
Кі – жабдық бірлігімен істелінген күндер саны;
Кауысым і – жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициенті;
Ұі – ауысымның орташа ұзақтылығы;
СӨі – і-ші жабдықта 1 машина-сағат ішінде өнім өндірімі.