Тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың жағымды факторлары
Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР аумағында кəсіпкерлік қызметтің объектісіне шетелдік инвесторға тиесілі азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, мүліктік, интеллектуалдық құндылықтардың жəне ақпарат нəтижелеріне ерекше құқықтардың ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар объектісі түрінде шетелдік капитал салу.Сыртқы инвестициялаудың негізгі көзі шетелдік тікелей инвестициялар болып табылады. Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы қарыздарды өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу əдісі ретінде қарастырылуы жəне жаңа өндірістерді құруға көмектесуі мүмкін. Шетелдік тікелей инвестициялар – шетел инвесторларының салған капиталының болуымен, отандық кәсіпорыннан артықшылығымен түсіндіріледі. шетелдік тікелей инвестициялар трансұлттық компаниялар, халықаралық институттар, шетелдік банктер есебінен құрылған. Тікелей инвестицияның алғышарты оның мемлекеттік қарызға əсер етпеуінде, ал халықаралық органдардан алынған займдар үкіметтің кепілдігімен алынады. Игерілген шетелдік тікелей инвестициялардың едəуір бөлігі мұнай, газ, түсті металл, энергетика салаларына бөлінеді. Сонымен қатар, Қазақстанда шетелдік инвесторлардың көптеп келуіне əсер ететін жағдайлар бар. Мысалы, бай минералдық шикізат көздері, көптеген табиғи жер ресурстары, яғни түсті жəне қара металлургия, химия жəне мұнай химиясы. Еліміздегі өнеркəсіптік қуаттылық пен халықтың білім деңгейі жеткіліксіз мамандандырылған кадрларды қамтамасыз етті.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының келуінің жаңа перспективолары ашылып жатыр.
Бірінші, ең негізгі шетел капиталын тарту бағыты оның көмегімен Қазақстанның алынбаған ғылыми техникалық потенциялын меңгеру, әсіресе машина жасаудың конверсияланатын кәсіпорындарында.
Екінші, Қазақстанның экспорттық потенциялын кеңейту және диверсификациялау.
Үшінші, импорт алмастырушы өндіріс құру, халық тұтыну тауарларының , азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмектің, машина жасау өнімдерінің, т.б. өндірісін дамыту.
Тортінші, транспортпен байланыс, өңдеуші салалар мен инфроқұрылым сфералары.
Бесінші, бай табиғи қорлары бар, еңбегі мол аймақтарға (бірінші кезекте оңтүстік , батыс және орталық ) шетелдік инвестицияның келуіне ықпал ету.
Қазақстан экономикасының салыстырмалы қаржылылық тұрақтылығы, сыртқы несие ресурстарын тартуға қатаңырақ қарау жағдайында (үкіметтік несиелер мен кепілдерге шектеуді енгізу) сыртқы қаржыландыру көзінің ерекше ролін шетел тікелей инвестициясы алып отыр.
Шетел тікелей инвестициялары халықаралық инвестициялық қызметтің категориясы ретінде инвестордың басқа экономика резиденті болып табылатын кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ұзақ мерзімді қызығушылық алуымен сипатталады.
Қазақстандағы шетел инвестициялық қызметiн басқарудың мемлекеттiк механизмдерiн жетiлдiру келесi бағыттармен жүру керек.
1) Инвестициялар бойынша комитеттiң қаржымен қамтаммасыз етiлу проблемасын шешу. Тiкелей инвестицияларды 1999-2000 жылдары татру бағдарламасында Ирландиядағы 1950 жылы берi жұмыс iстейтiн ұқсас инвестицияны қолдау бойынша агенттiктiң өз қызметi үшiн, $26 млн көлемдегi жылдық бюджетi бар екенi көрсетiледi. Орталық және Шығыс Европа елдерi арасындағы реформа қарқыны бойынша 3 алдыңғы қатарлы мемлекеттер (Венгрия, Польша ж/е Чехия) өз инвестицияларын қолдау бойынша агенттiктерiн қаржыландыруға үлкен мағына бередi. Осылайша, эксперттердiң бағалауы бойынша, ITD Hungary жылдық бюджетi $5 млн, PAIZ Poland жылдық бюджетi-$4,7 млн, GreenInvest-$2млн.
Қазақстанның инвестициялар бойынша комитетiне республикаға шетел инвестицияларын тарту кезiнде консалтинг қызметтердi кең көлемде көрсету қажет. Өкiнiшке орай, бұл сала Қазақстанда толығымен шетел консалгтингтiк компанияларына берiлген. Атап айтсақ, заңды кеңес беру де шетел фирмаларының қолында-«Бейкер и Мак-Кензер», “Уаит и Кейс” және т.б, аудит және бухгалтерлiк консультация –«Прайс уотерхаус», «Артур Адндерсон» және т.б.
2) Инвестициялар бойынша комитеттiң аймақтық бөлiмшемелерi мен шетелдiк өкiлдiктерiн құру. Инвестициялар бойынша комитеттiң аймақтық (облыстық) бөлiмшелерiн ең болмағанда инвесторларға өте тартымды облыстарда (мұнай өндеушi, өнеркәсiптiк) құру керек. Оларға келесi аймақтарды жатқызуға болады: Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан (мұнай өндiрушi), Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы қаласы (өнеркәсiптiк).
Қазақстанның шетелдегi елшiлiктерiне инвестициялар бойынша комитеттерге келесi сұрақтар бойынша көмек көрсету мiндетiн қою керек: жарнамалық компаниялар конференция, семинар жүргiзу инвестиция заңы туралы және шетелдердiң мемлекеттiк басқару органдарының шетел инвестициясын тарту бойынша қызметi туралы мәлiмет жинау, мүмкiн инвесторлар iздеу және т.б.
3) Тiкелей инвестицияларды 1999-2000 жж. тарту бағдарламасында инвестициялар бойынша комитеттiң шетелдiң ұқсас агенттiктерiнен ынтымақтастығын инвестициялық ерекшелiктердi және инвестиция тарту бойынша тәжiрибенi бiлу үшiн көбейту керек. Сонымен қатар, инвестициялар бойынша комитет әлемдiк банкпен МВФ МIGА, ПРООN, FIАS, ЮНИДО ТАСИС, WАIPА және басқада халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестiгiн жалғастырмақшы. Мысалы Foreiди Iпvestmeпt Advisory, Service (FIAS)-бұл халықаралық Валюта қорының, әлемдiк банктің және 12 донор-мемлекеттердiң елдерге тiкелей шетел инвестицияларын тарту саласында техникалық көмек көрсету бойынша бiрлескен бағдарлама. Соңғы жылдары бұл ұйым келесi жобаларды жүзеге асырады: шетел инвестицияларын тарту жолындағы әкiмшiлiк тосқауылдарды бағалау (Мадогаскарда, Малиде, Сенегалда, Латвияда, Мавританияда), шетелдiк меншiкпен кәсiпорын құру кезiнде түрлi рұқсат пен лицензияларды бағалау (Чехия), шетел инвестициялары туралы заңды қайта қарау (Литва) және т.б.