Бөлім. ЖШС «Euromedex» компаниясына жалпы сипаттама
Кіріспе
Мен, Талғатұлы Шынғыс, «Euromedex» фармацевтикалық компаниясында іс қағаздарын ағылшын тілінен қазақ тіліне аудармашының көмекшісі қызметі бойынша 18.01.2016-01.04.2016ж. уақыт аралығында өндірістік тәжірибеден өттім.
Университеттен практика жетекшісі: ф.м.ғ.к., доцент Шалгинбаева Салтанат Хамитовна.
Ұйымның практика жетекшісі:«Euromedex» фармацевтикалық компаниясының жергілікті филиал басшысы Нурлан Абдуали
Ұйымның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай көшесі, 37 ғимарат. Тел: +7 747 168 17 62
Дипломдық жұмыс жетекшісі:э.ғ.к., доцент. А.А Курбанбаева
Дипломдық жұмыстың тақырыбы:Қызмет көрсету саудасы және оның халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті – Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары менқызмет көрсету саудасындағы сыртқы саясатыныңдамуын талдау арқылы төмендегі міндеттерді белгілейді:
— қызмет көрсету саудасы саясатының ұғымын экономикалық категорияретінде зерделеу;
— қызмет көрсету саудасы саясатының дамудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
— қызмет көрсету саудасы саясатының жетілдіру үшін жаңа үрдістерді сараптау;
— ҚР қызмет көрсету саудасыжүйесінің басымдылықтарын анықтау;
Тәжірибе мақсаты:
• ұйымның құрылымы мен қызмет бөлімдерімен танысу, экономикалық есептерді жүргізу;
• «есеп және аудит», «Кәсіпорын экономикасы», «Мәліметтерді талдау және экономиканы болжау», «Халықаралық бизнес және халықаралық басқару», «институционалдық жаһандану», «Жаһандану және адам қауіпсіздігі», «Бизнес» және тағы басқа курстарда алған теориялық білімді практикалық жұмыс барысында тереңдету және қолдану;
• ұйымның қаржылық және экономикалық көрсеткіштерімен танысып, анализ жасау;
• тәжірибе есебіне қажетті ақпараттар мен материалдарды жинап, оларды талдап,өңдеу
• ұйымның экономикалық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ақпараттар мен материалдармен танысу, коммерциялық құпияны сақтау;
• ұйымның анықтамалық және аналитикалық құжаттарымен танысу;
• ұйымды басқаруды жоспарлау әдістері және ережелерімен танысу;
• жеке жұмыстармен ғана шектелмей, ұжымдық шараларға да қатысу;
• аналитикалық, жоспарлық, ұйымдастырушылық және экономикалық
қызметтермен тынысып, тәжірибе алу;
• ұйымның еңбекақы төлеу қорын жоспарлау.
Тәжірибе барысындағы алдыма қойылған міндеттерге мыналар жатады:
• компанияның ішкі құжаттарымен танысу;
• тәжірибе орнында уақытылы келіп, уақытылы кету;
• дресс-код және де жұмыс ережелерін сақтау:
• тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарау;
• күн сайын орындалған жұмыстарды күнделікке белгілеп отыру;
• тапсырылған жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау;
• берілген жұмыстарды орындап қана қоймай, тәжірибе алу.
Бөлім меңгерушісі берген тапсырмалар:
• берілген құжаттарды орын-орнымен реттеп қою;
• түрлі іс-шараларды ұйымдастыру;
• компанияға келген әрбір клиенттермен тез тіл табысып, оларды карсы алып, кажетті кызметтерді көрсету;
• архивтегі құжаттарды, келісімшарттарды, іскерлік қағаздарды қайта тексеріп, реттестіру;
• өтілетін конференциялардың дайындығын алдын-ала тексеріп, оның өтілуіне көмектесу (монитор, интерактивті тақта, принтер, көшірме аппараты) сияқты техникалық бұйымдарды дайындау.
Бөлім. ЖШС «Euromedex» компаниясына жалпы сипаттама
Страсбургте 1984 жылы EUROMEDEX маманданған халықаралық бөлу дәрілік заттардың және реагенттерге зерттеулер жүргізу үшінқұрылған.
Фармацевтикалық мекеме EUROMEDEX фармацевтикалық стандарттарғасәйкес жұмыс істейді.
Дәрілік заттардың рецепт арқылы босатылатын OTC, медициналық құралдарды, тамақ өнімдерін және ветеринариялық препараттардың, 200 000 түрінөндіреді.
Өз өкілдіктерінде, EUROMEDEX фармацевтикалық нарықтыотандық дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету , маркетинг реттейтін істі ынталандыру, сату , экспорттау және тауарларды тарату жүктелген, және демеушілер зертханалары EUROMEDEX - ті қамтамасыз етеді,зертханалық және клиникалық сынақтар Францияда, шетелде және Қазақстанда өткізіледі.450 000-ден астам өнім атаулары ұсынылды EUROMEDEX саласындағы медициналық және ғылыми зерттеулер саласындағы иммунология, клеткалық биология, молекулалық биология және генетика кафедрасыбар.
«Euromedex» фармацевтикалық компаниясы құрамына Қазақстан аумағындағы серіктестері дәрі дәрмек, биопрепараттар,медициналық бұйымдар өндіретін төрт ірі зауыты ( жақпамай,шөптен жасалған дәрілер,экологиялық таза өсімдіктер мен минералды шикізаттардан жасалатын дәрі-дәрмектердің 40-тан астам атауын шығарады ), Павлодар фармацевтикалық зауыты, медициналық препараттар зауыты (пептон — бактериологиялық зерттеулерде пайдаланылады, ВНИИМС — ірімшік жасайтын өнеркәсіп үшін қажетті препарат, холензии, панкреатин, цитохром, адиурекрин, гематоген, инфузиялық ерітінділер:гемодез, хлорлы натрий, глюгицир, ацесоль, холсоль, т.б. барлығы 60-қа жуық атауды шығарады) кіреді. Қазақстанда компания шығаратын дәрі-дәрмек атауы 120-ға жетеді. Кәсіпорынның осы заманғы жабдықпен жарақтандырылған төрт зертханасында, вивариясында бақылау-талдау және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.