Энергияны үнемдеу бағдарламасын жасаудың негізгі кезеңдері

Энергияны үнемдеудің негізгі бағыттары:

– Энергоаудит. Ұйымның энергетикалық тексерісін өткізу.

–Энергияны есепке алу. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы энергоресурстарды есепке алдың орталықтандырылған жүйесін енгізу.

– Энергияны тұтынуды реттеу. Энергоресурстарды тұтынуды өндіруші көзінен соңғы тұтынушыға дейінгі реттеу жүйесін енгізу;

– Өнеркәсіптік желдеткіш қондырғыларды қайта құру;

– Отын және электрлік пештерін модернизациялау;

– Энергетикалық жабдықтарды модернизациялау.

Бағдарламаны сәтті орындап, ары қарай дамыту үшін ең лайықты құрал әлемді тәжірибеде кеңінен қолданылатын жобаларды басқару болып табылады [16,17,37,25].

Бағдарлама алға қойған басымдылық бағытындағы оның қатысушыларының мүдделерін үйлестіруге мүмкінді беретіндей жағдайлар жасауы керек. Ол қиындықтар мен жобалардың түрлі статусы бар көп жобалы орта болып табылады: шұғыл әрекетті қажет ететін маңызды мәселелер; қосымша жұмысты қажет ететін мәселелер; тұрақты жоспарлау барысында шешілетін мәселелер; аумақтық, аудандық, қалалық, салалық жобалар, жеке кәсіпорындардың жобалары және т.б. Сондықтан алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін, құрылымы кәсіпорынның энергия үнемдеуінің нормативті-құқықтық базасын қалыптастыруда жасалып, оңтайландырылатын басқару жүйесі қажет.

Энергоаудит.

Энергетикалық тексеріс (энергоаудит) энергоресурстарға шығындарды тез әрі тиімді азайтудың, өндірістік емес шығындарды қысқарту немесе мүлдем жол бермеудің, өндіріс технологиясын оңтайландыру немесе алмастырудың жолдарын анықтау мақсатында өткізіледі. Ол тауарлар мен қызметтің нарығындағы бәсекелестік күрестегі сапалы ұмтылыс үшін тиянақты база, трамплин бола алады.

Энергияны тұтынуды азайтудың үш тәсілі бар:

– Энергоресурстарды тиімсіз пайдалануға жол бермеу;

– Энергоресурстардың шығын жою;

- Энергоресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру.

Энергоаудитті шартты түрде негізгі төрт кезеңге бөлуге болады:

–Кәсіпорынмен танысу, қажетті ақпаратты үнемдеу және талдау, тексеріс бағдарламасын құрастыру. Осы кезеңде жұмыс көлемі және оны өткізу мерзімі нақтыланады.

–Кәсіпорынды тексеру. Соның ішінде: барлық энергоресурстар бойынша тиянақты баланс жасау, энергоресурстардың негізгі тұтынушыларын және тиімсіз шығынның «ошақтарын» анықтау; қажетті сынақтар және аспаптық өлшемдерді өткізу.

–Энергия үнемдеу жобаларын және іс-шараларды жасау. Оларды енгізудің техникалық және экономикалық тиімділігін анықтау. Кәсіпорынның Энергия үнемдеу бағдарламасын қалыптастыру;

–Кәсіпорынның энергетикалық тексеру мен энергетикалық паспорты бойынша есеп толтыру. Жұмыс нәтижелерін презентациялау.

Нормативті-құқықтық базада бағдарламаны жасау кезінде ескерілуі тиіс нормативті-құқықтық актілердің бірінші кезектегі тізімі қарастырылған.

Энергия үнемдеу бағдарламасының бірінші бөлігі – бағдарламалық блок, оған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар, энергия үнемдеу саласындағы жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі, сондай-ақ жоғары энергетикалық тиімділіктің демонстрациялық аймағын құрудың бірінші кезектегі объектілерінің тізімі кіреді.

Бағдарламалық блокты құрудың басты ерекшелігі оның негізінде Энергия үнемдеудің және кәсіпорынның Энергия үнемдеу бағытын тиімдеу негізінде жылдық нақтыланған бағдарламасын жасаудың мүмкіндігі болып табылады.

Ақпараттық-танымдық блокта осы әрекеттің негізгі екі түрі қамтылған: энергия үнемдеу бойынша барлық деңгейдегі мамандарды дайындау және қайта даярлау, энергия үнемдеу идеясын насихаттау.

Энергия үнемдеу бағдарламасының негізгі принциптері:

– шығару және өндіріс көлемін арттыруға қарағанда отын және энергияны пайдалану тиімділігін арттырудың артықшылығы;

– отын және энергияны тұтынушылар, жеткізушілер мен өндірушілердің мүдделерінің үйлестігі;

– отын және энергияны шығару, өндірісі, өңдеу, тасымалдау және пайдаланудың экологиялық талаптарын орындауды қамтамасыз етудің бірінші кезектілігі;

– өндіретін немесе өздері жұмсайтын энергетикалық ресурстарды заңды тұлғалардың есепке алуының, сондай-ақ, учета жеке тұлғалардың алатын энергетикалық ресурстарын есепке алудың міндеттілігі;

– отын-энергияны тұтынатын, энергия үнемдеу және диагностикалық жабдықтардың, материалдардың, конструкциялардың, көлік құралдарының, сондай-ақ, энергетикалық ресурстардың сертификациясы;

– энергетикалық ресурстардың өндірушілері мен жеткізушілерінің ұтымды технологияларды пайдалануға деген қызығушылығы;

– өзіндік қаражат есебінен немесе қайтымды негізде бағдарламаның шараларын жүзеге асыру.

Кәсіпорынның энергия үнемдеу бағдарламасының негізгі мақсаттары болып табылады:

кәсіпорын өнімінің бірлігіне энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру;

– отын, жылу және электр энергиясына төлемдерді қысқарту есебінен қаржылық жүктемені азайту;

кәсіпорынның қаржылық жағдайын энергоресурстар үшін төлемді қысқарту есебінен жақсарту, сәйкесінше, облыс бюджетін салықтық түсімдермен қосымша толтыру.

Бағдарламаның мақсатына ұтымды технологияларды ендіру және өндірістің тиімді қаржылық–экономикалық механизмдерін жасау, энергетикалық ресурстарды тасымалдау мен тұтыну, энергия үнемдеу бойынша шараларды өткізу, есепке алу жүйесін енгізу арқылы қол жеткізіледі.

ДӘРІС

Тақырып: - Жетілдірілген энергия үнемдегіш жүйелер және жабдықтар

Жоспар:

Наши рекомендации