Семинар сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
1-тақырып - «Қылмысты саралау түсінігі және маңызы»
Қылмыстық құқық - іс-әрекеттің жазаланушылығын және қылмыстылығын бекітетін заң нормаларының жүйесі. Қылмыстық құқық өркениеттің және мәдениеттің құбылысы және құқықтың жеке сапасы. Қылмысты саралау ұғымының анықтамасы. Құқық нормасын қолдану процесіндегі саралаудың орны. Заңдылық және қылмысты саралау мәселесінің арақатынасы.
Қылмыстық-құқықтық норманың қалыптасу негізі ретіндегі шынайы өмір. Жалпы және арнайы нормалар. Саралау және объективті шындық. Саралау және математикалық логика. Саралау және кибернетика. Қылмыстық құқықта саралаудың жекелеген элементтері. Саралаудың кезеңдері.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмысты саралау ұғымы
2.Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Әдебиеттер тізімі:
1. А.В. Наумов «Ресей қылмыстық құқығы» Лекциялар курсы. Мәскеу, Бек баспасы,1999 ж.
2. Д.Б. Бұғыбай «Қылмыстық құқық» Лекциялар курсы. Алматы, 2003 ж.
3. А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» (Ерекше б.) Алматы, 1998ж.
4. А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» (Ерекше б.) Алматы, 1999ж.
5. ҚР Қылмыстық құқық (Ерекше б.) Оқулық Алматы Жеті-жарғы 2001ж.
2-Тақырып – «Қылмысты саралаудың әдістемелік негізі»
Қылмысты саралау заңда және құқық теориясында тұжырымдалған ережелерге негізделеді. Өз кезегінде ол ережелер қоғамға тән әдістемелік алғышарттардан, философиялық көзқарастардан және саяси принциптерден бастау алады. Осы себептен саралаудың мәнін түсіну үшін ең алдымен саралаудың негізінде жататын философиялық негіздерге тоқталуымыз қажет.
Құқық нормасын қолданудың және оның ішінде қылмысты саралаудың негізінде диалектикалық әдіс жатады. Тек осы шынайы ғылыми әдіс қана объективті шындыққа қол жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Диалектикалық әдіс құқық нормасын қолданудың барлық кезеңдерін қамтиды. Оның ішінде саралау процесінде философияның жеке мен жалпының, нақты мен абстрактілінің арақатынасы туралы, объективті, абсолютті және салыстырмалы шындық жайлы тұжырымдамалары ерекше маңызға ие болады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмысты саралаудың әдістемелік негізінің түсінігі
2.Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
3.Қылмысты саралау сатылары
Әдебиеттер тізімі:
1.А.В. Наумов «Ресей қылмыстық құқығы» Лекциялар курсы. Мәскеу, Бек баспасы,1999 ж.
2.Д.Б. Бұғыбай «Қылмыстық құқық» Лекциялар курсы. Алматы, 2003 ж.
3.А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» (Ерекше б.) Алматы, 1998ж.
4.А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» (Ерекше б.) Алматы, 1999ж.
5.ҚР Қылмыстық құқық (Ерекше б.) Оқулық Алматы Жеті-жарғы 2001ж.
3-Тақырып – «Қылмыс құрамы – саралаудың заңдық негізі»
Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі. Қылмыс пен кылмыс құрамының арақатынасы.
Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі.
Қылмыс құрамының құрылымы. Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері. Қылмыс құрамының түрлері.
Қылмыстық занды қолдану үшін қылмыс құрамының белгілерін орнатудың маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиіс қылмыс құрамы және мән-жайлар.
Қылмыстың құрамы деп - Қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс - әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмыс құрылымы мен құрамының түсінігі
2.Қылмыстық құрамның түрлерінің қылмысты саралаудағы алатын орны
3.Қылмыс құрамының мазмұнын түсінудің қылмысты саралаудағы маңызы
Әдебиеттер тізімі:
1) Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве
М., 1963. авт: Я.М. Брайлин.
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (ж. б).
А.Н.Ағыбаев, оқулық Алматы…,1998. «Жетi жарғы»
3) Қылмыстық құрам Л..., 1968. авт: К.С. Лейким
4) Уголовное право Республики Казахстан А..., 1999., Г.Ф. Поленов, учебник,
изд. «Юрист»
5) Қылмыстық құқық пәні бойынша қосымша әдістемелік құрал А..., 1998.
КАЗМҰУ авт: А.Н. Ағыбаев
6) Картер Э.К.Criminal Law and Procedure for the Paralegal. New York: Wolters Kluwer, 2012-614 p.
7) Росс, Л.Дарелл. Civil Liability in Criminal Justice Elsevier, 2013-489p.
8) Финч, Э. Criminal Law-Pearson, 2013-299p.
9) Қылмыстық кодекс 2014ж 3шілде
4-Тақырып – «Қылмысты дұрыс саралудың алғышарттары»
Қылмысты дұрыс саралау үшін жоғары құқықтық санаға ие, заңның талаптарын, халықтың мүддесін дұрыс түсінетін сауатты, білікті тергеушілер, прокурорлар мен судьялар қажет, сондай-ақ сот органдарының тәуелсіз болып, тек қана заңға бағыныштылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік-саяси алғышарттар болуы тиіс.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Заңның мазмұнын анықтау
2. Қылмыс құрамының тұрақты және тұрақсыз белгілерін анықтау
3. Істің нақты мән-жайын анықтау
Әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім), Алматы, 2000ж.
2. Научные основы квалификации преступлений, Москва, 1984г.
3. Квалификация преступлений, Москва, 1974г.
4. Б.Х. Толеубекова. Уголовно-процессуальное право. Часть общая. Алматы, «Жеті Жарғы».2000г.
5. Уголовно-процессуальный кодекс РК Алматы, 2001 г. Уголовный процесс. Досубедное производство. Астана. 2001 г.
6. Комментарий к УПК РК «Жеті Жарғы». 2000 г.
7. Производство дознанания по УПК РК Караганда. 1998г.
8. Уголовный процесс Москва. 1995 г.
5-Тақырып – «Қылмыс құрамын қылмыстын объектісі бойынша саралау»
Қылмыс объектісі бойынша саралау. Жалпы және арнайы нормалар. Саралау және объективті шындық..
Қылмыс объектісі бойынша саралау түрлері. Қылмыс құрамын саралаудың белгілері, қағидалары. Қылмыс объектісі бойынша саралау бергілері. Қылмыс объектісі бойынша саралау элементтері, жалпы объектінің түсінігі. Топтық және тікелей объектілер.
Жеке адамға қарсы қылмыстың объектісі. Бұзақылықтың объектісі. Әр түрді қылмыс құралдарының тікелей объектісі.
Тікелей объект, негізгі қосымша және факультативті тікелей объектілер ұғымы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмыстың обьектісі бойынша қылмысты саралаудың маңызы
2. Қылмысты обьектісі бойынша саралаудың түрлері
3. Қылмыстың заты бойынша саралау
Әдебиеттер тізімі:
1) «Қылмыстық құқықтағы қылмыстық объект туралы жалпы білімнің кейбір сұрақтары» М.А. Гельфер, (Уг. Зап ВЮЗИ . Вып. 7.М..., 1959).
2) «В.Р. Қылмыстық құқығы (жалпы білім). А.Н.Ағыбаев. Алматы..., 1998.» «Жеті жарғы»
3) «Уголовное право Республики Казахстан» Г.Ф. Паленов Алматы ...,1999. «Жеті жарғы»
4) Картер Э.К.Criminal Law and Procedure for the Paralegal. New York: Wolters Kluwer, 2012-614 p.
5) Росс, Л.Дарелл. Civil Liability in Criminal Justice Elsevier, 2013-489p.
6) Финч, Э. Criminal Law-Pearson, 2013-299p.
7) Қылмыстық кодекс 2014ж 3шілде
6-Тақырып – «Қылмыс құрамын қылмыстың объективтік жағы бойынша саралау»
Қылмыс құрамын объективтік жағы бойынша саралау. Жалпы және арнайы нормалар. Саралау және объективті шындық..
Қылмыс құрамын объективтік жағы бойынша саралау түрлері. Қылмыс құрамын саралаудың белгілері, қағидалары.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі және қылмысты іс-әрекет бойынша саралау
2. Қылмыстық зардап түсінігі және оның көлемі бойынша саралау
3.Себепті байланыстың қылмысты саралаудағы маңызы
4. Қылмыстың обьективтік жағының қосымша белгілері бойынша саралау
Әдебиеттер тізімі:
1) «Проблемы учения об объективной стороне состава преступления» М.И.Ковалев Красноярск...., 1991.
2) «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы», А.Н.Ағыбаев Алматы...., 1998., (жалпы бөлім) «Жеті жарғы».
3) Картер Э.К.Criminal Law and Procedure for the Paralegal. New York: Wolters Kluwer, 2012-614 p.
4) Росс, Л.Дарелл. Civil Liability in Criminal Justice Elsevier, 2013-489p.
5) Финч, Э. Criminal Law-Pearson, 2013-299p.
6) Қылмыстық кодекс 2014ж 3шілде
7-Тақырып – «Қылмыс құрамын және қылмыстын субъектісін саралау»Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасы. Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшерін саралау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қылмыстың субьектісінің ұғымы, белгілерінің қылмысты саралаудағы маңызы
2. Есі дұрыстық және дұрыс еместіктің тұсінігі және кінәмен арақатынасы
3. Қылмыстарды арнайы субьектілері бойынша саралау
Әдебиеттер тізімі:
1) «Мотивы преступлений» Б.С.Волков Казань, 1982.
2) «Умысел и его форма» Москва…, 1972., Г.А.Злобин, Б.С.Никифоров
3) «Уголовное право Республики Казахстан» Г.Ф.Поленов изд. «Юрист» Алматы..., 1999 .
4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) оқулық, Алматы…,1998 . «Жеті Жарғы» А.Н. Ағыбаев.
5) Картер Э.К.Criminal Law and Procedure for the Paralegal. New York: Wolters Kluwer, 2012-614 p.
6) Росс, Л.Дарелл. Civil Liability in Criminal Justice Elsevier, 2013-489p.
7) Финч, Э. Criminal Law-Pearson, 2013-299p.
8) Қылмыстық кодекс 2014ж 3шілде
8-Тақырып – «Қылмыс құрамын және қылмыстын субъективтік жағын саралау»Қасақаналық, абайсыздық, тікелей немесе жанама ниет, менмендік, немқұрайдылық.
Қылмыстың субъективті жағы бойынша саралау. Саралау бағдарламасы туралы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмыстың субьективтік жағы түсінігі және қылмысты саралаудағы маңызы
2. Кінә нысандары және оның қосымша белгілері бойынша қылмысты саралау
3. Қате және оның түрлері бойынша қылмысты саралау
Әдебиеттер тізімі:
1) «Мотивы преступлений» Б.С.Волков Казань, 1982.
2) «Умысел и его форма» Москва…, 1972., Г.А.Злобин, Б.С.Никифоров
3) «Уголовное право Республики Казахстан» Г.Ф.Поленов изд. «Юрист» Алматы..., 1999 .
4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) оқулық, Алматы…,1998 . «Жеті Жарғы» А.Н. Ағыбаев.
5)Картер Э.К.Criminal Law and Procedure for the Paralegal. New York: Wolters Kluwer, 2012-614 p.
6)Росс, Л.Дарелл. Civil Liability in Criminal Justice Elsevier, 2013-489p.
7)Финч, Э. Criminal Law-Pearson, 2013-299p.
8)Қылмыстық кодекс 2014ж 3шілде
9-Тақырып – «Аяқталмаған қылмысты саралау негіздері»
Қылмыс істеу сатылары. Қылмысты істеу сатылары туралы ұғым. Қылмыс істеуге дайындау.
Қылмыс істеуге оқталу. Аяқталған қылмыс. Қылмыстардың көптігі. Қылмыстың көптілігі және олардың түрлері. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы. Қылмыстың қайталануы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмысты істеу сатыларының сипаттамасы және саралау негіздері
2. Қылмыс істеуге дайындалу мен оқталуды саралау
3. Ауыр және аса ауыр қылмыстарға дайындалғандығы үшін саралау мен жауаптылық
Әдебиеттер тізімі:
1) «Множественность пресчтуплений» / Владивосток, 1969., авт. Дагель П.С.
«Повторность преступления» М, 1983, Т.Э.Караев;
2) «Совокупность преступлений (вопросы квалификаций и назначения наказания)» В.П. Малков Казань, 1924.
3) «Уголовное право РК»,И.И.Рогов (общая часть)«Жетi жарғы» Алматы,1998.
4) Картер Э.К.Criminal Law and Procedure for the Paralegal. New York: Wolters Kluwer, 2012-614 p.
5) Росс, Л.Дарелл. Civil Liability in Criminal Justice Elsevier, 2013-489p.
6) Финч, Э. Criminal Law-Pearson, 2013-299p.
10-Тақырып – «Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс-әрекеттерді саралау»
Қылмысқа қатысу. Қылмысқа қатысуды саралау. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу түсінігі. ҚР Қылмыстық заңнамасы институтының даму кезеңдері.
Қылмысқа қатысу құрамы. Қылмысқа қатысу түрлері. Қылмысқа қатысқан қатысушылардың жауапқа тартылу негіздері. Қылмысқа қатысу мен жалпы жауаптылыққа тартылатын жаза негіздері. Қылмысты саралау әрекеті. Арнайы қылмыс субъектісі мен қылмысқа қатысуды саралау. Қылмысқа айдап салушы тұлға және саралау негіздері.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмысқа қатысу ұғымы.
2.Қатысып жасалған қылмыстардың қоғамға қауілтілігінің жоғарылылығы. 3.Қатысудың субъективтік және объективтік белгілсрі.
4.Қатысу нысандары және оның жіктелу межелсрі.
11-Тақырып - «Қылмыстардың көптігі бойынша саралау»
Кылмыстардың көптілігінің түсінігі және белгілері. Қылмыстардың көптілігінің нысандары.
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының түсінігі және оның белгілері. Кылмыстардың бірнеше рет жасалуының түрлері. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының жалғаспалы қылмыстардан айырмашылығы. Бірнеше рет жасаған деп тануға негіз бермейтін жағдайлар.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Жекелеген қылмыстармен көптік қылмыстардың арақатынасы 2.Қылмыстардың көптігі бойынша саралау
3.Бірнеше рет жасалған қылмыстарды саралау
4. Қылмыстардың қайталануы бойынша саралау
Әдебиеттер тізімі:
2) «Множественность пресчтуплений» / Владивосток, 1969., авт. Дагель П.С.
«Повторность преступления» М, 1983, Т.Э.Караев;
2) «Совокупность преступлений (вопросы квалификаций и назначения наказания)» В.П. Малков Казань, 1924.
3) «Уголовное право РК»,И.И.Рогов (общая часть)«Жетi жарғы» Алматы,1998.
7) Картер Э.К.Criminal Law and Procedure for the Paralegal. New York: Wolters Kluwer, 2012-614 p.
8) Росс, Л.Дарелл. Civil Liability in Criminal Justice Elsevier, 2013-489p.
9) Финч, Э. Criminal Law-Pearson, 2013-299p.
12-Тақырып – «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаттамасы»Жеке адамға қарсы қылмыстар дегеніміз, адамның өмірі мен денсаулығына, жыныстық қол сұғылмаушылығына, бостандығы мен қадір-қасиетіне қарсы бағытталатын қоғамға қауіпті әрекеттер. Мұндай қылмысты жасау нәтижесінде адамға елеулі зардап келтіріледі немесе өмірге, денсаулыққа, заңды құқықтар мен бостандықтарға сондай зардап келу қаупі төнеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі
2. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша саралау
Әдебиеттер тізімі:
1.А.В. Наумов «Ресей қылмыстық құқығы» Лекциялар курсы. Мәскеу, Бек баспасы,1999 ж.
2.Д.Б. Бұғыбай «Қылмыстық құқық» Лекциялар курсы. Алматы, 2003 ж.
3.А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» (Ерекше б.) Алматы, 1998ж.
4.А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» (Ерекше б.) Алматы, 1999ж.
5.ҚР Қылмыстық құқық (Ерекше б.) Оқулық Алматы Жеті-жарғы 2001ж.
13-Тақырып – «Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау»
Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту 132 бап; кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту 133 бап және т.б. жатады. Осы қылмыстардың объектісі ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани,адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаттамасы
2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау негіздері
Әдебиеттер тізімі:
1.А.В. Наумов «Ресей қылмыстық құқығы» Лекциялар курсы. Мәскеу, Бек баспасы,1999 ж.
2.Д.Б. Бұғыбай «Қылмыстық құқық» Лекциялар курсы. Алматы, 2003 ж.
3.А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» (Ерекше б.) Алматы, 1998ж.
4.А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» (Ерекше б.) Алматы, 1999ж.
5.ҚР Қылмыстық құқық (Ерекше б.) Оқулық Алматы Жеті-жарғы 2001ж.
14-Тақырып – «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау»
Медицина немесе фапмацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы. Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу. Заңсыз түсік жасау. Науқасқа көмек көрсетпеу. Дәрігерлік құпияны жария ету.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаттамасы
2. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды дұрыс саралаудың маңызы
Әдебиеттер тізімі:
1.Картер Э.К.Criminal Law and Procedure for the Paralegal. New York: Wolters Kluwer, 2012-614 p.
2.Росс, Л.Дарелл. Civil Liability in Criminal Justice Elsevier, 2013-489p.
3.Финч, Э. Criminal Law-Pearson, 2013-299p.
4. ҚР Қылмыстық кодексі 2014 жыл 3 шілде
15-Тақырып – «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау»
Қылмыстық кодекстің 15-тарауы «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмысқа» арналған.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаттамасы
2.Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Әдебиеттер тізімі:
1.Картер Э.К.Criminal Law and Procedure for the Paralegal. New York: Wolters Kluwer, 2012-614 p.
2.Росс, Л.Дарелл. Civil Liability in Criminal Justice Elsevier, 2013-489p.
3.Финч, Э. Criminal Law-Pearson, 2013-299p.
4. ҚР Қылмыстық кодексі 2014 жыл 3 шілде