Темір жол көлігінде және су арналған тарифтер

Сабақтың мақсаты: Темір жол көлігіне және су көлігіне арналған тарифтерді зерттеу.

Сабақтың мазмұны: Темір жол көлігіне және су көлігіне арналған тарифтерді зерттеу.

1.Темір жол көлігіне арналған тарифтер

Темір жол көлігіне арналған тарифтердің ерекшеліктері оларды қалыптастыру және пайдалану жағдайынан тұрады.

Тарифтер қалыпты және тар табанды темір жолдың барлық желісіне желілік өзіндік құны болып табылады. Тарифтер шамасын есептеуге арналған база тасымалдаудың орташа желілік өзіндік құны болып табылады.

Тарифтер келесі белгілер бойынша дифференциалданған болуы мүмкін:

-жүктің тегі

-тасымалдау ара қашықтығы

-жеткізу жылдамдығы

-жөнелту (вагонмен, контейнерлік, ұсақ)өлшемдері (түрлері)

-басқа жағдайлар

1-кестеде жүктердің тегі және оларды жеткізу жыылдамдығы бойынша тарифтік мөлшерлемеледі белгілеу кезінде ескерілетін факторлар көрсетілген.

Темір жол көлігінде және су арналған тарифтер - student2.ru Жергілікті және арнайы тарифтер темір жолдың жалпы желісіне қосылмаған жекелеген желілер үшін белгілейді.

1-кесте. Темір жол көлігінде тарифтерді дифференциялдау

Дифференция белгісі Ескертілетін фокторлар Ескерту
Жүк тегі Вагонның статикалық жүктемесі -
Басқасы Сол немесе басқа жүктерді тасымалдауға кететін шығындардың әр түрлігімен байланысты
Жүкті жеткізу жылдамдығы Шағын жылдамдық Қалыпты тариф
Үлкен жылдамдық Тариф шамамен 40%-ға артады

Айрықша төмен тарифтер (30...50 % жеңілдік) вагондардың,контейнерлердің және т.б. бос жүру бағытында және бағытында аралас темір жол-су көлігі қатынасы кезінде жүктерді тасымалдауда қолданылады.

Вагон бойынша тариф вагондардың сыйымдылығы мен жүк көтергіштігін қалыпты пайдалануды есептеусіз белгілінеді.Мысалы , егер жүк көтергіштігі 63 т жартылай ашық вагонда 55 т көмір тиелсе , төлемақы 63т ретінде төленеді (толтырылмаған жүк үшін айыпқұл).

Арнайы тариф арнайы ПС пайдалану кезінде белгіленеді , мысалы, екі ярусты платформада автомобильдерді тасымалдау кезінде немесе рефрижераторлы поездарда және секцияларда тасымал кезінде қолданады.

Темір жол көлігіндегі негізгі тарифтен басқа айрықша төлем мен ақы алынады ; вагондарды бергені үшін және жинағаны үшін , ППР үшін .

Өнеркәсіптік темір жол көлігінде арнайы жүк тарифтері жүктерді тасымалдау мен өңдеуді жеке шығындар есебінен әрбір ұйым үшін жеке әзірленеді.

Халықаралық қатынаста жүктерді жөнелткен және тағайындалған елдердің жолдары бойымен тасымалдау ақысы мен тасымалдау үшін қосымша алымдар жүктерді қабылдау күні қолданыстағы әрбір елдің ішкі тарифтері және ережелері бойынша алынады. СМГС қатысушы елдердің жолдармен транзит жүктерді тасымалдау үшін төлемақы ММТ бойынша швейцариялық франкта белгіленеді. Халықаралық транзиттік тариф тарифті қолдану жағдайын, тарифтік ережені , номенклатурасы , жүктерді жүктеу және алфавиттік тізімін, транзиттік арақашықтықтар кестесін , тарифтік мөлшерлемерді және төлемақыларды , қосымша алымдарды және т.б. қамтиды.

Жүктерді жөнелткен елдердің жолдары бойынша тасымалдау үшін ақыны жүкті жөнелтуші енгізеді ,ал тағайындау елдерінің жолдарымен тасымалдау үшін ақыны жүкті алушы енгізеді. Егер тағайындау елі СМГС қатысушы болып табылмаса , жөнелтушіден барлық транзиттік жолдар бойынша жүктерді тасымалдау үшін ақы алынады, тек жүктерді үшінші жаққа жіберетін елдерден алынбайды.

2. Теңіз көлігіне арналған тарифтер

Теңіз көлігіне арналған тарифтер екі негізгі топқа бөлінеді: каботажды жүзу тарифі және сыртқы сауда тасымалдауға арналған тарифтер.

Каботажды жүзу тарифтері. Осы топтағы тарифтер баға белгілеудің жалпы принціптеріне байланысты белгіленген ( пайданы алу есебінен көлік өнімдерінің өзіндік құны негізінде) және екі түрге бөлінеді:

- үлкен каботаждағы тарифтер ( әр түрлі теңіз бассейндері порттары арасындағы тасымалдауға арналған) ;

- шағын каботаждағы тарифтер (бір бассейн порттары арасында);олар Солтүстік теңіз жолдарынан басқа ,үлкен каботаждағы тарифтерге қарағанда шамасы бойынша үлкен.

Каботажды жүзу тарифтерін дифференциялау 2-кестеде берілген .

Аккордты тарифтік мөлшерлемелер келесі қызмет көрсетуді ұсыну үшін бассейндер және порттар тобы бойынша дифференциалданады:

- мұз жарғыштардың жұмысы;

- тіркемені және катерді пайдалану;

- тұщы сумен жабдықтау;

- теңіз айлықтарында бос вагондарды және жүктері бар вагондарды тасымалдау.

Халықаралық тасымалдау практикасында теңіз көлігінің кемелерінің жұмысының ұйымдастырудың екі нысаны пайдаланылады: трампты – ірі партиялары бар үлкен жүктерді тасымалдауға арналған айла-бұйымдар, әдетте ірі жүк иелеріне тиесілі, желілік – көптеген жөнелтушілерден жіберілетін негізгі жүктерді тасымалдау үшін қызмет көрсететін.

Флот жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі түрлері бағаның екі түрде болуын анықтайды: трампты тоннажға арналған фрахт мөлшерлемесі түрінде ( freight rates) және желілік кемелерге арналған тарифтер.

Желілік кемелерге арналған тарифтер әдетте фрахтық мөлшерлемелерден жоғары , өйткені онда ППР арналған шығындар ескеріледі.

Желілік тарифтер .Желілік тарифтер кеме үшін белгілі бағыттағы кемені пайдаланылатын тасымалдауыштарды біріктіру практикасы таралған.Мұндай біріктірулердің барынша таралған түрлері бірлескен желілір және желілік фрахттық конференциялар болып табылады. Осылайша , кеме иесі тарифті белгілеу кезінде өзінің құқықтық мәртебесіне айрықша назар аударады: бірлескен желіге қатысушы , желілік конференция мүшесі немесе тәуелсіз оператор (аутсайдер).Әрбір жүк иесі немесе экспедитор таңдауы тиіс: жоғары деңгейдегі сервисі үшін конференция қызметтерін пайдалап\ну, бірақ қымбат төлеммен немесе жүкті аутсайдерлер беру , оның мөлшерлемесі сапалы қызмет көрсету кезінде 15….45%-дан төмен болуы мүмкін (қалдықтың аз жиілігі, контейнерлерді ырғақты емес пайдалану және т.б.)

Желілік тарифтерді әзірлеу кезінде пайдаланылатын негізгі принциптерді және ережелер мынадай.

Барлық тасымалдағыштар негіз ретінде тиісті бағыттағы желілік конференция тарифтерін пайдаланады, соларға сәйкес тасымалдаудың нақты жағдайына байланысты жеңілдіктер немесе үстеме ақылар есептелуі мүмкін.

Мемлекетаралық келісімдер негізінде ұйымдастырылған желідегі тарифтер әдетте жарияланады және мүдделі клиентердің арасында ашық таралады.

Тасымалданатын негізгі жүктің санын өлшеуде тарифтік бірлік ретінде метрлік тонна (1 000 кг),ағылшын тоннасы (1 016 кг), көлемді немесе өлшемдік тонна (1 Темір жол көлігінде және су арналған тарифтер - student2.ru немесе 40 куб. фут) пайдаланылады.Әдетте тарифтер көлемді тарифтік бірлік және салмақты бірлік ретінде құрылады. Көлемі 1т болатын жүктер үшін 1 Темір жол көлігінде және су арналған тарифтер - student2.ru аз, салмақ бірлігі қолданылады, тарифтік мөлшерлеменің қасында «W» символ қойылады, ал көлемі 1т болатын жүктер үшін 1 Темір жол көлігінде және су арналған тарифтер - student2.ru үлкен , «М» символы бар көлемді бірлік қолданылады.

Жүктердің көптеген категориясы бойынша тасымалдаушыға жеткізу ақысын есептеу тәсілдерін таңдау құқығы беріледі: массасы немесе көлемі бойынша , бұл ретте осыған ұқсас жүктерге арналған мөлшерлемелер «М/W» символымен немесе символсыз мүлдем қатар жүреді. Мұндай трафиктік бірлікті фрахттық тонналы (freight ton) немесе табыс тонналық (revenue ton – RT) деп атауға болады.

2-кесте- Каботажды жүзу тарифі

Дифферециация белгісі Төлем түрі Сипаттамасы және мазмұны
Теңіз бассейні бойынша     −
Операциялар бойынша Қозғалыс операциясы үшін 1 тонна-миль алынады (1 миля = 1,852 км). Кеменің жүк көтергіштігін пайдалану  
Тұрақ Операциялары үшін 1 т жүк үшін алынады. ДЖүктер тобы және порттар тобы бойынша дифференцияданады (олардың техникалық жарақтануы бойынша )
Жергілікті   Жүк немесе портты төлем Темір жол көлігінде және су арналған тарифтер - student2.ru   - -
ПРР орындағаны үшін төлем  
Жүктерді сақтағаны үшін төлем   -
Шекара кемелерін жинау   Кеме; айлақты; өртке қарсы; лоцман

Белгілі бір жағдайда жүктің өзіндік құны бойынша фрахт пайдаланылуы мүмкін (ad valerem freight) – 1…3 % жүктің құны; тауар бірлігіне арналған фрахт (unit freight); трюм төсеніші немесе палуба кума метрі бойынша есептелген фрахт (паромдағы автопоезд); ТҚ бірліктерін тасымалдауға арналған фрахт (ұзындығы 18 м автопоезд, жиырма футты контейнер және т.б.)

Тасымалдау ақысын анықтау үшін позицияларға және тарифтік топтарға жүктерді бөлу жүктердің тарифтік номенклатурасы деп аталады.

Тарифтік мөлшерлемелер класта топтасқан болуы мүмкін (class rates) немесе жүктердің әрбір атауы үшін көрсетілген болуы тиіс (commodity raes).

Тарифтерге қосылатын үстеме ақылар қауіпті, ауыр салмақты және габаритті емес жүктерді тасымалдаудың айрықша жағдайын, тиеу портын таңдауға жүк иесінің құқығы бар жүктерді тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға, жүктерді жеткізу кезінде жеткізу портының өзгеруі, порттың аталған қатынасы үшін жүктерді жеткізу және т.б.кезіндегі айрықша жағдайларды ескереді. Желілік кеме үшін бункерлік үстеме ақыларды пайдалану бойынша сипатты (bunker adjustment factors – BAF), отынға арналған маусымдық немесе келтірілмеген бағаны арттырудың орнын толтырады, мысалы + 30% негізгі мөлшерлемеге + 160 долл. CLHA/TEU +10 долл. США/RT, мұнда TEU- жиырма футты контейнерге қатысты теңестірілетін шартты жүк бірлігі. АҚШ долларына қатынасы бойынша валюта бағамының тербелісі валюталық үстеме ақылармен орны толтырылады.

Жүк иелеріне жеңілділіктерұсынылады, олар өз жүктерін аталған конференциядағы кемелерде ғана жөнелте алады. Мерзімі шегерілген жеңілдіктер жүйесі (differed rebates) егер жүк иесі желіде жеткілікті ұзақ мерзім ішіндегі көрсетілетін қызметтерді пайдаланса, аталған желіні әрі қарай пайдалана беретін болса, жүк иесіне жүктерді тасымалдауға арналған сомадан белгіленген процентті қайтаруды қарастырады. Шартты жеңілдіктер (contract rebates) тасымалдауға арналған есептеулер кезінде бірден ұсынылады. Әдетте олар біршама шегерілгендерден төмен. Егер тұрақты жүк жөнелтуші арнайы келісім негізінде неғұрлым төмен тарифтер бойынша тасымалдауды төлейтін болса, мұндай жеңілдіктер жүйесін екі реттік мөлшерлеме жүйесі (dual rate system) деп атайды. Жеңілдіктер әдетте тарифтің 5... 10% мөлшерлемесін құрайды.

Бақылау сұрақтары:

1 Темір жол көлігіне арналған тарифтер қандай белгілер бойынша дифференциалданған ?

2 Темір жол көлігіне арналған төмендетілген айрықша тарифтер қашан қолданады ?

3 Темір жол көлігіне арналған арнайы тарифтер және ваган бойынша тарифтер қалай белгіленеді ?

4 Теңіз көлігіне арналған тарифтер неше топқа бөлінеді ?

5 Теңіз көлігіне арналған желілік кемелер тарифтердің және фрахттық мөлшерлемелердің айырмашылықтары ? Жоғары қабатқа көтеру (жүк лифтісі болмаған кезде) үшін әрбір затты тиегені немесе түсіргені үшін тарифке 50 % көлемінде қосымша ақы алынады.

№5 практикалық сабақ

Наши рекомендации