Дәріс тақырыбы. Бәсеке және монополия.
Бәсекелестiк бар нарықта, пайдасын көбейту үшiн өндiрушiлер өзiнiң өндiрiс шығындарын мүмкiндiгiнше төмендетуге тырысады. Осының нәтижесiнде өнiмдiлiк артып, шығындар кемiп, компания өзiнiң бөлшек саудадағы бағасын түсiруге мүмкiндiк туады. Сонымен бәсекелестiктiң арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi артып, баға төмендейдi. Бәсекелестiк, сонымен бiрге, өндiрушiлердi тауардың сапасын жақсартып, ұсынылатын тауар мен қызмет көрсету түрлерiн тұрақты көбейтiп отыруға итермелейдi.
Бәсекенiң түрлерiне тоқталатын болсақ, бәсеке екiге бөлiнедi:
· жетiлген бәсеке, яғни таза бәсеке;
· жетiлмеген бәсеке.
Жетiлген бәсеке дегенiмiз – фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға баға деңгейiн нарық белгiлейдi. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндiрiс көлемiн iздеу арқылы көбейте алады.
Жетiлмеген бәсекелестiк жағдайында монополистың бағаға белгiлi бiр билiгi бар. Баға деңгейiне бақылаудың көлемi жетiлмеген бәсекенiң фирмаларына байланысты әр түрлi. Бастысы монополист сапалы түрде пайда ең жоғары болатын баға деңгейiн iздейдi және соны белгiлейдi. Яғни монополист өзi өзгерте алмайды.
Жетiлмеген бәсекенiң үш үлгiсiн ерекше атап көрсеткен. Олар – монополия, олигополия, өнiмдердi дифференциялау.
Бәсекенің атқаратын функциялары:
· реттеуші – тауарды өніру үшін қанша еңбек шығындануының өндірушілерге бағыт көрсетеді және қоғамдық қажетті өндіріс еңбегіне тән болуына тырысады-бұл функциясы құн заңы мен оның механизмі арқылы жүзеге асады.
· аллакциондық – (орналастыру) бүкіл мемлекеттің аймағында нарықты қалыптастырады, бәсеке ұлттық шаруашылықта біркелкі және тиімді өндіріс күштерін орналастырады;
· инновациондық - ҒТП ынталандырады және қаржыландырадың нарықтың субъектілері ғылыми және техникалық прогресстің қозғаушысы болып табылады;
· адаптациялық – фирмалар мемлекеттің заңдылықтарына, салық жүйесіне, инфляцияның пайда болуына, дін және ұлттық салттары мен дәстүрлеріне лайықты;
· таратушы – барлық өндірілген жалпы ұлттық өнім тек қана экономикалық емес факторларына байланысты таратылады, таратылуға саяси, әлеуметтік және басқа факторлары да әсер етеді;
· бақылаушы – нарықта бөлек ірі кәсіпорындарды монополистік үстемдікке болдырпайды, бәсекенің нысандары мен әдістері бақылауда.
Бәсекелік күрестің әдістемелері:
· Баға бәсекесі - өндіріс шығындарын азайтып, ассортименті мен сапасын өзгерпей тауар бағасын төмендету негізінде қосымша табыс алу үшін күрес;
· Күрестің нарықтан тыс нысандарын пайдалану – құнды қағаздарымен алпысатарлық ажасау, өнеркәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау, бәсекеліктің көзін жою;
· Бағадан тыс бәсеке – тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа ерекшеліктердің берілуі, субситут-тауарлардың құрылуы, сатудан кейінгі техникалық қызмет, жарнама.
Монополия - өзiнiң саласындағы бiрден-бiр өндiрушi және сол маңайда ондай тауар субституттарды өндiретi басқа салалар жоқ.
Монополия сөзi екi грек сөзiнен шыққан —“монос”— бiр және “полео”— сатамын. Нарықтық қатынастарға қатысушылардың қайсыбiрi толығымен нарықты өзiне бағындырады (монополияндырады).
Олигополия — екi түрге бөлiнедi: бiрiншi түрдегi олигополия — кiлең бiр тектi өнiмдерi бар базаның салалары және олардың кәсiпорындарының көлемi де үлкен. Екiншi түрдегi олигополия — сараланған (ұқсас емес) тауарларды сататын бiрнеше сатушы болғандағы жағдай.
Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп айтуға да болады. Болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді:
а) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, сондықтан бұндай кәсіпкерлікпен кез келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
б) нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады:
в) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады, мысалы тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.
Монополиялардың ұйымдастырылу түрлері: Картель, Синдикат, Трест, Концерн, Конгломерат.
График 1. – Монополияның сұранысы мен шекті пайдасының ауытқымасы.
Сұраныс ауытқымасы (D) –өнім мөлшерінің тауар бағасына ықпал етуін көрсетеді. Шекті табыстың ауытқымасы (MR) өнім мөлшерін бір бірлікке көбейткенде монополия табысының өзгеруін білдіреді. Монополия өндірісті ұлғайтқан жағдайда сатылатын әр бірліктің бағасы төмендейді де, шекті табыс бағадан төмен болады.
Монополия шығару көлемінде тоқтап (А нүктесінде), пайданы көбейтеді онда шекті табыс (MR) шекті шығындарда (МС) тең болады. Содан кейін ол бағаны табу үшін (В нүктесінде) сұраныс қисығын пайдаланылады, ол сатып алушыларға барлық шығарылған өнімді алуға мүмкіндік жасайды.
Монополияның әлеуметтік-экономикалық кемшіліктері:
· Таза бәсеке нарығына қарағанда өндіріс өнімдері аз көлемде шығарылады;
· Таза бәсеке нарығына қарағанда өте жоғары баға белгілейді;
· Монополияны сақтауға көп шығындары кетеді;
· Техникалық үрдіске ынталандыру азаяды.
Монопольдық билікті азайтудың тәсілдері:
· Трестке қарсы саясат;
· Экономикалық реттеу;
· Мемлекеттік меншікті қалыптастыру.
Негізгі әдебиеттер: 4 нег. [3-85], 6 нег. [1-35], 9 нег. [1-39], 13 нег. [1-7]
Қосымша әдебиеттер: 12 қос. [14-85]
Бақылау сұрақтары:
1) Монополиялардың пайда болуының негізгі себептері.
2) Монополияның және бәсекенің түрлері.
3) Монополиялардың ұйымдастырылу түрлері.
4) Монополиялардың әлеуметтік-экономикалық кемшіліктері.
5) Бәсекенің атқаратын функциялары.
6) Бәсекелік күрестің әдістемелері.