Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.

Сұраныс. Сұранысқа әсер етуші факторлар. Сұраныс заңы

Сұраныс белгілі бір уақытта және белгілі бір орында сатып алушының тауар мен қызметтің санын сатып алу мүмкіндігі. Сұраныс заңы: сұранысқа әсер етуші факторлардың басқалары тұрақты болғанда, тауар бағасы төмендеген сайын, тауар саны өседі.

Сұранысқа әсер етуші факторлар:

1. Қызмет және тауар бағасы.

2. Тұтынушы талғамы.

3. Тұтынушы табысы.

4. Үй шаруашылығында табысты бөлу.

5. Алмастырушы тауар бағасы.

6. Нақты қызмет және тауарды жалпы сатып алушылар саны.

7. Инфляцияны күту.

Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru Р

 
  Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru

D

Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru Q

P – тауар бағасы, D – сұраныс қисығы, Q – сұраныстағы тауар саны.

Сұраныс қисығының бойындағы қозғалыстар сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол сатып алынған тауар санының өзгеруін, яғни тауар бағасының өзгеруін көрсетеді. Бағалық емес фактордың өзгеруі, сұраныс мінезінің өзгеруіне әкеледі. Бұл жағдайда, сұраныстың бағалық емес факторының өзгеруіне байланысты тұтынушылар көп немесе аз тауар сатып алады. Сұраныс қисығы оңға жылжыса – сұраныс өседі, ал керісінше солға жылжыса – сұраныс төмендейді.

1. Ұсыныс. Ұсынысқа әсер етуші факторлар. Ұсыныс заңы

Ұсыныс белгілі бір кезеңдегі нақты бір бағаға шығарылған, нарықта сатуға жіберілген өнім немесе тауар саның көрсетеді.

Нарықта тауар ұсынысына әсер етуші факторлар:

1. Тауар бағасы.

2. Өндіріс бағасы. Егер жаңа технология пайдаланған болса, онда шығын азайып, өнім көлемі өседі. Ол ұсыныс көлемін ұлғайтады.

3. Экономикалық ұсыныс бағасы. Ресурс бағасының төмендеуі, тауар снаының ұсынысын өсіреді.

4. Салық және субсидиялар. Салықтың өсуі ұсынысты төмендетеді, ал субсидия өндірістің кеңеюіне әкеледі.

Ұсыныс заңы тауар бағасы мен нарықтағы ұсыныс көлемі арасындағы тәуелділікті көрсетеді.Баға мен ұсынылып отырған өнім арасында тура байланыс бар: баға өскенде, ұсыныс көлеміде өседі немесе керісінше.

Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru P S

 
  Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru

Q

Ұсыныс қисығы – графиктегі тауар ұсыныс көлемінің өзгеруі баға деңгейіне байланысты.

S – ұсыныс қисығы.

Ұсыныс қисығының өзгеруі ұсыныс заңын көрсетеді.

Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының бойымен қозғалады және нақты шарттардағы бағаның өзгеруінде сатуға арналған тауар санының өзгеруін көрсетеді. Егер ұсыныс қисығы солға жылжыса, онда ұсыныс азаяды. Оңға жылжыса – ұсыныс өседі.

2. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы әрекеттесу. Нарықтық тепе-теңдік

Нарықтық тепе-теңдігі сатушы сатқысы келетін тауар көлемі мен сатып алушы алғысы келетін тауар көлемі сәйкес болғанда, яғни тауар бағасы мен тауар көлемі теңдігі болған жағдайда болады.

Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru P S

 
  Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru

Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru

D

Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru Q

Баға Pо нарықта ұсынылған тауар саны сұраныстағы тауар санына тепе-теңдік бағада берілсе. Ал басқа бағалар теңсіз деп аталады.

Pо бағасына сәйкес Qо тауар көлемі теңдік тауар көлемі деп аталады.

Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар:

· Сұраныстың ұлғаюы, тауар бағасы мен тауар көлемінің өсуіне әкеледі.

· Сұраныстың төмендеуі, тауар бағасы мен көлемінің төмендеуіне әкеледі.

· Тауар ұсынысының өсуі, бағаның төмендеуіне, бірақ тауар көлемінің өсуіне әкеледі.

· Ұсыныстың азаюы, тауар бағасының өсуі мен тауар көлемінің азаюына әкеледі.

Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru P S

P2

Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru

Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru P1 Дәріс тақырыбы. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. - student2.ru D

Qо Q

Егер нарықта баға P1(P1кішіP0) болса, онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болады. Бұндай жағдайда нарықта тауар дифициті болады(артық сұраныс). Ал егер теңдік бағадан баға жоғары (P2үлкенP0) болса, онда сұраныс көлемі ұсыныс көлем деңгейіне жетеді. Бұл жағдайда артық ұсыныс орын алады (артық өндіру).

3. Икемділік түсінігі. Сұраныс және ұсыныс икемділігі

Икемділік – бір экономикалық ауқымдылықтың екіншісінің өзгеруіне әсер ету деңгейі, процеенттік қатынастың өзгеруі. Баға бойынша сұраныс икемділігі мен табыс бойынша сұраныс икемділігі деген түсініктер бар. Баға бойынша сұраныс икемділігі – сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда, сұраныстың 1% қысқаруына байланысты сұраныс көлемінің өсуі. Икемділік өлшемі – коэфицент, бағаның 1%-ке өзгеруінен сұраныс проценті қаншаға өзгеретіндігін көрсетеді.

Ed=(QxP) / (PxQ);

Сұраныс икемді, егер икемділік коэфиценті сұраныс бірлігінен көп болса; сұраныс икемсіз, егер, бағалық икемділік бірден төмен болса; икемділік 1-ге тең, егер сұраныс Ed=1 болса.

Табыс бойынша сұраныс дегеніміз тауарға сұраныс деңгейінің проценттік өзгеруі, ол көбінесе табыстың 1%-ке өсуімен байланысты. Табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэфиценті:

Ed=(QxI) / (IxQ)

мұндағы I – халық табысы.

Ұсыныс икемділігі – ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда, ұсыныс көлеміндегі тауар бағасы 1%-ке өсуі. Баға бойынша ұсыныс көлемінің коэфиценті: Es=(QxP) / (PxQ).

Негізгі әдебиеттер: 7 нег. [27-28,43-58], 12 нег.[1-10], 11 нег. [5-8], 13 нег. [1-7],

Қосымша әдебиеттер: 13 қос. [3-57], 14 қос. [60-86]

Бақылау сұрақтары:

1) Нарықытқ экономиканың шаруашылықты ұйымдастырудың басқа нысандарына қарағанда тек өзіне тән қандай негізгі белгілері бар?

2) Икеміділік дегеніміз не? Ұсыныстың икемділігіне ықпал ететін маңызды факторы не болып табылады?

3) Нарықтық бағаның тепе-теңдігі дегеніміз не?

4) Сұраныс және ұсыныс икемділігі?

5) Ұсынысқа әсер етуші факторлар. Ұсыныс заңы дегеніміз не?

6) Сұранысқа әсер етуші факторлар. Сұрынс заңы дегеніміз не?

Наши рекомендации