Студенттердің өзіндік жұмысы.
Тақырып аттары | Жүргізу нысаны |
Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларының маңызы. | Доклад дайындау. |
Құқықтық норма және құқық қатынасының құрылысының сипаттамасы. | Реферат жазу. |
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылысы. | Кроссворд шешу. |
Мемлекет нысанының құрылысы. | Доклад дайындау. |
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының маңызы. | Есеп шығару. |
Азаматтық құқықтың ролі. | Схема құрастыру. |
Әкімшілік құқық негізінің жалпы сипаттамасы. | Реферат жазу. |
Қылмыстық құқықтың жалпы сипаттамасы. | Кроссворд шешу. |
Отбасы құқығының маңыздылығы. | Сот ісін жүргізу. |
Жер құқығының жалпы сипаттамасы. | Схема құрастыру. |
Қаржы құқығының реттелуі. | Доклад дайындау. |
Қазақстан Республикасының Салық Құқығының жүйесі. | Реферат жазу. |
Қазақстан Республикасындағы Банктің жүйесі. | Кроссворд шешу. |
Қазақстан Республикасының бюджет құқығының құрылысы. | Схема құрастыру. |
Сақтандырудың жасалу шарттары. | Доклад дайындау. |
Теориялық білімді бақылау үшін тексеру сұрақтары:
- Мемлекет және құқықтың пайда болуы теорияларын атап және
- оларға түсінік беріңіз?
- Мемлекеттің пайда болу, даму себептері қандай?
- Құқықтың қайнар көздерін атап оларға түсінік беріңіз?
- Құқықтық норма дегеніміз не?
- Құқықтық норманың түрлерін атап шығыңыз?
- Құқықтық қатынас дегеніміз не?
- Құқықтық қатынастың белгілерін атап шығыңыз?
- Құқықтық қатынастың түрлерін көрсетіп беріңіз?
- Конституция қашан және неше рет қабылданды?
- Біздің мемлекет қандай мемлекет болып танылады?
- Біздің мемлекетте билік қандай тармақтардан тұрады?
- Парламент неше палатадан тұрады және өкілеттік мерзімдері неше жыл?
- Үкіметтің құрамын және өкілеттік мерзімін айтып беріңіз?
- Қазақстан Республикасының сот жүйесін анықтап беріңіз?
- Мемлекет нысанының түсінігі?
- Мемлекеттің басқару нысанының түрлерін атаңыз? Парламенттік
- және Президенттік республиканың айырмашылығын атаңыз?
- Мемлекеттің құрылымдық нысаның түрлерін көрсетіп олардың
- айырмашылығын айтып беріңіз?
- Мемлекеттің саяси режимін түсіндіріп олардың түрлерін айтып
- беріңіз?
- Әкімшілік құқық дегеніміз не?
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті қандай?
- Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңды белгілерін атап көрсетіңіз?
- Әкімшілік құқық бұзушылықтың элементтері?
- Әкімшілік жазаның түрлерін атаңыз?
- Еңбек құқығы дегеніміз не?
- Еңбек құқығының тараптарының құқықтары мен міндеттерін атап
- көрсетіңіз?
- Жеке және ұжымдық шартының анықтамасын айтып беріңіз?
- Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты дегеніміз не?
- Азаматтық құқық дегеніміз не?
- Азаматтық құқықтың жүйесін және қағидаларын атаңыз?
- Азаматтық құқық қабілеті және әрекет қабілеттілігі дегеніміз не?
- Мәміленің түрлері мен нысанын атап беріңіз?
- Мүліктік игіліктер және жеке мүліктік емес игіліктерге түсінік беріңіз?
- Қылмыс дегеніміз не?
- Қылмыстық жүйесі неше бөлімнен тұрады?
- Қылмыстың элементтерін атап шығыңыз?
- Қылмыстың құрамын айтып беріңіз?
- Негізгі және қосымша жазаны атап көрсетіңіз?
- Отбасы құқығы дегеніміз не?
- Отбасы құқығының қағидаларын атап беріңіз?
- Некені бұзу және некеге тұру тәртібін анықтап беріңіз?
- Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттері?
- Жер құқығының түсінігі айтып беріңіз?
- Жер құқығының жүйесі, қағидалары қандай?
- Жер құқығының қайнар көздері?
- Жерге меншік құқығының түрлері?
- Қаржы құқықтың институттары неше бөлімнен тұрады?
- Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілерін атап шығыңыз?
- Қаржылық құқық бұзушылық дегеніміз не?
- Қаржылық құқық бұзушылықтың белгілерін атап көрсетіңіз?
- Қаржылық құқық жауапкершілік дегеніміз не?
- Салық дегеніміз не?
- Салық элементтерін атап беріңіз?
- Салық түрлерін анықтап беріңіз?
- Салық қызметі органдарының міндеттері мен құрылымы қандай болып келеді?
- Бюджет дегеніміз не?
- Бюджеттің жүйесін айтып беріңіз?
- Бюджеттік реттеу дегеніміз не?
- Бюджеттің құрылымын айтып беріңіз?
- Банк құқығы дегеніміз не?
- Банк құқығының институттарын атаңыз?
- Банкілік қатынастардың ерекшеліктері қандай?
- Сақтандыру құқығы дегеніміз не?
- Сақтандыру әдістерін атаңыз?
- Сақтандыру құқығының түрлерін айтып беріңіз?
- Сақтандыру құқығына қатысатын субъектілер?
- Сақтандыру шарты дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқаулар
Конспектілеу – тақырыпқа қатысты материалдарды қысқаша түйіндеп жазу;
Мәтіннің жоспарын құру – өткен сабақтардың жоспарының міндетті түрде болуы;
Тезис құру – оқыған материалдардың негізгі ойларын бір бет көлемінде етіп жазбаша түсіру;
Реферат дайындау – мақаланың, зерттеудің, құжаттың мазмұнын түйіндеп, тұжырымдап қысқаша баяндап жазу;
Дәйеккөз келтіру – мәтіннен, басқа бір автордың пікірінен нақты сөзбе-сөз дәйеккөз алу немесе дәйеккөз келтіру;
Мәлімет көшірмесі – алғашқы дереккөздерден алынған дәл ақпарат, оған міндетті түрде сілтеме жасалу керек.