Тарау. мемлекет меншiгiне алу 1 страница

Тарау. РЕКВИЗИЦИЯЛАУ

1-параграф. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялау

37-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар кезiнде реквизициялау туралы жалпы
ережелер

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялау халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан кепiлдi түрде қорғауды қамтамасыз ету үшiн құрылған материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттiк резервi болмаған немесе жеткiлiксiз болған кездегi ерекше жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялау төтенше жағдай аймағымен (төтенше жағдай туындаған белгiлi бiр аумақпен) және (немесе) төтенше жағдай аймағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен енгiзiлетiн төтенше жағдай кезеңiмен шектеледi. Төтенше жағдайлар кезiнде төтенше жағдай аймағынан тыс немесе төтенше жағдай кезеңiнен тыс реквизициялауға жол берiлмейдi.
3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қамтамасыз ету үшiн азаматтығына және мемлекеттiк тiркеу орнына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiне қатысты реквизициялауға жол берiледi.

38-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар кезiнде реквизициялаудың негiзгi
мақсаттары мен шарттары

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялау табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында, оның iшiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты азық-түлiкпен, дәрi-дәрмекпен, тұрғын жайлармен қамтамасыз ету, ұлттық экономиканың тұрақты жұмыс iстеуiне жағдайлар жасау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстар кезiнде өзге де материалдық проблемаларды шешу үшiн жүзеге асырылады.
2. Реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесiне мүлiктiң нарықтық құнын өтеу мүлiктiң меншiк иесiнiң таңдауы бойынша реквизициялау күнiне немесе мүлiктiң құнын өтеу күнiне айқындалады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде мүлкi реквизицияланбайтын ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
4. Мүлiктiң жекелеген түрлерiн реквизициялау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

39-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар кезiнде реквизициялау негiздерi

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталған кезде реквизициялауға «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес әзiрленетiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-қимылдар туралы жергiлiктi атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес жол берiледi.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимiн енгiзу кезiнде қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн төтенше жағдай режимiн енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы негiзiнде және соған сәйкес реквизициялауға жол берiледi.
3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялауға төтенше жағдайларды жою басшысының шешiмi негiзiнде қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде де жол берiледi.

40-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар кезiнде реквизициялау тәртiбi

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде жалпы басшылықты және реквизициялауды қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген төтенше жағдайлардың түрi (объектiлiк, жергiлiктi, өңiрлiк және жаһандық) мен сыныпталуына байланысты төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.
2. Реквизициялау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимiн енгiзу кезiнде мүлiктi реквизициялау осы Заңның 42 және 43-баптарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Жергiлiктi атқарушы органның реквизициялау туралы шешiмi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысының шешiмi негiзiнде шығарылады.
4. Шешiмде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүлiк туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
5. Реквизициялау туралы шешiм:
1) реквизициялауға жататын мүлiктiң тiзбесiн, мүлiктiң меншiк иесi және оның орналасқан жерi, реквизицияланатын мүлiктi жинайтын орын туралы мәлiметтердi, сондай-ақ реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi;
2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай аймағында реквизициялауды бақылауға және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;
3) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай аймағында мүлiктi алып қоюды жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;
4) кемiнде бiр бағалаушы енгiзiлуге тиiстi бағалау комиссиясының саны мен дербес құрамын;
5) реквизициялауды жүргiзу мерзiмiн;
6) өтем төлеу мерзiмдерiн;
7) реквизициялауды жүргiзуге қажеттi өзге де мәлiметтердi қамтуға тиiс.
6. Қажет болған жағдайда, оның iшiнде реквизициялануға жататын мүлiктiң тiзбесi, лауазымды тұлғалардың немесе бағалау комиссиясының дербес құрамы өзгерген кезде реквизициялау туралы шешiмге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.
7. Реквизициялау туралы шешiм және оған кейiннен жасалатын барлық өзгерiстер мен толықтырулар қабылданған кезден бастап екi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға, сондай-ақ онымен еркiн танысу үшiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы қолжетiмдi жерлерде орналастырылуға жатады.

41-бап. Реквизициялау туралы шешiм шығарылған мүлiктi
алып қою

1. Мүлiктi алып қойғанға дейiн меншiк иесi реквизициялау туралы шешiммен жеке қолын қойып танысуға тиiс.
2. Мүлiктi алып қоюды осыған уәкiлеттi лауазымды тұлғалар мүлiктiң меншiк иесiнiң (немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң) және бағалау комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен реквизициялау туралы актiнiң негiзiнде жүргiзедi.
3. Реквизициялау туралы акт:
1) реквизициялау туралы шешiмнiң деректемелерiн көрсете отырып реквизициялау жүргiзу негiздерiн;
2) мүлiктi алып қоюды жүргiзудiң уақыты мен орнын;
3) реквизициялауды жүргiзетiн лауазымды тұлғалар, бағалау комиссиясының құрамы мен мүшелерiнiң саны, реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесi, мүлiктi алып қою кезiнде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәлiметтердi;
4) салмағы, өлшемi, сапасы мен буып-түю түрi, құқық белгiлейтiн құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар көрсетiлген реквизицияланатын мүлiктiң тiзiмдемесiн;
5) мүлiктi бағалау туралы және өтемнiң мөлшерi туралы мәлiметтердi;
6) өтемдi төлеу мерзiмiн және жауапты лауазымды тұлғаны көрсете отырып, оны төлеудi қамтамасыз ететiн, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тиiстi атқарушы органды көрсетудi;
7) реквизициялау және реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi қамтуға тиiс.
4. Реквизициялау туралы акт кемiнде екi данада жасалады, оған уәкiлеттi лауазымды тұлғалар, бағалау комиссиясының мүшелерi мен мүлiктiң меншiк иесi немесе оның уәкiлеттi өкiлi қол қояды және актiнiң бiр данасы реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне табыс етiледi. Уәкiлеттi лауазымды тұлға екiншi данасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есеппен бiрге жiбередi.

42-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай режимiн
енгiзген кезде реквизициялау ерекшелiктерi

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай режимiн енгiзген кезде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметiнiң басшысы қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi мүлiктi реквизициялауды өзiнiң жеке жауапкершiлiгiмен дербес жүргiзуге құқылы.
2. Мүлiктi алып қою реквизициялау туралы актiнiң негiзiнде жүзеге асырылады, ол:
1) реквизициялау жүргiзудiң негiздерiн;
2) алып қоюды жүргiзудiң уақыты мен орнын;
3) реквизициялауды жүргiзетiн лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауға уәкiлеттi тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың деректемелерi көрсетiлген, реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесi, алып қою кезiнде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәлiметтердi;
4) салмағы, өлшемi, сапасы мен буып-түю түрi, құқық белгiлейтiн құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәлiметтер көрсетiлген реквизицияланатын мүлiктiң тiзiмдемесiн;
5) мүлiктi бағалау туралы және өтем мөлшерi туралы мәлiметтердi;
6) реквизициялау және реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi қамтуға тиiс.
3. Реквизициялау туралы актiнiң бiр данасы реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне берiледi.
4. Жүргiзiлген реквизициялау туралы есеп жасалады, ол қоса тiркелген реквизициялау туралы актiмен бiрге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына жiберiледi.

43-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай
аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтiру
жұмыстарын жүргiзу кезiнде реквизициялау

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ерекше жағдайларда авариялық-құтқару қызметтерiнiң немесе шұғыл медициналық көмек қызметтерiнiң жекелеген жасақтарының (бөлiмшелерiнiң) мұқтажы үшiн реквизициялауды осы жасақтың (бөлiмшенiң, экипаждың) бастығы дербес жүргiзедi.
2. Мүлiктi алып қою реквизициялау туралы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi, ол:
1) реквизициялауға негiз болған ерекше мән-жайлар туралы нұсқауды;
2) алып қоюды жүргiзудiң уақыты мен орнын;
3) реквизициялауды жүргiзетiн лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ өзге де қажеттi деректемелер көрсетiлген, реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесi, алып қою кезiнде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәлiметтердi;
4) салмағы, өлшемi, сапасы мен буып-түю түрi, құқық белгiлейтiн құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәлiметтер көрсетiлген реквизицияланатын мүлiктiң тiзiмдемесiн;
5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi қамтуға тиiс.
3. Реквизициялау туралы актiнiң бiр данасы реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне берiледi.
4. Авариялық-құтқару қызметтерi немесе шұғыл медициналық көмек қызметтерi жасағының (бөлiмшесiнiң, экипажының) бастығы есеп пен реквизициялау туралы актiнi қоса бере отырып, жүргiзiлген реквизициялау туралы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органды дереу хабардар етуге мiндеттi.

44-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар кезiнде реквизицияланған мүлiктi
қайтару

1. Реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимiнiң күшi жойылған немесе табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай тоқтатылған кезде сақталған мүлiктi осы бапта көзделген қағидалар бойынша қайтаруды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
2. Мүлкiн алып қойғаны үшiн өтем алмаған реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесi өзiнiң таңдауы бойынша мүлiктi қайтаруды және залалдарды өтеудi не өтемдi толық көлемде берудi талап етуге құқылы. Iшiнара өтем алған меншiк иесiнiң де осындай құқығы бар. Iшiнара өтем алған меншiк иесiне мүлiктi қайтару кезiнде залалдарды өтеу төленген сома ескерiле отырып жүргiзiледi.
3. Толық көлемде өтем алған реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесi мүлiктiң қайтарылған күнгi бағасы бойынша сақталған мүлiктi басымдықпен, бiрақ алынған өтем сомасынан аспайтындай сомамен сатып алуға құқылы.
4. Реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесiне мүлiктiң жекелеген түрлерiн қайтарудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленедi.

45-бап. Реквизицияланған мүлiк үшiн ақшалай өтем төлеу

1. Реквизицияланатын мүлiк үшiн ақшалай өтем Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес бюджет қаражатынан төленедi.
2. Өтем реквизиция туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмде, бiрақ реквизициялау туралы актiге қол қойылған кезден бастап күнтiзбелiк алпыс күннен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.
3. Өтемдi төлеудiң мерзiмi өткен кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыруының ресми ставкасы негiзге алынып есептелетiн мөлшерде нақты төленетiн күнге тұрақсыздық айыбы борыштың сомасына есептеледi.

46-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар кезiнде реквизицияланатын мүлiктi
есепке алу

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялауды жүзеге асырған мемлекеттiк орган реквизицияланған мүлiктiң есебiн жүргiзуге мiндеттi, онда алып қойылған мүлiктiң тiзбесi және реквизицияланған мүлiк пайдалану үшiн берiлген авариялық-құтқару қызметiнiң жасақтары (бөлiмшелерi) немесе өзге де ұйымдар туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды және оны табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдастырады.

47-бап. Реквизициялау кезiндегi меншiк иесi құқықтарының
кепiлдiгi

1. Реквизициялауды жүргiзу кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
2. Реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесi реквизициялау туралы шешiмге, сондай-ақ реквизицияланған мүлiктi бағалау және өтем мөлшерiне, оның iшiнде өтелетiн залалдардың мөлшерiне де сот тәртiбiмен дау айтуы мүмкiн.
3. Реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесiнiң мүлiктiң құнын және реквизициялаудан туындаған залалдарды өтеу туралы талабына талап қоюдың өту мерзiмi қолданылмайды.

2-параграф. Соғыс жағдайындағы iс-қимыл кезеңiнде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялаудың ерекшелiктерi

48-бап. Соғыс жағдайындағы iс-қимыл кезеңiнде қорғаныс
мұқтаждары үшiн реквизициялаудың негiздерi мен
тәртiбi

1. Соғыс жағдайы енгiзiлген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе iшiнара) кезде қорғаныс мұқтаждары үшiн реквизициялау Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында және тауарларды өндiрудiң, жұмыстарды орындау мен қызметтердi көрсетудiң тиiстi кезеңге арналған жоспарында көзделмеген мүлiкке қажеттiлiк жаңадан туындаған жағдайда жүргiзiледi.
2. Соғыс жағдайындағы iс-қимыл кезеңiнде қорғаныс мұқтаждары үшiн реквизициялау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабының нұсқамалары бойынша жүзеге асырылады.
3. Қорғаныс мұқтаждары үшiн реквизициялау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабының нұсқамасы бойынша жүзеге асырылады.
4. Әскери басқару органдары мен әскери бөлiмдердiң қорғаныс мұқтаждары үшiн реквизициялау жөнiндегi қызметiне жалпы басшылық жасауды және оны үйлестiрудi «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысының бұйрықтары негiзiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы жүзеге асырады.
Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

49-бап. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялауға жататын
мүлiк

1. Соғыс жағдайы енгiзiлген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе iшiнара) кезде қорғаныс мұқтажы үшiн қажеттi көлiк құралдары және өзге де мүлiктер реквизициялауға жатады.
2. Соғыс жағдайы енгiзiлген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе iшiнара) кезде соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету шаралары ретiнде реквизициялау қажет болған кезде реквизициялауға жататын мүлiктiң тiзбесiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қорғаныс мұқтажы үшiн мүлкiн реквизициялауға болмайтын ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
4. Жеке тұлғалардың реквизициялауға жатпайтын мүлкiнiң тiзбесi мен нормативтерiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, Қазақстан Республикасының халқын соғыс уақытында жабдықтау нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Ескерту. 49-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

50-бап. Соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждары үшiн
реквизициялаудың ерекшелiктерi

1. Соғыс уақытында соғыс iс-қимылдары жүрiп жатқан және жергiлiктi атқарушы органдар жұмыс iстемейтiн аумақта қорғаныс мұқтаждары үшiн қажеттi реквизициялауды, бұл туралы кейiннен Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарлай отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы дербес жүргiзедi. Реквизициялауды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы реквизициялауды жүргiзетiн жергiлiктi әскери басқару органдарына немесе әскери бөлiмдердiң командирлерiне (мекеме басшыларына) нұсқама бередi.
2. Мүлiктi алып қою реквизициялау туралы акт бойынша жүзеге асырылады, онда:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабы нұсқамасының деректемелерi көрсетiлген реквизициялау жүргiзудiң негiздерi;
2) алып қоюды жүргiзу уақыты мен орны;
3) реквизициялауды жүргiзетiн лауазымды адамның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауға уәкiлеттi адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың деректемелерi көрсетiлген, реквизицияланатын мүлiктiң иесi туралы, алып қою кезiнде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер;
4) салмағы, мөлшерi, сапасы мен буып-түю түрi, құқық белгiлейтiн құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәлiметтер көрсетiлген реквизицияланатын мүлiктiң тiзiмдемесi;
5) мүлiктi бағалау және өтем мөлшерi туралы мәлiметтер;
6) реквизициялау және реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтер қамтылуға тиiс.
3. Жүргiзiлген реквизициялау туралы есеп жасалады, ол қоса берiлген реквизициялау туралы актiлермен бiрге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабына жiберiледi.
Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Наши рекомендации