Жоспарлау мен болжамдаудың кезеңдері, әдіс пен тәсілдері
Бюджеттік жоспарлау - әр түрлі статистикалық, экономика-математикалық, сараптамалық және арнайы әдістер пайдалану аркылы іске асырылады. Негізінде бюджет - толық көлемдері бойынша барлык кірістер мен шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл әдіс бюджетпен карастырылған кірістер мен шығындардан басқа бір де біреуі болуға тиісті еместігін көрсетеді. Жоспарлауда бюджет құрудың бюджет-брутто және бюджет-нетто атты әдістері де қолданылады. Егерде бюджетте мемлекеттің барлық кірістік және шығындық қаржы операциялары көрсетілсе, онда мұндай бюджетті бюджет-брутто деп атайды. Ал егерде бюджеттің көрсеткіштері баптары бойынша сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни кірістердің әрбір баптары бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға жұмсалған шығындарсыз аныкталса, онда мүндай бюджетті бюджет-нетто деп атайды.
Мемлекеттің әлеуметті-экономикалық мақсаттарын іске асырудағы бюджеттің құрал ретіндегі рөлі өте маңызды болғандықтан, сол рөлді атқаруға сәйкес арнайы бюджеттендіру әдістері негізіндегі орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды қолдану қажет. Бағдарламалы-арнайы бюджеттелеу әдіс маңында бағдарламалық даму стратегия мен қолда бар бюджет ресурстары базасы және бюджеттік бағдарламалар жоспарлау негізі арқылы бюджеттік шығындарды жоспарлау, яғни алдымен елдің даму стратегиялык басымдылықтары анықталады, олар бюджет шығындарында көрсетіледі.
Бюджеттің жобасын құрастыру процесінде бюджеттік теңестірудің арнайы әдістері пайдаланады. Олар тікшіл (вертикальды) және көлбеулі (горизонтальды) тенестіру әдістерге бөлінеді. Мағыналары бойынша бұл әдістермен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қаржылық мұқтаждарын (жергілікті бюджеттердің шығындық бөлімі) нақты қаржы ресурстарымен (жергілікті бюджеттердің кірістік бөлімі) қамтамасыз ету мақсаттары шешіледі. Мысалы, тікшіл теңестіру әдістері көмегімен шығындық функцияларды іске асырудың қаржылық базасы камтамасыз ету мен биліктің әр деңгейлері бойынша бюджеттердің кірістік көздерін тиімді түрде бекіту әрекеттенеді.
Бюджеттерді кірістер бойы қалыптастырудың негізгі кезеңдері ретінде түсімдердің барлық түрлері бойынша болжамдық мөлшерлерін анықтау дәйектілік есептеледі. Барлық кезеңдердің ішіндегі ең маңыздысы - ол салықтық түсімдерді болжамдау кезеңі, содан кейін - маңыздылық мәні аз емес салықтық емес түсімдерді болжамдау кезеңі. Келесі кезендері - ол негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжамдау, ресми трансферттердің, берілген несиелерді өтеудің, қаржылық активтер сату мен Үкіметтік займдардың түсімдерін аныктау.
Алдағы жылғы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау Салық, Бюджет кодекстері мен басқа да нормативтік құкықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен қатар республика мен аймактардың орта мерзімді әлеуметті-экономикалык даму жоспарларының макро-экономикалык көрсеткіштері, елдің ортамерзімді фискалдык саясаттың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдауда пайдаланатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы корының мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының көлемі, импортты-экспорттық операциялардың көлемі, Ұлттык валюта курсы колдалынады.
Кірістер түсімін болжамдаудың негізінде келесі принциптер жатыр:
• республика бойынша болжамдық көрсеткіштердің есептемелер қалыптасуының бірыңғайлығы;
• болжамдық көрсеткіштер есептемелерінің мөлдірлігі;
• болжамдык көрсеткіштердің анықтығы мен объективтігі;
• барлық бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша әр ай мен тоқсанға бөлінген және жалпы жылға болжамдаған бюджет түсімдерінің есептемелері.
Болжамдайтын бюджеттік көрсеткіштер есептеуі жылдық бюджет көрсеткіштерінің есептеуінен біраз ерекшеліктері бар, себебі жылдық көрсеткіштер тікелей есептеулер әдістерімен анықталады. Ал мұндай әдістер кажетті мәліметтер жоқтығынан болжамдауда колдануы қиын. Сондықтан бюджет кірістерінің болжамдауы көбінесе әр түрлі динамикалық сипаттары бар әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Сондай әдістердің бірі - ол бюджеттің тұрақты сипаты бар кірістерді болжамдауда қолданатын экстраполяция әдісі, екіншісі - эксперт-мамандар жасап дәлелдеген тұжырымдар негізінде пайдаланатын эксперттік бағалау әдісі. Тәжірибеде, объективтік болжам алу үшін осы екі әдісті бірге колданады.
Бюджет кірістерін болжамдауда бюджеттік көрсеткіштерінің регрессия сызығы бойынша өзгерістер заңдылығын әшкерелеу максатта корреляциялық модельдер пайдалануы мүмкін. Мұнда бюджеттік көрсеткіштерді бюджет қалыптастыруға әсер ететін бірнеше факторлардың өзгеруіне байланысты қаралады. Бюджет кірістерінің әр түрлі факторлар өзгерістерінен функционалды байланыстылығын пайдалану сол кірістердің және жалпы шығындар көлемдерін аныктауға мүмкіншілік беретін экономико-математикалық модель құруға болады.