Енгізілетін мәліметтер

Аудандарды картада көру үшін: басты меню – аудандарды картада көрсету – керек ауданды таңдаймыз, аудан атының сол жағында төртбұрышқа тышқанның сол батырмасын басамыз. Сол сияқты бірнеше аудандарды қарастыруға болады. Барлық аудандарды көргіңіз келсе, барлық төртбұрышқа басу керек.

3.1-сурет - Аудандарды картада көрсету

Ғимараттардың белгілі бір түрін картада көрсету үшін: басты меню – ғимарат түрін көрсету – астында тұрған төмен қарап тұрған бағытты басамыз, шыққан тізімнен керек ғимаратты таңдаймыз.

3.2-сурет - Ғимараттарды картада көрсету

Маршруттар қалада бір жерден екінші жерге жету үшін қолданады. Программада маршруттар дерекқоры кварталдармен тығыз байланысты. «А» нүктесінен «Ә» нүктесіне баратын маршруттарды картада көру үшін: «А» және «Ә» нүктелерінің картада орналасқан кварталдарын тышқанмен шертеміз.

Шығарылатын мәліметтер

Әр бір аудан басқа ауданмен бірлесіп кетпеу үшін әр түрлі түстермен көрсетіледі. Қай аудан қандай түспен шығатын білу үшін: басты меню - аудандарды картада көрсету – аудандар аттарының түстеріне қарау керек.

Белгілі бір ғимарат түрі таңдалған соң картада 3.4 суреттегідей леп белгілерімен көрсетіледі.

3.3-сурет - Ғимараттардың картада көрсету белгісі

«А» және «Ә» нүктелері картаға енгізілген соң экранда 3.3 суреттегідей табылған маршруттар тізімі пайда болуы керек. Әр бір маршрут картада жеке көрсетіледі, ол үшін маршруттардың біреуін тышқанмен шерту керек.

3.4-сурет - Табылған маршруттар тізімі

Анықтамалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі барысында біз келесі көріністерді көреміз:

3.5 – суретте Алматы қаласына арналған анықтамалық жүйенің бастапқы беті келтірілген. Бұл бөлімде кіру, көмек, программа авторы, шығу батырмалары бар.

3.5-сурет - Бастапқы бет

3.6 – суретте кіру батырмасы арқылы жүйеге кіргеннен кейінгі ашылған беттің көрінісі. Біз көріп отырғандай бұл бөлімде, басты меню, аудандарды картадан көрсету, ғимараттар туралы көрсету, өзгерген кездердегі аудандар атаулары және артқа батырмасы келтірілген.

3.6-сурет - Анықтамалық жүйенің бастапқы бет

3.8 – суретте Қолданушыға қажетті ақпараттарды білу кезінде ыңғайлы болуы үшін көмек шақыру беті.

3.8-сурет - Көмек беті

3.9 – суретте Кіру батырмасымен кіргеннен кейін, Алматының аудандары туралы картаны көруге арналған парақша. Бұл парақшада бізге Алмалы ауданының картасы келтірілген, сол сияқты барлық аудандарды көруімізге болады.

3.9-сурет - Алмалы ауданының картасы беті

ОРЫТЫНДЫ

Бұл практикалық жұмыста қажетті ақпараттарды тез әрі жылдам уақытта көруге, іздеу жүйесіне көп назар аударылды. Тәжірибеден алынған маңызды мәселе - іздеу нәтижесіндегі ақпараттардың дәлділігін арттыру және іздеуге кететін уақытты үнемдеу. Ақпарат ресурстарының масштабы мен саны әрдайым өсуде. Сондықтан дәл ақпарат көзіне жетуге кететін уақытты азайту үшін, іздеу жүйелеріне өзгертулер мен жаңа әдістерді енгізіп отыру қажет. Қазіргі таңда іздеу жүйелерін жүзеге асыру үшін дерекқорлар пайдаланылады.

­­­­­ Берілген ақпараттық жүйе уақыт өтуімен өзгеруі немесе толықтырылуы және заман талабына сай өзгертіліп тұруы мүмкін. Практикалық жұмысты құру барысында HTML, XML(Extensible Markup Language, белгілеудің кеңейтілген тілі), DHTML (Dynamic Hyper Text Markup Language, динамикалық гипермәтінді белгілеу тілі) PHP ("PHP: Personal Home Page "), JavaScript тілдері, интернет технология негізінде құрылды. MySQL дерекқорлармен жұмыс істеуден үлкен тәжірибе алдым.

Алматы қаласы бойынша анықтамалық ақпараттық жүйе практикалық жұмысында негізінен Алматы тұрғындары мен оның қонақтарына қала туралы, оның ішіндегі аудандардағы ақпаратты толық білуіне көмек беретін ақпараттық жүйесін құру болып табылады.

Жұмыстың нәтижесінде алынған программалық өнім болашақта қолданыста болады деген ойдамын.

Наши рекомендации