Шығармашылық деңгей

27 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің кажеттілігі неде?

Жоғарыда айтылған тарифтер мен жеңілдіктер, квоталардың сіздің ойыңызша кайсысы елімізді дамыған, неліктен?

Тақырып 4. Сыртқы экономикалық қызметтегі кеден операциялары Мақсаты:Сырткы экономикалық кызметтегі кеден операцияларын жүзеге асыруды көрсету

18 Сыртқы экономикалық байланыс жэне кедендік операциялар

19 Кедендік операцияларды жүргізу барысы

1. Сыртқы экономикалық байланыс жэне кедендік операцияларҚазіргі уақытта шетелдермен сыртқы экономикалық байланыс жүргізу, әлемдік нарықта пайда табудың мүмкіндіктерін қарастыру - менеджменттің экзотикалық формасы емес, кез-кеген кэсіпкерліктің кез-келген түрі үшін қажеттілік болып табылады. Сыртқы экономикалық байланыстың қажеттілігі келесі себептерге байланысты:

- кәсіпорынның жоғары кірісті болуы үшін саясат жүргізу үлттық шекарада көп жағдайларда шектелген болады, кейде оны "барлық шөп жилініп біткен" сөзімен алмастырады;

- шикізат қоры мен түтушылардың эртүрлі болуы елдерде баганың көп төмендеуіне экеліп соқтырады жэне өзара тиімді алмастыруларға кері жагдайлар жасайды

- еңбек ресурстарының сапасы мен санының эртүрлілігі, олардың квалификациясы, түтыну деңгейі мен нақты жалақысы мөлшері эртүрлі елдерде бүл факторларды кірістің көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді:

- экономикалық дамуда артта қалған елдер үшін халық санының көп болуы бұл нарықта жогарғы технологияларды, тауарларды сатып алуға қолдануға мүмкіндік береді

- қызмет көрсету саласы дамымаған, сонымен қатар тауарлармен кызметтерге үлкен сүраныс болатын елдерде жағдайын жақсарту бүл бағыттағы халықаралық экономикалық саясатты маңызды етеді;

- үлттық нақыштағы тауарлардың әлемдік нарыққа шығуы сыртқы экономикалық саясат үшін маңызды, оларды мақсатты түрде отандық нарықта өндіріп, шетелге сатады;

Қазіргі сыртқы экономикалық саясатқа оң әсер етушілер:

- элемдік экономиканың жақандануы, ягни елдер арасындағы саяси жүйе, шаруашылык қатынастардың үнемі дамуы мен кеңеюі;

- бүкіләлемдік жэне аумақтық қаржы-кредиттік жүйенің біртүтастығын кұру - хаықаралық экономиканың негізі болып табылады;

- мемлекеттер арасындағы тауар қатынастарын жеңілдететін барлық трнаспорт түрлерінің жедел дамуы;

- келіссөз жүргізу процесін жеңілдететін байланыс қүралдары мен комуникация жүйенің (телефоннан интернетке дейін) жедел қарқынмен дамуы;

Халықаралық саудаға кері әсер етушілер:

*

қатысушы мемлекеттердің нормативтік документтерінің сәйкес келмеуі; ұлттық ақшаны айырбастау;

мемлекетте саяси және сонымен қатысты экономикалық тұрақсыздық;

мемлекеттік стандарттардың шикізатқа, материалға жэне тауарларға байланысты

айырмашылықтары;

документтерді рәсімдеу қиындыктары;

кеден барырлері (жоғары кедендік төлемдер, қиын ережелер) тілдік барыр;

Сыртқы экономикалық байланыс жэне оның негізгі багыттары туралы шешім қабылдау үшін ең бастысы потенциалды әріптестің шаруашылық деңгейінің салыстырмалы анализі мен сол мемлекетте саяси-экономикалық жэне үлттық-мэдени жағынан танып білу болып табылады.

Шаруашылық деңгейінің дамуына байланысты мемлекеттер келесі топтарға жіктеледі:

44. қазіргі заманғы өндірісті жэне дамыган нарықтық қатынастагы;

45. дамыган нарықтық қатынас жолында келе жатқан өндірістің мол мүмкіндіктері бар;

46. өз өндірісін дамытушы, қазіргі замангы ауылшаруашылык өндірісі мен нарықтық экономикасы бар елдер;

47. шикізат экспортына бағытталған, дамымаған өндірісі бар бай елдер;

48. мол шикізат қоры мен еңбек ресурстарына өте бай және экономикалық дамудың алғашқы сатысында келе жатқан кедей елдер;

Сонымен, бірінші топтағы елдер барлық басқа топтағы мемлекеттермен еркін өзара байланыста, яғни тауар амаса береді, ал екінші топтағы елдермен ең алдымен үшінші және бесінші топтағы мемлекеттермен экономикалық қатынастарды дамытуға тырысады.

Мемлекеттегі саяси-экономикалық жағдайды - яғни бизнес бойнша потенциалды әріптестерді таңдау келесі белгілері бойынша сипатталады:

елдегі саяси тұрақтылық; азаматтық қогам, демократиялық бостандық.

Халықтың өмір сүру деңгейі "экапорттық - импорттық климат"

Мемлекеттің валюталық саясаты;

Мемлекеттің экономикалық саясаты; льготалар, қүқық қорғау, заңдар мен қауіпсіздікті сактау туралы кепілдік.

Мемлекеттің ұлттық-мэдени ерекшеліктерін білу табысты кәсіпкерлік үшін маңызды роль атқарады. Мысалы, кәсіпкер неміс халкының бірінші асты ішпейтінін, мүсылмандармен иудейлердің шошқа етін жаратпайтынын, корей халқының ит етін, татарлардың жылқы етін, ал француздардың бақаларды жейтінін білуі қажет.

Фирманың (кәсіпорынның) сырқа шығуы кәсіпорнның ішкі қажеттілігін не шеттен келген үсыныстармен байланысты болуы мүмкін. Осы жағдайларда тауардың қандай түрі жэне қандай мөлшерде шығарылуы мен әкелінуі, сонымен қатар кандай елдерден жэне қай елдерге, қандай нарыққа бейімделуі керектігін шешіп алу керек.

Нарықты таңдау барысында келесі жағдайларға көңіл аударған жөн: мүмкін сатулар мен жеткізулер көлемі;

бизнестің ұлғаюы үшін даму перспективалары мен тенденциялары; нарықтың көлеміне бэсекеге қабілетті тауарлардың болуы;

жағдайдың белгісіздігі мен информацияның жоқтығына байланысты тэуекелдік;

Кэсіпорынның сыртқы экономикалық іс-эрекетінің формалары.

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық істері негізгі 3 формада жүзеге асады: экспорттық-импорттық операциялардың жүргізілуі кезінде; шетел инвестициялармен кэсіпорын құру жолымен; бірігіп жұмыс жасау нәтижесінде;

Экспорттық-импорттық операциялар 2 түрлі тәсімен жасалуы мүмкін: тікелей жэне

жанама

*

Тікелей операциялар кезінде кәсіпорын экспорттык-импорттық операцияларды өздері жүргізеді. Бұл кезде олар өздерінің жеке маманданған істерін қолданады, сонымен қатар шетел агенттері арқылы әсер етеді.

Ал жанама операциялар кезінде бұл операциялар тэуелсіз делдалдар арқылы жүзеге асады, яғни халықаралық сатушылар арқылы.

Тікелей операциялар алғашқы капиталдың көп болуын, даярланған кадрларды, шетелде орналастырылған аппараттар мен үлкен тәжірибені қажет етеді. Сондықтан мұндай операцияларды ресурстары мол үлкен кәсіпорындар жүргізеді.

Жанама операциялар онша үлкен емес кэсіпорындарға, яғни халықаралық комерцияны енді бастағандар мен тәуекелге барудан бас тартатындарға тэн.

Экспорттық-импорттық операциялардың активті жэне пассивті түрлері болады. Активті түрі шетел мен отандық нарыкты дамыту стратегиясымен байланысты, пассивті - күнделікті тапсырмаларды шешуді мақсат түтады.

Экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу технологиясы мына циклдар бойынша жүзеге асады:

Нөлдік цикл - экспорт пен импорт көлемін анықтау. Мұнда экспорттык қажеттіліктерді анықтау жүреді.

Бірінші цикл келесі қадамдардан түрады:

экспортер нарықты зерттейді және сатылу туралы болжаулар жасайды; импортер де зерттеп, сүраныс не тапсырыс жасайды;

экспортер импортерден сұраныс не тапсырыс алғандығын растайда жэне оның шарттарын сараптайды;

импортер экспортерден үсыныс алғандығын растайды және шарттарын талдайды; экспортер сауда әріптесін таңдайды, импортер таңдаумен не келіседі не келіспейді;

Екінші цикл - контракт жасау:

экспортер тапсырысты кабылдап проектің контрактын даярлайды.

Импортер де, өзара келіседі.

Үшінші цикл - контрактың орындалуын қамтамасыз ету:

қажет жағдайда экспортер импорттық лицензияны даярлайды.

Жүкті сақтандырады, шекарадан өткізу документтерін даярлау екі жақта.

Импортер банкі экспортерге ақша аударады.

Төртінші цикл - тауарды яғни жүкті тиеу, алып бару:

экспортер тауарды шығарып беруге даярлайды және дейін жеткізеді.

Келісілген жерге дейін жеткізеді.

Экспортер елі жүкті тексереді

Экс пен имп тауарлардың шекарадан өткендігі туралы ақпарат алады.

Импортер кедені тексереді, салықтар мен алымдар белгілеп, тауардың аынуына рұқсат береді. Бұл "жүктің кедендік тазартылуы" деп аталады.

Бесінші цикл - есептеу операциялары:

экспорт импортке коммерциялық агентті жібереді. импорт бағасын келіскендей төлейді.

Алтыншы цикл - қорытынды операциялар: есеп жасалынады

2. Кедендік операцияларды жүргізу барысы.Сыртқы экономикалық байланыс кезінде тауар шекарадан өтетіндіктен оны текскру керек. Яғни заң жүзінде істің атқарушы мен мемлекеттердің құқықтарын қорғау. Бұл жүмыстарды кеден қызметі атқарады. Олардың негізгі міндеттері шекарадан өткен жүкті қадағалау мен оларға салық белгілеу болып табылады. Кеден бекеттері тауар өтетін шекараларда, порт-қалаларда болады. Олар теміржол, теңіз, эуе кедендері болуы мүмкін.

Кеден операциялардың жүргізу кезінде міндеттері: кеден заңдарын сақтау

- тауарды тексеру

контрабандамен күрес

*

тыиым салынған тауарларды тәркілеу кеден алымдары тауарды сақтауға алу - тауарларды тіркеу

Шекарадан өту кезінде кеден декларациясын, тауардың жасалуы жөнінде құжат, экспорттық не импорттык лицензия, санитарлык тексеру туралы мэлімет көрсетуі тиіс. Кедендік төлемдердің келесі түрлері бар: кедендік баж

кедендік рәсімдеулер, тауарды өткізу, ақпарат беру, лицензия беру үшін төлемдер акциздер

қосылған құн салығы

Шекарадан өтетен тауарлар мен транспорт кұралдарына кедендік режим орнатылған:

49. импорт - елге әкелінетін тауарлар

50. реймпорт - салық пен төлемдерді 1 рет төлейді.

51. транзит - тауарлар екі ел кедендерінің арасында төлемсіз жүреді

52. кедендік склад (қойма) - сақтау

53. бажсыз сату дүкені - аэропорт, порттарда бажсыз түру

54. тауардың уақытша әкетіуі мен әкеінуі- кедендік салықтан босатып тауарды колдану

55. экспорт - тауарлар сыртқа шағарылады

56. реэкспорт - алдын-ала әкелінген тауарлар

57. мемлекет пайдасына тауардан бас тарту - тауар иесі бас тартады

58. тауарды жою - көзі жойылады.

Орытынды

Фирманың (кәсіпорынның) сырқа шығуы кәсіпорынның ішкі кажеттілігін не шеттен келген үсыныстармен байланысты болуы мүмкін. Осы жағдайларда тауардың қандай түрі жэне қандай мөлшерде шығарылуы мен әкелінуі, сонымен қатар қандай елдерден жэне қай елдерге, қандай нарыққа бейімделуі керектігін шешіп алу керек.

Сыртқы экономикалық байланыс және оның негізгі бағыттары туралы шешім қабылдау үшін ең бастысы потенциалды әріптестің шаруашылық деңгейінің салыстырмалы анализі мен сол мемлекетте саяси-экономикалық және үлттық-мәдени жағынан танып білу болып табылады.

Наши рекомендации