Тақырып. Әлеуметтік саясаттың мәні , прициптері және негізгі категориялары
Негізгі мақсаты:Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты- қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп қатерден қорғауға кепілдеме беру.
Негізгі түсініктер:әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсету ұғымдары
Жоспары
1. Әлеуметтік саясаттың мәні .
2. Әлеуметтік саясаттың негізгі категориялары
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне-әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқытық табиғаты, мемлекеттың әлеуметтік процесстерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші- әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші- бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші- әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің болуы саяды, бесінші- қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуі жатады, алтыншы- өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары деңгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы-құқытық мемлекет құру принциптерінің ролін төмендеткен жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық құқығы мен бостандығының басымдылығы-демократиялық мемлекеттің де әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Дегенмен, әлеуметтік мемлекет өзінің өркендеу жолында, қоғамның әрбір мүшесінің тіршілік етуіне лайықты жағдай жаскауы үшін заңды түпде жарияланған азаматтық құқық пен бостандық мазмұнының шынайы кеңеюіне ұмтылады.
Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршілік ету деңгейінің жоғары болуы-әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігінің төмендейді, мелекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен бостандық заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады. Әлеуметтік мемлекеттің өмір суруі құқықтық мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы негізгі құрал болғандықтан тиімсіз құқытар санын мейлінше азайып, мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сүғуына заңды түрде шектеу қойып, нақты ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты айтқанда, тұлғаның жеке өмірін қорғауға және қолдауға тырысу- әлеуметтік және құқықтық принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десек те, құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқада игіліктерді бөлу процесіне қатыспауын да мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда болатын теңсіздіктерді болдырмауға тырысады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты- қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты- саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын қәсіпорын қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке меншіктік.
Қазіргі кезеңде демократиялық мемлекет бәсекелестікті шектеу мен оны қайта қалпына келтіру арасындағы тәсілді ұстануға, өз әрекеттерінде құқылық және әлеуметтік принциптердің тиімді мөлшерін табуға ұмтылуда. Кез келген қоғам тіршілік құрылымының ғылыми тұрғыда дәлелденген үлгісіне, нақты белгіленген мақсатқа сүйене отырып, дами алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетіген. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси ерік-жігер, соған сәйкес саяси реформалар жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және басқа да алғы шарттарды дамыту қажет.
Қазақстан алдында сапасы мен саны әлемдік нарыққа сай келетін жалдамалы еңбекке жалақы төлеуді ұйымдастыру міндеті тұр. Сонда ғана реформаның жағымды нәтижесі туралы айтуға болады. Мемлекеттік биліктің қандай түрі болғанына қарамастан, жуық арада өндірістік процестер мен қажеттіліктерді үйлестіре алмайды, сондықтан да таяу арада бізде әлеуметтік мемлекет құрылуы өте қиын. Әлеуметтік мемлекеттің жемісті өмір сүруі- қоғамның барлық топтары мүддесіне қызмет ететін, дамыған экономика негізінде ғана қалыптасады.
Соған қарамастан, белгілі сипаттамасы бар әлеуметтік мемлекет туралы ереже Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілуге тиіс, ол өкімет билігіндегі және қарапайым азаматтардың өз міндеттерін есіне салатындай болуы керек. Ол мемлекеттің негізгі функциясы мұқият қарастыруды қажет ететін маңызды мәселе болып табылады. . Ол- мемлекеттің алғаш заңдастырылған міндеттері болғандықтан жэне әлеуметтік сапаға жетуге жасаған қадамы болғандықтан, қоғам және түлға қатынастарының өзгеруінің бастамасы болды. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру өндірістегі материалдық игілік-жасына, жынысына, денсаулық, т. б. жағдайына қарамастан қоғамның барлық мүшесіне тиісті болуы керек. Әлеуметтік қамсыздандыруды қалыптастыру кезеңі қүқықтық негіздің пайда болу мен әлеуметтік процестерді қүқықтық реттеу функциясын мемлекеттің өз міндетіне алуымен тікелей байланысты.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:
Ø Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.
Ø Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.
Ø Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.
Ø Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.
Ø Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.
Ø Әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық
үй т.б. ) дамыту.
Ø Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.