Кәсіптік тәжірибенің жиынтық мәліметтері 2 страница
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай/2 жыл 10 ай
Индекс | Пәндер мен кәсіби модульдердің оқу циклдері | Пәндер мен кәсіби модульдер бөлімдерінің атауы | Қалып тастыру құзыретінің коды |
ЖБП 00 | Жалпы білім пәндері | БҚ 3.1 | |
ЖГП 00 | Жалпы гуманитарлық пәндер | ||
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - іскерлік қазақ тілі негізін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); оқылатын мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу қолынан келуі керек. | Кәсіби қазақ тілі (оқудың қазақ тілінде жүрмейтін топтарында): қазақ тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. | БҚ 3.5 |
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - іскерлік орыс тілінің негіздерін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу қолынан келуі керек. | Кәсіби орыс тілі (оқудың орыс тілінде жүрмейтін топтарында): орыс тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. | БҚ 3.5 |
ЖГП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен) қолынан келуі керек. | Кәсіби шетел тілі: кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал; тіл қызметінің әр түрлі түрлері және тіл формалары (ауызша, жазбаша, монолог пен диалог түрінде); кәсіби-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. | БҚ 3.5 |
ЖГП 0.3 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі керек: - тарихи деректердің алу көздерін; - ерте заманнан осы күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолын. істеуі керек: - тарихи оқиғаның мазмұның жеткізуді; - картамен жұмысты; - тарихи ақпаратты талдауды; - тарихи мәселерде пікір-таласқа қатыса алуды. | Қазақстан тарихы Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының негізгі деректері мен үдірістері; Қазақстанның ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының жүйелілігі; Қазақстанның негізгі кезеңдерінің хронологиялық кестесі; Қазақстан тарихының кезеңдері. | БҚ 2.2 |
ЖГП 0.3/0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін; дене тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылу формаларын; дұрыс тамақтану принциптерін білуі керек; әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын орындау және спорттың жеке түрлері бойынша нормативтерді тапсыру қолынан келуі керек. | Дене тәрбиесі: маманды дайындаудағы дене шынықтырудың ролі; дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері. | БҚ 3.8 |
ӘЭП 00 | Әлеуметтік-экономикалық пәндер | ||
ӘЭП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: Ұғымдарды: - конфуциандылықты, даосизмді, ежелгі Қытай өнерін; - Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның басты жетістіктерін; - ислам пайда болуын, оның ерекшеліктерін, басты догмаларын; - христиан білімінің негізгі принциптерін және оның құнды бағыттарын; - Ашель мәдениетінің ерекшеліктері - әдебиетінің дамуы, пәлсапасы; - көшпенділердің өмірі және құндылық жүйесі туралы; - орта ғасырдағы қазақ этнасының мәдени негізі туралы; - Қазақстанның орта ғасырдағы мәдениетіне түрк және араб мәдениетінің ықпалы туралы; - білім, ғылым және мәдениеттің дамуының басты кезеңдерін және материалдық негізін білуі керек; - ежелгі Азия мәдениетінің ерекшеліктерін аша білу; - мәдениеттану ұғымдарын еркін қолдану; - көшпенділердің материалды және рухани және мәдениетінің ерекшеліктерін, оның қоғамдық мәдениеттегі орнын көрсете білу қолынан келуі керек. | Мәдениеттану: мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі туралы; мәдениеттің құрылуы; мәдениет және өркениет; Конфуций және Дао мәдениетінің түрі; мәдениеттің Үнді-буддалық түрі; Ислам мәдениетінің әлемі; мәдениеттің христиандық түрі; батыс Европа мәдениеті және оның қазіргі кезеңдегі дүние жүзінің дамуына ықпалы; Африка мәдениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; көшпенділік өркениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті; XVII-XIX ғасырлардағы қазақтардың мәдени дәстүрлері; XX-ғасырдағы Қазақстан мәдениеті; қазіргі замандағы мәдениет. | БҚ 3.6 |
ӘЭП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - әлемнің пәлсапалық діни және ғылыми көрінісі, адам өмірінің мәні туралы; - ғылымның және ғылыми таным ролін, оның құрылымы, түрлері және әдістерін, әлеуметтік және этикалық мәселелері туралы білуі керек; - адамның тәртібіндегі саналы және санасыз мінез-құлығын, санасының мәнін анықтай алу; - адамдар арасындағы қарым-қатынасының өнегелік нормаларын реттей алу қолынан келуі керек. | Философия негіздері: пәлсапа пәнінің қызметі мен функциялары; материализм және идеализм - пәлсапаның басты сұрағы; әлемдік пәлсапалық ойдың басты белгілері; адам табиғаты және оның тіршілік ету мәні: адам және Құдай; адам және ғарыш; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі; құндылықтардың акмеологиясы және табиғаты; адами таным және қызметі; ғылым және оның ролі; ғаламдық мәселелер алдындағы адамзат. | БҚ 3.6 |
ӘЭП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - саяси жүйе мен саяси тәртіп туралы ұғымдарды; - биліктің бөліну принциптерін; - саяси партияларды қоғамдық ұйымдардан айыра білуді; - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қарым-қатынас туралы білуі керек; - үкімет маңыздылығын, саясат субъектілерін, саяси қарым-қатынас және процестерді (Қазақстанда және тұтас дүние жүзінде) аша білу; - қоғам мен тұлғаның дамуы және қызмет етуінің заңдылықтарын айыру қолынан келуі керек. | Саясаттану және әлеуметтану негіздері: саясаттану пәні, саяси үкімет және билік қарым-қатынастары; мемлекет – саяси жүйенің басты институты; саяси жүйе және саяси тәртіп, саяси партия және қоғамдық ұйымдар; көппартиялық; сыртқы және ішкі саясат; Қазақстандағы билікті ұйымдастыру; әлеуметтану ғылым ретінде; әлеуметтанудағы кластық және стратификациялық көзқарастар; тұлға ролі және оның мінез-құлқы. | БҚ 3.6 |
ӘЭП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - экономикалық теорияның жалпы жағдайын; - еліміздегі және шет елдердегі экономикалық жағдайларды; - макро - және микроэкономикалық негіздерін, салық, ақша-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясатты білуі керек; - өз кәсіби қызметінде бағыт алу үшін қажетті экономикалық ақпараттарды табу және пайдалану қолынан келуі керек. | Экономика негіздері: мақсаттары, басты ұғымдары, қызметі, мәні, принциптері; меншік формалары мен түрлері, меншікті басқару; жоспарлар түрі, олардың басты сатылары, мазмұны, стратегиялық жоспарлануы; жоспарларды экономикалық негіздеу және болжауды әзірлеу әдістері; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; халық тұтынымы тауарларын және қызметінің нарықтық жағдайларын. талдау; нарықтық инфрақұрылым. | БҚ 3.2, 3.6 |
ӘЭП 0.5 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - азаматтың құқығы және міндеттері, оларды іске асыру механизмдері туралы; - Конституция мәні, биліктің бөліну принциптері, парламент және үкімет қызметі туралы; - құқықтың субъектілері мен объектілері туралы; - құқық бұзу және қылмыс туралы білуі керек; - өз кәсіби қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана білу қолынан келуі керек. | Құқық негіздері: құқық – ұғым, жүйе, көздері; құқықтың ежелгі, орта ғасырдағы, Жаңа замандағы дамуы; құқықтың Қазақстандағы даму тарихы; ҚР Конституциясы – мемлекеттің басты заңы, құқықтық жүйенің өзегі; адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы – халықаралық саяси құжат; құқықтық мемлекет – заң үстемділігі және азаматтық қоғам; құқықтың басты салалары; ҚР сот жүйесі; құқық қорғау органдары. | БҚ 3.3 |
ЖКП 00 | Жалпы кәсіби пәндер | ||
ЖКП 01 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті: сызбаларды рәсімдеу ережелерін; КҚБЖ; сызбалардағы көріністердің орналасуын; сызбалардағы проекциялық көріністерді; қималарды және тіліктерді; алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын қосылымдарды білуі керек; сызбаларды оқу; эскиздер мен техникалық суреттерді орындау қолынан келуі керек. | Сызу: сызбаларды рәсімдеу ережелері; КҚБЖ; сызбалардағы геометриялық құрылулар; сызбалардағы проекциялық көріністер; сызба және бөлшектің изометриялық проекциясы; геометриялық фигуралардың жаймалары; сызбалардағы көріністердің орналасуы; қималар мен тіліктер; тік бұрышты және аксонометриялық осьтердегі түрлерінің, қималар мен тіліктерінің қажетті және жеткілікті сандарын қолдана отырып, бөлшектер сызбасын орындау; машинажасау сызуы; машинажасаудың сызбасын оқу; алмалы-салмалы қосылымдар; алынбайтын-салынбайтын қосылымдар; құрастыру сызбасы, жұмыс сызбасы, бөлшек эскизі, бөлшектің техникалық суреті, құрастыру сызбасы бойынша бөлшектеу. | БҚ 3.1 |
ЖКП 02 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті: машиналар мен механизмдер жіктеуін; бөлшектерді қосу түрлерін; айналу қозғалысының беріліс түрлерін; деформацияның негізгі түрлерін; шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулерін білуі керек; бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді айыра білу; беріліс сандарын анықтау; серпімділік пен кернеуінің ішкі және сыртқы күштерін айыру қолынан келуі керек. | Техникалық механика негіздері: механизмдер мен машиналар жіктеуі; механизмдер бөліктері; механизмдер кинематикасы (механизм және машина, кинематикалық жұптар және тізбектер, кинематикалық жұптар типтері); бөлшектер мен жиналмалы бірліктер: жіктелуі, арналуы және оларға қойылатын талаптар; бөлшектерді қосу түрлері (алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын); айналу қозғалысының беріліс механизмдері; айналу қозғалысы берілісінің түрлері (механикалық, белдікті, фрикционды, тісті, тізбекті, бұрамалы): арналуы, сипаты, құрылымы, белгіленуі және кинематикалық схемасы; беріліс саны; абсолюттік қатты дене; деформацияның негізгі түрлері және олардағы кернеулерді бөлу; сыртқы күштер және олардың түрлері; серпімділік пен кернеудің ішкі күштері; істегі, шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулер. | БҚ 3.1 |
ЖКП 03 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті: электрлік және магниттік тізбектерін; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектерін; электрлік құрылғыларын; электрқуатының өндірілуін, таратылуын және қолданылуын; электржетекті және электравтоматиканы білуі керек; электрсхемаларын оқу; электрөлшеуіш аспаптарын қолдану қолынан келуі керек. | Жалпы электртехника: электрлік және магниттік тізбектер; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектері; электрлік құрылғылар; электрөлшеуіш аспаптары; электронды аспаптар мен құрылғылар; трансформаторлар; электрлік машиналар мен аппараттар; электрқуатын өндіру, тарату және қолдану; электр станциялары, желілері және электрқуатымен қамтамасыз ету; электржетек және электроника. | БҚ 3.1 |
ЖКП 04 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті ОС WINDOWS түрлерін; WORD мәтіндік редакторын; EXCEL электронды кестелерін; Corel DRAW векторлық редакторын; вирустардан қорғануын; WinZip архиваторын; ОС DOS; Norton Commander сыртқабықша бағдарламасын; бағдарламалық тілдерін; автоматты реттеу негіздерін; автоматты реттегіштердің жұмыс істеу принципін, функциялық және құрылымдық схемаларын білуі керек; жұмыста және күнделікті өмірде дербес компьютерді қолдану; автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшуді жүзеге асыру қолынан келуі керек. | Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері: ақпаратты кодтау; сандық жүйелер; бір жүйеден екінші жүйеге ауысу; екілік арифметика; формалды, математикалық логика; модель түсінігі; модельдер типтері; алгоритм түсінігі; алгоритмдер типтері; бағдарламалау тілі; бағдарлама, оны құрылымдау; автоматты реттеу; реттелетін параметр; реттеу объектісі, оның қасиеттері, схемалар; автоматты реттеуіштер, олардың жіктелуі, арналуы, құрылымы, жұмыс істеу принципі, функциялық және құрылымдық схемалары, реттеу органдары; басқарудың автоматты жүйелерінің қосымша құралдары; процесті автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшудің тәртібі. | БҚ 3.1, 3.4, АҚ 3.2 |
ЖКП 05 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті металдарды, қорытпаларды олардың құрылымы мен қасиеттерін; тот басумен күресу тәсілдерін; металдарды, қорытпаларды және басқа да материалдарды өңдеудің түрлерін білуі керек; металдар мен қорытпалардың түрлерін және қасиеттерін айыра білу; байыту фабрикаларындағы жұмыстарды орындау барысында әр түрлі материалдарды арналуы бойынша пайдалана білу қолынан келуі керек. | Материалтану: металдардың, қорытпалардың құрылымы мен қасиеттері; металдарды тот басу; пластмассалар, ағаштар, рәзеңке және лакпен сырлайтын бұйымдар; материалдарды өңдеу тәсілдері; дәнекерлеу, кесу түрлері; әрлеу және электрфизикалық материалдар. | БҚ 3.1, КҚ 3.2 |
ЖКП 06 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті денелердің жағдайын және заттардың газ түріндегі күйлерінің табиғатын; термодинамика, Бойль-Мариотт, Шарль-Гей-Люссак, Дальтон, Гесс заңдарын; электрлиттік диссоциация процестерін; электрлиттер және олардың электр өтімділігін; металдарды электр химиялық тотығудан қорғау тәсілдерін білуі керек; металдарды электр химиялық тотығудан қорғау тәсілдерін жұмыста қолдана білу қолынан келуі керек. | Физикалы және коллоидты химия: денелердің кристалдық және аморфтық күйлері; заттардың газ түріндегі күйлерінің табиғаты; идеалды және реалды газ туралы түсінік; заттардың сұйық күйлері; идеалды және реалды ерітінді туралы түсінік; қатты заттың сұйықтықтарда еруі; термодинамика, Бойль-Мариотт, Шарль-Гей-Люссак, Дальтон, Гесс заңдары туралы түсінік; электр химия; электрлиттік диссоциация; электрлиттер мен электр өтімділігі туралы түсінік; металдардың электр химиялық тотығуы және одан қорғану тәсілдері. | БҚ 3.1, КҚ 3.2, 3.4 |
ЖКП 07 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті аналитикалық химия мен сапалы талдаудың теориялық негіздерін, сандық талдау әдістерін; талдаудың физика-химиялық әдістерін; көмір байыту процестерін аналитикалық тексерудің тәсілдерін білуі керек; катиондар тобын айыра білу; байыту процесіне арналған минералдар ерітінділеріне сапалық және сандық талдау жүргізу; көмір байыту процестеріне аналитикалық тексеруді жүргізу қолынан келуі керек. | Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістері: талдау химиясы мен сапалық талдаудың теориялық негіздері; катиондардың аналитикалық топтары туралы түсінік; аниондар; талдаудың гравиметриялық, титрометриялық, физика-химиялық әдістері туралы түсінік; титрлеудің қышқылдық-негізгі әдісі; шөгу және кешенді пайда болу әдісі; көмір байыту процестерін аналитикалық тексеру; байыту процесі ерітінділерін талдау. | БҚ 3.1, КҚ 3.2, 3.4 |
ЖКП 08 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті кристаллография, минералогия және кен жыныстары жіктелуінің негізгі ережелерін; көмірдің және оның құрамындағы жыныстардың химиялық және физикалық қасиеттерін; пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау тәсілдерін; көмір кен орындарын қазу тәсілдерін; байыту кезіндегі көмірдің текстуралық-құрылымдық қасиеттерін білуі керек; байыту барысында көмірдің текстурасы мен құрылымын анықтай алу; пайдалы қазбалардың химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін анықтау қолынан келуі керек. | Геология және кен ісі негіздері: Жер және жер қыртысы дамуының басты заңдылықтары; экзогенді және эндогенді геологиялық процестер; кристаллография; минералогия; кен жыныстарын табиғаты бойынша жіктеу; байыту кезіндегі көмірдің текстуралық-құрылымдық ерекшеліктері; көмірдің және оның құрамындағы жыныстардың физикалық қасиеттері; көмір кенорындарының типтері; Қазақстанның негізгі көмір кен орындары; пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау; көмір кенорындарын ашық және жерасты тәсілдерімен қазу. | БҚ 3.1, КҚ 3.2 |
ЖКП 09 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті гидравлика және гидродинамика, жылу техникасы негіздерін; көмір байыту фабрикаларын сумен қамтамасыз ету схемаларын; сумен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды; көмір байыту фабрикаларының ауажеткізу принциптерін; компрессорлар мен ауаүрлегіш машиналардың типтерін; қазандық қондырғыларды және олардың қосалқы құрылғыларын білуі керек; сорғылардың, компрессорлардың және ауаүрлегіш машиналардың, қазандық қондырғылардың жұмыстарында, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді тексеру қолынан келуі керек. | Гидравлика негіздері, жылу техникасы мен байыту фабрикаларындағы су-ауалы шаруашылық: гидравлика және гидродинамика негіздері; көмір байыту фабрикаларын сумен қамтамасыз ету; сорғылар және сорғы станциялары; көмір байыту фабрикаларына ауажеткізу, компрессорлар мен ауаүрлегіш машиналарына; көмір байыту фабрикаларында вакуум мен желдетуді пайдалану; жылу техникасының негіздері; қазандық қондырғылар және қосалқы құрылғылар. | БҚ 3.1, КҚ 3.1, 3.3, 3.5 |
ЖКП 10 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті стандарттау, метрология және өнім сапасын тексерудің негізгі ережелерін; физикалық шамалардың бірліктерін; өлшеулердің түрлері мен ауытқуларын; өлшеуіш құралдарының техникалық сипаттамаларын; өнім сапасын тексеру және бағалау әдістерін білуі керек; стандарттардың санаттарын, түрлерін айыра білу; өлшеулерді жүргізу кезінде өлшеуіш құралдарын қолдану және ауытқуларды анықтау; өнім сапасын тексеруді жүргізу; құжаттамаларды рәсімдей отырып өнімді аттестаттау, сертификаттау және сынау қолынан келуі керек. | Стандарттау, метрология және өнім сапасының негіздері: стандарттау аумағындағы негізгі түсініктер мен анықтамалар; стандарттардың санаты мен түрлері; метрология аумағындағы негізгі түсініктер мен анықтамалар; физикалық шамалардың бірліктері; өлшеулердің түрлері мен ауытқулары; өлшеуіш құралдары және олардың техникалық сипаттамалары; өнім сапасын тексеру; өнім сапасының деңгейін бағалау; өнімді аттестаттау, сертификаттау және сынау. | БҚ 3.1, КҚ 3.4, АҚ 3.1 |
АП 00 | Арнайы пәндер | ||
АП 01 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті байыту әдістерін және олардың технологиялық көрсеткіштерін; сусыздандыру, шаңтұту және ағын суларды тазалаудың әдістерін; сынама алудың тәртібін, тексеру мен есепке алуды жүргізуді; көмір байыту фабрикалары цехтарының орналасуын білуі керек; байыту, сусыздандыру, шаңтұту және ағын суларды тазалау процестерін тексеруді әр түрлі әдістерде жүргізу; бөлікшеде байытудың, сынамаларды бөлектеу мен өңдеудің технологиялық процестерін тексеру; көмірлердің байытылғыштығын зерттеу қолынан келуі керек. | Пайдалы қазбаларды байыту: байыту әдістері және олардың технологиялық көрсеткіштері; дезинтеграция және шаю арқылы көмір қабаттарын дайындау; байытудың гравитациялық процестері, тұндыру, күрделі ортада байыту, шоғырлауыш үстелдерде байыту, гравитациялық талдау; байытудың магнитті және электрлі әдістері; флотация; байытудың арнайы әдістері; сусыздану, шаңтұту және ағын суларды тазалау; сынамалау, тексеру және есепке алу; көмір байыту фабрикалары цехтарының орналасуы. | БҚ 3.2, 3.3, КҚ 3.1, 3.2, 3.3, АҚ 3.3 |
АП 02 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті пайдалы қазбаларды байытудың технологиясын; көмірді дайындау мен байытудың технологиялық процестерінің, қосымша жұмыстардың схемаларын; көмір байыту фабрикаларының жобалау негіздерін; байытудың негізгі және қосымша процестеріне арналған схемалар мен жабдықтарды есептеу мен таңдау принциптерін білуі керек; көмір байытудың негізгі және қосымша процестеріне арналған схемалар мен жабдықтарға есептер жүргізу, таңдау; технологиялық процестерге автоматты тексеру мен реттеуді жүргізу; көмірдің байытылғыштығын зерттеу қолынан келуі керек. | Көмір байыту процесін инженерлік қамтамасыз ету: пайдалы қазбаларды байытудың технологиясы; көмірді ұнтақтауға дайындаудың ұсату схемалары; ұсатуға, електеу мен ұнтақтауға арналған жабдықтарды есептеу және таңдау; ауыр ортада байытудың, тұндырудың және флотациялаудың схемалары, осы байыту процестеріне арналған жабдықтарды таңдау; қосымша процестерге арналған схемалар мен жабдықтар; сорғылар мен түйіспелік күбілерін (чандарын), сусыздану схемаларын, реагенттер режимдерін, конвейерлер мен шанақтарды таңдау және есептеу; көмір байыту фабрикаларының жобалау негіздері; цехтар мен жабдықтарды жайғастырудың жалпы принциптері; технологиялық процестерді автоматты тексеру және реттеу. | БҚ 3.7 КҚ 3.3, 3.4, 3.5, АҚ 3.1, 3.3 |
АП 03 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті электр жетек теориясының негіздерін; электрлі машиналары мен аппараттарының типтерін; жарықтандыру параметрлерін; диспетчерлік басқару схемаларын білуі керек; электр жабдықтарын дұрыс және қауіпсіз пайдалануға тексеріс жүргізу; көмір байыту фабрикаларында диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қолынан келуі керек. | Байыту фабрикаларындағы электр жабдықтар: электр жетек теориясының негіздері; көмір байыту фабрикаларында қолданылатын электрлі машиналары мен аппараттар; электр жетекпен басқару; көмір байыту фабрикаларын электр қуатымен қамтамасыз ету; көмір байыту фабрикаларын жарықтандыру; көмір байыту фабрикаларында диспетчерлік басқару. | БҚ3.4, ПК3.3, СК 3.3 |
АП 04 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті көмір байыту фабрикаларының әр түрлі тасымалдау құрылғылары құрылымын, іс-әрекет принципін, қолданылу аумағын; шанақ және қойма шаруашылығын білуі керек; тасымалдау құрылғыларының іс-әрекетін және оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді бақылау қолынан келуі керек. | Тасымалдау құрылғылары және қоймалар: үздіксіз жұмыс істейтін тасымалдау құрылғылары; өз салмағының әсерімен тасымалдау; гидравликалық, пневматикалық және арқанды тасылым; көмір байыту фабрикаларының шанақ және қойма шаруашылығы; реагенттерді тасымалдау және сақтау. | ПК 3.1, 3.2, СК 3.3 |
АП 05 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті байыту өндірісін автоматты басқару және реттеудің негіздерін; басқару мен реттеудің автоматтандырылған жүйелерін құру принциптерін білуі керек; байыту өндірісінің әр түрлі процестерінің автоматтандыру схемаларын оқу; автоматты басқару және реттеу құралдарының жұмысын тексеру қолынан келуі керек. | Өндіріс процестерін автоматтандыру: негізгі түсініктер және анықтамалар; автоматты басқару мен реттеу жүйелерінің жіктелуі; автоматты тексеру аспаптары; реттеуші аспаптар және құрылғылар; ұсату, елеу, жіктеу, ауыр ортада флотациялы, тұндырмалы байыту, сусыздандыру және кептіру, сынамалау процестерін автоматтандыру; автоматтандыру жүйелерін жобалау негіздері. | БК 3.4, ПК 3.3, 3.4, СК 3.2 |
АП 06 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті еңбек заңнама, қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы профилактикасын; зақымдану мен кәсіби аурулар жіктелуін; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтарын; еңбекті қорғаудың басқару жүйесін; жұмыстарды жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасын; қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын тиімді пайдалану бойынша талаптарды білуі керек; қауіпсіздік Ережелерінің талаптарын ұстануды тексеру; жазатайым оқиғаны тергеуге акт құру; зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету; атмосфераны ластандыратын заттарды тексеру қолынан келуі керек. | Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану: зақымдану және кәсіби аурулар; ауырлық дәрежесі мен зардап шеккендер саны бойынша жазатайым оқиғалар жіктелуі; кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың басқару жүйесі; өндірістегі және тұрмыстағы жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібі; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар; байытудың әр түрлі процестерін жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары; зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек; қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану; атмосфераны ластандыратын заттарды тексеру. | БК 3.7, СК 3.1 |
АП 07 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті өндірістік және технологиялық процестерді ұйымдастыруды; саланың (көмір байыту фабрикасының) материалды-техникалық, еңбек және қаражат ресурстарын, оларды тиімді пайдалану көрсеткіштерін; өнім бағасының құрылу механизмдерін, қазіргі кезең жағдайларындағы еңбек төлемінің формаларын; бизнес-жоспарды дайындау әдістемесін білуі керек; әдістеме бойынша көмір байыту кәсіпорындары (бөлікше) жұмыстарының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу қолынан келуі керек. | Сала экономикасы: сала және нарықтық экономика; саланың материалдық, еңбек және қаржы ресурстары; саланы басқару, дамудың экономикалық көрсеткіштері; шаруашылық субъекті ретіндегі кәсіпорын; көмір байыту кәсіпорындары ұйымдарының формалары, олардың өндірістік және ұйымдық құрылымдары; негізгі өндірістік және технологиялық процестер; кәсіпорын инфрақұрылымы; кәсіпорын капиталы мен мүлігі; негізгі және айналымдағы қаражат; еңбек ресурстары; нормалау және еңбек төлемі; өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік бағасы; бағаның құрылуы; бизнес-жоспар; негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу әдісі. | БК 3.2, ПК 3.1, 3.3, СК 3.2 |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 268 бұйрығына 52-қосымша