Сақтардың саяси тарихы, шаруашылығы ж/е мәдениеті.

Сақтар парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 519-518 жж.сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Сақтардың тағы бір беті Александр Македонскиймен жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з.д. 330-327 ж. А.Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді,ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін.Байтақ дала мен тау алқаптерын игеру дәуірі,мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші салаға айналуы ж/е оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Көшпелілердің үйге үйренген малының ең маңызды түлігінің бірі ет пен сүт, жүн мен тері беретін қой еді. Қазбаларға қарағанда, сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.

Сақтар арасында қоймен бірге түйе шаруашылығы да кең дамиды,ол әсіресе Батыс ж/е Оңт.

Қазақстанның далалық ж/е шөлейт аудандарында өркен жаяды.Түйе мініс ж/е жүк көлігі

есебінде пайдал/ды,оның жүні,еті мен сүті көшпелілердің тұрмыс қажетіне өтейді.

Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары,арпа, бидай еккен. Оңт.Сырдария алқабында сақтардыңШірік-Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоныстары төңірегіндегі егістерді жарма тартып суарып отырған.

Сақ қоғамында халықтың үш тобы болған деп болжай жасай аламыз:олар-жауынгерлер(жауынгердің ежелгі үндіирандық аты «арбада тұрған», «ратайштар»);абыздар жігі-олардың танымал белгісі құрбан табақ пен айрықша бас киім болған;қауымшыл сақтар, «сегізаяқтар» жігі яғни соқаға жегетін екі өгізі барлар жігі.Аты аталған осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған.Жауынгерлерге-қызыл және сары-қызыл,абыздарға-ақ,қауымшылдарға-сары мен көк түстер таңдалып беріледі.

Археологиялық материалдар сақ қоғамының жіктерге немесе топтарға бөлінгенін дәлелдеп беруде.Бұл ең әуелі өлік қойылатын обалар көлемдерінің айырмашылығынан байқалады.Бесшатыр қорымын қарағанда,орасан зор обалардың-көсемдердікі,орташа обалардың-жауынгерлердікі,уақ обалардың-қауымның қатардағы мүшелерінікі екендігі бірден анық көрінеді.

Йсіндер мен қаңлылардың қоныстануы,шаруашылығы,әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.

Йсіндер

Шығу тегі мен ор­на­ласуы. Б. з. б. I ғ. аяғын­да Қазақстан да­лала­рын­да сақ тай­па­ларын ығыс­тырған жаңа тай­па­лық одақтар пай­да бол­ды. Бұлар – үйсіндер, қаңлы­лар, сар­маттар, алан­дар.

Жетісу­дағы сақ жер­лерін б. з. б. II ғ. Ор­та­лық Ази­ядан кел­ген үйсін тай­па­лары ме­кен­деді. Бұл тай­па­ның шыққан тегі әлі түгел­дей анықталған жоқ.

Үйсіндердің негізгі ор­на­ласқан жері Іле да­ласы. Ба­тыс ше­кара­сы Шу мен Та­лас өзен­дері арқылы өтіп, қаңлы­лар жерімен ас­та­сып жатқан. Шығыс­та үйсіндер ғұндар­мен ше­кара­лас бо­лып, оңтүстікте Ферғанаға дейін со­зылған.

Үйсіндер ас­та­насы – Қызыл аңғар қала­сы. Үйсіндер мем­ле­кеті 3 бөлікке: шығыс, ба­тыс, ор­та­лық бөліктер­ге бөлінді. Мем­ле­кет бас­шы­сының ла­уазы­мы жаз­ба де­рек­терде гунь­мо деп аталған. Олар жайылым, са­уда жо­лы үшін қаңлы, ғұндар­мен ұзақ соғыс­ты. Қытай­мен кең дип­ло­мати­ялық және ту­ыс­тық қаты­нас­та бол­ды.

Ша­ру­ашы­лығы. Үйсіндер мем­ле­кеті жар­ты­лай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңде­уді кәсіп ет­кен. Мал ша­ру­ашы­лығы үйсіндер өмірінде маңыз­ды рөл атқар­ды. Қыс­тау мен жазғы жайылым­ның ара қашықтығы – 30–100 шақырым ара­лығын­да бол­ды. Сон­дықтан да үйсіндер қыс­тау мен жай­ла­уда, со­нымен қатар тау бөктеріндегі жайылым­да­рын­да ұзақ уақыт оты­ра ала­тын. Ол жер­де тұрақты бас­па­на сал­ды, егін, бақша екті. Бірте-бірте жиі бо­лып тұра­тын жұт мал­дың жұқпа­лы ауруы, үздіксіз соғыс сал­да­рынан мал­дан айырылған ха­лықтың бір бөлігі тұрақты оты­рықшы­лыққа көшу­ге мәжбүр бол­ды.

Сол кездің өзінде-ақ күнделікті тұрмыс­та жер өңдейтін тас тыр­ма, қол­дан жа­салған қол орақ пай­да­ланылған. Тас­тан жа­салған қол диірменнің та­былуы – сол за­ман­дарда өмір сүрген тұрғын­дардың дәнді дақыл­дармен қорек­тенгендігінің бір дәлелі.

Үйсін мем­ле­кетінде малға же­ке меншік бол­ды. Ру, тай­па­лар­дың жайылым­да­ры иеліктер­ге бөлініп, қазы­на-бай­лық тай­па көсем­дерінің қолы­на жи­нақтал­ды.

Билік мұра­герлік жол­мен әке­ден ба­лаға ми­расқор­лық сал­ты бойын­ша ауысып оты­рады. Оған жоғары­да аталған ру, тай­па көсем­дері бағынған.

Үйсін мем­ле­кетінде басқару­дың он­дық жүйесі қол­да­нылған. Ел би­ле­уші өзіне қарас­ты ел-жұртын ба­лала­рына бөліп беріп, әрқай­сы­на он мың адам­нан жа­сақ, көшіп жүретін және қоныс­та оты­ратын жер­лерін еншіле­ген. Мал өсіру­мен қатар, үй кәсіпшілігі де кең өрістеп, же­дел өркен­де­ген. Әсіре­се, қыш­тан ыдыс-аяқ, құмы­ра жа­сау ісі қанат жай­ды, өңдеу кәсібі жолға қойыл­ды. Темір мен қол­дан еңбек құрал­да­ры, қару-жа­рақтар сәндік бұйым­дар соғыл­ды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу ісмерлігі да­мып алға бас­ты.

Үйсіндердің өнері мен діні. Ар­хе­оло­ги­ялық қаз­ба­лар нәти­жесінде та­былған әйелдің тәжі тәрізді әше­кейлі бас киімі Қарғалы ди­аде­масы – үйсіндердің өнері мен діни на­нымы­нан мәлімет бе­ретін құнды ес­керткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалы­нан та­былған.

Мәде­ни­еті. Үйсіндер мен қаңлы­лар­дың ма­тери­ал­дық мәде­ни­еті то­лық зерт­телді. Жетісу мен Сыр­да­рия қала­ларын­дағы тұрақтар­ды қазу нәти­жесі ер­те көшпелілердің мәде­ни­еті, ке­рами­каның негізгі тип­тері, еңбек құрал­да­ры мен қару-жа­рақта­ры жай­лы мағлұмат алуға мүмкіндік бе­реді. Ер­те көшпелілердің негізгі тұрақта­ры киіз үй бо­лып та­была­ды, басқа бір түрі — үлкен күй­мелі ар­ба. Оған түйе мен өгіздерді жек­кен.

Үйсіндер қорған­да­ры негізінен үйінді оба түрінде болған. Ер адам­дарды қылыш, же­бе, са­дағымен бірге жер­ле­се, әйел­дердің бейіттеріне әше­кей бұйым­дар – сырға, жүзік, мон­шақ, т. б қойылған.

Үйсіндер ме­кен­де­ген ай­мақта қолөнердің да­мыған­дығы байқала­ды. Үйсіндердің бей­не­леу өнері сақтар­дың көркемдік дәстүрімен (аң стилі) бай­ла­ныс­ты. Үйсіндер­де құмы­ра жа­сау кәсібі ба­рын­ша да­мыды. Үйсін ыдыс­та­рының негізгі түрлері — те­гене­лер мен ке­селер, тос­таған­дар, түрлі құмы­ралар мен қазан­дар. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қола­дан еңбек құрал­да­ры, қару-жа­рақтар, сәндік бұйым­дар жа­саған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, асыл тас­тар, бағалы тас­тар мен бағалы ме­талл, сүйек өңдеу ісі де да­мыған.

Үйсіндер ту­ралы та­рихи де­рек­тер. Үйсіндер ту­ралы кең мәлімет Қытай де­рек­терінде көп кез­де­седі. Се­бебі үйсіндер Қытай­мен кең бай­ла­ныс­та болған. Үйсіндер ту­ралы көп де­ректі Қытай та­рих­шы­сы Сы­ма Цян жаз­ды. Оның жи­нағын­да үйсіндер ту­ралы бы­лай делінген: «Ха­лықтың са­ны 630 мың, үй са­ны 120 мың, жа­уын­герлерінің са­ны 180 мың…

… Үйсіндер­де жылқы көп. Бай адам­дардың 4000–5000 жылқысы бо­лады.»

Аңлы­лар

Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тай­па­лық бірлестігі құрыл­ды. Мем­ле­кет аты алғаш Қытай жыл­на­масы «Шы Жи»-Да­уан Ле­жу­ан­да («Та­рихи жаз­ба­лар»-Ферғана та­ра­уы) жа­зылған «Қаң жүй го» де­ген ата­удан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әде­би­етінде «кан­гюй»), го — «мем­ле­кет» де­ген мағына­ны білдіреді.Ғалым­дардың көпшілігі қаңлы­лар­дың түркі тілдес ха­лық болған­дығына күмән келтірмейді.Қаңлы мем­ле­кетінің б. з. б I ғасы­рын­да дәуірлен­ген ке­зеңінде халқының са­ны 600 мың адам­ды құрап, әскерінің са­ны 120 мыңға жет­кен.

Қаңлы­лар ас­та­насы – Би­тянь қала­сы. Бай­ла­ныс жа­саған ел­дер – Қытай, Рим, Кав­каз т. б. Қаңлы бей­ле­ушісінің же­ке иелік ше­кара­сы Кас­пийдің солтүстік жағала­уына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысы­ның екі ара­сын­да билік құрған сар­мат-алан тай­па­лары­ның одағы түгел­дей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мем­ле­кеті өз ал­ды­на дер­бес са­ясат ұста­нып, көрші ел­дердің сырт жа­ула­рына қар­сы той­та­рыс бе­руіне көмек­тесіп отырған. Қаңлы пат­ша­сы өзі ме­кен­де­ген солтүстік өңірді (Та­лас өзенінің ай­мағы) же­ке басқара­ды.

Қаңлы тай­па­сын­да билік мұра­герлік жол­мен әке­ден ба­лаға беріліп отырған. Бар билік ақсақал­дардың, ру бас­шы­лары мен көсем­дердің қолын­да болған.

Ша­ру­ашы­лығы. Тай­па халқы негізінен мал ша­ру­ашы­лығымен және су­ар­ма­лы егіншілікпен ай­на­лыс­ты. Бас­ты бай­лығы мал бол­ды. Көбіне­се жылқы, қой, оған қосым­ша си­ыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақыл­дар ек­кен және бау-бақша өсіру­мен де ай­на­лысқан. Жерді тас, ме­талл кет­пендер­мен өңдеді, сон­дай-ақ сүйек­тен жа­салынған егіншілік құрал­да­ры да пай­да­ланыл­ды. Жи­налған өнім жер­ден қазылған ұра­лар­да не­месе қыш құмы­ралар­да сақтал­ды. Көпте­ген бөген­дер мен тоған­дар тұрғызыл­ды.

Аң аулау мен ба­лық аула­удың қосалқы маңызы бол­ды. Елік, арқар, киік және су құста­ры — үй­рек, қаз аулан­ды. Ет, ба­лық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар та­маққа жа­байы ал­ма, алмұрт, өрік, до­лана, пісте жемістері, тау жу­асы пай­да­ланыл­ды.

Мәде­ни­еті. Қаңлы­лар­да қолөнер кәсібі өте жоғары дәре­жеде өркен­де­ген. Қаңлы­лар­дың тегі хұн, түрік тілдес ха­лықтар болған­дықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөй­ле­ген.

Қаңлы­лар­дың тұрғын үй­лері көшіп-қонуға қолай­лы киіз үй­лер және то­пырақ пен ағаш­тан, тас­тан жа­салған тұрғын үй­лер, адам­дар жиі ор­на­ласқан елді ме­кен, қала­лары болған. Ар­хе­олог­тардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстан­дағы ежелгі ор­та ғасыр­дағы көпте­ген қала­лар­дың ірге­тасы со­нау кан­гю­лер (қаңлы­лар) дәуірінде пай­да болған» де­ген пікір бар.

Қаңлы жұрты пай­да­ланған киіз-те­кемет, кілем-сыр­мақ қатар­лы төсеніш және үй қабырғала­рына ілінетін тұс бұйым­дар, ки­етін — ки­мешек­тер өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта ма­мықта­рынан жа­сала­тын болған. Олар қой жүнінен киіз те­кемет­тер, төсеніштер жа­са­умен қатар, киізден қал­пақ, ке­бенек-шек­пендер жа­сап ки­ген. Қара­пайым ха­лық қой терісінен тон сияқты сырт киімдер тігіп ки­ген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс және басқа да аңдар терісінен қым­бат бағалы ты­мақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп ки­ген.

Қаңлы елінде заң мен діни на­ным­дар өза­ра ұштас­ты­рылып атқарылған.

Қаңлы­лар — отқа та­быну, дінге сыйына­тын ар­на­улы ке­сене­лер салған. Та­биғат күштеріне, ата-ба­ба аруағына си­ынған. Со­нымен қатар қаңлы­лар жұлдыз­дар арқылы түрлі бол­жамдар жа­сап отырған. Қаңлы­лар­да му­зыка­лық ас­паптар болған, би би­леген.

Ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіштері. Мар­дан – күйік қоры­мы – Сыр­да­рия өзенінің жағасын­дағы қаңлы­лар­дың жер­леу ес­керткіші. Бұл қорым Мар­дан-күйік қала­сының іргесінде орын теп­кен. Мұнда 50-ден ар­тық мо­ла бар. Қабірге өлікпен бірге ыдыс­тар, әше­кей бұйым­дар, қару-жа­рақ көмілген. Қаңлы тай­па­лық бірлестігі б. з. б. I ғ. ор­та­сын­да ыды­рады.

Наши рекомендации