Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты

Инфляияның әлеуметтік және экономикалық зардаптарына шалдыққан елдердің үкіметтерінің инфляцияға қарсы саясат жүргізу негізгі міндеттері болып табылады.

Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының екі тәсілін айтуға болады. Бірінші тәсіл (кейнсиандық бағыт) бюджеттік сясатқа бағытталған, яғни салықтар мен мемлекеттік шығыстарды реттеу негізінде төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал етуді көздейді.

Артық сұраныс кезінде үкімет салықтарды өсірумен қатар шығындарын шектейді. Нәтижесінде сұраныс азаяды, инфляция қарқынды төмендейді. Мұндай саясат тек қысқа мерзім ішінде ғана тиісті нәтиже береді. Себесі ақырында экономикаға инвестиция жұмсау, жоғары қарқынды еңбекке деген ынталық, экономиканың дамуы баяулай бастайды және мемлекеттік бюджетке салықтардың түсімі азаяды. Екінші жағынан төлеу қабілеті бар сұраныс жеткіліксіз болғандықтан мемлекет салықтарды төмендетеді және шығындарын өсіреді. Мысалы, пайдадан алынатын салық ставкасын төмендету жағдайында инвестициялық процесс жандана бастайды, яғни капитал жұмсау өседі, ол жұмысбастылық пен өндірістің өсуіне жағдай жасайды, сондай-ақ табыстардың салық салу бөлігін өсіреді. Түбінде бұның бәрі бюджеттің тапшылығын азайтуына әкеледі. Төлеу қабілеті бар сұраныстың өсуіне табыс салығының ставкасының төмендеуі әсер етеді. Оның төмндеуі де салық төлеушілердің табыстарын өсіреді, олар бара-бара ел экономикасының дамуына жұмсалады.

Екінші тәсілдің авторлары неоклассиктер-экономикадағы инфляциялық құбылыстарды ақша –несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрін Орталық банк жүзеге асырады. Орталық банк үкіметтен дербес, тәуелсіз ақша-несие саясат жүргізу арқылы қарыз процентінің ставкасы мен айналыстағы ақшалардың санын өзгерту арқылы экономикаға ықпал етеді,

Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының тағы бір маңызды міндетті-экономикаға әсер ететін сыртқы факторларға қарсы шаралар қолдану. Олар сыртқы экономикалық факторлардың әсер етуін бәсеңдету, валюта курсын тұрақтандыру және төлем балансын теңестіретін әр түрлі шараларды қолдану арқылы мүмкін болады.

Сонымен бірге, ұлттық валютаның курсының өсуі, шетелдерден келетін қызмет пен тауарлардың бағалары төмендетедіғ нәтижесінде экономикадағы бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Экспорт керісінше қымбаттайды. Бұл экспорттың бәсекелестік қабілетін төмендетеді, сауда және төлем балансын қиындатады.

Қорыта айтқанда, қазіргі нарық экономикасындағы инфляцияны мүлдем жоюға болмайды, себебі инфляция нарық экономикасының ішкі құрлысына тән тұрақты құбылыс. Сондықтан, мемлекеттердің көпшілігі инфляция қарқынын жәй, орташа жүргізуді мақсат етіп қояды

1. Инфляцияның өсу нәтижесі:

А) дефицит, процент ставкасы өседі

В) халықтың әл-ауқатты нашарлайды

С) халықтың өмір сүру деңгейі төмендейді

Д) сыртқы тауар айналысы қысқарады

Е) барлық жауптар дұрыс

2. Стагфляция деп біз нені түсінеміз:

А) инфляция деңгейінің өсуі және жұмыссыздықтың азаюы

В) жұмыссыздықтың азаю кезеңі және өнім шығарудың азаюы

С) жылдам өсетін инфляция

Д) жұмыссыздықтың жоғары деңгейі және өндірістің тоқырауымен байланысты инфляция

Е) барлық жауптар дұрыс емес

3. Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы, ол:

А) бағаның жалпы деңгейінің жоғарылауы

В) өндіріс шығындарының көбеюіне байланысты бағаның өсуі

С) сұраныстың көбеюіне байланысты бағаның өсуі

Д) өндірістің жалпы өсуі

Е) стагфляция

4. Инфляциядан қорғалатындар:

А) бекітілген табыстары бар адамдар

В) кәсібкерлер

С) қозғалмайтын мүліктің иелері

Д) үй шаруашылықтары

Е) барлық жауаптар дұрыс

Жауптар

Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары

1-в; 2-б; 3-а; 4-г; 5-д; 6-е;

Тест сұрақтары

1-А; 2-В; 3-Е; 4-Д; 5-В; 6-А;

15-тақырып. Экономикалық дамудың халықаралық аспектісі

1. Дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру және халықаралық еңбек бөлінісі.

2. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары.

3. Сыртқы экономикалық реттеудің механизмі. Протекционизм,фритредерство.

4. Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы. Төлем, саудабалансы.

§1.Дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру және халықаралық еңбек бөлінісі.

Бүкіл дүниежүзілік шаруашылық қоғам дамуының аса ірі түпкі нәтижелерінің бірі. 19 ғасырдың аяғында адам өмірінің дамуындағы жағдайлар мүлдем өзгерді. Оған саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық жағдайларда болған өзгерістер тікелей әсер етті. Біріншіден, дүниежүзілік ынтымақтастық формаларының көптігі; олардың қайшылықтарының шегіне жетуі. Екіншіден, мемлекеттердің өзара байланыстығы күшейе түсуі. Үшіншіден, дүниеде қандай да бір мәселені шеші бір мемлекеттің немесе дүние жүзіндегі бір ғана шаруашылықтың қолынан келмейтін жағдайлардың тууы және басқа да процестердің дүние жүзілік шаруашылықтың құрылуын жеделдетті.

Қазіргі заманғы дүние жүзілік шаруашылық – ол өзіндік өзара байланысты, өзара тәуелді, біртұтас халықаралық еңбек бөлінісіне қатынасушы жеке мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтар жүйесінен тұрады. Өсіп келе жатқан мемлекеттердің өзара тәуелділіктерінің маңызды сферасы – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінен көрініс алуда. Ол мемлекеттер арасындағы шаруашылық айырбастарды реттеу негізінде өндіргіш күштердің интернационализациялануы күшеюін, ұлтаралық механизмдердің қалыптасуын сипаттайды.

Дүниежүзілік шаруашылықтың материалдық негізін қызмет көрсету, тауарлар,капитал,құнды қағаздар және т.б. нарықтар құрады. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының сан салалы жүйесі мемлекеттер арасындағы материалдық және қаржылық прогрестің маңызды факторы болып табылады. Осы шарттарсыз ешқандай мемлекет ғылыми-техникалық прогресті, қызмет көрсету мен тауарларды өндіруді толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер тек халықаралық байланыстарды дамыту негізінде ғана оң шешімін таба алады.

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық негізі шаруашылық өмірді интернационализациялау болып табылады. Интернациаонализация деп мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы жиынтық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы өндірістік-экономикалық байланыстардың қалыптасу және даму процесін айтамыз. Осы байланыстардың тереңдеуінің арқасында жеке ұлттық шаруашылықтар елден тыс шығып дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігіне айналады. Сонымен қатар, интернационализациялау объективті процесс ретінде дүниежүзілік кооперация мен мамандандырудың дамуынан, интеграциялық процестердің тереңдеуінен және ұлғаюынан, ғылыми-техникалық зерттеулердің дамуынан, өндіргіш күштердің халықаралық миграциясынан, дүниежүзілік инфрақұрылымының дамуынан және т.б. көрініс алады(көрінеді).

Интернационализация алғашында табиғи-климаттық жағдайлар әсер ететін материалдық өндіріс әсіресе, ауылшаруашылық өндірісі салаларында және шикізат ресурстарын өндірумен байланысты экономиканың кейбір сфераларында пайда болды. Атап айтқанда, табиғи жағдайлар мемлекеттердің кейбір өнімдердің түрлерін өндіру мүмкіндіктерін шектейді. Осындай жағдай, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қарамастан осы күнге дейін сақталуда. Сондықтан, қазір көптеген елдердің шикізат және азық-түлік өнімдерінің бір бөлігін басқа елдерден алып отыр.

Интернационализациялау процесі өнеркәсіптік революция дәуірінде жаңа белгілерге ие болады және салалық еңбек бөлінісінде 19 ғасырда төңкеріс жасады. Нәтижесінде, жеке өнеркәсіп өнімдерін өндіруге бағытталған процестер кеңінен дамыды. Сонымен бірге, шет елдерде жасалған бөлшектер негізінде құрастыратын өндірісті (сборочное производство) дамыту кеңінен орын алады.

Қазіргі кезеңдегі өндірісті интернационализация процестерінің күшеюі ғылыми-техникалық революцияныі өрістеуі себебінен болып отыр. Соның салдарынан халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеу тенденциясының күшеюі байқалуда. Осы процесінің негізгі қозғаушы факторлар ретінде мыналарды атауға болады:

- Ұлттық табиғи ресурстардың тапшылығы;

- Прогрессивті техгологияны игерумен байланысты ғылыми-техникалық процесс;

- Дүниежүзілік нарықтың инфрақұрылымының дамуы.

Сонымен қатар, жеке елдердің даму деңгейін бір қалыпты өсуіне мүмкіндік туғызатын интернационализациялау процестерін, тенденция (дамудың бағыты) ретінде қарастыру қажет. Себебі, қазіргі дүниежүзі шаруашылығының маңызды сипаты әлемдік экономиканың бір қалыпты дамымауы.

Қазіргі кезеңде өндірісті интернационализациялау процесінің жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты.

Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіліктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашты.

Халықаралық еңбек бөлінісі ел ішіндегі және еларалық еңбек бөлінісінің қорытындысы.

Мемлекеттер арасындағы қызмет көрсету мен тауарларды айырбастау барысында халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтары жүзеге асырылады. Осының негізінде кез келген елдерге, шет елге шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсетудің ұлттық және интернационалдық құндарының айырымын алуларына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, ішкі шығындарды үнемдеу мақсатында арзан импорт есебінен кейбір қызметтер мен тауарларды ұлттық экономикада өндіруден бас тартуды көздейді. Бұл міндеттер салыстырмалы артықшылық (преимущество) принципіне негізделеді. Бұл теория негізінде кез келген елдердің өндіріс жағдайлары әртүрлі, өнім өндіру шығындары да әркелкі болатындығы туралы идея жатыр.

Осы идеяға сәйкес, кел келген елдер табиғат және басқа жағдайларға қарамастан, өнімдердің белгілі-бір түрлерін өндіре алады. Сондықтан салыстырмалы артықщылық теория бойынша, басқа елдермен салыстырғанда өнімдердің басым көпшілігін аз шығынмен өндірген елдер ғана, халықаралық еңбек бөлінісінің тиімділігіне қол жеткізе алады.

Яғни, кез келген тауарды басқа елдерге қарағанда салыстырмалы артықшылығы бар елдер ғана шығара алады. Артықшылық екі түрге, “абсолютті” және “салыстырмалы” бөлінеді. Абсолютті артықшылық (приемущество)- бұл географиялық, тарихи жағдайларға қарай елдің қарамағындағы ерекше табиғи-климаттық, шикізат және еңбек ресурстар жиынтығы. Мысалы, Грузияның Қазақстанға қарағанда лимон өндіруде абсолютті артықшылығы бар, сондықтан Қазақстанда лимонды өзі өндіргенше Грузиядан сатып алғаны тиімді болады. Егер бидайды өндіру туралы әңгіме болса, онда аталған мемлекеттердің орындары ауысады, енді абсолютті артықшылық Қазақстанда болады. Абсолютті артықшылықтары бар елдерге, мысалы, өнеркәсіп өнімдерін шет елдерге шығаратын дамыған мемлекеттер, жежміс жидектерді өндіретін ыстық жақтардағы елдерді жатқызуға болады.

Демек, ерекше (уникальный) өндіріс жағдайлары бар елдердің ондай жағдайлары жоқ басқа елдерге қарағанда, тауарларды аз шығындармен өндіре алатынмүмкіндіктері болады. Бірақ халықаралық еңбек бөлінісіне “относителді” (салыстырмалы) артықшылықтары бар елдерге қатысы болады.

Отностелді (салыстырмалы) артықшылық – бұл әр түрлі елдердегі біртекті (однородный) өнімдердің альтернативті құндарын салыстырмалы принципіне негізделген артықшылық. Сол себепті, относитілді артықшылықты көп жағдайда салыстырмалы артықшылық деп те атайды.

Салыстырмалы артықшылық теориясы еңбек құн теориясы негізігде құрылғанын атап айтуға болады. Қазіргі жағдайда салыстырмалы артықшылық альтернативті шығындар арқылы анықталады, яғни бір тауарды өндіруге кеткен шығындар екінші тауардың шығындары арқылы анықталады.

Салыстырмалы артықшылық принципін өндірістің мүмкіншілік қисық сызығы арқылы көрсетіге болады. Айталық, Қазақстан тек екі тауарды: мұнай және мақта өндіреді, ресуртардың барлығы осы екі тауарды өндіруге бағытталады және сыртқы сауда жоқ деп болжайтын болсақ, онда өндіріс жағдайы келесідей болады.

Егер бәр тауардың өндіру мөлшерін бір тоннаға өссе, ол басқа тауардың өндіру мөлшерін бір тоннаға кемітеді. Бұл жағдайда 1 тонна мұнайдың және 1 тонна мақтаның альтернативті шығындары бірдей болады. Мысалы, айталық Қазақстан барлық мүмкіншіліктерін қолдана отырып, мұнайдың көлемін 50млн.тоннаға немесе мақтаны 50 мың тоннаға дейін жеткізе алады деп болжасақ, онда бұл процесс график түрінде төмендегідей көрініс алады:

Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты - student2.ru

АВ- сызығы бұл Қазақстанның өндірістік мүмкіншілігін көрсетеді. Осы сызық бойынша мұнай мен мақтаның ара қатынасын анықтауға болады,ол сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленеді. Қазақстан басқа елдерден оқшауланған жағдайда осы екі тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Яғни,республика 20 млн.тонна мұнай және 30 мың тонна мақта немесе 30 млн. Тонна мұнай және 20 мың тонна мақта өндіре алады.

Егер сыртқы сауданы ескеретін болсақ, жағдай мүлдем өзгереді. Онда соңғы жылдары республиканың оңтүстік аймақтарында судың тапшы болуына байланысты ҚАзақстанға мақтаны өндірудің орнына басқа елдерден сатып алғаны тиімді болады. Біздің мысалымызда республика 50 млн.тонна мұнай өндіре алады немесе мұнайға айырбас ретінде 100 мың тонна мақта сатып алады.

ДЕмек,Қазақстан барлық ресурстарын мұнайды өндіруге жұмылдыру арқылы, өндірістік мүмкіншілік сызығына сәйкес оны мақтаға айырбастай алады. Мысалы, Қазақстан Д нүктесіне сәйкес 25 млн тонна мұнайды өндіре алады және экспортқа шыға алады, сондай-ақ 50 мың тонна мақтаны импорттай алады. Яғни, Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудан қосымша 5 млн тонна мұнай және 20 мың тонна мақта ала алады екен.

Наши рекомендации