Эталондардың жіктелінуі

Эталон – бірліктерді туындылау немесе сақтауға және оның өлшемдерін тексеру схемасы бойынша төменде тұрған схемаға беруге арналған, және эталон ретінде белгілі бір тәртіппен бекітілген өлшеу құралы болып саналады.

Эталон үш өзара байланысты қасиеттерге ие болуы қажет: өзгермеушілік, туындылану және алмастырушылық.

Өзгермеушілік дегеніміз – эталонның ұзақ уақыт бойы ішінде өздері туындылаған бірліктердің өлшемін өзгермейтін жағдайда ұстап тұру қасиеті болып табылады, мұндағы сыртқы шарттарға байланысты болатын барлық өзгерістер дәл өлшеуге мүмкін болатын шамалардың функциясы болуы қажет.

Туындылану - өлшегіш техниканың сәйкес даму деңгейі үшін ең кіші қателіктермен физикалық шама бірлігінің туындылану мүмкіндігі болып табылады.

Алмастырушылық – эталонның өлшеу техникасының даму деңгейіне жоғары дәлдікпен тексеру схемасы бойынша төменде жатқан басқа өлшеу құралдары эталонымен салыстыруды қамтамасыз етуі болып табылады.

Эталондардың келесі түрлері болады:

- біріншілік – бірліктерді жоғары дәлдікпен сақтау және туындылауды қамтамасыз етеді. Бұл тамаша күрделі өлшеу кешендері өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің негізін құрайды;

- арнайы – ерекше шарттарда бірліктердің туындылануын қамтамасыз етеді, бұл өлшем бірлігін біріншілік эталоннан қажетті дәлдікпен тікелей беру мүмкін болмағанда, және сол шарттар үшін біріншілік эталон болып саналғанда орын алады;

- мемлекеттік – ел үшін басты метрологиялық органмен бастапқы ретінде ресми түрде бекітілген біріншілік немесе арнайы эталон болып табылады. Олар орталық ғылыми институттарымен құрылып, сақталып және қолданылады, олардың дәлдігі ең үздік әлемдік жетістіктерге сай келеді, оларды периодты түрде басқа елдердің мемлекеттік эталондарымен алмастырып немесе салыстыра отырып қолданады;

- екіншілік – сәйкес физикалық шаманың біріншілік эталонымен салыстыру арқылы алынатын бірплік өлшемін сақтайды. Екіншішік эталондар тексеру жұмыстарын жүргізу қажет болғанда құрылады және мемлекеттікті сақтау және тоздырмау мақсатында қолданылады.

Метрологиялық арналуы бойынша екіншілік эталондар келесідей бөлінеді:

- көшірме – эталоны - өлшем бірлігі өлшемдерін жұмысшы эталондарға беру үшін арналған;

- салыстыру – эталоны – бір – бірімен белгілі бір себептермен тікелей салыстырылуы мүмкін емес эталондарды салыстыру үшін қолданылады;

- куәлік – эталон – мемлекеттік эталонның сақталушылығын және өзгермешілігін тексеру үшін және олардың құртылған жағдайында орнын алмастыру үшін пайдаланылады. Қазіргі уақытта тек килограмм эталоны ғана эталон – куәлаушыға ие болып табылады. Ол негізгі эталонның тұрақтылығын сақтау мақсатында бақылаудың мүмкін болуын қамтамасыз етеді;

- жұмысшы эталон - өлшем бірліктері өлшемдерін жұмысшы өлшеу құралдарына беру үшін пайдаланылады. Лабораториялық ведомстволар, министрліктер және аймақтық метрологиялық органдарда ең кең таралған эталон болып табылады.

Мемлекеттік біріншілік және арнайы эталондардың қателіктері жүйелі қателіктермен, кездейсоқ қателіктермен және тұрақсыздықтарымен сипатталады. Жойылмайтын жүйелі қателіктер өздері орын алатын шекаралармен өрнектеледі. Кездейсоқ қателік бірліктерді тәуелсіз өлшеулер санын көрсете отырып туындылауда өлшеулердің нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқулармен (ОКА) анықталады. Тұрақсыздық белгілі бір уақыт периодында эталонмен сақталатын немесе туындыланатын бірлік өлшемдері өзгеруімен беріледі.

Екіншілік эталондар қателіктерін бағалау біріншілік эталонмен туындыланатын бірліктер өлшемдері бірлігімен сақталатын өлшемдердің ауытқуымен сипатталады. Екіншілік эталон үшін қосынды жалпы қателік көрсетіледі.

Өлшемдерді эталондардан жұмысшы өлшемдерге және приборларға беру өлшеулердің үлгілі құралдары деп аталатын жұмысшы эталондар көмегімен жүзеге асырылады.

Жұмысшы эталондар разрядтарға 1, 2 және т.б. сияқты бөлінеді, олар тексеру схемасына сай туралану сәйкестігін анықтайды. Өлшеулердің алуан түрлері үшін өлшеулердің берілген түрі үшін тексеру схемаларына жасалған стандарттармен анықталатын жұмысшы эталондар разрядтарының әртүрлі сандары орнатылады.

Эталондар пайдалану сипатына қарай бастапқы және тәуелді эталон болып бөлінеді.

Бастапқы эталондар, қолда бар эталондардың ішіндегі ең жоғарғы метрологиялық сипаты бар эталон.

Тәуелді эталондар бірлік мөлшерін бастапқы эталондардан алады.

Кей жағдайда мемлкетаралық салыстырып тексеру сұлбасында екіншілік эталонның екі деңгейде «эталон-көшірме» және «жұмыстық эталон» қарастырылғанда, эталон көшірме мемлкеттік екіншілік эталон атын алады, ал бұрынғы жұмыстық эталон, 0-ші разрядтағы жұмыстық эталон болады.

Бұрынғы «үлгілік өлшеу құралы» термині «жумыстық эталон» терминдеріне ауыстырылды, бұл халықаралық терминалогияға сайкестендіру мақсатында жасалынды.

Шама бірліктерінің мөлшерін беру бір-біріне өзара тәуелді эталондардың разрядтарының тізбегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте әдетте, осы тізбектегі сонгы эталоннан бірліктің мөлшері жұмыстық өлшем құралдарына берілді.

Қазақстан Республикасының эталондары мемлекеттік эталондары және мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшелеріне, мемлекеттік басқару оргындарының метрологиялық қызметтеріне , жеке және заңды тулғалардың метрологиялық қызметеріне (ары қарай – метрологиялық қызметтер) жататын эталондар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен бастапқы ретінде танылған және оның қарауында болатын эталондар мемлекетік эталондар болып табылады.

Алғашқы және екіншілік эталондар тек қана мемлекеттік эталондар болып табылады.

Топтық эталондар, бірлікті қайталаудың дәлдігі жоғарлату немесе оны сақтау үшін қолданылатын, бір типтегі өлшем құралдарының, номиналдық мәнінің немесе өлшем ауқымының жиынтығынан тұрады.

Топтық эталондар тұрақты және ауыспалы құрамдағы топтық эталондар болып бөлінеді.

Өлшемнің нәтижесі ретінде, әдетте бір типті өлшем құралдарының немесе эталондық қондырғының өлшем нәтижесінен орташа арифметикалық мәні алынады.

Эталондық жиынтықтар, көрсетілген өлшем қуралдардың ауқымдарының бірігуін көрсететін бірлікті ауқымда қайталауға және (немесе) сақтауға мүмкіндігі бар, өлшем құралының жиынтыгы.

Эталондық жиынтықтарды физикалық шама мәнінің белгілі бір саласын қамту қажеттілігі үшін құралады.

Тасымалдаушы эталон өлшем қуралдарын салыстырып тексеру және калибрлеуге немесе берілген бірліктегі эталондарды салыстыру орындарына тасымалдауға арналған эталон болып табылады.

Наши рекомендации