Азақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев

Азақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

«1. Бағдарламаның паспорты» бөлімінде:

«Бағдарламалық мақсаттар» бөлімшесі мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«қосымша білім беру жүйесін жаңғырту»

«Міндеттері» бөлімшесі мына мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«балаларға қосымша білім беру ұйымдарының желісін ұлғайту, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту арқылы;

балаларға қосымша білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру;»

«Нысаналы индикаторлар» бөлімшесі мына мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«барлық меншік нысанындағы қосымша білім беру ұйымдарының саны- 660 бірлік;

«қосымша біліммен қамтылған балалар үлесі - 70%».

оныншы абзац келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстандық білім алушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нәтижелері: халықаралық оқушылардың біліми жетістіктерін бағалау бағдарламасы (PISA) – 480 баллдан кем емес, 4-8 сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылығын бағалау (TIMSS) – 4 және 8 сынып оқушылары үшін 520 баллдан кем емес, халықаралық «Оқу сапасын және мәтінді түсінуді зерттеу» (PIRLS) зерттеуі – 450 баллдан кем емес, халықаралық компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты зерттеу (ICILS) – 450 баллдан кем емес.»;

Он сегізінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

«халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі- 90%»;

он екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

  «халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі       2010 ж.- 0%       2015 ж. - 40%       2020 ж. - 60%»    

«3. Ағымдағы жай-күйді талдау» бөлімінде:

«Әлсіз жақтары» бөлімшесі:

мына мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«балаларға қосымша білім беру ұйымдарының желісі жеткіліксіз дамыған;»;

балаларды қосымша біліммен қамтудың төмен деңгейі.».

«Мүмкіндіктер» бөлімшесінде:»:

«Ата-аналар үшін:» тарауы:

мына мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«балаларға қосымша білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету.».

«Білім алушылар үшін:» тарауы:

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«балалардың кәсіби бағдарын ерте анықтауды қамтамасыз ету;»;

«балалардың оқудан тыс бос уақытын өткізуді қамтамасыз ету;».

«4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» бөліміндегі:

«Бағдарламалық мақсаттар» бөлімшесі:

мына мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«қосымша білім беру жүйесін жаңғырту.»;

«Нысаналы индикаторлар» бөлімшесінің кестесіндегі:

Оныншы абзац келесі редакцияда жазылсын:

  «Қазақстандық білім алушылардың PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелері       TIMSS:   7-11 орын       TIMSS: 4 және 8 сыныптар үшін 500 баллдан кем емес, PISA: 450 баллдан кем емес       PIRLS: 450 баллдан кем емес, PISA: 480 баллдан кем емес, ICILS: 450 баллдан кем емес, TIMSS: 4 және 8 сыныптар үшін 520 баллдан кем емес»    

он төртінші абзацтағы «2015» бағанындағы «10%» саны «15%» санына ауыстырылсын,

он сегізінші абзацтағы «2020» бағанындағы «65%» саны «90%» санына ауыстырылсын,

он тоғызыншы абзацтағы «2015» бағанындағы «20%» саны «40%» санына ауыстырылсын, «2020» бағанындағы «30%» саны «60%» санына ауыстырылсын»,

«Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:» бөлімшесі келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«балаларға мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының желісін мемлекеттік-жеке-меншік әріптестікті дамыту есебінен ұлғайту».

«Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады:» бөлімшесінің кестесіндегі:

5 - абзац мына редакцияда жазылсын:

  «академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесі мамандарының үлесі:       2010 ж. –3,4%       2015 ж. –50%       2020 ж. – 55%       ЖАО, БҒМ»    

Он бірінші абзац мына редакцияда жазылсын:

  «толық күндік мектепке дейінгі шағын орталықтардың мектепке дейінгі шағын орталықтардың жалпы санына шаққандағы үлесі       2010 ж. –18%       2015 ж. –25%       2020 ж.– 50%       ЖАО, БҒМ»    

Он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

  балабақшалардың жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесі       2010 ж. –10%       2015 ж. –24%       2020 ж.– 26%       ЖАО, БҒМ»    

қырық бірінші абзацтағы:

«Көрсеткіш» бағаны мына редакцияда жазылсын: «Бірыңғай электрондық кітапханаға қолы жетімді жоғары оқу орындарының үлесі»;

қырық екінші абзац мына редакцияда жазылсын:

  «Мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің типтік оқу жоспарларындағы жоғары оқу орындары белгілейтін таңдау компонентін ұлғайту:       2010 ж. – 65%       2015 ж. – 80%       2020 ж.– 90%       БҒМ, жұмыс берушілер»    

мына мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

  «балаларды қосымша біліммен қамту       35 %       50 %       70 %       ЖАО, БҒМ»    
  «қосымша білім беру ұйымдарының саны                         ЖАО, БҒМ»    
  Кооперативті (дуалды) білім берудің негізгі принциптерін енгізуші ТжКБ білім беру ұйымдарының саны                         ЖАО, БҒМ»    

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар» тарауындағы:

«Білім беру жүйесін қаржыландыруда»:

«Жан басына шаққандағы қаржыландыру» бөлімшесінде:

«2011 жылы жан басына қаржыландыру әдістемесі әзірленетін болады. Ол бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және халықтың әртүрлі жіктері үшін сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға ықпал ететін болады.» абзацы

мына редакцияда жазылсын:

«2013 жылы азаматтардың міндетті тегін орта білім алуы бойынша мемлекеттік кепілді қаржылық қамтамасыз етуге кететін қаражат көлемін есептеуде бірыңғай тәсілді белгілейтін орта білімді жан басына нормативті қаржыландыру әдістемесі әзірленеді.»;

«Жан басына қаржыландыру бірінші кезеңде бейіндік мектептер үшін жүзеге асырылады. 2013 жылы жалпы орта білімнің жан басына қаржыландыру жүйесі 4 бейіндік мектеп базасында сынақтан өткізіледі. Бұл үшін жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірленеді.

Жан басына қаржыландыру, қаржылық дербестік, қамқоршылық кеңестер және т.б. тетіктерді пысықтау үшін жекеменшік немесе жоғары оқу орындары жанындағы мектептердің қатарынан пилоттық мектептер анықталады.

Негізгі және бастауыш мектепте жан басына қаржыландыру бейіндік мектепте алынған тәжірибенің негізінде енгізілетін болады.» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«2013 жылы орта білім беруді жан басына қаржыландыру жүйесі мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы Ақтөбе, Алматы, Шығыс-Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан 50 пилоттық мектеп базасында сынақтан өткізіледі. 2014 жылы сынаққа қосымша Ақмола облысының 13 мектебі қосылады.

Жан басына қаржыландыру шеңберінде пилоттық мектептерде қаржылық дербестік және мектептерді алқалық басқару тетіктері пысықталады. Бұл үшін облыстардағы сынақ өткізілетін пилоттық мектептер бақылаушы кеңестері бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемелері болып өзгертіледі. Сондай-ақ жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірленеді.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру шағын жабдықталған мектептерден басқа қалған мектептерде пилоттық мектептерден алынған тәжірибе негізінде енгізіледі. Жан басына қаржыландыру сынақтарының нәтижелері бойынша шағын жабдықталған мектептерден басқа республика мектептері орта білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында қаралған қолданыстағы әлеуметтік кепілдер мен салықтық жеңілдіктерді сақтай отырып, бақылаушы кеңестері бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемелер болып өзгертіледі»;

«ТжКБ жүйесінде 2011 жыл мен 2013 жыл аралығында бір маманды даярлауға жұмсалатын шығындардың нормаларын бекітетін жан басына қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылатын болады.» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«ТжКБ жүйесінде 2013-2014 жылдары бір маманды даярлауға жұмсалатын шығындардың нормаларын бекітетін Жан басына қаржыландыру әдістемесі әзірленеді.

2014-2015 жылдары жан басына қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылады.»;

«Педагог мәртебесі» бөлімшесінде:

«Математика мұғалімдері TEDS-M (Teacher Education and Development Study in Mathematics) - орта мектептің бастауыш және орта буынының математика мұғалімдерінің кәсіптік білім сапасын бағалау халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысатын болады.» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«Математика мұғалімдері оқыту және зерттеу бойынша «TALIS» (Teaching and Learning International Survey) халықаралық зерттеуіне қатысатын болады».

«Білім беру менеджментінде»

«Білім беруді басқару жүйесі» бөлімшесінде

«МЖӘ-нің ұзақ мерзімді тетігінің негізі ретінде» сөздерінен кейін жаңа абзацпен толықтырылсын:

«Білім беру жүйесінде МЖӘ-ні дамытудың қаржылық және ұйымдастырушылық-әкімшілік тетіктері қолданылатын болады».

«E-learning» электрондық оқытудағы»

«Электрондық оқытуды енгізу» бөлімшесінде

«ЖОО-лардың техникалық дайындығына қарай оларды Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапханаға қосу жүзеге асырылатын болады.» абзацы

келесі редакцияда жазылсын:

«ЖОО-лардың техникалық дайындығына қарай оларды Бірыңғай электрондық кітапханаға қосу жүзеге асырылатын болады.».

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда»

«Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету» бөлімшесінде

«2015 жылға қарай:

Әрбір оқу бағдарламасы үшін оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді (жыл сайын 5 бірліктен, барлығы 25).

2020 жылға қарай:

10 оқу бағдарламасы жаңартылады, 30 ОӘК әзірленеді, оның ішінде 2016 жылы - 8, 2017 жылы - 8, 2018 жылы - 8, 2019 жылы - 8, 2020 жылы - 8 бірлік.» абзацтары

мына редакцияда жазылсын:

« 2014-2016 ж.ж:

- «Зияткерлік мектепке дейінгі ұйым» бағдарламасы және оның оқу-әдістемелік кешендері әзірленетін болады:

- «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары және олардың оқу-әдістемелік кешендері жаңғыртылады.

2017-2018 ж.ж.:

«Ақыл ұясы» зияткерлік мектепке дейінгі ұйым базасында инновациялық технологияларды сынақтан өткізу және енгізу бойынша жоба іске асырылатын болады.».

«Орта білімде»

«Нысаналы индикаторлар» бөлімшесінде:

«Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелері (2015 жылы: PISA - 50 - 55 орын, TIMSS - 10 - 15 орын, 2020 жылы: PISA - 40 - 50 орын, TIMSS - 10 - 12 орын, PIRLS - 10 - 15 орын).» абзацы

мына редакцияда жазылсын:

«Қазақстандық білім алушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелері:

-TIMSS-2015 - 4 және 8 сыныптар үшін 500 баллдан кем емес,

-PISA – 2015 - 450 баллдан кем емес,

-PIRLS – 2016 - 450 баллдан кем емес,

-PISA – 2018 - 480 баллдан кем емес,

-ICILS – 2018 - 450 баллдан кем емес,

-TIMSS – 2019 - 4 және 8 сыныптар үшін 520 баллдан кем емес.».

«Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу» бөлімшесіндегі:

«Сонымен, бір уақытта жоғары оқу орындарының базасында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер құрылады. Бейіндік мектепте (11 - 12-сыныптар) оқу мен орналастыру мүмкіндігі қарастырылатын 40 жоғары оқу орны анықталған.» абзацы

мына редакцияда жазылсын:

«Бейіндік мектепте (11 - 12-сыныптар) оқу мен орналастыру мүмкіндігі қарастырылатын жоғары оқу орындары анықталған.».

«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы» бөлімшесінде:

«TIMSS ADVANSED (11-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау» сөздері алынып тасталсын.

«2015 жылға қарай қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайып, 625-ке жетеді» абзацындағы «625» саны «660» санына ауыстырылсын;

Бұл балаларды қосымша біліммен қамтуды 23%-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.» абзацындағы «23%» «50%» санына ауыстырылсын.

Мәтін келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«балаларға қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайтылады, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту есебінен»;

«балаларға қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады»;

«балаларды қосымша біліммен қамту артады;».

«Техникалық және кәсіптік білімге»:

мына мазмұндағы абзац қосылсын:

«Кәсіпқор» холдингі» ҰАҚ білім беру ұйымдарының базасында (әлемдік деңгейдегі колледждер, өңіраралық кәсіби орталықтар, әріптестік колледждер желісі) техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа инфрақұрылымы жасалады. Жаңа инфрақұрылым ТжКБ саласындағы жетекші әлемдік тәжірибе негізінде еңбек нарығы мен ел экономикасының келешектегі сұраныстарын ескере отыра құрылады.»

«Техникалық және кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту» бөлімшесінде:

«Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы кәсіптік практиканың үлесі 60%-ға дейін ұлғаятын болады. Бұл үшін практика базасы жұмыс берушілермен әріптестік есебінен кеңейтіледі.» абзацы «әріптестік есебінен» сөздерінен кейін «кооперативтік (дуальді) білім берудің негізгі ұстанымдарын енгізу арқылы» сөздерімен толықтырылсын.

«Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту» бөлімшесінде:

«Жастардың кәсіптік білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін колледждер мен жатақханалар салу есебінен оқушы орындарының саны ұлғаяды. Атырау қаласында мұнайгаз саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін, Шымкент қаласында өңдеу және Өскемен қаласында машина жасау салалары үшін 4 өңіраралық кәсіптік орталық жұмыс істейтін болады.» абзацы:

мына редацияда жазылсын:

«Жастардың кәсіптік білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ТжКБ мен жатақханалар салу есебінен оқушы орындарының саны ұлғаяды. Атырау қаласында мұнайгаз саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін, Шымкент қаласында өңдеу және Өскемен қаласында машина жасау салалары үшін 4 өңіраралық кәсіптік орталық жұмыс істейді және «Кәсіпқор» холдингі» ҰАҚ-ға берілетінболады.».

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бөлімде»:

«Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының жобаларына сәйкес келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» бөлімшесінде:

«мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғайтылады.» сөздерінен кейін келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Кадрларды даярлау елдің индустриалық-инновациялық дамуымен сәйкестендірілетін болады. ЖОО-ларды қайта бейіндеу және өңірлік мамандандыру жүзеге асырылады.»;

«Әлеуметтік әріптестер ҮИИД-ға кадрларды даярлау үшін гранттар мен стипендиялар (ҮИИДМБ-дің әр жобасынан 5 грант/стипендия) бөледі» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік әріптестер ҮИИД-ға кадрларды даярлау үшін гранттар мен стипендиялар бөледі.»;

«ҮИИД-ің жобаларын іске асыратын кәсіпорындарда өндірістік практика базалары құрылатын болады.» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«Заманауи кәсіпорындарда, соның ішінде ҮИИД-ің жобаларын іске асыратын кәсіпорындарда өндірістік практика базалары құрылатын болады.».

Жаңа абзацтармен толықтырылсын:

«Студенттер үшін екінші курстан бастап кәсіпорындарда өндірістік тәжірибе енгізіледі.

Инженерлік білім беру жүйесін және халықаралық үлгідегі сертификат ұсынылатын қазіргі заманғы техникалық мамандықтарды дамыту қамтамасыз етіледі.

Салалық мемлекеттік органдар мен еңбек және жұмыспен қамтудың уәкілетті органдары ЖОО түлектерінің жұмыспен қамтылуына бірлесіп жауапты болады.

Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесімен (ЖБББЖ) ықпалдасқан ЖОО түлектерінің мансабын басқарудың ұлттық жүйесі құрылады.

ЖБББЖ арқылы есеп жинақтау мен ақпаратты өңдеу автоматтандырылады.».

«Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз ету» бөлімшесінде:

«Еңбек және жұмыспен қамтудың уәкілетті органымен бірлесіп, салалық министрліктер мен жұмыс берушілердің қатысуымен Ұлттық біліктілік жүйесі құрылады:» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«Еңбек және жұмыспен қамтудың уәкілетті органымен бірлесіп, салалық министрліктер мен жұмыс берушілердің қатысуымен Біліктіліктің ұлттық жүйесі құрылады:»;

«жұмыс берушілер бірлестіктері нақты мамандықтар шеңберінде біліктілік талаптарына сай келетін кәсіптік стандарттарды әзірлейді;» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«уәкілетті мемлекеттік органдар экономиканың барлық салаларындағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді;»

«ЖОО-лар әзірлеген білім беру бағдарламалары Ұлттық біліктілік жүйесі талаптарына сай келетін болады.» абзацы:
мына редакцияда жазылсын:

«ЖОО-лар әзірлеген білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар мен Біліктіліктің ұлттық жүйесі талаптарына сай келетін болады.».

«2016 жылдан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың басым салаларының салалық біліктілік шеңберіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмысы жалғастырылатын болады.» абзацы

мынадай редакцияда жазылсын.

«2016 жылдан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың басым салаларының салалық біліктілік шеңберіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмысы жалғастырылатын болады».

«Жоғары білім сапасын бағалау жүйесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету» бөлімшесіндегі:

«2020 жылға қарай ұлттық аккредиттеу органдары Аккредиттеу агенттіктерінің тізіліміне енеді (Еуропалық сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің тізілімі).» абзацы:

мына редакцияда жазылсын.

«2018 жылы қазақстандық аккредиттеу органдары Еуропалық сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің тізіліміне енеді (EQAR).»;.

«2012 жылдан бастап аккредиттеуді коммерциялық емес үкіметтік емес аккредиттеу агенттіктері жүзеге асырады» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«2012 жылдан бастап аккредиттеуді тәуелсіз аккредиттеу агенттіктері жүзеге асыратын болады.»;

«Ұлттық ЖОО-лар ұлттық аккредиттеумен қатар халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтеді.» абзацы алынып тасталсын;

«Қазақстанның ЖОО-лары әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне қатысады. Кемінде екі ЖОО әлемнің үздік университеттерінің рейтингінде аталады.» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«Қазақстанның ЖОО-лары әлемдік рейтингтерге қатысады. Кемінде екі ЖОО әлемдік рейтингтерде аталады.»;

«ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын дамытуды қамтамасыз ету» бөлімшесіндегі:

«Оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және оларды басып шығару, оқулықтарды мемлекеттік тілге аудару, ЖОО кітапханаларын қажетті оқу әдебиетімен толықтыру қамтамасыз етіледі. Қазақстандық оқулықтармен қатар таңдаулы шетелдік оқулықтар қолданылады, әсіресе экономикалық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша.» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«Оқу әдебиеттерін әзірлеу және мемлекеттік тілге аудару, оларды басып шығару, ЖОО кітапханаларын қажетті оқу әдебиетімен толықтыру қамтамасыз етіледі. Қазақстандық оқулықтармен қатар таңдаулы шетелдік оқу құралдары мен оқу әдебиеті қолданылады, әсіресе экономикалық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша».

«Білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау» бөлімшесіндегі:

«университеттердің құрамына беру арқылы жүзеге асырылады» сөздерінен кейін мынадай абзацпен толықтырылсын:

«ғылыми зерттеу институттары мен кәсіпорындарының қатысуымен ЖОО-лар базасында ғылыми-білім беру кластерлері құрылады.

Жекелеген ЖОО-лар шетелдік инвесторлар мен ұлттық компаниялардың консорциумдарының басқаруына беріледі.».

«Елдің индустриялық- инновациялық даму бағыттарын іске асыру үшін жоғары оқу орындары негізінде келесі инновациялық құрылымдар құру үшін базалық ЖОО-ны айқындау тетіктері әзірленеді:» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«Елдің индустриялық- инновациялық даму бағыттарын іске асыру үшін жоғары оқу орындарының жанынан инновациялық құрылымдар құрылады:».

«Өмір бойы оқуда»:

«Өндірісте жұмыс істей жүріп, адам өзі оқытудың түрлерін, қарқынын және мерзімін таңдап, білім алу процесін дербестендіре алады. Білім алушылардың тәуелсіз коммерциялық емес агенттіктерде өздерінің алған біліктілік деңгейін бағалаудан өтіп, сертификаттар алуы арқылы мемлекеттік және жекеше білім беру қызметтерін ұсынушыларды оқыту нәтижелерін тануда тиімді шаралар әзірленетін болады.» абзацы:

мына редакцияда жазылсын:

«Өндірісте жұмыс істей жүріп, адам өзі оқытудың түрлерін, қарқынын және мерзімін таңдап, білім алу процесін дербестендіре алады. Білім алушылардың тәуелсіз агенттіктерде өздерінің алған біліктілік деңгейін бағалаудан өтіп, сертификаттар алуы арқылы мемлекеттік және жекеше білім беру қызметтерін ұсынушыларды оқыту нәтижелерін тануда тиімді шаралар әзірленетін болады.»;

«Инклюзивті білімді дамыту тиісті бейіндегі мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының жанынан консультациялық-практикалық орталықтардың құрылуына ықпал етеді.» абзацы алынып тасталсын.

азақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев

http://edu.gov.kz/kk/bilim-berudi-damytudyn-2011-2020-zhyldarga-arnalgan-memlekettik-bagdarlamasyn-bekitu-turaly

Наши рекомендации