Еңбек кауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
Қорғаныс шаралары
Изоляция қалыңдығын таңдау
Электр жарықтандыру шырақпенен жарылу қауіптілігінің атқаруында орындалған. Бет жағында берілген температурада (адамға зиянсыз) жылу изоляциясының конструкциясының керекті қалындығын таңдауға тоқталамыз. Ол 1м диаметрлі цилиндірлі обьетілер үшін мына формуламен анықталады.
, (4.1)
мұнда: -жылуөткізгіштік коэффициентті (стекловат үшін t=800с-та
0,052Дж/мск)- қа тең.
Dk-жылу бергіштік коэффициенті (1м диаметрлі цилиндірлі бет үшін
15 м/с желдің жылдамдығында 34,9 Дж(м2ск)-ға тең)
tт - құбырдың температурасы (800с)
tк - сыртқы температурасы (300c)
tn - бетінде берілген температура (350c)
Сонымен,
Натуралды логарифм кестесі бойынша табамыз.
бұдан dиз=0,2346м.
Сонымен 219,1 мм диаметрлі құбырды изоляциалау үшін стекловаттың 8мм изоляция қалындығын аламыз.
Эканомика жағынан бұл тиімді, себебі изоляция қызметкерлерді тек қана күйіктен қорғап қана қойма, сонымен қатар жылудың жоғалуын төмендетеді.
Өндірістік санитария
Жұмыс орнының метерологиясын жағдайын станцианарлық және ашық жерде деп болуын болады. Станцианарлық, яғни операторлық күркеде кәсіпшілік ішіндегі газбен жылыту және ауаны кондицианерлеу үшін БК-200 кондиционерлері қолданылады. Ашық алаңда жұмыс істейтін еңбекшілер тобы үшін кәсіпшіліктің әрбір учаскесіндегі административті ғимараттарында орналасқан. Санитарлы – тұрмыс бөлмелері қарастырылған. Олардың құрамына душ бөлмелері, және арнайы жұмыс киіміне арналған киім ілгіш шкафтар және т.б. кіреді.
Химикаттар дайындау және олармен жұмыс жасау кензінде көзілдіріктер, шаңға қарсты респираторлар кию керек (4.1 кесте).
ЦППН цехының территориясында әр түрлі жарықты талап ететін, едәуір алаңда (100 100) орналасқан әртүрлі процестермен жабдықтар бар. Сондықтан ЦППН цехында территорияны прожекторлы жарықтандыру қолданылады. Сонымен қатар, прожекторлы жарықтандыруда жарықтану территориясы әуе сымдарымен, тіректерімен айтарлықтай аз үйіліп тасталады. Технологиялық жабдықтарды орналастыру жағдайларының көбінде немесе жұмысты орындау жағдайында жарықтандыру территорисында шырақты теректер орнатуға болмайды және прожекторлы жарықтандыру бірден бір мүмкін жарықтандыру жүйесі болып табылады. Кемшілігі, жұмысшылардың көрмей қалушылық мүмкіндігі болып саналады, жарықтандыру территориясында тым жағымсыз көлеңкелер пайда болады, олар заттарды қарауға кедергі жасайды. Бірақта, егер олардың қондыру орнын, иілу бұрышын және қондыру биіктігін дұрыс таңдаса онда олар анағұрлым азаяды. Прожекторлы жарықтандыруды жобалау кезінде алаңның бұрыштарына 10м биіктікті М1 және М2 прожекторлы (мачта) қондыру қажет және мүмкіндігінше біркелкі жарықтандыру 5лк-ден кіші емес, жасалыну қажет, себебі ЦППН цехы күні-түні жұмыс істейді және де жұмысы өте көп.
Есептеу үшін қарастырылып жатқан жобадағы жағдай үшін прожектордың иілу бұрышы Ө=120,ол едәуір жаманырақ Ө=150 болғанда, прожектордың типі П3с=35 жарылудан сақталған. Осының негізінде қаралып отырған жобаның жағдайына прожектордың иілу бұрышы Ө=120 деп аламыз.
Формулаға келтірейік.
(4.2)
мұнда және
Берілген нормаланған жарықтандыруды болдыру үшін бұрышының керекті белгісін анықтаймыз.
Еn=5лк
Прожекторлар тобының ықпал ету бұрышы 0 сондықтан әрбір мачтадағы қондырғыға тиісті прожекторлар тобының саны.
барлығы, әрбір мачтада прожектор қондырылуы қажет. Жалпы белгіленген қуат.
Р=60000:40000=1,5
Кесте–4.2-Қолайлы жарықтандыру кестесі.
Прожектор мачталар | Мачтадағы есептеу нүктелеріне дейінгі ара қашықтық | Иілу бұрышы бойынша жарықтандыру. 1к | ||||||||||||||
Ө=12 | Ө=12 | Ө=15 | ||||||||||||||
А | Б | В | Г | А | Б | В | Д | А | Б | В | Д | А | Б | Г | Д | |
М | 1,1 | 0,4 | 0,2 | 0,3 | 1,0 | 0,7 | 0,3 | 0,4 | 0,75 | 0,7 | 0,2 | 0,3 | ||||
М | 1,1 | 1,1 | 1,7 | 1,1 | 1,0 | 1,6 | 2,1 | 0,8 | 0,75 | 1,4 | 2,2 | 0,5 |
Қауіпсіздік техникасы
Барлық қондырғылар мен объектілерде «химиялық, мұнайхимиялық өндірістерді және мұнай өңдеу өнеркәсібін статикалық электр қуатынан қорғау ережелерімен” қарастырылған талаптар орындалады.
Адамдардың қауіпсіздігі және ғимараттар мен жасақтардың сақталуы үшін, сонымен қатар жабдықтарды бұзылыстардан, өрттенуден және найзағайдың тура соққыларынан болатын жарылыстардан қорғау үшін “ғимараттар мен жасақтардың найзағайдан қорғанышын орналастыру мен жобалау бойынша нұсқаларға” сәйкес найзағайдан қорғаныш орнатылады:
–жерге қосатын сымдардың жалпы кедергілерін азйту үшін өндірістік құбырларды пайдалануға рұқсат етілмейді;
–ғимараттардың ішінде, сондай-ақ сыртында орналасқан резервуарлар, газ құбырлары, өнім құбырлары, қую-құйып алу қондырғылары, желдеткіш қондырғылар, барлық металл аппараттар статикалық электр қуатының разрядтары мен найзағайдың екінші пайда болуынан қорғалуы үшін жерсіңдіруші нұсқаға жалғануы керек;
–жеке орнатылған аппараттар мен резервуарлардың өз жерсіңдіргіштері болуы керек немесе жалпы жерсіңдіруші нұсқаға жалғануы керек. Бірнеше аппараттар мен резервуарларды жерсіңдіруші өткізгішпен тізбектен қосуға болмайды;
Резервуарларды толтырғанда сұйықтың деңгейіне мән берілуі қажет. Өнім құйылатын құбыр резервуардағы өлі қалдық деңгейінен төмен болуы керек.
Найзағай ойнағанда мұнай мен тез тұтанғыш өнімдерді құюға, сонымен қатар олардан сынама алуға болмайды.
Топтық өлшеу қондырғыларын (ГЗУ) найзағайдан қорғау.
Топтап өлшейтін-сепарационды қондырғы құрамына топтық өлшеу қондырғысы (ГЗУ), өздігінен ағатын жинау коллекторы, бөлімшелік саңылаусыздандырлған резервуарлар, сорап, жинау коллекторлары, шикізат резервуарлары, газ жинаушы құбыр кіреді. Топтап өлшейтін-сепарационды қондырғы электрлі қондырғылардың құрылғылары ережелерінің (ПУЭ) В-1а және В-1г кластарына жатады.
Өз кезегінде, электрлі қондырғылардың құрылғылары ережелерінің (ПУЭ) В-1 және В-2 кластарына жататын ғимараттар мен жасақтар құрылғыларына қарай найзағайдан қорғаудың 1 категориясына кіреді.
Топтап өлшейтін қондырғылардың объектілері қосылатын, 1 категорияға жататын ғимараттар мен жасақтар Қазақстанның барлық аймағында найзағайдан қорғалуға міндетті деген ұсыныстар йтылған.
Бұл найзағайдан қорғау қондырғысының категориясын дұрыс анықтау қарастыралатын топтап өлшейтін қондырғылардың объектісін пайдалану үшін қажетті шарт болып табылатын туралы айтады.
Ғимараттар мен жасақтар қорғау аймағын қамтамасыз ететін жеке тұрған стерженьді немесе арқанды найзағай бағыттауыштармен қорғалады.
Топтап өлшейтін қондырғының найзағайдан қорғанышын жобалау үшін жұмыстағы ұсыныстарды пайдаланамыз. Стерженьді найзағай бағыттауыштың қорғау аймағының құрылысы мен есебі Г.М.Кржижановский атындағы энергетикалық институты ұсынған әдіс бойынша жүргізіледі.
І құрылысқа топтап өлшейтін қондырғы мен өздігінен ағатын жинау коллекторы жатады. ІІ құрылысқа-бөлімшелік саңылаусыздандырылмаған резервуарлар, сорап пен жинау коллекторы. ІІІ құрылысқа-шикізат резервуарлары, газ жинаушы құбыр.
Ұсыныстарға сәйкес берілген жасақ кешенін қорғау үшін 2 стерженьді найзағай бағыттауышты қолданған жөн. Ол үшін І құрылысқа жататын 1-найзағай бағыттауыштың оптимал биіктігін (h) табамыз.
Берілген жағдайда 1-2 қос қабат стерженьді найзағай бағыттауыштың өсі бойынша жасаққа дейін созылған қашықтық пен найзағай бағыттауыштан жасаққа дейінгі қашықтықтың қосындысы шамасы керек.
ІІ қрылыс бөлігіне қатысты 1-найзағай бағыттауыштың оптимал биіктігін анықтаймыз.
Осылайша 2-найзағай бағыттауыштың және биіктіктерін есептейміз, бұл кезде өрнекке найзйғай бағыттауышқа жақын орналасқан ІІ құрылыс бөлігіне сәйкес және мәндері енгізіледі.
Типтік констркциясын бағдарлап бірінші және екінші стерженьді найзағай бағыттауыштардың биіктіктерін есептеу үшін 25 м және 35 метрге тең деп қабылдаймыз. Кейін найзағай бағыттауыштардың есептеу үшін қабылданған биіктіктерінен шығатын қорғау аймақтары мен тұрғызудың есебіне келеміз.
2-найзағай бағыттауыштың вертикал жазықтығындағы пайда болатын қорғау аймағын тұрғызамыз. Ол үшін найзағай бағыттауыштан 0,75h және 1,5h қашықтықта орналасқан А және В нүктелерін сәйкесінше найзағай бағыттауыштың төбесі мен 0,8h биіктікте орналасқан В нүктесін түзу сызықпен қосамыз. Екі сызықтың қиылысу нүктесі арқылы өтетін қисық іздеп отырған қоргау аймағының шекарасын береді.
денгейдегі 2-найзағай бағыттауыштың қорғау радиусын аңықтаймыз.
болғандықтан мына өрнекті қолданамыз:
(4.3)
Осы ретпен 1-найзағай бағыттауыштың да қорғау радиусын деңгейде анықтаймыз.
Сосын 1-найзағай бағыттауыштың төбесінен 2-найзағай бағыттауыштың пайда болған қорғау аймағымен қиылысына дейін көлденең сызық жүргіземіз. Қиылыстырудан алынған Г нүктесі 1-найзағай бағыттауыштың биіктігіне сәйкес келеді және алдағы есептеулерде фиктивті найзағай бағыттауыштың төбесі деп қабылданады.
1-найзағай бағыттауыш пен фиктивті найзағай бағыттауыштың қорғау аймағының жоғарғы шекарасын анықтаймыз. Ол үшін центрі 1-найзағай бағыттауыштан L қашықтықта орналасқан І-І өсте биіктіктен R радиуспен 0 нүктесі арқылы доға жүргіземіз.
шамасын мына өрнектен табамыз:
(4.4)
Шеңбердің радиусын мына өрнектен аламыз:
Қорғау аймағының ені деңгейде былай болады:
(4.5)
Сонымен есептеулер көрсеткендейІ және ІІ қорғау жасақтарының барлық бөлігі стерженьді найзағай бағыттауыштардың қорғау аймағында орналасқан.
Найзағай бағыттауыш қондырғы немесе оған жақын жерлерде найзағайдың тура соққысынан екіншілік әсер пайда болады, ол электростатикалық индукция түрінде байқалады. Сондықтан құрылысы бойынша найзағайдан қорғаудың І категориясына қатысты жасақ (ГЗУ) найзағайдың екіншілік әсерінен қорғауға жатады.
Электростатикалық индукциядан қорғау үшін объектінің периметрі бойынша жабдықтың жерсіңдіруші нұсқасымен жалғасқан “Фарадей торына” ұқсас тор жасау қажет және жеткілікті, сонымен қатар конструкцияның металл элементтері мен объектінің коммуникациясы. Экрандаушы тор негізінен объектінің металл табаны мен табанға әр 15-20 метр сайын қосылған тік тоқ бағыттауыштардан құралады. Тоқ бағыттауыштар арнайы жерсіңдіруші құрылғыға R=10см радиуспен жалғанады. Электромагнитті индукциядан қорғау үшін тұйықталмаған нұсқалардың пайда болуына жол бермейтін құбырлар арасында олардың өзара жақындасқан жерлерінде 10см және одан да аз қашықтықта әрқайсысының ұзындығы 20см металл бөгеттерді пісіру керек.
Құбырлардың элементтері мен қорғалатын жасақта орналасқан басқа да созылған коммуникацияларды біріктіргенде бір шектескенде 0,0003 Ом-нан аспайтын өтпелі электр кедергісінің мәнімен шектесуді қамтамасыз ету қажет. Егер біріккен жерлерде бұл шарт сақталмаса диаметрі 5 миллиметрден жоғары болат өткізгіштерден немесе қөлденең қимасы 2 мм-ден жоғары болат ленталардан жасалған бөгеттер құрылғысы қажет.
Өрт-жарылыс қәуіпзіздігі
ЦППН-ры үшін «мұнай өндірісіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері» ППБС РК-10-98ж міндетті түрде қажет.
ЦППН, өндірістік учаскелердегі және цехтың жеке объектілеріндегі өрт қауіпсіздігіне деген жауапкершілік цех басшысына және сол учаскелердің жетекшілеріне артылады. Көрсетілген жауапты қызметкерлер сол жерде орнатылған өртке қарсы ережелер мен нормаларға байланысты цехтың өндірістік учаскелерін өрт сөндірудің алғашқы жабдықтарымен қамтамасыз етулері керек.
Цехтың әрбір жұмыс орнындағы орнатылған ережелер мен өрт сөндіру шараларын сақтау жауапкершілігі жұмыстың берілген учаскесінде қызмет көрсетуші жұмысшыға артылады. Ол жұмыс орнына немесе технологиялық үрдістің учаскесіне берілген өртке қарсы қондырғылардың дұрыс сақталуына және уақытында пайдаланылуына жауап береді.
Цехтың барлық жұмысшылары УПН және ПО басшылығымен бекітілген өрт қауіпсіздігінің нұсқауларын сақтаулары қажет.
ЦППН-нің әрбір объектісінде өрт қауіпсіздігіне жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты және қызметі көрсетілген жазу ілінуі керек.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдар өндірістің технологиялық үрдісінің өрт қауіпсіздігін білуі және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауы міндетті:
Қызмет көрсетушілердің қойылған талаптарды қатаң түрде сақтауын бақылау;
Лауазымы жоғары инженердің немесе объект жетекшісінің жазбаша рұқсатынсыз және өрт сөндірушілермен ақылдаспай ашық от пайдаланылатын жұмыстың жүруіне жол бермеу;
Ғимараттарға және құрылыстарға, су көздеріне, өндірістік объектілерге алып баратын жолдардың, сондай-ақ баспалдақтардың және өрт сөндіру қондырғыларының жолдарын бөгеуге жол бермеу;
Барлық өрт сөндіру құралдары мен аспаптардың іске жарамдылығын және дайындығын жиі тексеру, сондай-ақ өрт сөндіру қондырғыларының атқаратын қызметін және оны пайдалана білу керек;
Анықталған барлық өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылған жерлері, қондырғылардың ақаулары туралы тезарада кәсіпшіліктің өрт сөндірушілеріне хабарлау және оларды жоюға шара қолдану;
Апаттар немесе басқа себептер салдарынан өрт шыққан немесе қауіпті жағдай туындаған болса, онда сол мезгілде қолда бар күшпен және құралдармен өртті немесе апатты жоюға кірісіп, тезарада өрт сөндіру бөлімін шақыру керек;
Цехтың өндірістік объектілерінің барлық территориясы және өндірістік бөлмелер әрдайым тазалықта, реттеулі күйде ұсталуы керек.
Өндірістік территориялар мен бөлмелердің оңай өртенгіш және жанғыш сұйықтықтарымен, өндірістік қоқыстар және қалдықтармен ластануына жол бермеу. Оңай өртенгіш және жанғыш сұйықтықтардың төгілген жерлері мұқият тазаланып, құрғақ құммен немесе топырақпен көмілуі, содан соң алынып тасталуы керек. Цехтың территориясында мұнайды және басқа да оңай өртенгіш сұйықтықтарды тұрғызу, орналастыру жобасымен қарастырылмаған ашық шұңқырда сақтауға жол берілмейді.
Резервуарлардың обваловкасы, жылыту пештеріндегі қоршаулар әрдайым іске жарамды күйде сақталуы керек.
Өрт гидраттарының жанында, олардың орналасқан жерін тез анықтауға мүмкіндік беретін нұсқаушы–жазу орнатылуы керек, қыс мезгілінде олардың қатып қалуын болдармау үшін жылы күйде ұстау, сонымен қатар олар уақытылы қардан, ал гидраттар сақталатын құдықтардың төбесі мұздан тазартылуы керек.
Өрт сөндіру гидраттарына және су тоғандарына алып баратын жолдар, судың табиға ағып кетуын қамтамасыз ететін қатты қаптамаға және қиғаштыққа (белгілі бір бұрышқа иілген) ие болуы керек. Су құбырлары, өрт сөндіру гидраттары мен крандар жүйесіндегі жеке учаскелерді өшіру, су құбырлары жүйесіндегі орнатылған қысымды төмендету тек қана кәсіпшіліктің өрт сөндірушілерімен ақылдасқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Жолдардың жеке учаскелерін жабу шаралары (жөндеу жұмыстарын жүргізу және басқа да себептер мақсатында) жұмыс жүретін жері, сипаты және мерзімі көрсетілген өрт сөндірушілермен ақылдасылған цех басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады. Жолдарды қазу кезінде 3,5м-ден кем болмайтын бір бөлігі қалдырылуы тиіс, сонымен қатар қазылған шұңқырдан өткізетін көпіршелер соғылуы керек.
Жолдың бір бөлігін қалдыру мүмкіндігі болмаған жағдайда өрт сөндіру машиналарының қозғалысына арналған ені 3,5м-лік айналып өту жолдары ұйымдастырылуы керек.
Өрт сөндірушілермен ақылдасылған, цех бастығының бұйрығы бойынша рұқсат етілген жерлерден басқа территориясында от жағуға, мұнай мен шөпті өртеуге тыйым салынады.
Цех қондырғыларының саңылаусыздығына қатаң түрде бақылау орнату керек. Саңылаулар анықталған жағдайда, оларды жою шаралары қабылдануы керек.
Арматураның, құбырлардың, ысырмалардың тораптарын жылытып алу үшін, ашық оттың қолданылуына тыйым салынады.
Мұнай сіңіп қалған киімдерді кептіру мақсатында бу жүретін құбырларға, радиаторларға және т.с.с-ға ілуге және жаюға тыйым салынады.
Тораптар мен резервуарларды табиғи жарықта немесе кернеуі 12В-тан аспайтын жарылыстан тазартылып жасалған тасымалданмалы светильник көмегімен тексеру керек.
Аптаттан кейін жанғаш заттары бар тораптардың және құбырлардың жылудан оқшауланатын учаскелерін тезарада ауыстыру керек.
Тұндырылған суды тораптардан және резервуарлардан ағызған кезде, жер бетіне мұнайдың түсуіне жол бермей, стоктарды қатаң түрде бақылау керек.
Резервуарлардың пайдаланылуы «Метал резервуарларды техникалық пайдалану ережелерімен және оларды жөндеудің нұсқамасымен» қатаң түрде сәйкес жүргізілуі тиіс.
Пештерді пайдалану кезінде газды горелкаға әкелетін жүйе «газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес сынақтан өтуі тиіс.
ЦППН-нің барлық объектілерінде шыққан өртті сөндіру үшін келесі өрт сөндіру құралдары болуы тиіс:
Ұнтақты немесе көбікті өрт сөндіргіштер;
Құм
Өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған өрт қораптары.
Бұдан басқа, цехқа қызмет ететін өрт сөндіру командасында өрт сөндірудің келесі құралдары болуы керек:
Су
Химиялық көбік
Өрт сөндіру құралдарының дұрыс сақталуының және әрдайым іске дайындығының жауапкершілігі цех бастығына артылады.
Цехты телефон байланысымен, электрлік өрт шыққандығы жөнінде белгі бергішпен (сигнализация), радио байланысымен жабдықтау қабылданған ережелерге және нормаларға байланысты орындалады.
Өрт байланысы және белгі бергіш құралдарының жағдайына бақылау жүргізу және олардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін цех басшысы цех ИТР-нің арасынан жауапты адамды тағайындайды.
Қондырғыларда шыққан өрт келесі әдістермен сөндірілуі мүмкін:
Жанғыш заттардың өрт шыққан аймақтан алыстатылуы;
От көзіне оттегінің берілуін тоқтату.
Апаттық режимді алып тастау және жұмысты әрі қарай жалғастыруға рұқсат ету құқығы ААҚ «Құмкөл» УПН және ПО жетекшісіне беріледі.