Ші тақырып. жаңа өнімді жобалау
1. Өнімнің өмірлік циклі және кезеңдері
2. Жаңа өнімді жобалау
3. Инновациялық процестің мазмұны және ерекшеліктері
4. Өнімді жобалау кезеңдері
1. Өнімнің өмірлік циклі және кезеңдері
Көптеген өнім түрлерінің маңызды белгісі оның сұранысының шектеулігінде. Әрбір өндірістік кәсіпорын үшін нарықта өнім қандай мерзімде өткізілуі мүмкін екені және оның ұзақтығына ықпал ететін факторларды білу маңызды. Әрбір өнім өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтеді:
Ø Жасау;
Ø Игеру;
Ø Өсу;
Ø Жетілу;
Ø Ескіру.
Өнімнің өмірлік циклінің фазасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ггг
3.2.1-сурет. Өнімнің өмірлік циклінің фазалары бойынша өндірістік менеджменттің негізгі міндеттерін бөлу
Жаңа өнімді жасау көбінесе белгілі бір инновациялық ойлардың пайда болуымен байланысты: жаңа нарықты игеру; бар қажеттілікті кеңейту немесе жаңасының пайда болуы; өнімнің жаңа қызметтерінің пайда болуы және т.б.
Өнімнің өмірлік циклінің фазалары бойынша өндірістік менеджменттің негізгі міндеттерін бөлу 3.2.1-суретте көрсетілген.
2. Жаңа өнімді жобалау
Нарықта және өндірісте жаңа тауардың пайда болуы инновациялық қызметтің нәтижесі, оның негізгі міндеті инновацияны жасау және тарату.
Нарықтық жағдайда инновацияның маңызды белгісі кәсіпорынның жоғары деңгейдегі бәсекелестігін қолдау және қамтамасыз ету мақсатында жаңа тауардың тұтынушылық қасиетін жақсарту болып табылады.
Инновация деп тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жақсартылған технологиялық процесс, нарықта өткізілетін жаңа немесе жақсартылған өнім түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі. Егер инновациялық өнім өндірістік процеспен игерілген немесе нарыққа ендірілген болса, онда инновация жүзеге асырылды деп есептелінеді.
Өндіру, жабдықтау, өткізу және басқару қызметінің әртүрлі салаларындағы өндірістің қызмет ету тәжірибесінде алуан түрлі инновациялар іске асырылады.
Инновациялық кәсіпкерлік жаңа өнім немесе қызмет жасау, игеру және коммерциялық қолданумен байланысты. Бұл процестің төмендегідей кезеңдері бар:
- жаңа идеяларды іздеу, оны бағалау, бизнес-жоспар құру;
- қажетті ресурстарды іздеу, тәжірибиелі үлгі мен сынақты құру;
- өткізу нарығын зерттеу және нарықта тауардың қозғалысы.
Жаңа тауарды дайындаудың негізгі кезеңдері 3.2.2-суретте қарастырылған.
Инновациялық идеяларды іздеу
Ең тиімді перспективті жолдарды іріктеу
Ойдың нақтылы орындалуы
Эксперттік баға
Бизнес-жоспарды жасау
Тәжірибелі үлгілерді дайындау
Сынау
Маркетингтік зерттеулер
Нарықтағы тауардың қозғалысы
Нарықтың төменгі буындарын жаулап алу
Тауарды массалы дайындау
3.2.2- сурет. Жаңашылдықтарды дайындаудың негізгі кезеңдері
3. Инновациялық процестің мазмұны және ерекшеліктері
Жоғары техникалық, тұтынушылық және экономикалық өлшемдері бар жаңа өнімдерді жасау, үлкен көлемді уақыт пен ресурстар шығынын талап ететін қиын процесс болып табылады. Инновациялық процестің үш негізгі фазасын көрсетуге болады:
· зерттеу фазасы немесе өнім концепциясын құру;
· жаңа өнімді жобалау;
· жаңа өнімді өндірісте игеру және оны нарықта өткізу.
Бірінші фазада – жаңа өнімге мүмкін сұраныс туралы экономикалық және ғылыми-технологиялық ақпараттарды, нарықтағы жағдайды, бәсекелестерді, кәсіпорындардың ғылыми-техникалық әлеуетін талдау кешені жүргізіледі. Бұндай зерттеу инновациялық маркетингтің аспаптары мен әдістері негізінде және ғылыми-техникалық болжау әдісі негізінде жүзеге асады. Инновациялық циклдің бірінші фазасының нәтижесі жаңа өнімнің экономикалық маңызы, техникалық мүмкіндігі және негізгі өлшемдері туралы қорытынды болады. Осы қорытындылардың жиыны өнім концепциясы деп аталады.
Инновациялық процестің екінші фазасында жаңа өнімді жобалау жүргізіледі. Бұл фазаның негізгі міндеті жаңа өнімге толық инженерлік талқылау жасау. Оған қажетті зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық дайындамаларды орындау, жаңа өнімнің тәжірибелік үлгісін дайындау мен зерттеу және оны дайындау үшін толық сызбаларды дайындау жатады. Инновациялық процестің осы фазасында болашақ өндірістің экономикалық және ұйымдастырушылық өлшемдері анықталады.
Инновациялық процестің үшінші фазасы – жаңа өндірісті жобалау бойынша жұмыстар кешенін орындау, яғни оны техникалық дайындаудан бастап, өндірістік процестерді жобалауды ұйымдастыру және өндірісті ұлғайту, жобалық қуаттылыққа және берілген өзіндік құнға жету. Инновациялық процесті кәсіпорынның жаңа өнімді нарыққа шығаруы және оны өткізумен байланысты жұмыстар аяқтайды.
Жоғарыда аталған инновациялық процестің фазаларының әрқайсысы жаңа өнімді жасау және жобалау бойынша дербес кезеңдерді орындайды.
Инновациялық қызметтің дамуы және оның ерекшелігі өндірістік менеджменттегі жаңа қызметтік бағыттың пайда болуына әкелді, ол инновациялық менеджмент деген атауға ие болды.
Инновациялық менеджмент – бұл материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстарды оңтайлы қолдану жолымен инновациялық мақсаттарды жүзеге асыруды қалыптастыру және қамтамасыз етуге бағытталған, тәжірибелік қызмет және менеджменттің қызметтік саласы.
| |||||
| |||||
ИЦ
|
ЖЦ
3.2.3- сурет. Жаңа өнімді жасау инновациялық процесінің құрылымы
ИЦ – инновациялық цикл; ПЦ – өндірістік цикл; ЖЦ – өмірлік цикл
4. Өнімді жобалау кезеңдері
Бәсекеге қабілетті өнімді қазіргі заманда өндіруді дамыту ұзақ мерзімге бағытталған ғылыми зерттеулерсіз мүмкін емес. Ғылыми- технологиялық өндірісте қолданылатын және шығарылатын техника саласындағы тұрақты прогресс үшін алғышарт болып табылады. Жаңа өнімді жасау процесінің бастапқы кезеңін құрайтын, ғылыми зерттеулер нәтижесінде табиғат пен техникадағы құбылыстар, жаңа заңдар мен заңдылықтардың ашылуы, жаңа ғылыми білімдер пайда болады.
Ғылыми-зерттеу жұмысы – бұл табиғатта, қоғам немесе техникада болатын құбылыстар немесе процестер, объектілер туралы жаңа ақпарат құру міндеті бар мақсатты қызмет. Нәтиженің мақсатына, мазмұнына және сипатына байланысты келесідей бөледі:
· Теориялық (фундаментальды) зерттеулер;
· Зерттеулерді іздеу;
· Қолданбалы зерттеулер.
Фундаментальды зерттеулер жалпы және абстрактылы сипатта болады. Олар табиғатта, техника мен қоғамда іске асырылатын жалпы заңдылықтарды түсінуге және білімін кеңейтуге бағытталады. Фундаментальды зерттеулер нәтижесінің негізінде ғылыми-техникалық проблемалар анықталынады.
Алынған фундаменталды зерттеулер нәтижесінің негізінде зерттеулерді іздеу жүзеге асырылады. Зерттеуді іздеудің қажеттілігі алынған мәліметтерді қолдану бағытының анықсыздығынан, ғылыми-техникалық проблемаларды шешу үшін олардың трансформациялану мүмкін әдістерінің болмауынан пайда болады. Зерттеулерді іздеудің негізгі міндеті:
· жаңа техника, технология немесе материалды жасау үшін белгілі немесе қайта ашылған құбылыстар мен заңдылықтарды қолдану мүмкіндігін зерттеу;
· ғылым, техника және технологияның жекелеген бағыттарының дамуын болжау және бағалау;
· жаңа шешімдер мен ашылымдарды қолдану жағдайын зерттеу және қолдану саласын іздеу.
Зертеулерді іздеу нәтижесінде конструкторлаудағы жаңа бағыттар, дәстүрлі міндеттерді шешуге жаңа ұстанымдар, технологияның жаңа түрлері және өндірістік процестерді басқару әдістері пайда болады.
Қолданбалы зерттеулер жобалық дайындамаларды орындаумен байланысты ғылыми-техникалық және ұйымдастырылған экономикалық проблемалардың нақты шешіміне бағытталады.
Қолданбалы зерттеулер келесілерден тұрады:
· өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында қолда бар конструкциялар, технология немесе материалдарды жақсарту жолдарын іздеу;
· жаңа бәсекеге қабілетті өнімді жасау үшін ғылым және техниканың жаңашыл жетістіктерін қолдану тәсілдерін анықтау;
· нарық коньюнктурасын зерттеу және бәсекелестерінің тәжірибесін жалпылау бойынша аналитикалық жұмыстарды жүргізу;
· үлгі дайындамаларды орындау, экспериментальды және сынақталған жұмыстарды жүргізу.
Бұл зерттеу түрі көбінесе тұтынушылар нарығына бағытталған.
Жобалау, көптеген макеттерді жасау, тәжірибе мен эспериментальды үлгілерді сынақтан өткізу, жұмыс құжаттарын түзету және өңдеу процестерінің нәтижесінде жаңа өнім пайда болады. Отандық тәжірибеде осы аталған барлық алуан түрлі жұмыстардың кешені, жаңа өнімнің тәжірибелік-конструкторлық дайындамасы мен өндірісті конструкторлық дайындау құрайды.
Тәжірибелік-конструкторлық дайындама – бұл оларды өнеркәсіптік дайындау және қолдану үшін, тәжірибе үлгісі, тәжірибе құрылғысы және жұмыс құжаттары түрінде техникалық-экономикалық өлшемдермен техниканың жаңа түрін жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстар кешені.
Жаңа өнімді конструкторлау бойынша жұмыстар кешені келесідей тәжірибелік-конструкторлық дайындама кезеңдерінен тұрады:
Ø дайындау;
Ø жоба құжаттарын өңдеу;
Ø жұмыс құжаттарын өңдеу.
Жаңа өнімді конструкторлаудың дайындау кезеңінде оны жасау қажеттілігі негізделініп және оның негізгі техникалық-экономикалық өлшемдер құрамы келісіледі. Осы кезеңде нарықтық жағдай зерттеліп, маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, жаңа өнімге сұраныс болжанады және талданады, жаңа өнімді өндіру жағдайында ғылыми шектеулер бекітіледі. Есептеулер мен келісулер нәтижесі бекітілген дайындаманың техникалық тапсырмасында көрініс табады. Бұл маңызды құжатта жобаланған өнімнің сипаттамасы көрсетіліп, келесідей аспектілер бойынша нақтыланады: өнім құрамы және оның жинақтауға қойылатын талаптары, тағайындау көрсеткіштері, сенімділік, қауіпсіздік, технологиялық, бірыңғайлық және т.б. талаптар.
Жоба құжаттарын өңдеу жаңа өнім бойынша концептуалды шешімдерді анықтайтын, жұмыстар кешенін орындауды қарастырады: әрекет ету принципін таңдау, өнімді жалпы құрастыру, түйіндер құрамына қойылатын талаптар, өнімнің функционалдық құрылымын инженерлік және құндық талдау, эксперименттік жұмыстарды жүргізу және жеке түйіндерді сынақтан өткізу. Өнімді жобалаудың бұл кезеңі техникалық ұсыныс, эскиз жобаларын және техникалық жобаларын дайындау кезеңдерін орындаудан тұрады. Аталған кезеңдердің әрқайсысының аяқталуы сәйкесінше жоба құжаттарын дайындаумен орындалады.
Жұмыс құжаттарын өңдеу жаңа өнімді жобалауды аяқтайды. Бұл кезеңде конструкторлық құжат кешенін дайындау жүзеге асырылады. Жұмыс құжатына бөлшектердің жұмыс сызбасын, құрастырылатын біріліктер мен өнім түйінділерін, өндірістік және эксплуатациялық құжаттарды (өнім паспорты, қолданушылар үшін сипаттама, эксплуатация бойынша нұсқау, қызмет көрсету құжаты, кепілдемелік құжаттар) дайындау кіреді.
Өндірісті конструкторлық дайындау– жаңа өнімді шығаруға (сапа, өндіріс көлемі және шығын деңгейінің берілген параметрлерімен қойылған мерзімде) кәсіпорынның техникалық дайындығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процестер жиынтығы. Конструкторлық дайындаудың негізгі міндеті сапа өлшемдерін сақтай отырып, оның болашақтағы өндірісі жағдайына зерттелген конструкциялық өнімді мақсатты және тиімді лайықтандыру болып табылады.
Өндірісті конструкторлық дайындау өнімді тәжірибелік-конструкторлық дайындаудың құрама бөлігі немесе жалғасы болып табылады.
Өндірісті технологиялық дайындау - жаңа өнімді шығаруға (сапа, өндіріс көлемі және шығын деңгейінің берілген параметрлерімен қойылған мерзімде) кәсіпорынның технологиялық дайындығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процестер жиынтығы. Өндірісті технологиялық дайындау шеңберінде кәсіпорында жаңа өнімді өндіру жобасының негізгі міндеттері шешіледі:
ü өнім конструкциясының технологиясын сақтау;
ü өндірістің барлық кезеңдері бойынша технологиялық процестерді таңдау және дайындау;
ü өндірістік процестерді технологиялық жабдықтау құралдарын дайындау және жобалау;
ü жаңа өндірісті технологиялық дайындау процестерін басқару.
Сипаты бойынша технологиялық процестер жеке, типтік және топтық болады. Жеке технологиялық процесс бір атаулы, бағытты немесе өлшемді өнім өндіруге арналған. Типтік технологиялық процесс - технологиялық және конструкторлық белгілері бойынша біркелкі бөлшектер, жинақтау бірліктері немесе өнімдердің жиынтықтары үшін қолданылады. Топтық технологиялық процесс әртүрлі конструкторлы, бірақ жалпы технологиялық белгілері бар заттарды дайындау үшін қолданылады.