Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан Республикасының саяси экономикалық орны.
Еуразия атауы қазіргі ақпараттық кеңістікте ең көп кездесетін сөздердің біріне айналып отыр. Қазір екі конференцияның бірі Еуразия тақырыбына арналады. Мұның себебін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен түсіндіруге болады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы аймағымызда маңызды геостратегиялық, геосаяси, экономикалық және геомәдени бетбұрыстардың болып жатқанын көрсетеді. Әрине, Еуразияны әрбір мемлекет өз мүддесі тұрғысынан түрліше түсінеді.
Еуразияның геосаяси маңыздылығын түсіну үшін батыстықтардың аймақ туралы кең танылған теориясын қарастырайық. Еуразия құрлығы туралы сөз болғанда геосаясат теоретиктерінің бірі ағылшын Халфорд Ж.Макиндердің heartland, яғни «жердің жүрегі» («Жерұйық») теориясына назар аудару қажет. Ол теория бойынша, кез келген географиялық кеңістіктің немесе мемлекеттің ең стратегиялық маңызды аймағы оның ортасы, орталығы болып табылады. Макиндердің пікірінше, дүниежүзінде ықпал жүргізу үшін Еуразия құрлығында, ал Еуразияда ықпалды болу үшін сол құрлықтың ортасында, яғни ішкі аймағында басымдыққа ие болу шарт. Расында, бұл теория Ресейге де, біздің аймағымызға да қатысты. Орталық Азия жоғарыда аталған neartland, яғни кіндік аймаққа кіретін географиялық кеңістікте орналасқандықтан, тек теория ғана емес, сондай-ақ, геосаясаттың нысанасына айналып отыр. Бұл атлантистік теорияның мәні Батыстың Еуразияға қалай қарайтындығын білдіріп қана қоймай, оның аймағымызға қатысты геостратегиялық ниетінен де жақсы хабар береді.
Елбасымыздың саяси ойларының дамуында еуразияшылдықтың орны өте үлкен. Елбасы кеңестік экономиканың құрылымын, мүмкіндіктерін, басқару тетіктері мен нақты жағдайын жақсы білгендіктен, 90-жылдардың басынан-ақ шашыраған посткеңестік экономикаларды қайтадан біріктірудің амалдарын ойластырды. Өйткені, Қазақстанның экономикалық шаруашылығы, өндірісі мен өнеркәсібі Ресей мен өзге кеңестік елдермен ажырамастай тығыз байланыста, бір-біріне тәуелді, әрі өзара кіріккен еді. Республикалар арасындағы өндірістік және іскерлік байланыстардың бірден үзіліп қалуы үлкен экономикалық, саяси, әлеуметтік және ұлтаралық дағдарыстарға алып келді.
89. Еуразиялық Одақ және басқада халықаралық экономикалық ұйымдар: ерекшелігі және ұқсастығы (салыстырмалы анализ).
Халықаралық экономикалық ұйымдар - елдердің белгілі бір топтарын біріктіретін, ал кейбіреулері әлемнің барлық елдерін дерлік біріктіретін және тауарлардың,капиталдың, жұмыс күшінің халықаралық қозғалысының дамуын реттеу, олардың осы мекемелерге қатысушы елдердің мүдделері үшін өсуіне жәрдемдесу мақсатын көздейтін халықаралық Үкіметаралық ұйымдар. Қазіргі Халықаралық экономикалық ұйымдардың басым көпшілігі 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниеге келді. Олардың қызметінің негізгі бағыттары: әлемдік сауда ережелерін, халықаралық есептесулер| мен тасымалдарды ырықтандару және жетілдіру; аймақтық экономикалық ынтымақтастықты күшейту; қатысушылары арасында тең құқықты және өзара тиімді катынастар орнатуға, өнеркәсііттік дамуда артта қалған елдер үшін қолайлы режим белгілеу. Жетекші Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметінде АҚШ ерекше рөл атқарады. Мүның өзі АҚШ-тың соғыстан кейінгі кезеңдегі басым саяси және экономикалық жағдайына байланысты болды, нәтижесінде АҚШ Батыс Еуропа мен Азия елдеріне соғыстан күйреген экономиканы қалпына келтіруге көмек көрсетуде жетекшілік рөлді өз қолына алды. Американ үкіметінің бұл күш-жігері Еуропада Маршалл жоспары, Азияға, әсіресе Жапония мен Қытайға көмектің түрлі бағдарламалары нысанында көрініс тапты. 1940 жылдың аяғында АҚШ-тың белсенді бастамашылығымен және басым рөлімен өткен көп жақты келісімдердің шешімдері негізінде бірнеше халықаралық ұйым, соның ішінде: Халықаралық валюта қоры(1944), Халықаралық жаңғыру және даму банкі (1945), Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (1945),Біріккен Ұлттар Ұйымы (1949) құрылды. Басты халықаралық сауда ұйымы Дүниежүзілік сауда ұйымы. Ең жас және өкілдікті халықаралық сауда-экономикалық ұйым —БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы. Кеден ресімдерін бірегейлендірумен, оңтайландырумең оларды барынша азайтумен айналысатын Кеден ынтымақтастығы кеңесі көбінесе сауда байланыстарының тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі.
90. Еуразиялық Одақтағы Ресейдің, Белорустың және Қазақстанның үлес салмағы және одаққа берілген бағалар.
Қазақстан, Беларусь пен Ресей арасында жаңа жылдан бастап үшжақты 17 келісім өз күшіне енеді. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық-нормативті базасын қалыптастыру үшін қабылданған құжаттар еуразиялық интеграцияны жаңа сатыға көтермек.
Бірыңғай экономикалық кеңістік – үш ел аумағында тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің, жұмыс күшінің еркін айналымына жағдай жасау деген сөз. Жергілікті кәсіпорындар осы кеңістік аясында, үш мемлекеттің қайсысында болсын, мемлекеттік тапсырыс бойынша ұйымдастырылатын тендерлерге қатыса алады. Осылайша бәсеке күшейіп, нарық заңдары қатая түспек. Отандық тауар өндірушілер енді өзгеше серпін, ерекше құлшыныспен жұмыс істеуі керек. 170 млн. адамы бар нарықта осыншама қиындыққа төтеп берген кәсіпкерлер ғана қалмақ.
Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларацияда Кеден одағының бүгінгі таңдағы жетістіктері сараланған екен. Сондай-ақ 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік құру идеясы тағы бір рет пысықталған. Сонымен, бұған дейінгі үш мемлекет арасындағы көп келісімдер, оның ішінде Кеден одағы да, Бірыңғай экономикалық кеңестік те еуразиялық интеграцияның жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан кезекті сатылары болып қалмақ. Еуразиялық экономикалық одақ бұдан кейінгі, әзірге соңғы саты болыпмежеленіпотыр.
Болашақта үш мемлекет арасында бірыңғай валюталық және макроэкономикалық саясат жүргізуді көздейтін Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылы құрылуы тиіс. Бірақ Ресей президенті өз сөзінде: «...егер мүмкін болса, оған дейін де құрылуы мүмкін», – деп айтып қалды.
ДмитрийМедведев:
«Бүгін біз бірінші рет ұлт үстінен қарайтын, біздің мемлекеттеріміздің қай-қайсысына да бейтарап ұйым құру жөнінде уағдаластық, уақыт өте оған жаңа құзыреттер қосыла береді. Бұл шешімнің маңызы өте зор».
АлександрЛукашенко:
«Шыншыл болайықшы: ортақ Одақ, яғни Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі уақытта біздің кеңістікте идеялар жеткілікті болды, тіпті артығымен болды. Көп идеялар айтылды. Алайда Ресейдің барлық президенттерінің тұсында не айтылғаны менің есімде: Ресей Федерациясы мәлімдемелерден, декларациялардан интеграция бағытындағы нақты іске көшпейінше, ештеңе өнбейді».
НұрсұлтанНазарбаев:
«Осы уақыт ішінде біз батыс тарапынан да, өз ішімізде де көп сын естідік. Иә, алдағы 5 жылда ұлт үстінен қарайтын органдарға 175-ке тарта ұлттық құзырет беріледі. Мұндай жағдайда әуелі егемендік жойылады деседі. Бірақ ешкім біздің әрқайсымыз – мысалы Қазақстан, Беларусь (Ресейді айтпай-ақ қоялық) – біз бәрінің үстінен, оның ішінде Ресейдің де үстінен үлкен егемендік алып жатқанымыз туралы айтпайды, себебі біз мұнда консенсус арқылы дауыс береміз, бәріміз бірге шешім қабылдаймыз».