Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың құрамы мен әдістемелік мазмұны. (ХАС 500) №9. Аудиторлық айғақнама 2 страница

Талдамалы шараларға субъектінің қаржылық ақпараттарын салыстыру кіреді, мысалы:

• Алдыңғы кезеңдегі ақпараттармен салыстыру.

• Субъект қызметінің күтілетін нəтижелерімен салыстыру, мысалы, сметалармен немесе болжаулармен, сондай-ақ аудитордың болжамдарымен, мысалы тозуды бағалау.

• Ұқсас салалық ақпаратпен салыстыру, мысалы, субъектінің сатудан түскен табыстарын орташа салалық көрсеткішті дебиторлық берешектер сомасымен немесе осы саладағы көлемі ұқсас басқа кəсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыру.

Талдамалы шаралар төмендегідей өзара байланысты қарастырады:

• Субъект тəжірибесіне негізделген болжам үлгісіне сəйкес келуі тиіс қаржылық ақпарат элементтері арасындағы байланыс (мысалы жалпы табыстың пайыздық көрсеткіштері).

• Қаржылық ақпарат пен қаржылық емес сипаттағы сəйкес ақпараттар арасындағы байланыс, мысалы еңбекақы төлемдері шығыстары мен қызметкерлер саны арасындағы байланыс.

Жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асыру үшін қарапайым салыстырулардан бастап күрделі статистикалық əдістер қолданылатын кешенді талдауға дейінгі əр түрлі əдістер қолданылады. Талдамалы шаралар жинақтық қаржылық есептілікке; құрамдас бөліктердің (мысалы, еншілес компаниялар, бөлімшелер немесе сегменттер) есептілігіне, жəне қаржылық ақпараттың жекелеген элементтеріне қолданылады.

29.Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .

30.Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.

31.Аудиторская выборка и выборочный метод аудиторской проверки.

32.Аудиторская выборка и другие процедуры выборочного тестирования (МСА 530).

33.Аудиторский отчет (заключение). Общие требования к составлению аудиторского отчета и порядок его подготовки.

34.Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.

35. Аудитті жоспарлау үрдісі және аудитті жүргізу этаптары. №39. А-ті жоспарлау...Аудитті жоспарлау мақсаты мен принциптері300 "Жоспарлау" деп аталатын ХАС-ында жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тиімді жүргізуді қамтамасыз ету деп көрсетілген.

Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласында қажетті көңіл бөлуге, потенциалды проблемаларды анықтауға және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері арасында тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа аудиторлар мен сараптаушылар орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі.

Тексеруге қатысы бар дәлелдеулерді жеткілікті көлемде жинау аудитор өзіне кәсіби жауапкершілікті алу үшін қажет. Сонымен бірге, жинақталған дәлелдеулер құны төмен болуы керек. Аудиторлық дәлелдеулердің ең төмен құны үшін қам жеу жұмысты жоспарлау кажетгілігін көрсетеді. Сондықтан, аудиторлар әр тексеру үшін мақсаты төмендегідей болатын жоспар құруы керек:

• Аудиторлық процедуралардың қажетті көлемін анықтау;

• Тексеруді жүргізу шығындарын бағалау;

• Аудитті жүргізу сапасын қамтамасыз ету.

Аудит жоспарын құру аудитті жүргізудің жалпы принциптері, сонымен бірге келесідей принциптерге сәйкес іске асырылады:

• Жоспарлаудың кешенділігі;

• Жоспарлаудың үздіксіздігі;

• Жоспарлаудың оптималдылығы.

Аудитті жоспарлаудың кешенділігінің принципі, жоспарлаудың алдын ала аудитгің жалпы жоспары мен бағдарламасын құруға дейінгі барлық кезендеріндегі өзара байланыспен келісімділікті қамтамасыз етуді көздейді.

Аудитті жоспарлаудың үздіксіздігі принципі аудиторлар тобына өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезеңдерін, мерзімдері мен құрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстыруды көздейді.

Аудитті жоспарлау оптималдылығы принципі аудиторлық ұйымның өзі анықтаған критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының оптималды вариантын таңдау мүмкіндігі үшін жоспарлау варианттылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Аудитті жоспарлау кезеңдері

Жоспарлау - бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезендердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау — бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Әр клиент жеке тұлға және бұны жоспарлау кезінде есте ұстау қажет. Аудиторлар өз жұмысын тексерілетін ұйыммен танысудан бастауы керек. Бұл үшін құрылтайшылар құжаттарын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын және т.б. зерттеу қажет. Ұйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бұл клиент қызметінің масштабын анықтау үшін керек. Ұйымды алдын ала зерттеу нәтижесінде ғана алдағы жұмыс көлемінің шамасын және еңбек сыйымдылығын, сонымен қатар аудит ұзақтылығын анықтауға болады. Жұмыс көлемі, оның қиындылығы мен ұзақтығына байланысты аудит құны анықталады.

Жоспарлау процесін келесідей кезеңдерге бөлуге болады.1.Алдын ала жоспарлау; 2.Клиент туралы жалпы ақпаратты жинау; 3. Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау; 4. Ішкі бақылау жүйесін бағалау; 5. Аудиттің жалпы жоспарын мен бағдарламасын даярлау; 6. Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау

Алдын ала жоспарау процессінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдармаларын дайындауға кіріседі.

Аудитордың басқа жұмыс қағазына қарағанда жалпы жоспар дайындау процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлық тексеру тиімділігіне көмектесуі мүмкін.

Аудиттің халықаралық тәжірибесіндегі стандарттары мемарандумы әрекет ететіндігін атап өту қажет. Онда әр тапсырмаға қатысты процедуралардың алғашқы қорытындыларының нақты мәліметтері аудиторлық тестілер мен талдау процессінің нәтижесі болған процедураларды түзетулері және қосымшаларымен бірге жазылған.

300 "Жоспарлау" ХАС-ына сай аудитор аудиттің жалпы жоспарын іске асыруда қажетті жоспарланған аудиторлық процедуралар сипатын, оны жүргізу уақыты мен көлемін анықтап, аудит бағдарламасын дайындап, құжатты түрде толтыруы керек. Сонымен бірге ол аудиттің дұрыс орындалуын бақылау тәсілі болып табылады және онда әр бөлім бойынша мақсаттар және уақытша бюджеттер көрсетілуі мүмкін.

Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді:

- аудитордың ассистент топтары үшін нұсқаулар тізімі;

- аудиторлық топ жұмысының сапасын бақылау құралы;

- аудит мақсаттарын, өткізу уақытын, тандау көлемін және әр сферадағы таңдау негізін өзгертуді қажет ететін аудиторлық процедуралар жазбасы.

Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы дәлелдеу үшін қажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.

Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негіз бойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепте айналымдар мен шоттар бойынша сальдоның дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады.

Аудторлық жоспарлар аудитты жүргізу кезінде қажеттілігіне қарай қайта қарастырылып отыруы керек. Барлық мақсаттар мен бір бөлім бойынша тестерді қамтитын аудиторлық бағдарлама мысалын келтірейік (жалақы).

36.

37.Аудитті жоспарлау.(ХАС 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.

38.Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.

39.Аудитті жүргізу шарты және клиентті аудитормен таныстыру.

40.Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.

41.Аудиттің мақсаы мен мазмұны. Аудиттің қызметтері және объектісі.

42.Аудиттің пайда болу кезеңдері

43.Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.

ЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗ

44.Знание субъекта и его среды, оценка рисков существенных искажений (МСА 315).

КККККККККККК

45.Концепция существенности в аудите и критерии для оценки существенности.

46.Классификация методов аудита. Нақты бақылаудың әдістемелік және тексеру бойынша жүргізілуі. Аудит әдістерінің жіктелуі.

ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ

47.. Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.

48. ҚР аудиторлық қызметін нормативті реттеу. ҚР аудитін құқықтық жабдықтау. Қазақсатан Республикасында аудитті нормативтік – құқықтық реттеуАудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай – ақ мемлекеттік маштабта реттеле алады. Нормативтік – құқықтық рерреу д/з – бұл, аудиторлық тексеру жүргізу оюьектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде (ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зеттеу /12, 203 - б/. 250 «қаржылық қортынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарасытру» деп аталады. Халықаралық аудит стандартында былай делінген «Жалпы түсінік алу үшіе аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтауға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғасытру қабілетін күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсатқағаздарына көрестілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады.» /13/. Демек, кәсіпорының қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қортынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкіндеп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту, жалған құжаттарыд салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.

ҚР аудиторлық нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдық және нормативтік құжаттар кіреді.

1. ҚР «Аудиторлық турыл заң»

2. Қ.Р «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекс

3. ҚР қылмыстық кодексі

4. ҚР азаматтық кодексі

5.«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.

6.ҚР –ның «Сақтандыру қызметі туралы» заң

7.ҚР – ның «ҚР- ғы инвестициялық қорлар туралы» заң

8.ҚР – ның «Табиғи монополиялар туралы» заң

9.ҚР –ның «Шетелдік инвесторлар туралы» заң

10.ҚР –ның «Акционерлік қоғамдар туралы» заң

11.ҚР – ның «Лицензиялау туралы» заң

12.ҚР –ның «Жаупкершілігі шектелулі және қосымша жуапкершілікті серіктестіктер туралы» заң

13.Аудиторлар палатасының Республикалық коференциясында 2000 жылы қабылданған екі томдық Қазақстан Халықаралық аудит стандарттары.

14.ҚР үкіметі «Аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін бекіту туралы» қаулысы

15.ҚР Ұлтық Банкі басқармасының «банктерде, сақтандыру ұйымдарында аудит өткізуге лицензия беру жөніндегі өтінішке тіркелген құжаттар тізіміне жіне өтініш берушіге қойылатын талаптар жөніндегі Ереже нұсқауларды бекіту турылы» қаулысы

16.ҚР Қаржы министірлігі «Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы» ереже – нұсқау

17.Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында бекітілген «ҚР аудиторларын аттестациялау бойынша мемлекттік емес мекеме – Біліктілік комиссиясы туралы» ереже.

«аудиторлық қызмет туралы» заңы ҚР аудиторлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдардың,заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тарамақтан және 25 баптан турады,

1 – тармақ. Жалпы ережелер (1 – 4 баптар)

2 – тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар платасы (5 – 8 баптар)

3 – тармақ. Аудитрорлыққа кандидаттарды аттестциялау және аудиторлық қызметті лицегзиялау (9 -13 баптар)

4- тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14 -16)

5 – тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұймдардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17 - 20)

6 тамақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және жаупкершіліктері. (21 -25)

Аудиторлық жауапкершілік:азаматтық – құқықтық, әкімшілік, қылмыстық.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік – егер клиенттің зиян шегуіне әкеліп соқтырған, квалификациясыз аудиторлық тексеру жүргізу орны алса, онда сот шешімінің негізінде аудиторлық фирмадан төмендегілер өндіріліп алынуы мүмкін:клиенттің шеккен зияны толық мөлшерде, қайта тексеру жүргізуге шығарылған шығыстар. Қылмыстық жауапкершілік –қылмыстық кодекстің 229 – бабына сондай –ақ, аудиторды өз қызметінің міндеттеріне қарамастан жеке басы н/е басқа тұлға, не болмаса ұйым үшін пайда табу ж/е артықшылық болумақсатымен өзінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін, сөйтіп басқа тұлғаларға н/е ұйымдарға зиян келтіргені үшін, егер олардың бұл іс - әрекеті азаматтардың н/е ұйымдардың заңды мүдделеріне ж/е құқықтарына не болмаса заңмен қорғалатын қоғамның н/е мем-ң мүдделеріне елеулі зиян келтірілген болса, жазалау шаралары қарастырылады.әкімшілік жауапкершілік.Аудит – қызметтің лицензияланатын түрі, сондықтан оның «лицензиялау туралы» заңға сәйкес жаупкершілігі бар. Аталмыш заңда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жаупкершілік, сонымен бірге лицензиясыз қызметті жүзеге асырудан алған табысты бюджеттке алу түріндегі материалдық жаупкершілік қарастырылған. лицензия беруші орган төмендегі жағдайларда лицензия қызметін тоқтата алады: егер мем-к қадағалаушы н/е бақылаушы органдар лицензия алушының лицензиялық талаптар мен шарттарды бұғандығын анықтаған болса. Егер лицензия алушы жіберілген қателерді (бұзушылықтарды) жою жөніндегі лицензия берушінің талаптарын орындамаса. Лицензия алушы лицензиялық алымды белгіленген мерзімнің ішінде төлемеген жағдайда, сондай – ақ, заңды тұлғаның қызметт тоқтатылған жағдайда лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады ж/е жойылған болып есептелінеді.

49.

50.. ҚР-ғы аудиторлық қызметті реттеу ерекшелігі. " ҚР аудиторлық қызмет туралы" Заңы, оның мазмұны, аудитті қалыптастыру мен дамытудағы мәні.

49 Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. ҚР-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы. ҚАЗАҚСТАНДАаудиттің дамуы 1990 жылдың 15 ақпанында Қазак ССР Министрлер Кеңесінің қабылдаған № 60 Қаулысының негізінде қаржы Министрлігінің жанында шаруашылық есептегі өзінің территориялық бөлімшелері бар "Қазақстанаудит" аудиторлық орталығының құрылуынан басталады.Ал 1992 жылдан бұл орталықтың негізінде ірі акционерлік компания құрылыған болатын. Осы аудиторлық орталық қазақстан аудиторлық қызметінің негізін құрып, оның өркендеуіне басты себепкер болды. Қазақстандағы аудиттің дамуына басты әсерін тигізген 1993 ж.18 қазанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Советімен Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет туралы" заңының қабылдануы. Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтерді реттеу және жүргізу мәсеслерімен қатар оның ұйымдастырылу жүйесін, аудиторларды аттестациялау талаптары мен шарттарын, аудитті жүргізу және басқа да аудиторлық қызметтер көрсету,аудиторлардың құқықтары мен міндеттері, аудиторлық жауапкершілік және оның қоғамдық ұйымдарын анықтады. Аудиторлық қызметтің әрі қарай дамуына әсер еткен 1998 ж. 20 қарашада қабылданған № 304-I ҚРЗ "Аудиторлық кызмет туралы" заңы.Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық кызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар , аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасындағы туындайтын қатынастарды реттесе 15 қаңтар 2001 ж. қабылданған "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Заңы оның әрі қарай дамуына жол ашып, көптеген түсініктер нақтыланып, негізгі халықаралық аудит талаптарына сәйекстендірілді.

Қазақстан Республикасында аудиторларды (жеке және заңды тұлғаларды) Казақстанның аудиторлар Палатасы біріктіреді. Казақстанның аудиторлар Палатасы 1993 ж.қазанынан бастап комерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін өзі басқаратын және қаржыландыратын ұйым ретінде құрылған. Ол заңды тұлға және өз жұмысын оның мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғының негізіңде жүргізеді. Казақстанның аудиторлар Палатасы 2000 ж.май айында СНГ мемлекетттерінің ішінде бірінші болып Халықаралық бухгалтерлер федерациясына (IFAC) мүше болып қабылданды. IFAC -тың құрамына тек кәсіпкерлер ұйымы ғана қабылданады.

IFAC -тың алдында тұрған негізгі мақсат -ол бухгалтерлердің ұйымына олардың мамандық біліктілік деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға жан жақты көмек көрсету. IFAC-тың құрамына кіру, біріншіден, халықаралық бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығына мүше болып, бухгалтерлік есепті халықаралық талаптарға сәйкес жүргізу болса, екіншіден Казақстанның аудиторлар Палатасының халықаралық деңгейін бағалау және осы уақыт ішіндегі жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Біздің елімізде аудит дамуы 1987 жылы «Инаудит» акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты арықарай дамытуға зор ықпал етті. Шаруашылық есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-құқықтық нысанаға ие болғанымен фирма мемлекеттік бақылау органы базасында құрылды, ал құрылтайшылары одақ министрліктері болды.

Бірегей құрылым ретінде «Инаудит» сақталмады, ол бірнеше жеке аудиторлық фирмаларын құруға және басқаруға мүмкіндік туған кәсіпқой мамандар мен нағыз көш бастаушылардың көп істеуінде болды.

1989-1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін қабылдауға ұмтылыс жасалды. Бұл кезеңде елде көптеген коммерциялық ұйымдар, оның ішінде аудиторлық фирмалар пайда болды. Соңғылары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде тіркелді. 1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы министрлігінің бақылауревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен алғашқы «Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық» аудиторлық фирмасы мен оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақталған тәжірибе, тұрақты түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету, қандай да бір дәрежеде әлемдік аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық есептегі орталықты «Қазақстан-аудит» тәуелсіз акционелік аудиторлық компаниясына айналдыруға мүмкіндік берді. Ол республикадағы аудиторлық қызымет көрсету жөніндегі, меншіктің жеке нысанына негізделген және аудитты үкімет атынан жүргізу құқығы бар лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылды.

Қазақстанда аудиттың қалыптасуы мен оның кең танымал болуына «Қазақстан-аудиттың» сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызымет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және оның минстрліктерде, үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылануында бас кеңесші, сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды.

1990 жылдан бастап рынокта «Эрнест энд Янг Сыртқы аудит» БК пайда болды. Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштері бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде «Үлкен алтылыққа» енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.

Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстанда аудиторлық қызметтіне басшылық жасайтын қоғамдық ұйым -ҚР аудитолар Палатасы болып табылады. Казақстанның аудиторлар палатасы аудиторлар мен аудиторлар ұйымының өз еркімен бірігуінің негізінде құрылады.Палата өзінің жұмысын мемлекеттік үкімет және басқару органдарымен қатынаста жүргізеді. Палата өз еркімен халықаралық одақтарға, Палаталарға, қоғамдық бірлестіктерге кіруге және келісімдер жасауға құқылы.

51.Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды.

Наши рекомендации