Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері
Жаңалық енгізудің негізі болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға жетуін қамтамасыз етеді.
Инвестициялау – бұл түсімді қалыптастыру мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл бизнеске салынған инветициялар болып табылады (экономикалық инвестицияларда). Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда.
Әрқашанда инвестициялау бағдарының альтернативтік түрлері болады:
– ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары) сатып алу жолымен ақшалай салым;
– бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестициялары);
– инновациялық бизнеске арналған инвестициялар.
Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі үлкен кірістерді болжауын көрсетеді.
Жаңалық енгізулерге арналған инвестициялардың өзіндік қасиеттері болады:
1) Олар инновациялық үрдістің өзіндік қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір экономика салаларында тұрулар, ал кейбреулерінде – новацияға және өндірістік ақпараттық және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестциялық үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал жинағының механизмдері тығыз байланысты болып, жаңа білім мен интеллектуалдық еңбек өнімдерінің дискреттік қасиетін көрсетеді.
2) Бұл инвестицияларға спкуляцияның байланысы болмайды, өйткені олардың нақты болашақ кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі бар.
3) Ішкі және сыртқы факторларға байланысты оның ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік параметрлерінің болуымен қатар, бизнеске арналған ивестицияларға обьект туралы мағлұмат білу керек.
Кәсіпкер сонымен қатар инвестициялық үрдістің өзімен анықталатын кейбір талаптарды есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектсі мен қаражат қайнар көзінің тәуекелін табу; инвестициялардың түрі (ақшлай қаражат, меншік, басқа активтер және міндеттемелер) мен жүзеге асырудың ұйымдастыру формасын таңдау; инвестицияларды қорғау және т.б.
Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері кездеседі:
Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады.
Бизнес тәуекелі — жаңалық енгізудің экономикалық бағалау эффектіліндегі нақтылықпен, соның ішінде инвестициялық мерзімнің ұзақтылығымен айқындалады. Қаржылық тәуекел – ақшаның қабілеттілігінің төмендеуі мен инветициялау, коммерциялық жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздауына байланысты.
Жаңалық енгізудің инвестициялауының шешу негізіне этаптық мерзімде жүзеге асырылатын стратегия мен бизнес әдісін таңддау кіреді.
Инвестициялық талаудың статистикалық және динамикалық әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде инвестициялауға шешім қабылданады.
Статистикалық әдістерге жобаның есе қайтару мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген баға, түсім индекс, рентабельдіктің ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты.
Динамикалық әдістерге – инвестициялық жобаның бағалауына әсер ететін көптеген фркторлар анықтамасы.
Өнеркәсіптің қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауда маңызды орын алады. Бұл жерде жаңалық енгізу жүзеге асыру кзделіп отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін.
Ұйымдық жобалау келесі кезеңдерден тұрады:
— жобаның маңыздылығын анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті);
— фиксация рангі жіне ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы, сонымен қатар негізгі жеткізушілер мен жіберушілер;
— мемлекеттік және аймақтық басшылықтың жобаны қолдау дәрежесін орнату;
— инвестицияның кепілдігін қамтамасыз етуін анықтау, сонымен қатар тәуекелдерді сақтандыру, саясатты және банкілік кепілдіктер.
Үстіде келтірілген түсініктемелер, жобалаудың түрлері мен сценариилері болжау сипаттамасын анықтайды және көбінесе қарсылық сипаттаманы ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткішпен көрсету мүмкін емес, өйткені мұнда жоба бойынша инегралдық эффектілік көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызуғышылықтарына баланысты болады.
Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған ивесициялар туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу инновациялық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуеклелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. В.В.Ковалев. Курс финансовых вычислений. М.:Финансы и статистика, 2004, 350 с.
2. Вест А. Бизнес план: учебно-практическое пособие/А.Вест, 2005.- 232с.
3. Бизнес-планирование. Юнити-Дана,2010г.,592 стр.
4. Ушаков И.И., Бизнес-план 1 издание, 2009 год, 224 стр.
5. Инновационный бизнес: практические аспекты оценки активов: учеб. пособие / К.В. Сафарян. – М.: Изд-во «Дело» АНХ, 2010.-188 с.
6. Сборник бизнес-планов реальных организаций. Омега-Л, 2011 г.,320стр.