Бухгалтерлік шоттар анықтамасы, құрлымы мен мазмұны.
К Р 1995 жылгы 26 желтоксан 2732 бабына сайкес негізгі қағидалар болып мыналар табылады
Үздіксіздік. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.
Есептеу. Бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте ақша қаржылары түскенде немесе төленгенде емес, табыстар пайда болғанда, шығындар қажет болғанда танылып, бейнеленеді.
Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек.
Маңыздылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.
Мәнділік. Бұл қағидада ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.
Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да және тұтынушылар сенімін туғызады.
Байыптылық. Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.
Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.
Тұтастылық. Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.
Бірізділік. Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек.
Бухгалтерлік есептің даму тарихы?
Бухгалтер термині 15 ғ Австрияда өмірге келеді. Ең алғаш бухгалтер лауазымын алған тұлға Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болып табылады Осы оқиға жайлы Венна мемлекеттік мұражайында әлі күнге дейін сақтаулы император 1 Максимилианның 1498ж 13 ақпандағы бұйрығы куә. Осы уакытқа дейін мұны ақылы есеп жазбаларымен айналысатын «кезбе жазушылар» жүзеге асырып келеді. Жоғарыда келтірілген күн «бухгалтер» және «бухгалтерия» ұғымдарының таралуының бастамасы болып саналады. Сол кезде бухгалтер мамандығына өте жоғары адамгершілік қасиеттеріне қарап оны қазіргі уақытқа дейін шіркеу қызметкерінен кейінгі екінші орынға қояды.
Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады.
I Тауарлы ақшалай қатынастардың пайда болуынан бастап 18 ғ аяғына дейін.
II 18 ғ аяғынан 19 ғ дейін
III 19 ғ соңы 20 ғ басы
IV 20ғ бастап бүгінгі күнге дейін
Қаз Респ 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ұйымдар бухгалтерлік есепті Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізеді.
Шаруашылық операцияның түсінігі?
Бухгалтер жұмысының ең жауапты саласының бірі — шоттарда шаруашылық операцияларын бейнелеу немесе проводкалар жазу. Ол үшін қайсы шот дебеттеледі, ал қайсы шот кредиттеледі, яғни шоттардың корреспонденциясын (үйлесімді байланыстыруды) анықтау қажет. Шоттардың корреспонденциясын анықтауда қателер жібермеу үшін, шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне қарамастан, оларды 4 типке (топқа) біріктіру қажет.
Шаруашылық операциялардың бірінші типі. «Активті-активті»
Шаруашылық операциялардың екінші типі. «Пассивті-пассивті»
Шаруашылық операциялардың үшінші типі. «Активті-пассивті»
Шаруашылық операциялардың төртінші типі. «Пассивті-активті»
Бухгалтерлік шоттар анықтамасы, құрлымы мен мазмұны.
Бухгалтерлік шоттар дегеніміз -ұйымның шаруашылық қызметі мен басқа да қызметі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен қаражаттың, шаруашылық үдерістері мен міндеттемелерінің қозғалысын топтастыру, бақылау, есептеу және қорытындылау тәсілі. Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты нысан болады. Шоттың сол жағы дебет, оң жағы кредит деп аталады.
Бухгалтерлік есеп шоттары жүйесінің мәнісі–ол шаруашылық ресурстарының жекелеген әрбір түрінің немесе олардың көздерінің қозғалысын көрсетуге, ресурстардың әрбір түрінің құрамы мен орналасуындағы өзгерістер туралы ақпарат алып тұруға және бухгалтерлік баланс жасауда қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Мұндай бақылау бухгалтерлік есептің негізгі талаптарының бірі және оған есеп шоттар жүйесінің көмегімен қол жеткізіледі.
Әрбір бухгалтерлік есеп шотта ресурстардың жекелеген түрінің немесе олардың құралу көздерінің, сондай–ақ шаруашылық процестерінің жекелеген түрінің қозғалысы көрсетіледі. Есеп шот атауы есепке алынатын объектігі байланысты
беріледі. Мысалы, субъект кассасындағы қолма–қол ақшаның қозғалысын есепке алау үшін «Кассадағы қолма–қол ақша» есеп шоты, ал тауарлар қозғалысы үшін–«Алынған тауарлар» есеп шоты, сатып алушылар мен заказ берушілердің дебиторлық берешектерінің өзгерісіне «Алынуға арналған есеп шоттар» есеп шоты ашылады және осылайша жалғаса береді.
Графикалық жағынан есеп шот карточкада, парақта, кітап парақтарында екі жақты таблица формасында құрылады.