Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
1) Саяси партиялардың пайда болуы мәні және қызметтері
2) Саяси партиялардың жіктелуі
3) Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы, қоғамдық саяси ұйымдар мен қозгалыстар.
1. Саяси жуйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген магынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді үйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, қүл иеленушілердің әр түрлі адамдарының мүдделерін қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Жалпыға бірдей сайлау құқығының өнгізілуі бүқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы; немістің кәрнөкті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: аристократиялық үйірімдер; саяси клубтар; көпшілік партиялар.
Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одагын айтады.
2. сұрақ. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей уйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады: авангардтық партиялар; сайлаушылар партиясы; парламенттік партия; қауымдастық партиясы.
Қандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі.
Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге бөлінеді: коммунистік партиялар;
социал – демократиялық партиялар; буржуазиялық – демократиялық партиялар; консервативтік партиялар; фашистік партиялар. Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкүндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көп партиялық, екі партиялық және бір партиялық болып топтастырылады. Көппартиялық деп мемлөкеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялык, партиялардық болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол авторитарлық және тоталитардық қоғамдарға тән.
3 сұрақ. Републиканың саяси өмірінде "Қазақ ССР-індегі қогамдық бірлестіктер туралы" заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық үйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді үсынуға қүқылы. Республикадағы алғашқы қогамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, төуелсіздікті алып жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси курестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы жәнө т.б. қойылды. Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол - көптеген партиялардың мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халыққа онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық үйымдар да адамдардың мүдделірін іске асырудың құрылы рөлінде пайда болады. Белгілі жастар қозғалысында «металистер», «фанаттар», «панкілер», «хиппилер», «рокерлер», «брейкелер», «пацифистер», және т.с.с, жатады.
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар басшылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруга болады:
- экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: «Невада-Семей қозғалысы», «Арал -Азия-Қазақстан», «Табиғат» комитеті жөне т.б.;
- ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: «Азат» азаматтық қозғалысы, «Лад», «Русская Община», республикадағы қазақтар қозғалысы, «неміс», «ұйгыр», «грек» кәріс жөне т,б. мәдениеттік орталықтар;
- тарихи ағартушылық қоғамдар. Оған: «Мемориал», «Әділет», «Ақиқат», жөне т.с.с. Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтынбесік», «Жерүйық», «Шаңырақ» жөне т.б.
Сонымен қатар, республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одағы және т.б, көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, сайып келгенде, әрқайсысының өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана максаттарына жетпек.
Саяси режим
1. Консерватизм және либерализм.
2. Фашизм және тоталитаризм
3. Демократия ұғымы, Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде.
1.Либералдық және консервативтікидеялар. XX ғасырда либералдықжәне консервативтікидеялар одан әрмен дамиды. XVIII, XIX ғасырлардағы либерализммен салыстырғанда мұнда жаңа қағидалар енеді. Оны жақтаушылар мемлекеттің реттеушілік қызметіне көп мән бере бастайды. Сол арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, орташа тапты қалып-тастыруға елеулі кеңіл бәледі. Ол "аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын және т.б. алға тартады. Консерваторлар болса мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығы берілгені дұрыс деп санайды. Әр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін өзі ойласын. Тегін білім беруді, медициналық қызмет көрсетуді, жұмыссыздарға жәрдем беруді және т.с.с. азайтуды жақтайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігін арттырып, жағдайын түзейді деп түжы-рымдайды.
Сонымен, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының қысқа-ша тарихы осындай. Оны білмей, адамзаттарихының бұрынғысы, бүгінгісі және болашағын білу қиын. Оны оқып-білу — қазіргі коғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, , құқықтық мемлекет құруына белсене араласуына септігін тигізері сөзсіз.
2.Фашизм.Империалистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизмжатады. Оның негізгі белгілері — еңбекшілерді басып-жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т.б. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф. Ратцель). Бұл тео-рия бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сондай жерді қарудың күшімен камтамасыз етуі керек. Бұл реакцияшыл теорияны кезінде Италия, неміс фашистері басшылыққа алса, қазір Израил іске асырып отыр. Кейбір жерлерде жаңа фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда.
XX ғасырда, әсіресе, біздің елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризмтеориясыдамыды. Ол — мемлекеттарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс. Тоталитарлық мемлекет қоғаммен тұтасып кетеді. Бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Ол адам-ның жеке басының құндылығын бағаламайды, оны мемлекеттің құралы ретінде пайдаланады. Ол туралы қоғамның саяси жүйесін сез еткенде толығырақ тоқталамыз.
3 сұрақ. Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің тендігіне, басқару органдарының мерзімде сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі. 3) қоғамдық құрылымның мұраты және соған сәкес көзқарастар.
Демократия саяси режимнің ең жоғарғы түрі болып табылады. Оның аса маңызды ерекшілігі – халық билігнің жеке адамдардың бостандығымен нақты сәйкес келуі.
Қосымша тапсырма:
1. Демократияның белгілеріне не жатады.
2. Тұрақты демократияға ауысудың мүмкіндіктері мен жағдайлары.
3.Тура демократия, плебисцитарлық демократия, өкілдік демократиялардың айырмалары қандай.