Пәннің сипаттамасы.
МОДУЛЬДІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА
СИЛЛАБУС
БАКАЛАВРИАТ
Пәні: “Экономикалық талдау”
Мамандығы: 5В050600 -Есеп және Аудит, 5В050700 –Экономика,
5В050900-Қаржы
Кафедра: Экология және бағалау
Барлығы 3 несие (5 ECTS)
дәрістер – 15сағат
прктикалық сабақтар-30 сағат
СӨЖ - 75сағат
СОӨЖ - 15сағат
ҚАРАҒАНДЫ – 2015-2016
Үлгі 2
Силлабусты құрастырушы «Экология және бағалау» кафедрасының э.ғ.м., аға.оқытұшысы Досмағамбетова Б.Б. «Экономикалық талдау» пәнінің типтік (жұмыс) бағдарлама негізінде және ҚҚЭУ – МИ – 85 – 05.01 – 2015 пәндерінің оқу - әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптардың негізінде силлабус құрастырылды.
Оқу - әдістемелік симинарының отырысында қарастырылды
«18 » маусым 2015 ж. Хаттама № 10
Кафедра меңгерушісі х.ғ.д., профессор Байкенова Г.Г.
Оқытушы жөніндегі мәліметтер:
Досмағамбетова Бақтығүл Бахтыбалақызы- э.ғ.м., аға.оқытұшы
Оқитын пәндер тізімі: Экономикалық талдау, Экологиялық-экономикалық талдау, Әлеуметтік статистика, Экономикадағы статистикалық әдістер,Машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарды бағалау
Офис: Бағалау, статиистика және ЭЭП кафедрасы, дәрісхана № 332.
Толық мекен – жайы: Қарағанды, Академиялық № 9 көшесі
телефон 44 16 24 (қосымша 131).
Үлгі 3
Пәннің сипаттамасы.
Қазақстан Республикасында нақты қалыптасқан экономикалық ахуал мен экономикалық реформалардың динамикасы мен үрдісі аталмыш пәнді қайта қарау және одан әрі жетілдіруді талап етеді. Мәселен, нарықтық қатынастар жағдайындағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар, фирмалар мен компаниялар қызметіне болжам жасау күн өткен сайын көкейкесті мәселеге айналуда.
Пәннің мақсаты. Аталмыш курсты иегеру, аналитикалық ойларды жинақтай отырып, студенттерге нақты іс жағдайын кәсіби тұрғыдан бағалауға және оның негізінде әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың стратегиясы мен тактикасы бойынша дұрыс шешім қабылдау.
Шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметке экономикалық талдау жасаудың жеткілікті біліміне ие болмай тұрып жас мамандар өздерінің жұмыс практикаларында, нарықтық экономика заңдарының талаптарына сәйкес талдау әдісі мен оның ұйымдық формаларын жетілдіре алмайды.
Міндеттер:
· экономикалық талдау пәні шарттық міндеттемелердің орындалуымен және алынған нәтижелерімен байланысты, сандық және сапалық көрсеткіштерде көрсетілген шаруашылық процесі, сондай-ақ шаруашылық қызметінің себептік салдардық байланыстарын қарастыру;
· экономикалық талдауда қолданылатың дәстүрлі әдістерді зарттеу;
· басқару шешімдері қабылдағанда факторлық талдау нәтижелерін қолдану;
· факторлардың өзара байланысын және қызмет нәтижелеріне жағымды және жағымсыз түрде әсер ететін жағдайларды зерттеу;
· басқарушылық талдау мен қаржылық талдаудың өзара байлынысн аңғару;
· өнімдерді шығару және өткізу талдауының әдістемесің, факторлық талдау жалғастырушылығын зерттеу;
· материалдық және еңбек қорларды пайдалану маңызың, ақпараттық базасың , оның өзгерісіне әсер ететін факторларды анықтап зерттеу;
· кеәсіпорын негізгі қорларынің қозғалысы мен жағдайының талдау әдістерін, кәсіпорын негізгі қорларың пайдалану тиімділігін талдау.
· қаржылық талдаудың түсінігін, мақсаттарың ,мәнін түсініп ұғу, ақпараттық базасынынң құрылымын талдау.
Экономикалық талдау студенттердің ғылыми ойлау ой өрісін кеңейтіп және дамытуға, сондай-ақ алған білімді тәжірибелік қызметте қолдануға мүмкіндік береді, оны оқып-үйрену кәсіпорындардың, есептің басқарушылық және қаржылық бөлінуімен, бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі департаменттің әртүрлі толықтырулары, қаулыларымен бухгалтерлік есептің жаңа стандарттарына көшуін ескере отырып жүргізіледі.
Пререквизиттері: «Статистика», «Экономикалық талдаудың теориясы».
Постреквизиттері: «Каржылық есеп», «Қаржылық менеджмент».
Оқыту нәтижелері:
А. «Экономикалық талдау» пәнінің әдісін және әдістемесін, негізгі экономикалық көрсеткіштерді менгеру, аталған жүені түсіну және білімін көрсете білу.
В. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық әрекетін талдау жасай білу, талдаудың жеке нәтижелерін жалпылау және тиісті қорытынды жасау тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін.
С. Қаржы шаруашылық әрекеті бойынша ақпараттарды жинау, жіктеу, талдау жасау арқылы экономикалық проблемаларды шеше білу.
Д. Ұйымдардың қаржы тұрақтылығына, төлемқабілеттілігіне, өтімділігіне баға беру.
Е. Ұйымдардың қаржы шаруашылығын студенттер өз бетімен талдау жасауды үйрену
Пәнді зерттеу әдістемесі.Экономикалық талдау пәнінің әдістемесі өзінің ерекшеліктері мен қойылып отырған мақсатымен анықталады. Осыған байланысты арнайы білім және біліктіліктің қалыптасуына бағытталған корреляциялық-регресстік талдау, салыстырмалы талдау әдістемесі, кейстік әдісі, ахуалдық есептер сияқты оқтыту әдістемелерін қолданған жөн.
Үлгі 4