Негізгі және туынды бағалы қағаздар, олардың айырмашылықтары

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

• негізгі (акция, облигация);

• көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;

• туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)

Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

• жәй акциялар;

• артықшылығы бар акциялар.

Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.

Артықшылығы ьар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.

Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

Қаржылық салымдардыц түрлері

Қаржылык салымдар - бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды сатып алу, еншілес және басқа кәсіпорындарға қаржылар салу, сондай-ақ вексель және басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.

Есепте каржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бо-лып бөлінеді.

Бір жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен қатар бір жылдан кем мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып са-налады.

Бір жылдан артық мерзімге табыстар алу үшін оларды сақтау (ұстау) ниетпен бағалы қағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес кәспорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артық мерзімге қарызға берілген қаржылар ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып саналады.

Қаржылық салымдар құрамында ақша кұжаттары болып саналатын бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, вексельдер және т.б. елеулі орын алады.

Акциялар кәсіпорынның даму мақсаттарына оның иесіне қаржы салғандығын куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.

Акциялар жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.

Облигациялар да олардың иесіне қаржы салғандығын куәландырады, бірақ оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. Егер кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар бойынша сыйакыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетіспеушілік жағдайында облигациялар бойынша сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал акциялар (пұрсатты) бойынша - сол мақсат үшін құрылған арнайы қорлар есебінен төленеді.Жинақ сертификаттары - бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге ақша каражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін куәліктері. Бұл мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ щоттарынан мұның айырмашылығы клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатьның ролін атқаратын сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.Соңғы уақытга бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы кағаздың иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат - бағалы қағаздың сертификаты беріледі.

Билет

Наши рекомендации