ТМД елдерінің экономикалық жағдайындағы
Ортақ белгілері
Банк сарапшыларының айтуынша, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласында өсім төмендейді, биылғы қуаңшылық та оған ықпал етпек. Дегенмен, тұтынушылар секторында сауда мен қызмет көрсету саласы ТМД елдері экономикасының барлық саласында ілгерілеуші күш ретінде қала бермек. Құрылыс саласында белсенділік артқан, қаржы секторында несиелеу көлемі тұрақты түрде көбейгені байқалады.
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында ТМД елдерінің жалпы ЖІӨ-і 4,4% артқан, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде өсім 4,3% құраған, Ресей экономикасының өсімі (4,5%) өткен жылғы көрсеткіштен артық болды (3,7%), ал Қырғызстанда өткен жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда экономиканың дамуы 5,6% азайғаны тіркеліп отыр. Индустриалдық тауарлар нетто-экспортерлерінде (Беларус, Өзбекстан, Украина) экономикалық өсімнің қарқыны баяулаған, мұнда ЖІӨ өткен жылғы көрсеткіштен үш пайызға төмен болды.
«ТМД макромонитор» есебінде аймақтағы елдердің экономикасының даму болашағы мен нәтижелері де зерттелген. Атапайтқанда ЕАДБ қатысушы- мемлекеттерінің көрсеткіштерін назардан тыс қалдырмаған.
Армения нақты ЖІӨ өсімі биылғы жылдың 1-ші тоқсанында 6,7%-дан осы жылдың 2-ші тоқсанында 7,4% артты. ЕАДБ сарапшылары экономикалық белсенділіктің төмендеу тәуекелі бар екенін атап көрсетіпті. «Өнеркәсіпте, құрылыста, негізі капиталға салынған инвестиция көлемінің азаюы, импорттың кемуі мен айлық көрсеткіштегі ақша аударымдарының азаюы белгілі бір қауіп туғызады», деп жазылған «ТМД макромонитор» есебінде.
Беларуста да ЕАДБ сарапшылары ЖІӨ-нің баяу өсімін тіркеген. 2-ші тоқсанда нақты көрсеткіш 2,7% артты, ал бірінші тоқсанмен салыстырғанда 3,1% артып отыр. «Жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда экономикалық жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ. Көрсеткіштер сол деңгейде қалды. Дегенмен Беларус экономикасы үшін ішкі тұрақтылық бұзылуы мүмкін. «Бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда ЖІӨ-нің 3-ші тоқсандағы өсімі аз, екінші жартыжылдықта да бұл көрсеткіш баяулауы мүмкін», деп жазылған «ТМД макромониторда». Сонымен қатар есепте билік саясатының экономика тұрақтылығына қарағанда өсімді ынталандыруға бет бұрғаны айтылған.
Екінші тоқсанда Қазақстан экономикасында да өзгеріс байқалмады, елімізде ЖІӨ 5,6% артты. Өңдеу және өндіру өнеркәсібінде экономикалық қарқын баяулады, оған ішкі нарықтың сұранысының төмендеуі себеп болған. Дегенмен халықтың нақты жалақысы (13,3%) артып, мемлекеттік шығыстардың азайтылуының көрінісі болған- қызмет көрсету секторы (8,9%) дамып келеді. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның макроэкономикалық жағдайы тұрақты күйде. «Ішкі сұраныс пен белгілі бір деңгейдегі инвестиция шикізаттық емес секторы әрі қарай дамиды деп күтілуде. Осыған байланысты ЕАДБ Қазақстан экономикасы үшін өзінің болжамдарын өзгертті: мұнай баррелі бағасының кем дегенде 110 АҚШ доллары шамасында сақталса, Банк биылғы жылы өсім деңгейі 5,9% шамасында болады деп болжаған.
Қырғызстан экономикасының нақты секторында ағымдағы жылдың алғашқы айлары мен екінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ көрсеткіштің төмендеуі 4,7% құрады. «Алтын өндіруші «Құмтор» кәсіпорнының жұмысын есепке алмағанда, алтын руда саласындағы көрсеткіштің төмендеуі экономиканың басқа да нақты секторларына біртіндеп салқынын тигізуде. Ал бөлшек сауда секторы мен қызмет көрсету саласында оң өзгерістер байқалады», дейді ЕАДБ сарапшылары. Соған байланысты елдің ЖІӨ ағымдағы жылы 0,5- 1%, ал келесі жылы төменгі база экономикалық өсімнің артуының 6-7% шамасында болуын қамтамасыз етеді.
Ресей үшін негізі жағымсыз фактор-ішкі сауда конъюнктурасының нашарлауы болды, деп көрсетілген зерттеуде. Салыстырмалы түрде алғанда ішкі сұраныстың артқан. Инфляцияның жылдық қарқыны сәуір және мамыр айында өте төмен болды, тарифтердің жоғарылайтын мерзімде, яғни маусым айында бұл көрсеткіш артқан. Банк сарапшылары ел экономикасында жағымсыз жағдайлар болғанына қарамастан, тұрақты болғанын айтады. Ресей экономикасының болашағы тауар нарықтарында бағаның тұрақты түрде қайта қалыпқа келуіне байланысты болады. Әлемде экономикалық ахуалдың дамуы, елдің ЖІӨ өсімі, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 4-5% шамасында қалуы мүмкін.
ЕАДБ мамандары Тәжікстан экономикасының жандана бастағанын айтады. Мұнда өндірістік секторда да, бөлшек сауда мен қызмет көрсету саласында да ілгерілеушілік бар. «Тауар өндіру саласында аздаған баяулау болғанымен экономиканың өзге салалары дамып келеді», деп жазылған «ТМД макромониторда».
2012 жылдың 2-ші тоқсанының баста ерекшелігі- металлургия мен текстиль саласы қалыпқа келді. Дүние жүзінде азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауы жағдайында қаржы саясатының баяулауы мен жалақы мөлшерінің артуы, бағаның бірден өсуіне себеп болуы мүмкін. Мамандардың пікіріне қарағанда, Тәжікстан экономикасы дамуының негізгі тәуекелі банк секторының әлсіздігі мен эскпорттың қажетті деңгейде әртараптандырылмауы.
ТМД-ның өзге елдері арасында ЖІӨ баяу өсімі Әзірбайжанда байқалды. Мұнда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2-ші тоқсанда 0,8% деңгейінде болған. Сонымен қатар Молдова елінің де жалпы ішкі өнімі төмендегені байқалады, мұнда көрсеткіш 0,6 % шамасында тұрақтанды.
Зерттеуде Украина экономикасының да дамуының төмендегені көрсетілген. Өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі қарқыны ішкі нарықта сұраныстың төмендеуіне байланысты азайды: сәуір-маусым айларында экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8% төмендеген. «Украина экономикасында алдағы уақытта да өсімі баяу болады» деп жазыпты мамандар. Экономомиканың бұдан кейінгі жағдайы, атап айтқанда металлургия мен машина жасау саласының ішкі сұранысына байланысты болмақ. Банк мамандары «Бұл жағдайды ескермейінше мемлекет тұтыну деңгейі мен инвестицияны қажетті деңгейін ұстап тұра алмайды», дейді.
Бұған қоса ЕАДБ сарапшылары 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстан экономикасының өсімі 8,1%, ал Түркіменстан экономикасы 11% артты деп көрсетеді.