Бронхопневманияның пайда болу себептері

Төлдерді бронхопневмонияға ұшырататын себептер әр қилы. Ең негізгісі – аналық буаз малға берілетін азықтардың құнарсыз және сапасыз болуы ( белок, углевод, витамин және басқа минералдық тұздардың жетіспеуі), қышқылды азықтардың (сүрлем, борда, жем) басым болуы, күтудің нашарлығы ( қора тарлығы, ішінің лас, суық, дымқыл болуы ), серуендетудің аздығы болып табылады. Айтылған жайлар әсерінен төл ана құрсағында нашар жетіледі де, әлсіз болып туады.

Ендігі бір қолайсыз жағдай-буаз мал төлдейтін және жаңа туған төлдер тұратын профилакторийдің ластығы, микроклиматының нашарлығы,оларды азықтандыратын ыдыстардың таза болмауы да күрделі әсер етеді.Ауруға шалдығудың тағы бір себебі-төл өсіру техналогиясындағы олқылық,олар:бұзауға уызды не сүтті мезгілінде ішкізбеу,азықтың құнарсыздығы, ультракүлгін сәулелердің тапшылығы, серуенге шығармау, төл рационының салмағына, жасына сай болмауы т.б жайлар. Шаруашылықтарда осы себептердің барлығы бірдей немесе әр түрлі дәрежеде орын алуы мүмкін.

Бронхопневмония көп себепті ауру деп есептелінеді. Ол организмге бірнеше қолайсыз жағдайлардың (стресстер) бір мезгілде әсер етіп, оның табиғи төзімділігін әлсіретуінен пайда болады. Бронхитті тудыратын себептердің барлығы дерлік одан гөрі күштірек және ұзағырақ әсер етсе, бронхопневмонияның да себепкері болады.

Ірі қара малды өсіріп бордақылайтын шаруашылықтарда, көп жағдайда, бронхопневмонияның пайда болып көп таралуына зоогигиеналық нормативті технологияның бұзылғандығы: шаруашылықтардан малды көліктермен кешенге алып келе жатқанда суық тигізу, әкелген малды суық күндері суық қораларда жуу, малды ылғалды. едені цемент, желөтінде қорада төсенішсіз ұстау, жылы қорада тұрған малды суық сумен суғару т.б. әкеліп соқтырады.

Шошқа өсіретін шаруашылықтарда, әдетте шошқаларды төсенішсіз, суық, едені цемент не асфальт (цемент ауруы), суық, бірақ ауасының ылғалдылығы жоғары және аммиак жиналған қораларда ұстауы, бронхопневмонияның көп таралуына себепкер болады [3,4,5].

Оңтүстік дала және шөлейт аудандарда жаздың қатты ысыған күндері дененің нақтыланбаған төзімділік күшінің әлсіреуінен қойлар арасында бронхопневмоиия жаппай кездесуі мүмкін.

Бронхопневмония тудыруға құнарсыз, әрі сапасыз азықтандыру (рационда нәруыз (белок), витамин, (дәрумен) минералды заттардың жетіспеуі, күтіп-бағуды нәзіктендіру, серуендетуді ұйымдастырмау, табиғи және ультракүлгін сәулелерінің жетіспеуі, төлдің әлсіз тууы, жас кезінде малдың ішек-қарын, рахит ауруларымен ауруы себепкер болады.

Бронхопневмонияны тудырып, әрі қарай дамытуда микро-организмдердің маңызы өте зор. Бронхопневмониямен ауырған не сол дерттен өлген малдың көпшілігінің өкпелерінің кабынған жерлерінен стрептококктар, стафилококктар, сарциндер, протейлер, ашытқылы саңырауқұлактар, микоплазмалар және микроорганизмдердің басқа да түрлері бөлініп алынады. Бұл микроорганизмдердің әсері, көбінесе туынды түрде ауруды асқындыруға бағытталынады, ал кейбір ыңғайы түскен жағдайларда дерттенудің негізгі себепкері де болуы мүмкін. Бронхопневмонияны тудырын, оны әріқарай дамытуға, әсіресе төлдер арасында, вирустардың қатынасы бар екені дәлелденген.

Кейбір малдары бір жерге көп шоғырланған шаруашылықтарда, көбінесе аралас індеттер анықталынады. Малдарды көп каматамасыз ететін шаруашылықтардан іріктелініп толтырылатын фермалар мен кешендерде бұл ауру басқа дерттерге қарағанда жиірек кездеседі.

Орытынды

Ауру мал жай айларында көлеңке жерде, қыста, күзде жылы, таза қорада ұсталып, құнарлы азықпен азықтандырылады. Төлдер сүт емуден шыққан болса, оларға міндетті түрде( 7-10 күн бойына) қаймағы алынбаған сүт(3-4 литр бұзауларға) беріледі. Төлдердің күйін, құндылығын арттыру үшін витаминдер (А, Д, С , В ), гидролизин Л-103, аминопентид-2, гаммоглобулин немесе енесінің қаны (тері астына, етіне ) егіледі. Тыныс жолын кілегей сұйықтан тазарту үшін хлорлы аммоний, ас содасы, карбонат тұзы беріледі және скипидар, ихтиол,ас содасы буларымен емдеу әдісі қолданылады.

Аурудың жіті түрінде сульфаниламид (норсульфазол, сульфадимезин, сульфазол,сульфадимегоксин) және антибиотиктер (пенициллин түрлеріне) қолданылады, кофеин, глюкоза ерітінділері жіберіледі. Аурудың созылмалы түрінде тетракциклин қатарына жататын антибиотиктерді ( дибиомицин, дитетрациклин, окситетрациклин, биоветин, т.б.) қолданады. Антибиотиктерді кеңірдектен жіберу не аэрозоль түрінде қолдану жақсы нәтиже береді.

Балау. Бронхопневмония көп себепті ауру болғандықтам оны дәл анықтау үшін жан-жақты тұрғыдан келіп, жалпы және арнайы зерттеу әдістерін пайдаланады. Ауру жайындағы жиналған мәліметтері, ауруға тән клиникалық белгілері және өлекседегі болатын өзгерістері арқылы бронхопневмонияны еш қателеспей дәл анықтауға болады. Аурудың қанын тексергенде лейкоциттердің солға қарай ығыскан нейтрофил түрінің көбейгені, лимфоциттердің, эозинофилдің азайғаны, моноциттердің көбейгені, эритроциттердің шегу жылдамдығының артқаны, сілті қорының азайғаны және каталаза белсенділігінің бәсеңдегені, альбуминдердің азайып, глобулиндер фракцияларының көбейгені, артериялық қандағы гемогло-булиннің оттегімен қанығуының азайғамы байқалады.

Обьективті дәл анықтайтын әдіске рентгенмен зерттеу әдісі жатады. Стационарда емдегенде рентгеноскопия (қарау), рентгенография (суретке түсіру) не флюорография (экраннан кішірейтіліп түсірілген сурет) әдістерін қолданады, ал арнайы кешендер және отарларда диспансерлеу кезінде флюорография әдісін пайдаланады. Рентген сәулесін қолданатын әдістермен тек ауруды жалпы түрде анықтап қана қоймай, өкпенің нақтылы зақымдалынған жерін, оның көлемін ажыратып, емдеу барысындағы өзгерістерді де бақылауға болады

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007

2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010., том 2., с. -111-143

3. Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 126-148

4. \Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 332-335

Қосымша

1. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007. С. 247 -253.

2. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.

3. Л.А. Кузьмина. Гематология детского возраста. М.: 2001.- 400 с.

4. Ғаламтор желісінен

Наши рекомендации