Инвестициялық жобаның түрі мен түсінігі
1. Инвестицияның экономикалық табиғаты кеңейтілген қайта өндіріс процесінің заңдылығымен шартталады және мәні қоғамның барлық өндірістік күш жүйесі элементтерінің саны мен сапасын ұлғайту үшін қосымша қоғамдық өнімнің бір бөлігін пайдалануда. Инвестиция көзі - жинақ қоры немесе өндіріс факторларын ұлғайтуға және дамытуға бағытталатын ұлттық табыстың жинақ бөлігі және амортизациялық аударымдар түрінде өндірістің тозған құралдарын жаңарту үшін қолданылатын орының толтыру қоры т.б., барлық инвестицияны құраушылар осылайша инвестициялық процестің тиімділігі мен кеңейтілген қайта өндіріс қорына тікелей әсер ететін құралдар құрылымын қалыптастырады.
Егер инвестицияның жалпы көлеміннен немесе валдық инвестициядан (В), амартизациялық аударымдарды (А) алып тастасақ онда алынған таза инвестициялар (ч) қайта құрылған өндірістік қор мен қайта өндірілетін өнәмге қаражаттар салуды білдіреді. Сонымен қатар келесі макрорэкономикалық пропорциялар пайда болуы мүмкін:
а) ч < 0, немесе А > В, бұл өндірістік потенциалдың төмендеуіне өнім мен қызмет көрсету көлемінің төмендеуіне, экономика жағдайының нашарлауына алып келеді.
б) ч = 0, немесе В = А, бұл экономикалық өнім жоқтығын қуәландырады:
в) ч > 0, немесе В > А, кеңейтілген қайта өндірісті қамтамасыз етеді, таза инвестиция көлемі мен қарқыны жоғары болады, табыстар өсімі есебінен экономика да өседі.
Инвестиция – бұл экономикада жиі қолданылатын түсініктердің бірі, әсіресе егер ол трансформация процесінде немесе өрлеу кезеңінде болса. Инвестицияның анықтамасы Қазақстан Республикасының 2003 жыл 8 қаңтардағы 373-2 «Инвестиция туралы» заңында берілген.
Инвестиция термині латын сөзі "invezt" – салу дегенді білдіреді, яғни инвестиция капиталды ары қарай өсіру мақсатымен салуды сипаттайды. Инвестиция ағымдағы кезенде қолда бар қаражаттарды тұтынудан бас тартқаны үшін өтемін өтеуге жеткіліктігі болуы қажет. Инвестициялар нәтижесінде пайда қалыптасатын кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне бағытталатын және оның мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлерін сипаттайды.
Экономикалық категория ретіндегі инвестицияның сипаты:
1. кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салымы;
2. инвестициялық жобаны жүзеге асыру процесінде инвестициялық қызметтің қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастары.
Кәсіпорынның инвестициялар бухалтерлік баланстын сол жағында активінде көрсетіледі, ал оның қаржыландыру көзі - оң жағында (баланс пасивінде). Олар активіне капиталдық, материалдар емес, айналым және қаржылық активтерге бағытталады.
2. Инвестицияның барлық түрлеріне ақша қаражаттары, мақсатты банкттік салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар; жылжитын және жылжымвйтын мүлік; мүліктік құқықтар, авторлық құқықпен және басқа да интелектуалдық құндылықтар түрлері; техникалық, технологиялық, коммерциалық және өзге де білімдердің жиынтығы; (техникалық құжаттар түрінде рәсімделген) жер, су, ресурстары, үйлер, ғимараттар, құрал жабдықтар т.б. жатады.
Салым объектісіне қатысты инвестициялар нақты инвестицияларға бөлінеді немесе құралдарды материалдық (ғимараттар, жабдықтар және т.б) және материалдық емес активтерге (потенттер, лицензиялар, ноу-хоу, ғылымитехникалық және жобалық конструкторлық жұмыстар түріндегі құжаттар, бағдарламалық құралдар және т.б) салымдар, сондай-"Темірбанк" Акционерлік қоғамы қаржылық инвестициялар немесе қаражаттарды түрлі қаржылық құралдарға - бағалы қағаздар, депозиттер, мақсаты банктік салымдарға салу.
Инвестициялық процеска қатысу сипатына байланысты инвестициялар төмендегудей бөлінеді;
1. тікелей, инвестордың инвестициялау объектісін таңдауға жіне қаражаттарды салуға тікелей қатысуын болжайды, сонымен қатар инвестор инвестициялық цикілдін барлық кезеңдеріне тікелей қатысты.
2. жанамақаржылық құралдарды өзінің көзқарасы бойынша аса тиімді орналастыратын түрлі қаржылық делдалдар (инвестициялық қорлар компаниялар) арқылы жүзеге асырылады.
Тақырып 2. Концепция (тұжырым) ретіндегі жобалық талдау