Тақырып № 8. Кәсіпкерлік капиталы және оның құрылуы
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылықтарына сәйкес жұмысқа жарамды жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, коммерциялық ұйымдар, шетел азаматтары, азаматтық алмаған тұлғалар, шетелдік ұйымдар кәсіпкерлікпен айналысуға хұқылы. Өз уставының ережелерін орындай отырып, коммерциялық емес ұйымдар да кәсіпкерлікпен шұғылданады. ҚР Конституциясына сәйкес әрбір кәсіпкер өз қабілеті мен білімін заңмен тыйым салынбаған мүмкін кәсіпкерлік ісәрекеттерде толық пайдалануына құқықтары бар.
Бұл конституциялық қағида алғашқы рет еліміздің негізгі заңында бекітіліп, экономикалық еркіндіктің және азаматтардың заңды кәсіпкерлікпен шұғылдануының кепілдігі бола алады. Сонымен, жасы он сегізге толған жеке тұлға бекітілген заңға байланысты жеке өзі немесе заңды тұлға арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға хұқылы. Азаматтық заңдылыққа сәйкес кейбір азаматтарға кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат берілмеуі мүмкін. Заңды тұлға ұйымдастырылмаған жағдайда тәртіп бойынша жеке азамат кәсіпкерлік іспен шұғылдану үшін жеке кәсіпкердің куәлігін алуға міндетті.
ҚР МК сәйкес заңды тұлға дегеніміз өз жеке меншігінде мүлкі бар, өз атынан мүлік басқа да, міндеттері мен хұқы бар сот алдында, жауапты ұйымдар. Заңды тұлғалар белгіленген тәртіпке сай мемлекеттік реестрде тіркелгеннен бастап, өзінің статусына (атағына) ие. Кәсіпкерлердің хұқына байланысты жеке және ұжымдық кәсіпкерлер (кәсіпкерлік ұйымдар)болады. Заңдық шарттарға байланысты кәсіпкерлердің мынадай құқықтары бар: заң бойынша рұқсат етілген кез келген кәсіпкерлік түрімен айналысуға болады; кез келген ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпкерлік ісін құруға болады; кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қажет кез келген мүлікке иелік жасауына болады; мүлік саны мен көлемі шектелмеген.
Мүліктік жауапкершілік меншік иесінің өзіне жүктеледі, сонымен бірге өз ісін жоспарлап, бизнес – жоспар дайындауға да құқылы; өз бетімен тұтынушыларды таңдауға, өндіріс факторларын, жеткізушілерді таңдауға, заңдылықтарға байланысты кәсіпкерлік келесем шарт жасауға; өз бетімен жұмысшылардың еңбекақысын белгілеуге, еңбек заңына қайшы келмейтін әртүрлі қосымша ақыларды белгілеуге құқылы, тек қана бұл жағдайлар құжаттарда көрсетілуі тиіс; жалдаған жұмысшыларға қосымша демалыс беруге; еңбек заңына сәйкес жұмысшыларды келісім шарт арқылы жалдауға, жұмысқа алуға; белгіленген тәртіпке сай сыртқы экономикалық, сыртқы сауда қызметімен айналысуға, кез келгенбанктен өз есеп шотын ашуға; ҚР билік ұйымдары қабылдаған заңдарға сай қаржылық – несиелік, мүліктік – материалдық, басқа да мемлекеттік қолдау түрлерін пайдалануға; өнім өндіруге, қызмет көрсету, басқа да жұмыстар орындау үшін мемлекеттен тапсырыс алуға, зейнеткерлік, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыруға, өз құқықтарын қорғауға.
Жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлер сияқты жоғарыда айтылғандармен бірге, басқа да құқықтары бар: өздері сенім білдірген серіктермен бірге толық серіктестікке қатыса алады; белгіленген тәртіпке сай арбитражды басқарушы (ішкі, сыртқы, конкурс бойынша) бола алады; бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады; аудиторлық қызметпен шұғылдана алады. Кәсіпкерлердің міндеті: белгіленген уақытта салық органына, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларды тіркелу; бекітілген заңдылықтарға байланысты белгіленген мөлшерде және уақытында салық төлеу; салық органына табыс туралы декларацияны және басқа да мәліметтерді мезгілінде тапсырып отыру; белгілі заңдылықтар мен нормативті актілерге байланысты бухгалтерлік есеп – қисап жүргізіп отыру және қаржылық – шаруашылық есеп дайындау және оның төрт жыл бойы сақтауын қамтамасыз ету; бухгалтерлік есепте салық органдарының тексеруімен анықталған төмендетіп төленген немесе жасырылған салықтар бойынша түзетулер енгізу; салық туралы заңдар бұзылған жағдайда салық органының талаптарын бұлжытпай орындау; ҚР
Салық кодексіне сәйкес басқа да салықтық міндеттемелерді орындау; Заңдарға сйәкес лицензия алғанда тек қана орындалуы мүмкін істерге рұқсат алу; өндірілген өнімдер, көрсетілген қызметтер белгіленген стандарттарға сай сертификатталған болуы керек; өндіріс және ісәрекеттер қоршаған ортаға, тұрғындардың денсаулығы мен өміріне, тұтынушыларға ешқандай зиян келтірмеуі тиіс; қажетті санитарлық – гигиеналық, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі жағдайлары сақталуы тиіс; кәсіби жұмысшылармен немесе ұйымдармен келісімшарт жасап, оны белгіленген уақытында орныдау; тарау нарығында жасанды монополияға, бәсекелестікке жол бермеу, нарықта үстемдігін көрсетпеу, бәсекелестікті шектейтін келісімдер жасамау; монополиялық баға белгілеу, мемлекет тарапынан баға реттеу заңдылықтарын сақтау; белгіленген тәртіп бойынша шығындар мен табысьарды есептеп отыру; келісімдер мен кәсіпкерлік келісім шарттарды заңдылықтарға сәйкес жүргізу; өз тауарларына ғана тән қасиеттерін жарнамалау; әдептілікке жатпайтын, жалған, өтірік, жасырын жарнамаларға жол бермеу; қаржылық – шаруашылық қызметі туралы мемлекеттік огандарға белгіленген мерзімде және толық статистикалық есеп беріп отыру.
Табысты, алдағы қатарлы кәсіпкер болу үшін қандай қасиеттер болуы қажет деген сұраққа бірден ешкім де жауап бермейді. Бірақ, табысты кәсіпкерлердің даму тарихы арқылы белгілі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, табысты, өркендеуші кәсіпкерлердің мынандай қасиеттері болуы тиіс: өз ісін адал жүргізуі, білімді болуы, мақсаткер, ынталы болуы, басшылық ісіне икемді болу, басқалардың пікірін сыйлау, үнемі оқып, өзін әруақытта жетілдіру, тәуекел етуге дайын болу, сыртқы орталық кедергілерін жеңе білу, көздеген мақсатына жету жолында табанды болу, жоғары жауапкершілік, еңбекқор болу, қажетті әріптестерді өзіне тарта білу, ақыл – ойының коммерциялық қаржылық қорының болуы, заңды түрде өзіне қажеттіні ала білу.