Тақырып Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.
Мақсаты: әлеуметтік әріптестікті қызметтік әріптестіктен ажырата білу және ұжымдық шарттың еңбек қатынастарды реттеудегі ролін білу.
Жоспар.
- Әлеуметтік әріптестік ұғымы және қағидалары.
- Әлеуметтік әріптестік деңгейлері.
- Ұжымдық шартты әзірлеу және жасау тәртібі.
- Ұжымдық шарттың қолдану мерзімі.
1.Әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі
Әлеуметтік әріптестік принциптері:
1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі;
2) тараптардың тең құқықтылығы;
3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі;
4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі;
5) тараптар мүдделерін құрметтеу;
6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі;
7) келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өз кінәсі бойынша орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы;
8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекеттің жәрдемдесуі;
9) қабылданатын шешімдердің жариялылығы.
2.Әлеуметтік әріптестік деңгейлері:
1. Бипартизм деңгейі – кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда екі әлеуметтік топ арасында: жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында (нысаны ұжымдық шарт);
2. Трипартизм деңгейі:
· Республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік (бас келісім);
· Салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік (салалық келісім);
· Өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік (өңірлік келісім).
3.Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері:
- тараптар мүдделерінің тең құқықтылығы және оларды құрметтеу;
- ұжымдық шарттың немесе келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылаудағы таңдау еркіндігі;
- тараптардың міндеттемелер қабылдау еріктілігі;
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.
Ұжымдық шарт жасасу тәртібі:
1. Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзірлеудің бастамашысы бола алады.
2. Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күндік мерзімде қарап, осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті.
3. Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін тараптар тепе-тең негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның жеке құрамы, жобаны әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптар келісімімен айқындалады.
4. Комиссия әзірлеген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлері міндетті түрде талқылауға тиіс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердің өздері айқындайды. Комиссия келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды.
5. Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде ұжымдық шарт кемінде екі данада жасалады және оған тараптардың өкілдері қол қояды.
6. Ұжымдық шарттың жекелеген ережелері бойынша тараптар арасында келіспеушіліктер болған кезде ұжымдық келіссөздер басталған күннен бастап бір ай ішінде тараптар бір мезгілде келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген талаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиіс.
3.Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі мен аясы:
1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады.
2. Ұжымдық шарт, егер оның ережелерінде өзгеше көзделмесе, қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптар оны орындауға міндетті.
3. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым қызметкерлеріне және жазбаша өтініш негізінде оған қосылған қызметкерлерге қолданылады.
4. Ұйымның қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құрылу) кезеңінде ұжымдық шарт өз күшін сақтайды;
5. Ұйым мүлкінің меншік иесі ауысқан кезде ұжымдық шарт үш ай бойы өз күшін сақтайды. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданыстағы шартты сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келіссөздерді бастауға құқылы.
6. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың қолданылуы барлық қызметкерлермен еңбек шарттары тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.
3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.
4. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.
5. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999
6. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989
7. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978
8. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997
9. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000
10. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008
№ 5 – тақырып. Еңбек шарты.
Мақсаты: еңбек шартының ерекшелігін білу
Жоспар:
1. Еңбек шартының түсінігі және мазмұны.
2. Басқа жұмысқа ауыстырудың түсінігі, түрлері және тәртібі.
3. Еңбек шартын тоқтату және бұзу түрлері.
Еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, оның тараптары болып қызметкер және жұмыс беруші табылады. Сонымен қатар еңбек шартының басқа шарттардан айырмашылығы бар. Еңбек шартының өзге шарттар түрлерінен ерекшелігі болып табылады келесіде:
1) қызметкердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;
2) міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы;
3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы.
Еңбек шартының мазмұнында келесілер көзделуі қажет:
1.тараптардың деректемелері:
2. белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
3) жұмыстың атқарылатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
12) кепілдіктер мен өтақырыпқы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;
13) сақтандыру жөніндегі талаптар;
14) тараптардың жауапкершілігі;
15) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
Еңбек шартың мерзімі:
1) белгіленбеген мерзімге; 2) бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. 3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
4) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына;
5) маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.
2. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп:
1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;
2) орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) өзгеретін жұмысты тапсыру;
3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі.